Күн тәртібі
| Уақыты
| Дүйсенбі
| Сейсенбі
| Сәрсенбі
| Бейсенбі
| Жұма
|
Балаларды қабылдау
| 8:00-8:10
| Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.
|
Ата – аналармен әңгімелесу
| 8:10-8:20
| Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;
Балабақшадағы ас ішу уақыттары, дұрыс тамақтандыру нормалары жайлы ата-аналарға мәлімет беру;
Баланың өсіп-дамуы үшін дәрумендерді дұрыс қабылдаудың маңызы;
Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу
Дәнді-дақылдардан ертеңгілік ботқа жасап берудің бала денсаулығына пайдасы.
|
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )
| 8:20-8:35
| Үстел- үсті ойыны: «Ғажайып қалта» ойыны (көкөністер мен жемістер)
| Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
| Жұмбақтар шешу
Аспай піскен, қайнамай түскен (жеміс)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып
Әкелді атам бір күні.(сәбіз)
| Саусақ ойыны:
Саусағымда сақина
Санап көрші кәнеки
1,2,3 Бір, екі үш
Демалайық жинап күш.
| «Дидактикалық ойын» (Бұл не?)
|
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
| 8:35-8:45
| Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту.
|
Таңғы ас
| 8:45-9:00
| Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау
|
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық
| 9:00-9:15
| «Дидактикалық ойын»
(Көкөністерді сана)
| «Көкөністер мен жемістер» суретін үлгі бойынша құрастырып ,әңгіме айтып беру
| «Дидактикалық ойын»
(Дәміне қарай ажырат)
| Өлеңді жаттау:
Мен қиярмын сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын
| «Дидактикалық ойын»
(Топтап жинау)
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері
| 9:15-11:30
|
|
|
|
|
|
Серуендеу
| 11:40- 12:30
| Бақылау:Жаңбырды бақылау Мақсаты:Ауа райының өзгерістерін байланыстырыпүйрету-салқын болды, жаңбыр жауды Еңбек:Белгілі бір тәртіпте киімді дұрыс жинау Қимылды ойындар: «Кім епті»
Мақсаты: Зейінді дамыту, допты лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.
| Бақылау: Жылжыған бұлтты бақылау Мақсаты:Балаларға бқлттар жайлы және оның қасиеті туралы түсінік қалыптастыру.
Еңбек:Аяқ киімдерінің оң және сол аяғын тани білуге үйрету Қимылды ойындар: «Өз жалауыңды тап» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау
| Бақылау:Жаяу адамдарды бақылау Мақсаты:Жолда жүру ережесі туралы, жолдың жаяулар жүретін бөлігі туралы білімдерін тиянақтау. Еңбек:Гербарий жасау үшін әдемі жапырақтарды жинау, түскен жапырақтарды ағаш түбіне тырмамен жинау Қимылды ойындар: «Бағдаршам» Бағдаршам маңызы туралы білімдерін бекіту.
Ептіліктерін дамыту.
| Бақылау:Итті бақылау Мақсаты:Жануарлар өміріне деген қызығушылықтарын арттыру, қиын жағдайда көмек беруге дайын болуға тәрбиелеу. Еңбек:Сынған ағаш бұтақтары мен жапырақтарды жинау қоқысқа апару. Қимылды ойындар: «Біз көңілді балалармыз» Ойын шартын сақтап ойнауға баулу.
| Бақылау: Суды бақылау Мақсаты:Күз мезгіліндегі судың жай-күйі жайлы түсініктерін қалыптастыру Еңбек:Топ бөлмесіндегі өсімдіктерді күту Қимылды ойындар: «Қасқыр қақпан» Белгі бойынша әрекет етуге жаттықтыру
Жылдамдықтарын, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту
|
Серуеннен оралу
| 12:30-12:40
| Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
|
Түскі ас
| 12:40-13:00
| Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.
|
Түскі ұйқы
| 13:00- 15:30
| Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары
| 15:30- 16:00
| Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.
«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.
«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.
«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.
«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу
|
Бесін ас
| 16:00-16:30
| Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.
|
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
| 16: 30-
17: 50
| Балалармен жеке жұмыс : «Бұлт»
Қ. Әлімқұлов Түрленді дала, бау-бақша Құлпыра қалды тау жақта Қара бұлтты жел қуып Жөкеп берді аулаққа
| Үстел үсті ойыны: «Менің балабақшам»
Мақсаты: үлгі бойынша орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, картиналар құрастыру.
| «Мақал мәтелдер»
Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.
| « Бау бақшада бақтарда» Ақылбекова Айзеременжеке жұмыс.
Мақсаты:
Суретті үлгі бойынша бояп, эстетикалық талғамын дамыту.
| Вариативтік бөлім
|
Серуенге дайындық
| 17:50-18:00
| Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.
|
Серуен
| 18:00-18:15
| Балабақша ауласына серуен.
Балалармен әңгімелесу.
|
Балалардың үйге қайтуы
| 18: 15- 18:30
| Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.
|