Главная страница

практика экономика. Практика (2). экономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету


Скачать 127.61 Kb.
Названиеэкономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету
Анкорпрактика экономика
Дата01.04.2022
Размер127.61 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПрактика (2).docx
ТипДокументы
#433335
страница11 из 11
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Практикалық жұмыс №6. Пайда, тиімділік, инвестиция тиімділігін бағалау



Мақсаты: пайданы, тиімділікті табу және кәсіпорын бойынша инвестиция тиімділігін бағалау.

1.1Қысқаша теория бөлімі


Кәсіпорынның жалпы табысы – істелген барлық жұмыстан түскен табыстар көлемінің қосындысы болады.

Негізгі өндірістен алынған пайда, өнімнен, жұмыстан, қызметтен түскен табыспен, шығарылған өнімнің өзіндік құнынан айырмашылығы болады.
Пнег.п = Діс.асыру – С. (7.1)
Негізгі өндіріс табысынан басқа, кәсіпорын негізгі өндіріс емес қызметтерінен түсетін табысы болады.

Кәсіпорын өзінің дүниелерін, көліктерін, жабдықтарын басқа ұйымдарға жалға беріп табыс табуы мүмкін және негізгі құралдарды сатып,

т.б. қызметтер көрсетуі мүмкін. Кәсіпорынның жалпы табысы негізгі және қосымша көрсеткен жұмыстарынан тұрады.
Джалпы = Днег.қызм.нег.емес қыз . (7.2)
Негізгі жұмыстан және қосымша жұмыстан түскен табыс сомасынан қосымша жұмыстың шығынын алып тастасақ салық салынғанға дейінгі табыс болып есептелінеді немесе баланс пайдасы болады.
Пбал. = П нег.қызм.+ (Днег.емес қызм. Рнег.емес қызм). (7.3)
Пайда экономикалық категория, ол кәсіпорынның шаруашылық қорытындысын көрсетеді.

Экономикалық көзқараспен қарағанда пайда – ақшалай түсіммен ақшалай төлемнің айырмашылығы. Басқаша айтқанда, пайда табыс пен шығынның айырмашылығы. Кәсіпорында қалатын таза пайда – баланстағы пайда мен пайдаға салынатын салықты шегергендегі айырмашылық.
ЧП = Пбал.- Н , (7.4)
бұл жерде: Н – пайдаға салынатын салық (2013ж.-20%).
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу көрсеткіштерінің бірі – тиімділік көрсеткіші. Бұл салыстырмалы көрсеткіш табысты, пайданы және тиімді жұмысты қамтитын көрсеткіш.

Тиімділіктің төменгі көрсеткіштері бар:

  1. Өнім тиімділігі (жалпы тиімділік):


Роб.=П/С×100% , (7.5)
бұл жерде: П – пайда;

С – өнімнің өзіндік құны.


  1. Сату тиімділігі:

Рпрод. = Пр/Vр.п.×100% , (7.6) бұл жерде: Пр – өнімді сатқаннан түскен пайда;

Vр.п. – сатылған өнім көлемі (сатудан түскен түсім).


  1. Активтер тиімділігі:


Ракт. = П/А×100% , (7.7)

бұл жерде: А – кәсіпорынның активтерінің сомасы.
Инвестиция және оның тиімділігін бағалау.

Инвестиция – бұл қоғамдық қажеттіліктерді толық қамтамасыз ету мақсатындағы және қызмет көрсету салаларында пайда алу үшін, қазіргі жабдықтармен байланыс желілерін жаңарту және жаңа құрал жабдықтарды жасауға арналған ұзақ мерзімді жинақталған қаражат.

Жалпы жағдайда инвестицияға тек қана күрделі құрылысқа кететін қаражат емес, сонымен бірге құнды қағаздарға (акциялар, облигациялар), қаржылық салымдар және басқа ұзақ мерзімді мақсаттар жатады.

Әр жобаны іске асыру, әр уақытта болады, экономикалық тұрғыдан біркелкі болмайды. Бұл қайшылық, бағаны бір жүйеге келтіру тәсілімен жөнге келтіріледі, немесе дисконттау арқылы келтіру, басқаша айтқанда, келтірілген шығынды және қорытындыны бір моментке әкелу керек.

Дисконттаудың негізі, болашақта және қазіргі уақытта алынатын әр қандай сома, төменгі бағамен болуы тиісті. Дисконттаудың мақсаты, кәсіпорын табысты қазір алуы керек, болашақта алу қауіпті деп есептелінеді. Болашақ бағамен, қазіргі бағаның айырмашылығын дисконт дейді. Дисконттау коэффициенті төменгі формуламен есептелінеді:
Lt = (1+і) t р , (7.8)
бұл жерде: t – шығынды және қорытындыны есептегенде келтіру жылы; t р – шығын және қорытындының келтірілген жылы

і – инвестордың пайыздық мөлшерлемесі немесе ресурстардың бағасының өзгеруі.
Инвестиция процессінің келтірілуі, іске асыру (пайдалану) жылының бас кезінде болса t р =0, ондағы есептеу формуласы:
L_t=1/(1+i)^(t ) . (7.9)
Неғұрлым мөлшерлеме пайызы және дисконт төмен болса, онда болашақ табыс жоғары болады.

Уақыт факторын есептегенде инвестиция табысының негізгі көрсеткіші келтірілген таза баға болады (NPV):
NPV=CF1/(1-r)1+ CF2/(1-r)2+ CF3/(1-r)3+….. CFt/(1-r)t×I , (7.10)
бұл жерде: І – инвестиция сомасы; CF – тиісті жылғы таза ақша көлемі.

7.2 Жұмысты орындауға арналған тапсырма



Тапсырма 7.1 7.1-кестедегі деректер бойынша таза пайданы тауып, оны қорларға бөліңдер.

Сұраққа жауап беріңдер.

а) егер есеп жылында дивидиенттерді бөлу сомасы 50000 мың теңге болса, негізгі істен түсетін табыстың көлемі қандай болуы керек?

б) дивидиентті төлеуге таза табыстың қанша процентін қалдыру керек? в) егер резерв сомасы 70000 мың теңге болса, жинақтау резервінде таза

табыстың қанша процентін қалдыру керек?

г) таза пайда сомасы 1 000 000 мың теңге болуы үшін, негізгі өндірістен түсетін табыс көлемі қандай болуы керек?


    1. к е с т е – 1 тапсырманың бастапқы деректері



Көрсеткіштер

Есеп жылы

(мың теңге)

1.

Негізгі көрсеткіштен түсетін табыс (сатылған)

2

2.

Негізгі өндіріс шығыны, оның ішінде:




2.1

Өндірістің өзіндік құны

117 583

2.2

Мерзімдегі шығын

15 478




Негізгі өндіріс істерінің пайдасы




3.

Негізгі емес істердің табысы, оның ішінде:




3.1

Басқа ұйымдардан түскен табыс

11 800

3.2

Жалға берілген заттардан түскен табыс

14 200

3.3

Негізгі құралдарды сатқаннан түскен табыс

6 200

3.4

Салынған айып-пұлдар

3 290

4.

Негізгі емес істердің шығындары, оның ішінде:




4.1

Төленген айып-пұлдар, т.б.

5 300

4.2

Басқа шығындар

16 200




Пайда (шығын) жалпы істерден түскен (салыққа дейінгі)







Корпоративті салық







Таза пайда







Таза пайданы бөлу







Жиналған қор, 60%







Пайдалану қоры, 31%







Резерв қоры, 5%







Дивидиенттерді төлеуге, 4%





Тапсырма 7.2. Фирма бір жылда 170 млн. теңге өнімді сатты. Өнімді шығаруға 100 млн. теңге жұмсалды, банктегі депозитпен процентпен 5000 мың теңге табыс түсті, құнды қағаздардан – 3000 мың теңге, арендаға берілген заттардан – 3000 мың теңге, шартты орындамаған үшін төленген айып 4100 мың теңге, қарыздарды жабуға кеткен шығындар - 100 мың теңге, жәрдем беруге кеткен шығын – 150 мың теңге.

Баланс пайдасын және сату тиімділігін табыңыз.

Есепті орындау үшін, деректерді 7.2 кесте ретінде көрсетіңдер.


    1. к е с т е – Бастапқы деректер

Көрсеткіштер

Сомасы,

мың теңге

Негізгі өндіріс табысы (сатудан)




Негізгі өндіріс шығыны, оның ішінде:




Негізгі өндіріс істерінің пайдасы




Негізгі емес өндіріс табысы, оның ішінде:




Негізгі емес істердің шығыны, оның ішінде:




Баланс пайдасы:




Корпоративті салық – 20%




Таза табыс (таза пайда)




Сату тиімділігі





Тапсырма 7.3. Төмендегі көрсеткіштерді: жұмысшылар санын, орташа айлық еңбек ақысын, сыйақы процентін, басқа да өндіріс шығындарының нормативін, әкімшілік және пайдалану шығындар нормативін өзгертіп пайдаланып, ең тиімді жобаны таңдап алу керек.

7.4. кестеде жобаның бастапқы деректері көрсетілген. Өндіріс шығынын, пайданы және жалпы тиімділікті табыңыз?
7.4 к е с т е – Жобаның бастапқы деректері

Көрсеткшітер

1-жоба

2-жоба

Негізгі өндірістен түскен табыс мың

теңге

3400

3400

Жұмыскерлер саны, адам

7

9

1 адамның орташа айлық еңбек ақысы,

мың теңге/айына

150

120

Сыйлық, % еңбекақыдан

20

25

Әлеуметтік салық, %

11

11

Амортизациялық жарна, мың теңге

350

350

Электр энергиясы

150

150

Басқа да өндіріс және көлік шығыны

нормативі, % еңбек ақы қорынан

25

20

Әкімшілік және пайдалану

шығындарының нормативі, % еңбекақы қорынан

35

30

Барлық шығындар







Пайда







Тиімділік







Практикалық жұмысты қорғауда қойылатын сұрақтар:

  1. Пайданың мағынасы.

  2. Баланс пайдасының көрсеткіштері.

  3. Пайда ұйымда қалай бөлінеді?

  4. Кәсіпорынның табысы қалай қалай табылады?

  5. Таза пайда деген не?

  6. Тиімділік деген не?

  7. Пайда мен тиімділікті көтеру жолдары.

  8. Ақша көлемінің дисконтталуының мақсаты не?

  9. Инвестицияның тиімділігі қалай табылады?

Әдебиеттер тізімі





  1. Экономика организации (предприятия). Под ред. проф. В.Я. Профинкеля, проф. В.А. Швандара. –Москва: ЮНИТИ – Дана. 2003.

  2. Баймуратов У. Национальная экономическая система. –Алматы: ғылым. 2000.

  3. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. Под ред. проф. В.Я.Профинкеля, проф. Чернышева. –Москва: ЮНИТИ. 2009.

  4. Организация производства на промышленных предприятиях. Н.П.Преверзев, С.И.Логвинов, С.С.Логвинов. Учебное пособие. –Москва: Инфра. 2006.

  5. Экономика связи. Б.А.Голубицкая. Учебное пособие. – Москва: ИРИАС. 2006.

  6. Организация производства на предприятиях электросвязи. С.Г. Ситников. Т.А. Солодова. –Москва: Горячая линия – телеком. 2005.

  7. Алибаева С.А., Базылов К.Б. Кәсіпорын экономикасы. –Алматы: АУЭС. 2012.

  8. Экономика и организация производства. Методические указания. А.И.Бекишева. –Алматы: АУЭС. 2013.

  9. Экономический анализ. Практикум. –Питер: 2006.

  10. Информационные системы в экономике. К.В. Балдин. –Москва:

2007.

2014ж. жиынтық жоспары, реті – 127

Базылов Казкен Базылович Анна Ивановна Бекишева Утепова Айжан Дулатбаевна
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері үшін Практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Редактор Қ.С.Телғожаева

Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова


. . . басуға қол қойылды Пішімі 6084 1/16

Таралымы 50 дана. №1 типографиялық қағаз

Көлемі 2,5 оқу.-бас.ә. ТапсырысБағасы 1250

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126





1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


написать администратору сайта