Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
| Сабақ басында:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
«Ыстық орындық»Өткен сабақты қайталау
Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру.
Тапсырма сипаты:
Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.
| 1. Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?
2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?
3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу 4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты? 5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады? 6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз? 7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз? 8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз. (Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар) Бағалау: Бір-бірін бағалайды
Кері байланыс: Оқушы-оқушы Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.
| Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| Жаңа сабақты түсіну
Мақсаты:Алкиндердің химиялық қасиеттері
| Тапсырма сипаты:(W) Оқушыларға кейбір қосылыстар үш еселі көміртегі-көміртектік байланыстан тұратынын түсіндіру. Оқушылар этиннің моделін жасайды. Олар үш байланыстың дара байланысқа қарағанда қысқа болатынын және молекуланың сәйкесінше алкандарға қарағанда одан ары белсенді болу мүмкіндігін көреді. Бұл қосылыстардың да көмірсутектер болып табылатындығын және олардың гомологтық қатары алкиндер сияқты мәлім екенін түсіндіреді.
Кері байланыс: оқушы-оқушы, oқушы-мұғалім
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
| Қалыптастырушы бағалау парағы
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
| Мақсаты: Алкиндерге тән қосылу реакциялары түрлерін түсінеді
Сипаты:Оқушылардан гидрленуі және галогенденуі, гидротация, тотығуы және галгенсутектерді қосып алуы сатылап жүретінін шығарады.
Бағалау: Бағалау критерийі арқылы бағаланады. Кері байланыс: Оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы Мақсаты: Алкиндердің полимерленуін талдайды
Сипаты: Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Бағалау: дұрыс жауаптар арқылы өзіндік бағалау
| Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау парағы
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
| Оқу мақсаты
Қосылу реакциясының мағынасын білу және түсіну.
Бағалау критерийі Оқушы алкиннің сутек, галоген, галогенсутек және су қосып алу реакциясының өнімдерін атайды және реакция теңдеуін жазады.
Тапсырма 2-метил-пропинге келесі қосылыстардың қосылу реакциясын жазыңыздар: сутегі, бром, бромсутек, су. Реакция өнімдерін атаңыздар.
| Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
| Қалыптастырушы бағалау парағы
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
| Қалыптастырушы бағалау жұмысы орындалады.
Мақсаты: Берілген оқу мақсаты бойынша білімдерін тексеру.
Тапсырма сипаты: Оқушылар алкендардың құрылысы, қасиеттері бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды.
Бағалау: жетістік критерийлері арқылы бағаланады.
|
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
| Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
| «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|