Главная страница

9-сынып. 4-тоқсан. Блім 4а органикалы химияа кіріспе Педагогті атыжні


Скачать 0.88 Mb.
НазваниеБлім 4а органикалы химияа кіріспе Педагогті атыжні
Дата19.04.2023
Размер0.88 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла9-сынып. 4-тоқсан.docx
ТипДокументы
#1072808
страница6 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.




Сабақ басында: 

- оқушылардың зейінін шоғырландыру
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.




Жаңа сабаққа кіріспе


Мұғалімнің түсіндіруі: карбоксилдік–COОH топтың құрылысымен таныстыру.Бұл органикалық қышқылдарың функционалдық тобы екендігін түсіндіру.

Каброн қышқылдарының жіктелуіне тоқталу. Бейнеролик көрсетуге болады: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/karbon-qyshqyldary

Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/karbon-qyshqyldary


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.




Сабақтың ортасы

15 мин.

Карбон қышқылдарының алғашқы төрт өкілінің құрылымдық формуласын жазу.


Тапсырма№1

(Э) Зертханалық тәжірибе №16 «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу» орындауды ұсыну. (қышқылдың физикалық қасиеттерін зерттеу және бақылау нәтижелерін жазып алу, иісін анықтау (өткір иістің тыныс жолдарына зиянды екенін ескеру керек!, жанғыштығы, рН ортасы, химиялық қасиеттері: натрий карбонатымен, магний лентасымен, сілтімен индикатор қатысында)


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.




Топтық жұмыс

6 мин

Мұғалімнің кері байланысы жасалуы керек.

Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық жұмысты ұсыну, топтар тест сұрақтарын құрастырады, кейін сағат тілі бойымен жұмыстарын алмастырып басқа топтың жасаған тест сұрақтарына топ жауап береді.

Топтар өзара бір-бірін бағалайды: «Екі жұлдыз бір тілек»


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жеке жұмыс

5 мин




Жұппен жұмыс, оқушылар өздерінің бақылау нәтижелерін этанол үшін жасалған реакциялармен салыстыруы керек.

Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттауы керек.

Жұптар өз нәтижелерін басқа жұптардың нәтижелерімен салыстырулары керек.

Мұғалім әр жұптың жұмыс нәтижесін бақылайды. Осыдан кейін сыныппен қорытындысын шығаруы керек.







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім 

- нені толық түсінбедім  

- немен жұмысты жалғастыру қажет  

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Бөлім:

9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:




Сыныбы:




Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Күрделі эфирлер мен майлар

(68-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.23 -күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

-күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында: 

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

«ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынын өткізуге болады, өткен сабақтарда алған білімдерін қайталау мақсатында..

Ойын барысында тексерілетін терминдер: изомерия, гомологтық қатар, спирттер, этиленгликоль, ашу, гидратация, карбон қышқылы, эфирлену және т.б. мұғалімнің таңдауы бойынша терминдер қосуға болады Бір оқушыны тақтаға шығарып, сынып оқушыларына қарап тұруын сұрау. Ал қалған оқушылар тақтада жазылған теримнді тақтада тұрған оқушыға академиялық тілмен түіндіруі керек. Ал тақтадағы оқушы терминді анықтамаларға, түсіндірулерге сай аныққтауы керек.

Бұл жұмыс барысында мұғалім оқушылардың білімін бағалайды және сабақ барысыннда ескереді.

Сонымен қатар эфирлену не екенін қайталау арқылы жаңа тақырыпқа өтуге болады.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Шарстрежнді модельдер жасауға арналған жинақтар


Жаңа сабаққа кіріспе


Тапсырма№1

Топпен жұмыс: Студенттер этанол мен этан қышқылының үлгілерін жинап, содан кейін эфир мен судың түзілуі реакциясын модельдейді. Дәптерге реакция теңдеуін жазады.




Эфирлердің құрылысын, аталуын, изомерлерін, қасиеттерін және қолданылуын презентация арқылы мұғалім түсіндіреді. Егер мүмкіндік болса бейнефильтмер көрсетуге болады.

Мұғалімнің түсіндірмесі: Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:

R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Білімланд сабағынан ұсынуға болады:

https://twig-bilim.kz/kz/film/esters-and-perfumes



Сабақтың ортасы

15 мин.

Майдың да эфирлерге жататынын айтып, гидролизденуі мүмкін екенін ескерту. Оқушыларды майларға арналған жалпы формуламен таныстыру және жалпы формулаға сәйкес майларды анықтауды сұрау.


Химиялық қасиеттері: Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:

CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH



Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Майды сапалық анықтауға арналған құрал жабдықтар: сүзгі қағазы, күнбағыс дәні, химиялық қасықша.

Жұмыс парағы

Топтық жұмыс

6 мин

Тапсырма №2

Төменде келтірілген эфирлердің ішінен майларды теріп жаз:




Оқушы жауаптарын толықтыруға болады: Майлар құрылымы бойынша қаныққан және қанықпаған деп бөлінеді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жеке жұмыс

5 мин

Оқушылардан өсімдік объектілерінде май болуын дәлелдеуді сұрау.

Оқушылар майды анықтау жолын ұсынулары керек: сүзгі қағазына шекілдеуік дәнін тазартып салып, химиялық қасықшамен езгілеу кезінде сүзгі қағазында май дақтарының қалуын айтулары керек.







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Тәжірибе жүзінде орындауды ұынуға болады.

Уақытқалса немесе үй тапсырмасы ретінде ҚБ жұмысын ұсынуға болады.



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім 

- нені толық түсінбедім  

- немен жұмысты жалғастыру қажет  

 

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады 

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Бөлім:

9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Педагогтің аты-жөні:

Бастамбеков Б. Т.

Күні:




Сыныбы:




Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар

(69-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.24 -сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;

9.4.3.25 -синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

-сабынның алынуы мен оның қолданылуын біледі.

-синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныппен амандасу, сыныпты түгелдеу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.




Активити. Берілген суретке қарап сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Миға шабуыл.

  • Майларды неліктен күрделі эфирлерге жатқызады?

  • Майлар табиғатына қарай қалай жіктеледі? Неге?

  • Қаныққан, қанықпаған карбон қышқылдарына мысал келтіріңіздер.

  • Майлардың қолданыс аясын сипаттаңыздар.

Сабынның негізгі құрам бөлігі не болып табылады?

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

https://www.youtube.com/watch?v=BijrJyqECXk


Жаңа сабаққа кіріспе





Сабақ тақырыбы, сабақтың оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары таныстырылады. (Слайд 1)

Тапсырма. Жұптық жұмыс

Бағалау түрі.Бірін-бірі бағалау.

Нұсқаулық картасы

Майдан сабын алу теңдеуін жазыңыз.

Сабынның біркелкі мөлшерін дистилденген суы, өзен суы, құбыр суы бар сынауыққа салыңыз.

Үш сынауықты да біркелкі шайқаңыз.

Әр сынауықтағы сабын көбігінің биіктігін өлшеңіз. Қорытынды жасаңыз.

Өз қорытындыңыздың дәлелі ретінде реакция теңдеуін жазыңыз.

Сабын ерітіндісінің ортасын анықтап, индикаторлармен тексеріңіз кестені толтырыңыз:

Индикатор

Түсінің өзгеруі

Лакмус




Метилоранж




Фенолфталеин




Әмбебап индикатор






1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта