Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| 1-тапсырма.Ойтолғау.
Ата бабамыздың бізге қалдырған аманаты:кім болса да, қайда болса да,өз туған жерін, табиғатын аялап қорғауға міндетті. Алдыңғы сабақтарда Арал теңізі және Семей полигоны мәселелерін зерттеп біраз мағлумат алып, ртүрлі музыкамен таныстық. Олардың жағдайы қәзірде жақсыеме әліде жеріміздің табиғатына зиян келтіріп жатыр. Сен теледидар,ғаламтор желісінен әлемде болып жатқан соғыстар туралы көріп, біліп жүрген шығарсың. Мұндай соғыстар табиғатымызға зиян келтіреме?
Осының бәрін есте сақтап ,елімізді қоршаған ортиамызды қорғауға дайын болуымыз керек.
2-тапсырма. Əн үйрену, орындау.
Осы бағытта оқушыларға жаңа əнді үнтаспа арқылы тыңдатқызып, үйретеді.
«Сарбаздар жыры» (өлеңін жазған: А. Асылбек, əнін жазған: Н. Айтбаева)
Оқушылармен бірге əннің мазмұнын талқылайды,
əннің орындалуына көңіл бөледі.
1. Айбынды қазақ сарбазымыз,
Ерікті елдің саңлағымыз.
Отанды қорғау дұшпандардан –
Тыныштық өмір арманымыз.
Болсын деп аман анамыз да,
Болсын деп аман баламыз да,
Сарбаздар сай боп тұрған кезде,
Кірмейді жаулар даламызға.
Қайырмасы:
Жаса, қазақ сарбаздары,
Өткір қылыш алмастары.
Өткен батыр бабалардың
Бүгінгі ер жалғастары.
2. Ұлан да байтақ жерімізді,
Қазағым деген елімізді,
Бабалар бізге беріп кеткен,
Аманат етіп сеніп ізгі.
Сол жерді қорғау – міндетіміз,
Сарбаздар сапта бірге туыс.
Ерлікпен ерен арта түсер
Отанға деген құрметіміз.
Оқушыларға өзі көрсетіп, əнді талаптар бойынша
үйретуді ұйғарады.
3-тапсырма. Музыка тыңдау.
«Мəңгілік алау» (балет-ораториясынан үзінді).
Музыкасын жазған: С. Еркімбеков.
Оқушыларға балет мазмұнына түсінік береді.
Автордың идеясын ашады. Ол «Мəңгілік алау» бір актілі
балетінде соғыс пен бейбітшілік туралы тарихи
тақырыпты қарастырған. Туған жеріне деген махаббаты
жəне жауына деген өшпенділігі адам толқынысы арқылы
балетте үздіксіз байланыста бейнеленген. Балет 12 нөмір,
4 көріністен тұрады: «Көк кеңістік», «Реквием», «Мəңгілік
қас қағым», «Adagio», «Жер дауысы», «Күн шығуы», «Ана
мен бала», «Махаббат түсі», «Қайғы», «Уақыт желісі»,
«Жад», «Жер дауысы». Балет еске алу түрінде жазылған.
Балетте негізгі кейіпкерлерді бейнелеуде композитор ана
мен белгісіз солдатты, оның сүйген қызын бір жағында,
соғыс трагедиясын екінші жағында көрсеткен.
Үйге тапсырма:
«Сарбаздар жыры» (өлеңін жазған: А. Асылбек, əнін жазған: Н. Айтбаева)
Әнін әуенімен жаттап келіңдер.
Рефлексия
– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
| 1-тапсырма. Әннің сөзін және
аужиожазбасын дайындаңыз.
Шығарманы талқылаңыз. Әнді
жаттау ережесі бойынша
үйретіңіз. Мұғалімге
Қазақстанныңөсімдіктер жайлы
Қызыл кітабына енген жауанрлар
мен өсімдіктер жайлы әңгіме
жүргізу ұсынылады.
2-тапсырма.
Оқушыларды үш
топқа бөліп, оларға әнді би
қимылдарын қосып орындауды
ұсыныңыз
Әнді орындайды.
Музыканы тыңдап ойларымен бөліседі.
Қойылған сұратарға жауап береді.
| Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
| hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
«Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта
hhtp/mpp.aytis/youtube.com
«Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE-
Музыка оқулығы Нота хрестоматиясы
Фоно хрестоматия Интернет ресурстары
Рефлексия тақтайшасы
|