Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Сыныбы

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

  • Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Бөлім: 9.4А Органикалық химияға кіріспе Педагогтің аты-жөні

  • 9-сынып. 4-тоқсан. Блім 4а органикалы химияа кіріспе Педагогті атыжні

    Скачать 0.88 Mb.
    НазваниеБлім 4а органикалы химияа кіріспе Педагогті атыжні
    Дата19.04.2023
    Размер0.88 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9-сынып. 4-тоқсан.docx
    ТипДокументы
    #1072808
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    Бөлім:

    9.4А Органикалық химияға кіріспе

    Педагогтің аты-жөні:

    Бастамбеков Б. Т.

    Күні:

    Сыныбы:

    Қатысушылар саны

    Қатыспағандар саны

    Сабақтың тақырыбы:

    Органикалық заттардың ерекшеліктері Органикалық қосылыстардың жіктелуі. № 10 көрсетілім «Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері»

    (54-сабақ)

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    9.4.3.1 -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру

    9.4.3.2 -көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу

    9.4.3.3 -функционалдық топ түсінігін,берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру

    Сабақтың мақсаты:

    -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіреді.

    -көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін біледі.

    -функционалдық топ түсінігін,берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіреді.

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту.

    7 мин.

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

    Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

    Оқушылардың назарын сурет арқылы органикалық қосылыстардың алуан түрлілігіне аудару. (5-слайд)

    Сурет бойынша сұрақтар қою.

    Органикалық қосылыстар нелердің құрамдарында кездеседі?

    (Күтілетін жауаптар: тірі ағзалардың, пластмассалар, дәрі-дәрмектер, синтетикалық талшықтар, жанармай және т.б)

    ІІ. Органикалық қосылыстар санының өсу динамикасы берілген кесте бойынша проблемалық сұрақ қою.(6-слайд)

    Не себепті органикалық қосылыстардың саны өте көп?

    Органикалық қосылыстардың құрамына қандай элементтердің атомдары кіреді? (7-9-слайдтар)

    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Жаңа сабаққа кіріспе

    Органикалық заттар – көміртектің қосылыстары.

    Қосылыстарда көміртегі атомы басқа атомдармен төрт байланыс түзеді.

    Органикалық химия – органикалық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және айналуын зерттейтін ғылым.

    ІІІ. Органикалық қосылыстардың формулаларын жазу жолдары.

    А) Молекулалық формула молекула құрамындағы атомдардың санын ғана көрсетеді, бірақ олардың қалай байланысқаны туралы мәлімет бермейді.

    В) Эмпирикалық формула молекуладағы әртүрлі атомдардың арақатынасын көрсетеді, олар мүмкін болатын бүтін жай сандармен белгіленеді.

    С) Құрылымдық формулалар молекуладағы атомдардың өзара қалай байланысқанын көрсетеді.

    D) Қысқартылған құрылымдық формулада көміртек-сутек байланыстары толық көрсетілмейді.

    Е) Қаңқалық формулада көміртегі мен сутегі атомдары, және С–Н байланыстары көрсетілмейді.

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Сабақтың ортасы

    15 мин.

    Оқушыларға көміртегі атомының құрылысын жазуды ұсыну. Уақыт біткен соң дәптерлерін ауыстырып тақтадағы мұғалім жауабымен сәйкестендіріп бір-бірінің жұмысын тексереді.

    Қосылыстардың а) құрылымдық; б) үшөлшемді бейнедегі формуласын жазыңыздар.

    А) пропан (С3Н8)

    В) этанол (С2Н5ОН)

    С) хлорметан (СН3СІ)

    Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы бірін – бірі тексереді.

    Бағалау критерийі:

    - Берілген молекулалардың кеңістіктегі үшөлшемді бейнесін дұрыс құрастыра алады;

    - Берілген молекулалардың кеңістіктегі бейнесін дәптерге дұрыс кескіндей алады

    Органикалық қосылыстардың бейорганикалық қосылыстардан өте көп екенін білдік. Ендеше оларды қалай және қандай қасиеттеріне сүйене отырып жіктей аламыз? Оқушылардың ойларын тыңдау.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Топтық жұмыс

    6 мин

    Сыныппен жұмыс. Тапсырма. С4Н10 – бутанның эмпирикалық, құрылымдық және қаңқалық формулаларын жазыңыздар.

    Жауабы:

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

    Жапсырма қағазы

    Жеке жұмыс

    5 мин

    (і) Алдарыңызға берілген молекулалардың шарөзекті моделін пайдалана отырып, берілген органикалық қосылыстардың молекулалық моделін құрастырыңыздар: Метан СН4, Метанол СН3ОН (іі) Осы қосылыстардың қағаз бетіне үш өлшемді құрылысын суреттеңіздер

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.

    Оқушылармен сабақтың оқу мақсаттарына оралу.

    Мен үшін тиімді болды ...

    Сабақ басында білмейтін, сабақ соңына дейін түсінгенім ...

    Үй тапсырмасы:

    Сіздерге органикалық қосылыстардың негізгі кластары берілген. Жалпы формуласына сүйене отырып, құрамында үш көміртек атомы бар өкілінің құрылымдық формуласын жазып, ондағы функционалды топты көрсетіңіз:

    1. Көмірсутектер (алкан, алкен, алкин (RH));

    2. Галогентуындылар (RHal);

    3. Спирттер (ROH);

    4. Альдегидтер (RCHO);

    5. Карбон қышқылдары (RCOOH);

    6. Аминқышқылдар (NH2RСООН).

    «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

    (55-сабақ)

    написать администратору сайта