Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырып 15 : Пеш қондырғыларының көмекші құралдары Мақсаты

  • Әдебиет: 5, бет. 149-153 Бақылау сұрақтар

  • Дрістер тезистері


    Скачать 2.07 Mb.
    НазваниеДрістер тезистері
    Дата29.03.2022
    Размер2.07 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла4_тезисы лекции.doc
    ТипДокументы
    #424352
    страница7 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Әдебиет: 5, бет. 157-158
    Бақылау сұрақтар:

    1. Пеш қондырғыларында жылу балансы қандай шарттарға тәуелді ?

    2. Жылу балансының қандай бөліктерден тұрады?

    3. жылу балансының шығындалу бөлігін ата.

    4. Пеш қондырғысының пайдалы әсер коэффициентін қалай анықталады?

    5. Пеш қондырғысының отын шығыны неге тәуелді?

    Тақырып 15: Пеш қондырғыларының көмекші құралдары

    Мақсаты:пеш қондырғыларының көмекші құралдары туралы мәліметтер, агрегаттарды қосу схемасы, көмекші құралдардың классификациясы.
    Жоспар:

    1. Бу қыздырғыштар

    2. Сулы экономайзерлер

    3. Ауа қыздырғыштар

    4. Пеш қаптамасы

    5. Суды тазарту

    6. Түтін құбырлары.
    Пеш қондырғыларының конструкциясы және көмекші құралдар.

    1 Бу қыздырғыштары мынадай түрлерге бөлінеді: жылу беру әдісіне байланысты радиационды және конвективті. Радиационды қыздырғыштар – жылу ағымы шағылу әсерімен беріледі. Конвективті температурасы төмен жерлерде орналасқан, сондықтан сондықтан жылу конвекциядан кейін беріледі.

    Оларды диаметрі 22...54 мм құбырлардан жасайды. Газ және бу ағымының қозғалыс бағытына байланысты тура ағымды, кері ағымды және ағымның аралас қозғалыс болып бөлінеді.
    С урет 15.1 – Бу қыздырғышындағы газдың және будың қозғалыс схемасы

    а – тура ағынды; б – кері ағынды;

    в – қос кері ағынды; г – аралас ағынды

    2 Су үнемдегіш (экономайзерлер).

    Су үнемдегіштер түтінді газдармен шығатын суды қыздыру үшін қолданылады.

    Су үнемдегіштердің жалпы түрі 15.2 суретте берілген.



    Сурет 15.2 – Су үнемдегіштердің жалпы түрі.

    Су үнемдегіштерді құйылған болат және шойын құбырларынан жасалады.

    Шойынды құбырлардың жылу беруді арттыруға арналған сырқы қатарлары бар.Құбырдағы су қозғалысы төменнен жоғары қарай тігінен жүреді.

    Суды жылыту дәрежесіне байланысты, үнемдегіштер қайнамайтын және қайнайтын болып бөлінеді.
    Сурет 15.3 – Болат жыланды су үнемдегіштер.

    1 – төменгі кіру коллекторы; 2 – жоғарғы шығу коллекторы; 3 –жыланды түтікшелер; 4 – жыланды түтікшелер тірегі; 5 - қаптама; 6 – ауалы салқындатқышты тірек арқалығы; 7 – су шығару.

    15.3 суретте болат жыланды су үнемдегішкөрсетілген.

    3 Ауа қыздырғыш

    Ауа жылытқыштың әрекеттік принципі бойынша - рекуперативті және регенеративті болып бөлінеді.

    Рекуперативті ауа жылытқышта ауа газ құбырмен жоғарыдан төмен қарай қозғалып, құбыр аралық кеңістіктегі көлденең құбырмен екі – үш жүріс жасайды.Ұшпалы газ диаметрі 30...40 мм тік құбырмен жүреді. Рекуперативті ауа жылытқышының сүлбесі 15.4 суретте көрсетілген.


    Сурет 5.4 – Рекуперативті үш жүрісті құбырлы ауа жылытқышы:

    1 - құбырлар; 2 – құбырлы тақташалар; 3 - ажыратқыш; 4 - өткізу қорабы.

    Сурет 15.5. Регенеративті айналушы ауа жылытқыш.
    1 - ротор; 2 – жылжымайтын қаңқа; 3 - набивка; 4 – газды және ауаны әкелу және аул қорабы; 5 –газдық және ауалық ағындарды бөлетін секторлы плиталар, 6 – жетек механизмі (электрқозғалтқышы, редукторлар,); 7 – ауаның және жану өнімдерінің орын ауыстыруына кедергі жасайтын ротордың тегіс қабырғасы.


    4 Пеш қаптамасы

    Пеш қаптамасы гадық тығыздықтың және қоршаған ортаның жылу шығынын азайтуға арналған отқа төзімді және жылу изоляциясының конструкциясын сипаттайды. Пеш қаптамасы отқа төзімді металл бөлшектерген қыстырылған қызыл кірпіштерден жасалады.

    5 Суды тазарту.

    Су құрамында төмендегідей зиянды қоспалар бар:

    1. Ерімейтін механикалық қоспалар (құм, саз);

    2. Суда еріген тұздар (кальций, магний);

    3. КТОзуға бейімді газдар (оттегі, ауа, көмір қышқыл газы).

    Суды механикалық қоспалардан тұндыру немесе фильтрация арқылы тазартады.

    Химиялық әдіспен судағы тұздарды тазартады: химиялық қосылыстар арқылы магний және кальций иондарын натрий немесе сурегі иондарымен ауыстыру.

    Деаэраторда суды қыздыру кезінде суда еріген газдарды жояды.

    6Түтінді құбырлар.

    Пеш қондырғыларының қуаттылығына және құрылыс шаттарына байланысты түтінді құбырлар мынадай түрлерге жіктелуі мүмкін:

    - қабырға ішінде;

    - қосымшалы;

    - бөлек тұратын.

    Қабырға ішіндегі құбырларды үлкен қуатты пештерден түтінді газды айдау үшін қолданылады.

    Қосымша құбырлар ғимарат қабырғаларына орнатады.Бұндай құбырлар қуаттылығы аз орташа қуаттылықты пештерде қолданылады.

    Бөлек тұратын құбырлар, қабырға сыртынан 3 метрге шығарылған.
    Әдебиет: 5, бет. 149-153
    Бақылау сұрақтар:

    1. Бу қыздырғыштардың түрлері?

    2. Бу қыздырғыштары не үшін қажет?

    3. Сулы экономайзер классификациясын ата.

    4. Сулы экономайзерлер не үшін қажет?

    5. Ауа қыздырғыштарының жұмыс істеу принципін ата?

    7. Пешті қаптау не үшін қажет?

    8. Түтін құбырларының классификациясын ата.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта