Главная страница

проб каз стом. Девитальді экстирпациялау дісі


Скачать 0.63 Mb.
НазваниеДевитальді экстирпациялау дісі
Дата12.09.2020
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлапроб каз стом.docx
ТипДокументы
#137680
страница28 из 67
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67

/

алвеола өсіндісінің қыры

/

жұмсақ таңдайдың беті

!

Жоғарғы жақтан алынған анатомиялық қалыпты қарап бағалағанда алвеола төмпешігі түспей қалғандығы байқалады. Енді не істеу керек?

/

қалыптық қасықтың дистальді шетін балауызбен жиектеп барып қайта қалып алу керек

/

көлемі кішілеу қасықпен қайта қалып алу керек

/

басқа қалыптық жадығатпен қайта қалып алу керек

/

жеке-дара қасық жасау үшін қалыпты тіс техникалық зертханасына беру керек

/

қасықтың ернеуін (бортын) базисті балауызбен ұзарту керек

!

Бюгельді протез жасағанда отқа төзімді мүсінді қосарластырған (дублирование) кезде жұмысшы ғаныш мүсінінің кемерлерін немен толтырады?

/

балауызбен

/

жоғарғы сапалы ғанышпен

/

қарапайым ғанышпен

/

отқа төзімді массамен

/

мольдинмен

!

Күрделі құрылымды бюгельді протездің қаңқасын қандай мүсінде мүсіндеген жөн?

/

отқа төзімді мүсінде

/

ғанышты мүсінде

/

аралас мүсінде

/

құрамдастырылған мүсінде

/

металл мүсінде

!

Бюгельді протездің қаңқасын жұмысшы ғаныш мүсінде шақтап көргенде нені ескерген жөн?

/

параллеометрияда таңдап алынған енгізу жолдарын ескерген жөн

/

қаңқаны тек қана перпендикулярлы бағытта енгізу керек

/

көлденең бағытта енгізу керек

/

тік бағытта енгізу керек

/

орташа бағытты ескерген жөн

!

Бюгельді протез қаңқасының ершігі қай жерде орналасуы керек?

/

альвеола өсіндісі қырының үстінде

/

альвеола өсіндісінің ұшындағы оральді қырында

/

альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

/

альвеола өсіндісінің вестибулярлы қырында

/

вестибулярлы ылди мен қыры үстінде

!

Төменгі жақ-бет жүйесіндегі (ТЖБЖ) тіс протезі шырышты қабық пародонт тістің өзара оңтайлы физиологиялық қызметін сақтайтын тіс протезін атаңыз?

/

доғалы (бюгельді) протез

/

көпір тәрізді протез

/

пластиналық протез, толық сауыт

/

штифті тістер, салма

/

тіс салмасы жартылай сауыт, толық сауыт

!

Қанша тіс жоқ болғанда доғалы протезбен емдеу керек?

/

4-9 тіс

/

1-4 тіс

/

9-13 тіс

/

3-10 тіс

/

13-15 тіс

!

Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен тұрақты берік қосылған кезде (стабильді) протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

/

тістің өзіне

/

тіс пен шырышты қабыққа

/

шырышты қабыққа

/

альвеола өсіндісіне

/

пародонтқа

!

Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын кламмері қаңқаның ертоқымымен босаңдау (лабильді) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

/

шырышты қабыққа

/

тіс пен шырышты қабыққа

/

тістің өзіне

/

альвеола өсіндісіне

/

пародонтқа

!

Доғалы протездің тіреп-ұстап тұратын ілгері қаңқаның ертоқымымен жартылай босаңдау (полулабильный) түрде қосылған кезде протез астындағы қандай тіректі тіндерге қысым көп түседі?

/

тіс пен шырышты қабыққа

/

тістің өзіне

/

шырышты қабыққа

/

альвеола өсіндісіне

/

пародонтқа

!

Тіс-жақ-бет жүйесінің шайнау тиімділігін тіректі (бюгельді) протез қаншалықты қалпына келтіреді?

/

70-90℅ -ке

/

55-70 ℅ -ке

/

35-100℅ -ке

/

45-55℅ -ке

/

90-95℅ -ке

!

Тіректі доғалы протезге науқас қанша уақытта бейімделеді?

/

2 аптаға дейін

/

2 тәулікке дейін

/

1 тәулікке дейін

/

жарты айдан 1,5 айға дейін

/

3 аптаға дейін

!

Доғалы протездің кламмерлері қандай бөліктен тұрады?

/

дене, иық, өскін, окклюзиялық бастырма

/

дене, өскін, иық

/

иық, дене, окклюзиялық бастырма

/

окклюзиялық бастырма, өскін, доға

/

өскін, иық, доға

!

Егер тіс сауытының пішіні дұрыс болса, бірақ тіс қатарындағы басқа тістерге қарағанда қисайып тұрса немесе қисайған қалпында бұрылып тұрса, тірек тістегі «шолу сызығы» қандай топографиялық жағдайда *болады?

/

диaгональді бағытта болады

/

төменде болады

/

биікте болады

/

бел ортада болады

/

жоғарыда болады

!

Толық алмалы-салмалы пластиналы протезді отырғызғаннан кейін сөйлеу қызметі бұзылса не істеу керек?

/

жоғарғы жақ протездің алдыңғы тістер аймағына коррекция жасау керек

/

протез жиегін қысқарту керек

/

ауызды шаю керек

/

жаңа протез дайындау керек

/

протезді жылтырату керек

!

Жоғарғы жақ сүйектегі альвеола өсіндісінің сему ерекшеліктері қандай?

/

жоғарғы жақ сүйектің ерін жақ беті көбірек семеді

/

сему альвеола өсіндісінің ұшында анық байқалады

/

өскін таңдай мен ерінге қарай бір қалыпты семуі

/

жоғарғы жақ сүйектің таңдай жақ беті көбірек семеді

/

альвеола өсіндісінің түбінде байқалады

!

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің (ЖАСП) кламмерлер иығы тіске қалай жанасып тұруы керек?

/

кламмер иығы тіске тығыз жанасады

/

бір нүктеде ғана жанасады

/

тек қана тіс мойнына жанасады

/

шырышты қабыққа жанасады

/

қызылиекке жанасады

!

Протездің тілді ары-бері қозғауда кедергі жасауы, сөздің бұзылуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршауы неден болады?

/

орталық окклюзияны анықтаған кезде альвеолааралық биіктіктің төмендеуінен болады

/

толық алмалы протездің дұрыс жасалмауынан болады

/

толық алмалы-салмалы протездің балауыздан жасаған мүсінін тексеруде жаңғалақтық жіберуден (жөнді көңіл бөлмеуден) болады

/

протездің үлкен болуына болады

/

жеке дара қасықты дайындау кезде оның ернеуін көңілдегідей қалыптастырмаудан болады

!

Төменде аталған кламмердің қандай элементі ретенциялық қасиетке ие?

/

иығы

/

өсіндісі

/

денесі

/

окклюзиялық бастырмасы

/

өсіндісі мен денесі

!

Жоғарғы жақта барлық бүйір тістер сақталған кезде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің дистальді шекарасы қалай өтеді?

/

қатты таңдайды алдыңғы 1/3 бөлігінің аймағында

/

«А» сызығы бойымен

/

«А» сызығынан 2мм алдыға қарай

/

«А» сызығынан 1мм артта

/

жұмсақ және қатты таңдай шекарасында

!

Жоғарғы жақта барлық алдыңғы тістер топтары сақталған кезде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің дистальді шекарасы қалай өтеді?

/

жоғарғы жақ төмпешіктерінің «А» сызығынан сәл алдында

/

жұмсақ және қатты таңдай шекарасымен

/

«А» сызығынан 1,5мм артта

/

таңдайдың алдыңғы 1/3 бөлігінде

/

жұмсақ таңдайдың артқы 1/3 бөлігінде

!

Тіс қатарының шектелмеген кетігі бар кезеңде төменгі жақ пластиналы протездің дистальді шекарасы қандай?

/

шырышты төмпешіктер жартылай жабылады

/

шырышты төмпешіктер 3мм жабылады

/

шырышты төмпешіктер жабылмайды

/

дистальді шекара 6-шы тіс тұсынан өтеді

/

дистальді шекара 7-ші тіс тұсынан өтеді

!

Жартылай алмалы-салмалы протез дайындау кезінде жасанды тістерді орналастыруға төмендегі белгілердің қайсысы басымды болып табылады?

/

парадонт пен шырышты қабаттың жағдайы

/

жымыю сызығының сипаттамасы

/

науқастың жасы мен жынысы

/

қалған тістердің саны және анатомиялық пішіні

/

беттің түрі домалақ, сопақша, үшбұрышты т.б.

!

Жартылай алмалы-салмалы протез қолданған кезде оның теріс әсеріне не жатады?

/

тірек тістердің бірте-бірте қозғалуы

/

эстетикалық, гигиеналық сапалары

/

тірек тістердің егелуі

/

тірек тістерді бекіте түсуі

/

протездің бөтен заттық әсері

!

Қандай жағдайда жасанды тістер жанастырыла орналастырылады?

/

альвеола өсіндісінің алдыңғы бөлігі биік болғанда

/

альвеола өсіндісінің бүйір бөлігі биік болғанда

/

альвеола өсіндісінің алдыңғы бөлігі төмен болғанда

/

альвеола өсіндісінің бүйір бөлігі төмен болғанда

/

альвеола өсіндісінің орташа биіктігінде

!

Қай жағдайда жасанды тістер қызыл иекке орналастырылады?

/

альвеола өсіндісінің алдыңғы бөлігі төмен болғанда

/

альвеола өсіндісінің бүйір бөлігі биік болғанда

/

альвеола өсіндісінің алдыңғы бөлігі биік болғанда

/

альвеола өсіндісінің бүйір бөлігі төмен болғанда

/

альвеола өсіндісінің орташа биіктігінде

!

Жоғарғы сүйектің ара қатынасын анықтарда жоғарғы тістем балауыз білікті ауызға салып көргенде болатын кемшіліктер қалай түзетіледі?

/

тек төменгі тістем бөлігін жөндеу арқылы түзетіледі

/

тек жоғарғы тістем білігін жөндеу арқылы түзетіледі

/

төменгі және жоғарғы тістем білігін жөндеу арқылы түзетіледі

/

тістем білікті ауызға салмай түзетіледі

/

тістем білікті қайта жасайды

!

Дәрігер протездің балауыз құрылымын анықтаған кезде науқас жасанды тістің өзіне жараспайтындығына қалыптан тыс аппақ екендігіне назар аударады. Жасанды тісті жасарда дәрігер нені ескермеген?

/

науқастың жасын ескермеген

/

науқастың өңі мен денесінің түсін ескермеген

/

науқастың бет-келбетін ескермеген

/

шашының түсін ескермеген

/

көзінің түсін ескермеген

!

Жартылай алмалы-салмалы протезді ең қолайсыз бекіту түрін көрсетіңіз?

/

нүктелік

/

диагональді

/

трансверзальді

/

сагитальді

/

жазықтық

!

Тіс қатарының екі жақты шектелмеген кетігі Кеннеди бойынша нешінші класқа жатады?

/

1

/

2

/

3

/

4

/

5

!

Қай кезде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезді дайындағанда түссіз пластмасса қолданылады?

/

бояғыштарға аллергиялық реакциясы болғанда

/

кез-келген жағдайда науқастың қалауы бойынша

/

гиперсаливацияда

/

морфологиялық элементтер болғанда

/

гипосаливацияда

!

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезді бекітудің қай түрінде ең көп кламмер басым келеді?

/

жазық

/

трансверзальді

/

диагональді

/

сагитальді

/

нүктелік

!

Аталған анатомиялық құрылымдардың қайсысы оңтайлы ретенциялы қасиетке ие?

/

тіс

/

альвеолалық өсінді

/

жоғарғы жақ төмпешіктері

/

таңдай күмбезі

/

ішкі қисық сызықтар

!

Аталған кламмерлердің қызмет атқаратын бөлігін көрсетіңіз?

/

ұстаушы, тірек, тірек-ұстаушы бөліктер

/

дөңгелек жолақтар

/

иілген, құйылған бөліктер

/

бір иықты, екі иықты бөліктер

/

металды, пластмассалы бөліктер

!

Протездің алдыңғы немесе бүйір тұстағы тістері өзара түйіспеген кезде, немесе айқасқан тістем пайда болғанда не істеу керек?

/

протезді қайтадан жасау керек

/

протездегі алдыңғы тістерді ғана қайта жасау керек

/

протездегі бүйір тістерді ғана қайта жасау керек

/

тістер бір-бірімен түйіскенше протез табанын қайта жасау керек

/

протездегі азу тістерді қайта жасау керек

!

Жоғарғы жақ сүйек шырышты қабығының батымдылығы (податливость) шамалау болатын тұсты атаңыз?

/

қатты таңдайдың алдыңғы үштен бір бөлігінде

/

қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігінде

/

қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде

/

таңдай жігінде

/

жұмсақ таңдайда

!

Жеке дара қасықты төменгі жақ сүйекке кигізіп көріп жатқанда, тіл ұшын оң және сол ұртқа алма-кезек тигізгенде, қасықтың өз орнынан жылжығанын байқаймыз. Қасықты қалай жөндеу керек?

/

қасықты түзегенде оның тіл асты қырын ортаңғы сызықтан оңға және солға қарай 1см-дей қырып алу керек

/

ұрт қартпарлары тұсына сай қасықтың сырт қырын түзеу керек

/

төменгі жақ сүйек төмпешігінен бастап екінші үлкен азу тіске дейін қасықтың сырт қырын түзеу керек

/

қасықтың тіл-иек асты бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекінген жеріне сай және оның тіл үзбесіне тұстас жерін қырнап түзету керек

/

қасықтың иек асты және ұрт бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекитін орнына сай және оның төменгі ерін үзбе тұсына сай жерін қырнап түзету керек

!

Жоғарғы жақ сүйекке жеке-дара қасықты кигізіп көру кезінде қасықтың таңдайды жабатын дисталды шеті қалай орналасқаны дұрыс:

/

оның қатты және жұмсақ шекарасында орналасып, тұйық тесікті 1-2мм жапқаны дұрыс

/

оның жұмсақ таңдайға 3 мм жетпей орналасқаны дұрыс

/

оның қатты және жұмсақ таңдай шекарасына 1мм жетпегені дұрыс

/

оның жұмсақ таңдайда орналасқаны дұрыс

/

оның қатты және жұмсақ таңдай шекарасына 3мм жетпегені дұрыс

!

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің негізіне жасанды фарфор тістер қалай бекітіледі?

/

механикалық

/

химиялық

/

желімнің көмегімен

/

арматуралық сым көмегімен

/

балауыз көмегімен

!

Протетикалық жазықтың алдыңғы тұсын қалыптастыру кезінде нені бағдар етіп алған дұрыс?

/

көз-қарашық сызығын алған дұрыс

/

құлақ-мұрын сызығын алған дұрыс

/

еріндері түйіскен сызықты алған дұрыс

/

беттің физиологиялық тыныштық күйінде оның төменгі бөлігінің үштен бір биіктігін алған дұрыс

/

орталық сызығын алған дұрыс

!

Жоғарғы жақ сүйекке тістем білікті салып көріп жатқанда жоғарғы еріннің дүрдиіп алға қарай шыққаны байқалады. Дәрігер не істеу керек?

/

жоғарғы жақ сүйектегі біліктің ерін-ұрт бетіндегі балауыз қабатын қырнап алу керек

/

тістем білікті кигізіп көру керек

/

тістем білік бар балауыз табанын (базис) дайындау керек

/

төменгі жақ сүйектегі біліктің ерін-ұрт бетіндегі балауыз қабатын қалыңдату керек

/

қалыпты қайтадан алу керек

!

Кеннеди бойынша бірінші класс тіс қатарының ақауы болғанда пластмассалы протез беку үшін кламмер сызығын қалай орналастырған дұрыс?

/

трансверзальді немесе диагональді

/

тік немесе тікелей

/

сагитальді немесе фронтальді

/

жазықтық бойынша

/

нүктелік

!

Орталық окклюзияны анықтап болған соң «тістем біліктің» (фронтальды) алдыңғы бөлігінде қандай белгілер салынады?

/

жымию сызығы, орталық сызық, сүйір тістер сызығы

/

сүйір тістер және орталық сызықтары, езу сызығы

/

күлу сызығы, мұрын-құлақ сызығы

/

мұрын-құлақ, көз қарашық сызығы

/

мұрын-құлақ, орталық сызық

!

Жоғарғы және төменгі тістер арасының орталық сызыққа сәйкес келмеуі нені білдіреді?

/

бүйір жақты окклюзияны

/

ортаға жақын оклюзияны

/

орталық окклюзияны

/

алдыңғы окклюзияны

/

артқы окклюзияны

!

Көпiр тәрiздi протездiң бөлiктерiн дәнекерлемес бұрын оларды алдын ала немен бекiтедi?

/

базистi балауызбен

/

жабысқақ балауызбен
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67


написать администратору сайта