практика экономика. Практика (2). экономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету
Скачать 127.61 Kb.
|
Практикалық жұмыс №1. Кәсіпорынның негізгі өндіріс қоры және оларды пайдалануМақсаты: негізгі өндіріс қорының құрамын, оны бағалай білу, және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорының экономикалық пайдалау тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу болады. Қысқаша теориялық бөліміНегізгі өндіріс қоры деп, өндіріс процестеріне бірнеше рет қатысатын, өзінің натуралды түрін өзгертпейтін өндіріс құралдарын айтады, барлық пайдалану мерзімінде, олар өзінің бағасын амортизация түрінде өнімнің қызметтің өзіндік құнына біртіндеп кіргізеді. Негізгі өндіріс қорларға үйлер, құрылыстар, қуатты машиналар, механизмдер, қондырғылар, таратқыштар, көліктер, өлшейтін приборлар, есептеу техникалары, өндіріс құралдардағы мачталар, башнялар, телефон, телеграф, ұялы радиостансалар, кабель желілері және т.б. жатады. Өндірісте атқаратын міндеттеріне сай негізгі өндіріс қорлары негізгі өндіріс және негізгі өндіріске жатпайтын қорлар болып бөлінеді. Негізгі өндіріс қорларына негізгі өндіріс процестеріне тікелей қатысатын қорлар жатады немесе олар өндіріс процестеріне жағдай жасайды. Негізгі өндіріске жатпайтын негізгі қорлар – мәдениет, денсаулық сақтау, білім алу объектілері т.б. Ұйымда негізгі қорлар тұрақты қозғалыста болады: жаңа қорлар алынады, ескі қорлар жойылады. Осыған байланысты төмендегідей бағалау түрлері бар: есепті периодтың басындағы бағасы, Фбас; жыл бойы іске қосылған негізгі қорлардың бағасы, Фіске қосылған; жыл бойы істен шыққан негізгі қорлардың бағасы, Фістен шыққан; есеп периодының соңындағы бағасы, Фсоңы . Фсоңы= Фбас+ Фіске қосылған - Фістен шыққан. (2.1) Орташа жылдық бағасы, Форт: Форт= (Фбас+ Фсоңы)/2. (2.2) Егер негізгі қорлардың іске қосылған және істен шыққан уақыттары белгілі болса, онда негізгі қорлардың орташа жылдық бағасы төмендегі өрнекпен табылады: Форт= Фбас+ (Фіске қосылған·Ч1 - Фістен шыққан·Ч2)/12 , (2.3) бұл жерде Ч1 –жыл бойы жаңадан іске қосылған негізгі қорлардың пайдаланған ай саны; Ч2 – жыл аяғына дейін істен шыққан уақытынан санағандағы ай саны; Процестерді санды бағалау: а) негізгі қорлардың іске қосу коэффициенті: Кіске қосу= Фіске қосылған/ Фсоңы·100% . (2.4) б) негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті: Кістен шығу= Фісктен шыққан/ Фбасы·100% . (2.5) в) негізгі қорлардың жаңалануын көрсететін, негізгі қорлардың өсу коэффициенті: Көсу= (Фіске қосылған +Фісктен шыққан)/ Фбасы·100% . (2.6) Негізгі қорлардың тиімді пайдалануын төмендегі көрсеткіштер сипаттайды: Қор қайтарылу көрсеткіші – негізгі өндіріс қорларының бір теңгеден түсетін өнім көлемі, Фо: Фо=В/ Форт , (2.7) бұл жерде: В - түскен өнім. Қордың сыйымдылығы – бір теңгеге шығарлыған өнімге келетін, негізгі өндіріс қорының бағасы: ФЕ=1/ Фо= Форт/ В. (2.8) Қормен құралдану – бір адамға келетін негізгі құралдардың мөлшері: ФВ=Форт/ Чср , (2.9) бұл жерде: Чср – жұмыскерлердің орташа саны. Негізгі қордың ОФ пайдалануын сипаттау үшін баға көрсеткішінен басқа натуралды көрсеткіш те қолданылады. Соңғы көрсеткіш негізгі қордың технологиялық құрамының ерекшеліктерін және әр сала тармақтарына тән қасиеттерін көрсетеді. Бұларға құралдардың экстенсивті, интенсивті және интегралды пайдалану коэффициенттері жатады. Құралдардың экстенсивті пайдалану коэффициенті төмендегі формуламен табылады: Кэкс=Тф/Тв. (2.10) Бұл коэффициент арқылы, құралдардың орынсыз тұруы және техникалық тұру жағдайларын жою нәтижесінде, құралдардың жұмыс істеу сағаттарын көбейту жолдарын табуға болады. Құралдардың интенсивті пайдалау коэффициенті – бір күнтізбелік уақытта, нақтылы (qф) және жоғары мүмкіншілікте (qв) жасалатын жұмыс (қызмет) көлемінің натуралды мөлшерінің қатынасын көрсетеді. Кинт = qф/qв. (2.11) Интегралды пайдалану коэффициенті – бұл құралдардың уақыт және еңбек өнімділігі бойынша пайдалауын кешенді сипаттайтын көрсеткіш, жоғарыда көрсетілген екі коэффициенттің көбейтіндісі, яғни: Кинтег = Кинт· Кэкс. (2.12) |