Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница30 из 67
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67

Осы асқынудың дамуына дәрігердің қай қателігі себеп болды деп ойлайсыз?

/

дәріні иненің алдында жіберіп отырмағандықтан

/

жансыздандыруды дұрыс таңдамау

/

ине шаншитын жер дұрыс таңдалмаған

/

жансыздандыру тәсілі дұрыс таңдалмаған

/

тістің жарақатты жұлынуы

!

Төмпешіктік жансыздандырудан соң науқастың оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер 1.8 тісті қиналып жұлды. Суық басу керектігін айтты. Үш күннен соң науқастың жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауырып, ауру сезімі құлаққа, самайға беріліп, қызуы көтерілді. Құм сағат белгісі дамыды. Ауыздың ашылуы шектеліп, ІІІ дәрежелі қарысу дамыды. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістеліп, басқанда қатты ауырды. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы

Төмендегі асқынудың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?

/

оң жақ самай асты аймағының іріңдеген гематомасы

/

оң жақ самай асты аймағының флегмонасы

/

оң жақ самай асты аймағының гематомасы

/

жоғарғы жақсүйегінің оң жағынан жедел периоститі

/

оң жақ самай аймағының флегмонасы

!

46еркектің 4.6 тісін жұлу үшін новокаиннің 2% ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секундт өткен соң науқаста үрей сезімдері пайда болып, жабысқақ мұздай тер басып, еріні көгеріп, АҚ сн. бағ. 60 та 30 мм. ге дейн төмендеп, өарашықтары кеңейіп, қарашығы жарыққа әсер етпей еріксіз кіші дәреті жүріп кетті

Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?

/

анафилактикалық шок

/

естен тану

/

диабеттіккома

/

гипертониялық криз

/

талықсу

!

40 жасар еркек стоматологиялық емханаға протездеу алдында ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. 1.3 тісін жұлу керек

Тісті ауыртпай жұлу үшін қандай нервтерді тежеу керек?

/

күрек тістік және жоғарғы алдыңғы альвеолалық

/

үлкен тастық және бетсүйегі самай

/

жоғарғы артқы альвеолалық және бет сүйегі

/

таңдай және жоғарғы ортаңғы альвеолалық

/

терең тастық және бетсүйегі

!

70 жасар еркектің жоғарғы жақсүйегінің 1.1 тістен дамыған одонтогендік кистасына байланысты цистоэктомия операциясы жоспарланды. Дәрігер келесі тәсілмен жасалатын жансыздандыруға тоқталды: Сол қолдың сұқ саусағымен оң жақ көз ұясының төменгі қырынан шорды тауып алдыда, одан 0,75 см төмен нысана көзін белгіледі. Сол қолдың бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтерді, инені 1.2 , 1.1 тістердің түбірлерінің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5 см төмен шаншыдыда инені сүйекке тақап, сұқ саусаққа қарай үнемі дәрі жібере отырып жылжытты. Иненің ұшы тесікке түсіп кеткендей сезім болған кезде жансыздандырғыш дәріні жіберді

Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

/

көз асты

/

төмпешіктік

/

Вайсблат бойынша

/

күрек тістік

/

инфильтрациялық

!

50 жасар науқастың 1.6 тісін жұлу жоспарланды. Дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен оң жақ көз ұясының төменгі қырынан шорды тауып алдыда, одан 0,75 см төмен нысана көзін белгіледі. Сол қолдың бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтерді, инені 1.2 , 1.1 тістердің түбірлерінің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5 см төмен шаншыдыда инені сүйекке тақап, сұқ саусаққа қарай үнемі дәрі жібере отырып жылжытты. Иненің ұшы тесікке түсіп кеткендей сезім болған кезде жансыздандырғаш дәріні жіберді

Дәрігер қандай қателік жіберді?

/

жансыздандыру тәсілі дұрыс таңдалмады

/

нысана көзін дұрыс анықтамады

/

бас бармақпен ерінді көтергені

/

инені дұрыс жылжытпады

/

ине шаншитын жерді дұрыс таңдамады

!

60 жасар еркектің бұзылған 2.7 тісін созылмалы периодонтиттің өршуімен жұлу керек. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Негізгі жансыздандыру жасалып болған соң, науқастың ауызын кеңінен ашы, жұмсақ және қатты таңдайдың шекарасынан 0,5 см алға және таңдайдың орта сызығы мен қызыл иектің шетінің ортасынан нысана көзін анықтап, инені одан 1 см алға сүйекке тақалғанша жоғары- артқа- ішке шаншыды да 0,5мл. жансыздандырғыш дәрі жіберді

Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

/

қанат таңдайлық

/

күрек тістік

/

көз асты

/

таңдай

/

инфильтрациялық

!

60 жасар еркектің бұзылған 2.7 тісін созылмалы периодонтиттің өршуімен жұлу керек. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Негізгі жансыздандыру жасалып болған соң, науқастың ауызын кеңінен ашы, жұмсақ және қатты таңдайдың шекарасынан 0,5 см алға және таңдайдың орта сызығы мен қызыл иектің шетінің ортасынан нысана көзін анықтап, инені одан 1 см алға сүйекке тақалғанша жоғары- артқа- ішке шаншыды да. жансыздандырғыш дәрі жіберді

Дәрігер қандай қателік жіберді?

/

1,5млжансыздандырғыш дәрі жібергені

/

ине шаншитын жерді дұрыс таңдамады

/

жансыздандыру тәсілін дұрыс таңдамауы

/

инені дұрыс бағыта жылжытпауы

/

жансыздандыруды ауызды кең ашып жасауы

!

60 жасар еркектің бұзылған 2.7 тісін созылмалы периодонтиттің өршуімен жұлу керек. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Негізгі жансыздандыру жасалып болған соң, науқастың ауызын кеңінен ашы, жұмсақ және қатты таңдайдың шекарасынан 0,5 см алға және таңдайдың орта сызығы мен қызыл иектің шетінің ортасынан нысана көзін анықтап, инені одан 1 см алға 2.5 см тереңдікке шаншып, жоғары- артқа- ішке шаншыды да 0,5мл. жансыздандырғыш дәрі жіберді

Дәрігер қандай қателік жасады?

/

инені 2,5 см тереңдікке ендіруі

/

0,5мл жансыздандырғыш дәріні жіберуі

/

жансыздандыру тәсілін дұрыс таңдамауы

/

иненің бағытының дұрыс еместігі
/

жансыздандыруды ауызды кең ашып жасауы

!

60 жасар әйелдіңжоғарғы жақсүйегінің 1.1 тістен дамыған радикулалық кистасына байланысты цистоэктомия операциясы жоспарланды. Дәрігер келесі тәсілмен жасалатын жансыздандыруға тоқталды: Сол қолдың сұқ саусағымен оң жақ көз ұясының төменгі қырынан шорды тауып алдыда, одан 0,75 см төмен нысана көзін белгіледі. Сол қолдың бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтерді, инені 1.2 , 1.1 тістердің түбірлерінің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5 см төмен шаншыдыда инені сүйекке тақап, сұқ саусаққа қарай үнемі дәрі жібере отырып жылжытты. Иненің ұшы тесікке түсіп кеткендей сезім болған кезде жансыздандырғаш дәріні жіберді. Одан соң таңдай жағынан тағы бір жансыздандыру жасады

Дәрігер қандай жансыздандырулар жасады?

/

көз асты және күрек тістік

/

күрек тістік және төмпешіктік

/

таңдай және көзасты

/

күректістік және инфильтрациялық

/

таңдай жіне Вайсблат бойынша

!

35 жасар еркектің жақ бет аймағының көлемді жарақатына АХӨ жүргізу керек. Наркоз жасауға болмайды. Сондықтан дәрігер келесі тәсілмен жергілікті жансыздандыру жасауға кірісті: трагоорбиталық сызықтың ортасынан ұзындығы 7 см инені бет сүйегі доғасынан төмен әрі оған көлденең шаншып, сүйекке тірелгенше жылжытты. Инеге алдын ала шаншылған стерильді резинамен тереңдігін белгілеп алып, иненің жартысынан көп бөлігіне суырып, оның ұшын 15-20 градусқа алға жылжытып белгіленген тереңдікке қайта ендірді

Қандай жансыздандыру жасалынды?

/

жоғарғы жақсүйегінервіне бағаналық жансыздандыру

/

Берше-Дубов бойынша

/

төмпешіктік жансыздандырудың сыртқы тәсілі

/

төменгі жақсүйегі нервіне бағаналық жансыздандыру

/

Берше бойынша

!

Ер кісінің 4.6 тісін жұлу үшін убестезинмен жансыздандыру жасалды. Тіс ауырмай жұлынды

Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?

/

төмпешіктік

/

иектік

/

Берше бойынша

/

мандибулалық

/

инфильтрациялық

!

78 жасар әйелге ІІІ нервтің невралгиясы бойынша новокаин тосқауылдарын жасау жоспарланды. Вайсблат бойынша төменгі жақсүйегі нервіне сопақ тесіктің ауызында блокада жасау үшін, иненің ұшы сына сүйегінің қанат тәрізді пластинкасының сыртқы бетіне жеткен соң 15-20 градус қай бағытта жылжыту керек?

/

артқа

/

төмен

/

жоғары

/

ішке

/

алға

!

Ер кісі 3.8 тісін жұлдырған соң 3- күні ауызының нашар ашылатынына шағымданып келді. Жансыздандыру жасаған жердегі иненің шаншылған жерінде қабыну үрдісінің белгілері жоқ

Осы науқасқа төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?

/

физиоем, механоем, ЕДШ

/

миопластика, физиоем

/

новокаин тосқауылдары, массаж

/

антибактериалық терапия, ЕДШ

/

еттерді ашу, массаж

!

28 жасар әйел сол жағынан жоғарғы жақсүйегіндегі бұзылған тісі мен сол тістің айналасындағы қызыл иегінің ауыратынына шағымданып келді. Тісінің бұзылғанына біршама уақыт өткен, анда санда ауырып мазалап жүрген. Соңғы күндері ауру сезім күшейіп басылмай кеткен. Тексеру барысында 2.4 тіс қатты бұзылған. 2.4, 2.5,2.6 тістердің таңдай беттерінде жаралы өліеттенген гингивиттің клиникалық көрінісі байқалады

Осы тісті қандай жансыздандырулар арқылы жұлған дұрыс болады?

/

көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі, таңдай жағынан аппликациялық

/

көз асты жансыздандыруының ішкі тәсілі

/

таңдай, сыртынан инфильтрациялық

/

күрек тістік, сыртынан инфильтрациялық

/

төмпешіктік, күректістік

!

Ер кісі 3.8 тісін жұлдырған соң 3- күні ауызының нашар ашылатынына шағымданып келді. Жансыздандыру жасаған жердегі иненің шаншылған жерінде қабыну үрдісінің белгілері жоқ. Тістің ұясы эпителимен жабылған

Төмендегі емдердің қайсысы шипалы болады?

/

физиоем, механотерапия

/

еттерді керіп ашу, массаж

/

новокаин тосқауылдары, массаж

/

еттерді керіп ашу, миопластика, физиоем

/

антибактериялық ем, ЕДШ

!

60 жасар ер кісінің 4.5 тісін жұлу үшін екі жақты инфильтрациялық жансыздандыру жасалды. Жұлған кезде аздап ауру сезім байқалды. Тісті юосату кезінде түбір ұшы сынып кетті. Оны алу ауру сезімнің күшеюіне байланысты мүмкін болмады. Қайта жансыздандыру жасауға тура келді

Баста қандай жансыздандыру жасалуы керек еді

/

мандибулалық және инфильтрациялық

/

Берше-Дубов бойынша

/

Егоров бойынша

/

иек жансыздандыруы

/

төмпешіктік

!

20 жасар жігіт хирург стоматологқа жұтынғанда тамағының сол жағы ауыратынына және 3 күннен бері ауызының шектеліп ашылатына шағымданып келді. Тексеру барысында: ІІ- дәрежелі қарысу анықталды. 3.8 тісі жартылай жарып шыққан, тістің дистал ұрт бұдырлары көрініп тұр, сауытының қалған беткейі ісінген шырышты қабықтың астында. 3.8-3.6 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп тегістеле бастаған басқанда ауырады. Рентген суретінде: 3.8 тістің көлденең орналасқаны, медиалды түбірлерімен 3.7- тістің дистал мойынына тіреліп тұрғаны анықталды. Тісті атиптік тәсілмен жұлып, периостотомия жасап, жалпы қабынуға қарсы ем тағайындау керек

Қандай жансыздандыру жасаған тиімді болады?

/

Берше-Дубов бойынша

/

үстірттік

/

мандибулалық, саусақ тәсілі

/

мандибулалық, сыртқы тәсілі

/

мандибулалық, аподактил тәсілі

!

Ер кісінің тексеру барысында 3.6 тісін жұлу керек екені анықталды. Мандибулалық жансыздандыру жасалды. Науқастың төменгі ерні мен иегінде, тілдің ұшы мен бүйірінде жансызданудың белгілері басталған соң дәрігер тісті жұлуға кірісті. Қызыл иекті сыдыру кезінде сырт жағынан ауырғаны анықталды

Ауру сезім толығымен басу үшін қандай жансыздандырулар жасалуы керек еді?

/

мандибулалық және инфильтрациялық

/

Берше бойынша

/

мандибулық, аусақ тәсілі

/

мандибулалық, аподактил тәсілі

/

инфильтрациялық

!

Ер кісінің тексеру барысында 3.6 тісін жұлу керек екені анықталды. Мандибулалық жансыздандыру жасалды. Науқастың төменгі ерні мен иегінде, тілдің ұшы мен бүйірінде жансызданудың белгілері басталған соң дәрігер тісті жұлуға кірісті. Қызыл иекті сыдыру кезінде сырт жағынан ауырғаны анықталды

Қосымша тағы қандай нервті тежеу керек еді?

/

ұрт нерві

/

тіл нерві

/

төменгі ұяшықты

/

ішкі қанат тәрізді

/

сыртқы қанат тәрізді

!

35 жасар әйел хирург стоматологқа таңдайының оң жағында ісінудің барлығына шағымданып келді. Анамнезінде: екі күн бұрын балық қылтығымен жарақаттап алғаны анықталды. Объективті: жоғарғы жақсүйегінің тістері сау, қатты таңдайда көлемі 1,0х1.2х1,5 см сіңбе бар, шырышты қабық қызарып ісінген, басқанда былқылдақ анықталады

Осы абсцессті ашу үшін қандай жансыздандырғышты таңдаған дұрыс?

/

2% лидокаина

/

1% новокаина

/

2% новокаина

/

0,5% лидокаина

/

0,5% новокаина

!

Науқастың 37 тісін жұлу үшін дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады: Барынша кең ашылған ауыздың оң жақ бұрышына шприцті қойды. Инені сол жақ ұрт сызатына жоғарғы ақыл тістен 0,5 см төмен сүйекке дейін шаншыды да анестетик жіберілді. Шприц пен ине бір жазықтықта орналасты. Тіс ауырмай жұлынды

Жансыздандырудан соң қандай нервтер тежелді

/

ұрт, төменгі ұяшықтық, тіл

/

төменгі ұяшықтық, ұрт

/

төменгі артқы ұяшықты

/

төменгі ұяшықтық , тіл

/

терең және үлкен тастық

!

Жоғарғы жақсүйегіндегі тістерді жұлу үшін неге көбіне инфильтрациялық жансыздандыру таңдалады?

/

жоғарғы жақсүйегінің кортикалпластинкасында көптеген табиғи тесіктері бар

/

инфильтрациялық жансыздандырудың орындалуы онай

/

нерв талшықтарының көптігінен

/

бұл жансыздандырудан кейін асқынулар сирек кездеседі

/

жансыздандырғыштың аз мөлшері жұмсалады

!

35 жасар еркек хирург стоматологқа жоғарғы жақсүйегінің ауыратыны мен ісінгеніне шағымданып келді. 2.7 тісті жұлып, периостотомия жасау қажет

Қандай нервтерді тежеген жөн болады?

/

жоғарғы артқы альвеолалық және таңдай

/

бетсүйегі және жоғарғы артқы мұрын нервтері

/

жоғарғы алдыңғы альвеолалық және мұрын таңдай

/

кіші қазтабан және артқы төменгі мұрын

/

жоғарғы ортаңғы альвеолалық және терең тастық нервтер

!

66 жасар еркек бетініңсол жағының жоғарғы еріннің коллатералдық ісінудің салдарынан асимметрияланған. Ауыз қуысында: 1.2 тісінің сауыты қызыл иектің деңгейінен төмен бұзылған, түсі өзгерген. 1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсындағы шырышты қабықта тығыз басқанда ауыратын сіңбе анықталады ортасында былқылдақ бар. Рентген суретінде: 1.2 тістің түбіні қисықтығына байланысты өзегінің ¼ бөлігі пломбаланбаған. Түбір ұшындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылған ошақтар анықталды. Тісті жұлып периостотомия жасалу керек

Қандай нервтер тежеген дұрыс?

/

жоғарғы алдыңғы альвеолалық және мұрын таңдай

/

жоғарғы артқы альвеолалық және мұрын

/

жоғарғы ортаңғы альвеолалық және күрек тістік

/

үлкен және терең тастық нерв

/

бет сүйегі және жоғарғы артқы мұрын

!

65 жасар әйелдің жергілікті жансыздандыру арқылы тісін жұлу жоспарланды. 20 жылдан бері гипертониялық аурумен ауырады

Осы науқас үшін қандай анестетикті алған дұрыс?

/

мепивастезин

/

ультракаин-форте

/

4% убистезин-форте

/

2% раствор лидокаина

/

2% раствор новокаина

!

Протездеу мақсатымен 50 жасар еркектің бұзылған тістерін жұлу керек. Хирург стоматолог науқасты тексеріп 3.5, 3.6 тістерін жұлу керек деген шешім қабылданды

Қандай жансыздандыру жасаған дұрыс?

/

төмпешіктік

/

иек жансыздандыруы

/

мандибулалық

/

Берше-Дубовбойынша

/

инфильтрациялық

!

40 жасар ер кісіге төменгі жақсүйегінің 4.3 тістен дамыған радикулалық кистасын алып тастау операциясы жоспарланды. Тексеру барысында: науқастың құлақмаңы шайнау аймағында күйіктен кейінгі көлемді тыртық бар. Ауызы аздаған шектелумен ашылады. 4.3 тісі бұрын бірнеше рет емделген сауыты қатты бұзылған. Тісті кистамен бірге алып тастау қажет. Дәрігер жансыздандыру жасап опрацияға кірісті. Бірақ науқас ауырып кеткенін айтты

Дәрігер қандай жансыздандыруды жасады деп ойлайсыз?

/

инфильтрациялық

/

төмпешіктік

/

мандибулалық

/

иек жансыздандыруы (сыртқы тәсілі)

/

иек жансыздандыруы (ішкі тәсілі)
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67


написать администратору сайта