Бөлімі:
| Мектеп: «Қосағаш» жоббм
| Педагогтің аты жөні:
| Мамырова Аширкул
| Күні:
|
| Сынып:
| 4
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Музыкадағы табиғат құбылыстары (жалғасы)
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| 4.1.3.6 - ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау
барысында нота сауаттылығыны негіздерін қолдану;
4.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз
идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен
ресурстар таңдау
| Сабақтың мақсаты:
| Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау
барысында нота сауаттылығыны негіздерін қолданады, музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз
идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен
ресурстар таңдайды
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Амандасу.
1-тапсырма. Ойтолғау.
«Сусыз өмір жоқ», «Жел ауа тазартады» дегенді естігенің бар шығар. Әр табиғат құбылысының адам өміріндегі алатын орны бар.
Адам өмірінде су мен жел қандай орын алады? Судың пайдасы мен зияны қандай? Желдің қандай түрлерін білесің? Су мен желге байланысты
2-тапсырма. Зерттеу және талдау.
«Ақ бұлақ» әні мен «Жел» әуенін талдау, зерттеу.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
- Әнде қандай табиғи құбылыс
туралы айтылған?
- Ақын боранды немен салыстырып
отыр?
- Қандай табиғи құбылыстарды
білесіздер? Оларды атаңыз
- Дауыспен бұрқасын дыбысын
көрсетіңіз.Сіздер қандай табиғи
құбылыстарды білесіздер? Оларды
атаңыз.
3-тапсырма. Зерттеу, талдау.
«Ақ бұлақ əуені» (музыкасын жазған: С. Еркімбеков )
пьесасын оқушыларға тыңдатады, музыка туралы оқушылардан түсінік алады, сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
– Шығарманы тыңдаған кезде көз алдарыңда қандай көріністер елестеді?
– Автор музыкасында қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды?
Бұл тапсырманы оқушыларды екі-үш топқа бөліп орындауға болады.
1. Оқушылар мұғалімнің көмегімен оқулықта берілген Ə. Қастеевтің «Өмір-өзен» картинасын «Ақ бұлақ əуені» пьесасымен салыстырады. Салыстыру барысында картинаны мен пьесаның мазмұнына, көркемдік бейнесіне
көңіл бөліп, айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, түсінітерін айту керек.
2. Оқушылар Қытай бишілерінің орындауындағы «Су биін» бейнетаспадан көріп, «Ақ бұлақ əуені» шығармасымен салыстырады. Айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, қысқа, нақты түсінік береді.
4-тапсырма. Зерттеу, талдау.
Оқушыларға С. Еркімбековтің екінші шығармасы «Жел əуені» үнтаспадан тыңдатылады. Мына сұрақтар арқылы тыңдаған музыкадан алған əсерлерін бөліседі.
– «Жел əуені» шығармасын тыңдағанда көз алдыңа қандай көріністер елестеді?
– Автор музыкасында қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды?
– Музыка арқылы желдің уілі қалай келтірілген?
1. Оқулықтағы И. Ломанованың «Күзгі жел» картинасын оқушыларға таныстырып, оның мазмұнын, суретшінің шеберлігін талдайды.
2. Картинаны С. Еркімбековтің «Жел əуені» пьесасымен
салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, оқушылардан өз ойларын айтуды сұрайды.
Бағалау.
1. Сабақта берілген тапсырмаларды қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. Өз дайындығымды қалай жақсартар едім?
Рефлексия
– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
| Табиғаттың
құбылыстары туралы тақпақтар
дайындаңыз. Мысалы: «Жел» Тақпақты оқып,
сұрақтарды талқылаңыз. Табиғат
құбылыстары туралы бейне
жазба дайындаңыз. Табиғат
дыбыстары қандай дыбыстар
тобына жатады екенін естеріңізге
түсіріңіздер (шулы, музыкалық
дыбыстар). Мұғалімге сабақты
бастауыш сынып мұғалімімен
бірлесіп жоспарлап
Жаратылыстану «Әдебиеттік
оқу» пәндерінде алған
білімдерімен кіріктіріп өткізу
ұсынылады
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
| Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
|
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
«Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
Рефлексия тақтайшасы
| Сабақтың соңы
|
Бөлімі:
| Мектеп: «Қосағаш» жоббм
| Педагогтің аты жөні:
| Мамырова Аширкул
| Күні:
|
| Сынып:
| 4
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Музыкадағы жыл мезгілдері
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| 4.1.1.1-музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыр
| Сабақтың мақсаты:
| музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстырады
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
С.Рахманинов пен К.Дебюссидің
музыкалық шығармаларын тыңдаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Бұл шығармаларды қалай атауға
болады? Неліктен?
- Әр шығарма қандай көңіл-күйді
білдіреді?
- Композитор су мен ауаның
образын қандай музыканың
көркемдеуші құралдары арқылы
бейнелейді?
2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Қолда бар заттармен, дауысты және музыкалық ұрмалы, шулы аспаптарды
қолдана отырып «Су мен ауа бейнесі» тақырыбына музыкалық композия шығарыңыз.
1 топ: «Ауа әуені»
2 топ: «Су әуені»
3-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу. Ақпарат іздеу.
Сабақтың негізгі ойын жалғастырып, оқушыларға шетелдік классик композитор Антонио Вивальдиді таныстырады. Композитор туралы мынадай мəлімет береді:
Антонио Вивальди (1678–1741) – итальян композиторы, асқан шебер скрипкашы, педагог, дирижер, католик шіркеуінің діни қызметкері. Венеция қаласында өмірге келген. 40-қа жуық операның авторы. Көптеген түрлі жанрдағы шығармалар жазған. Ол – сол замандағы
итальян скрипка өнерінің ең ірі өкілдердің бірі. Аспаптық концерттер, əсіресе скрипкаға арналған концерттер оны дүниежүзіне танытты.
Шығармалардың ішінде ең белгілісі – «Жыл мезгілдері» атты скрипкалық төрт концерті.
«Төрт жыл мезгілі» (концерттер циклінен үзінділер)
Музыкасын жазған: А. Вивальди. Тапсырма басында оқушыларды «қыс, көктем, жаз, күз» жыл мезгілдері атаулары бойынша төрт топқа бөледі.
А. Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттерінен төрт шығарма үзінділерін тыңдатады: «Көктем» («Көктем келді»), «Жаз» («Жазғы найзағай»), «Күз» («Егін ору»),«Қыс» («Желтоқсан»).
Əр топ оқушылары тиісті тапсырмаларды орындайды. Жауаптарды оқулықтағы тақырыбынан, ғаламтор желісінен, музыкалық энциклопедия мен нота хрестоматиясынан іздейді.
Тапсырма бойынша мынадай сұрақтарға жауап береді:
– «Аспапқа арналған концерт» деген не?
– «Скрипкалық концерт» дегенді қалай түсінесің?
– А. Вивальдидің əр скрипкалық концерті қалай аталады?
– Əр концерт неше бөлімнен тұрады?
– Əр бөлімі айлар бойынша қалай аталады?
3-тапсырма. Əн үйрену. Орындау.
«Шат көңіл» (өлеңін жазған: Б. Тəжібаев,əнін жазған: С. Еркімбеков)
Оқушыларды жаңа əнмен таныстырады: шығарма мазмұны жəне авторлар туралы мəлімдейді, үнтаспаны тыңдатқызады; оқушылардың мүмкіндігіне қарай əнді толығымен үйретеді.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
– Əнді басынан аяғына дейін тыңдап, сыныппен бірге талдау.
– Əннің көңіл күйіне, көркемдеуіш құралдарына, мəтіннің
мазмұнына көңіл бөлу.
– Əнді вальс ырғағына, мазмұнына қарай мəнерлеп, көркем орындау.
Уақыт қалатын болса, сыныпты топқа бөліп, «Əнді көркем
орындайық» деген жарысты өткізуге болады.
Үйге тапсырма:
«Шат көңіл» әнін әуенімен жаттап келіңдер.
Рефлексия
– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
|
1-тапсырма. С.Рахманинов-тың
«Весенние воды» және
К.Дебюссидің «Облака»
музыкалық шығармалары-ның
жазбасын дайындаңыз.
2-тапсырма. Тапсырмаға
қажетті көрнекіліктерді
дайындап алыңыз. Қолда бар
заттар (сумен толтырылған
пластикалық бөтелке, таяқшалар,
шарлар және т.б) ұрмалы, шулы
музыкалық аспаптар. Мұғалімге
қоршаған ортаны қорғау туралы
әңгіме өткізу ұсынылады.
Шат көңіл әнін әуенімен жаттайды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
| Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
|
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
«Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
Музыка оқулығы
Нота хрестоматиясы
Интернет ресурстары
Рефлексия тақтайшасы
| Сабақтың соңы
|
Бөлімі:
| Мектеп: «Қосағаш» жоббм
| Педагогтің аты жөні:
| Мамырова Аширкул
| Күні:
|
| Сынып:
| 4
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Музыкадағы жыл мезгілдері (жалғасы)
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
| 4.1.1.1-музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыр.
| Сабақтың мақсаты:
| Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстырады.
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| 1-тапсырма. Ойтолғау.Жыл мезгілдеріне қатысты әндер мен музыкалық шығармалар көп. Мысалы домбырашы, композитор Төлепбнерген Тоғжановтың «Жыл он екі ай» атты домбыраға арналған пьесалары бар. Онда он екі айдың ерекшелігі сипатталған. 2-тапсырма. Ән орындау.
«Жау, жау, жаңбыр»
«Жұмбақ әуендер» ойыны.
Келді,міне,көктемім,
Жердің жүзі көктеді.
Ақ жаңбырды сыйлады,
Ақша бұлттар көктегі. Қ-сы:
Жау-жау жаңбыр,жау жаңбыр,
Мөлдіреген тамшыларың.
Жау-жау жаңбыр,жау жаңбыр,
Табиғаттың сәні. Жаушы жаңбыр тағы да,
Күттік сені сағына.
Кірсін жердің сәні де,
Топырақтың нәрі де. Қ-сы:
Жау-жау жаңбыр,жау жаңбыр,
Мөлдіреген тамшыларың.
Жау-жау жаңбыр,жау жаңбыр,
Табиғаттың сәні.
Мазмұны мен авторларды бірге əңгімелейді.
Мына сұрақтарға жауап беруді жəне тапсырмаларды орындауды сұрайды:
• Əн не туралы?
• Əн қандай екпінде орындалады?
• Əнді орындау барысында мұғалімнің дирижерлік қимылдарына назар аудару.
• Əнді мəнерлеп, көркем орындау.
• Əнді «кезек-кезек» түрінде орындауды ұйғарады. 3-тапсырма.Тыңдау. Ақпарат іздеу.
«Музыкалық аспапты тап». (ойын викторина)
Шарты: Бейнетаспамен әр оқушы дербес, өз беттеріңше жұмыс жүргізіп, білімдеріңді тексеріңдер. Сендер мұғалім берген бір бет парақта сызылған икестедегі аспаптардың аттарын белгілеңдер.
Аспаптар. 4-тапсырма. Біліміңді тексер. 5-тапсырма. Бағалау.
Сабақта берілген тапсырмаларды қалай орындадым? Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым? Өз дайындығымды қалай жақсартар едім?
Үйге тапсырма:
«Жау, жау, жаңбыр» әнін әуенімен орындайды. Рефлексия
– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
|
1-тапсырма. С.Рахманинов-тың
«Весенние воды» және
К.Дебюссидің «Облака»
музыкалық шығармалары-ның
жазбасын дайындаңыз.
2-тапсырма. Тапсырмаға
қажетті көрнекіліктерді
дайындап алыңыз. Қолда бар заттар (сумен толтырылған
пластикалық бөтелке, таяқшалар,
шарлар және т.б) ұрмалы, шулы
музыкалық аспаптар. Мұғалімге
қоршаған ортаны қорғау туралы
әңгіме өткізу ұсынылады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
| Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
|
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
«Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
Рефлексиялық тақтайша
| Сабақтың соңы
| |