практика экономика. Практика (2). экономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету
Скачать 127.61 Kb.
|
ақыАйналма қаражатының және негізгі қордың айырмашылықтары Кәсіпорынның айналма қаражатының құрамы. Кәсіпорынның айналма қаражаты қалай табылады? Айналым қаражаттың пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамалары. Айналу қоры және олардың құрамы. Айналым қаражатының нормалау процесі туралы. Айналым қаражатының нормасының құрамы. Қандай өндіріс қорларын білесіз? Айналым қаражатының пайдалануы тиімділігі қалай бағаланады? Айналым қаражатының айналым коэффициенті нені көрсетеді? Заттар ресурстарының түрлері. Айналым қаражатының орташа қалдығы деген не? Практикалық жұмыс №4. Кадрлар, еңбек өнімділігі және еңбекМақсаты: кәсіпорынның кадрмен қамтамасыз етілуі, құрамы, еңбек өнімділігі, еңбек ресурстарының пайдалануы, еңбек ақының түрлері мен қолданылуы. Қысқаша теориялық бөліміКадрлар (еңбек ресуртары) әртүрлі профессионалды квалификацияланған топтардың бірлестігі. Олар ұйымда жұмыс істеп, олардың тізім құрамына кіреді. Кәсіпорынның тізіміне барлық жұмысқа қабылданған жұмыскерлер кіреді. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына кіретіндер: Өндіріс адамдары – өндіріспен тікелей байланысты және оларға қызмет көрсететін жұмыскерлер: жұмысшылар – жұмыскерлер бағалы өндіріс заттарын жасайтын немесе өндіріс және көлік қызметтерін орындайтын мамандар. а) негізгі өндіріс өнімін шығаруға бірден қатынасатындар; б) өндіріске қызмет көрсететін қосымша адамдар: басшылар өндіруші ұйымдастырып, оған басшылық жасайды; мамандар – бухгалтерлер, экономистер, механиктер, технологтар, т.б.; қызметкерлер – жабдықтау агенттері, қатшылар, т.б. қызмет көрсетушілер. Өндіріске жатпайтын қызметшілер – өндіріске тікелей қатынасы жоқ, оларға қызмет көрсетпейтін, әлеуметтік мәдени жағына жататын қызметкерлер. Ұйымда кадрлардың жағдайы төмендегі көрсеткіштер арқылы табылады: Кадрлардың кету коэффициенті: Квк=Уувп/Чср , (5.1) бұл жерде: Уувп – барлық себеппен жұмыстан шыққандар; Чср – жұмыскерлердің орташа тізімді саны. Кадрды қабылдау коэффициенті: Кпк=Чпр/Чср , (5.2) бұл жерде: Чпр – қабылданған жұмыскерлер саны. Кадрлардың тұрақтамаушылық коэффициенті: Ктк=Уө.е/Чорт , (5.3) бұл жерде: Уө.е – өз еркімен және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шыққандар саны. Еңбек өнімділігі дегеніміз – бір уақыт мөлшерінде шығарлынған өнім саны. Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен табылады: Вр=Q/Чср , (5.4) бұл жерде: Вр – еңбек өнімділігі; Q – өндіріс өнімі. Тр= Т/Q, (5.4) бұл жерде: Т – барлық өнімді шығару үшін кеткен уақыт, норма-сағат. Еңбек ақы түрі және жүйесі. Еңбек шарты бойынша орындалған жұмысқа төленген ақша сомасы еңбек ақыдан саналады. Еңбек ақы жүйесі тарифті және тарифсіз болып бөлінеді. Тариф жүйелі еңбек ақы – бұл еңбек ақының жұмыс күрделілігіне, мағынасы және ерекшеліктеріне байланысты нормативтердің жиынтығы. Тариф жүйесіне – тариф сапасы, тариф ставкасы, тариф коэффициенттері, тарифті-квалификациялық анықтама, қосымша әртүрлі төлемдер, аудан коэффициенттері кіреді. Тариф жүйесі – кесімді және күндеп төлеу еңбек ақысы болып бөлінеді. Еңбек ақы номиналды (ақшалай) және нақтылы (реальды) болып бөлінеді. Тарифсіз еңбек ақы жүйесі – тариф жүйесінің негізгі көрсеткіштерін, коллективтің шаруышылық қорытындыларын біріктіріп қарап қолданылады. Тарифсіз еңбек ақы төмендегі жолмен табылады: Әр жұмыскердің тапқан баллдар санын есептеу арқылы: Qб=КУ·КТУ·Фтиім , (5.6) бұл жерде: КУ – жұмыскердің квалификациялық деңгейі; КТУ – еңбекке қатысу коэффициенті, Фтиім – жұмыс уақытының тиімді қоры. Барлық жұмыскерлердің жеке тапқан баллдарының қосындысы арқылы жалпы баллдар санын табу. Бір баллдық бағасын табу: бұл жерде: ФОТ – еңбек ақы қоры. d=ФОТ/∑ , (5.7) Әр жұмыскердің еңбек ақысын табу: З/Пі=d·Qб . (5.8) Еңбек ақыдан ұстау: Жеке табыс салығы, ай сайын әр адамнан ұсталып отырады (заң бойынша) 2013 жылғы дерек – 10%. Зейнет ақы қорына және төменгі еңбек ақыға салық салынбайды. Еңбек ақы қорына ай сайын 10% жіберіп тұрады. Жұмыс беруші еңбек ақы қорынан әлеуметтік салықты төлеп отырады. (әлеуметтік салық 2013жылы 11%). Әлеуметтік салық зейнетақы қорына төленгеннен кейін ұсталынады. |