практика экономика. Практика (2). экономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету
Скачать 127.61 Kb.
|
Практикалық жұмысты орындауға тапсырмаТапсырма 5.1. 5.1-кестесіндегі деректерге сүйене отырып кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыздығына талдама жасаңыз. Қорытындысын 5.3 кестеге енгізіңіз. Кәсіпорын қызметшілерінің құрамының өткен жылдағы, жоспар бойынша керектігін және нақты санының графигін құрыңыз. Жұмыскерлердің категорияларына қарап, кадрлардың өткен, жоспар және нақты есеп жылғы, өзгеру графигін жасаңыз. Кәсіпорын қызметкерлерінің өткен, жоспар жылғы керектігі және нақты санының салыстырма талдауын жасаңыз. Кәсіпорын бойынша кадр құрамының сан және сапа жағынан өзгеруін талдаңыз. кесте – Кәсіпорынның қызметкерлер саны
Тапсырма 5.2. Кадрдың тұрақсыздануын, кетуін және қабылдау коэффициенттерін есептеп шығару керек. Екі жылдық жұмыскерлердің өзгеру көрсеткіштерін салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз. Кадрлардың тұрақсыздануын төмендететін шаралар ұсыныңыз. Жұмыскерлердің орташы тізімді санын өткен тапсырмадан алыңыз. кесте – Кәсіпорынның қызметкерлерінің өзгеруі
кестеніңжалғасы
кесте – Кәсіпорынның кадр құрамының салыстырмалы талдауы
Тапсырма 5.3. Егер бір адамның еңбек өнімділігі 5% өсетін болса, кестеде көрсетілген деректерге сүйене отырып бір адамның есеп және жоспарлау жылғы еңбек өнімділігін және жұмыскерлердің жоспарлау жылғы орта тізімдік санын табу керек. кесте – Тапсырмаға керекті бастапқы деректер және есептеу қорытындылары
Тапсырма 5.4. 5.5-кестеде көрсетілген көсіпорынның 2 жылдық жұмыс деректеріне сәйкес, жетіспейтін көрсеткіштерді және олардың адам санының көбеюіне байланысты өнімнің өсу динамикасын табу керек. кесте – Бастапқы деректер
Тапсырма 5.5. Шағын кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді. Еңбек ақы төменгі жүйені қолданып есептелінеді: а) 5 маманға – күндеп төлейді; б) 7 адамға негізгі жұмысшыларына – кесімді; в) 3 адамға, сату бөлімінің менеджерлеріне –кесімді-прогрессивті түрімен төлейді. қаңтар айына (жұмыс күні 20) барлық жұмыскерлер категорияларына еңбек ақыны және айлықтан ұсталатын сомаларды есептеңіздер; жұмыскерлер категориясына сәйкес еңбек ақының диаграмма құрамын салыңыздар. 5.6. кестеде тапсырманың бастапқы деректері көрсетілген. Есептеу қорытындыларын 5.6, 5.7, 5.8, 5.9 кестелер 5.6, 5.7, 5.8, 5.9- кестелеріне енгізіңіздер. кесте – 5.5 Тапсырманың бастапқы деректері
Ескерту: істелген жұмыс күндері түзету коэффициентіне көбейтіледі. кесте – Күндеп төлеудегі еңбек ақынаң есептелуі
кесте – Тура кесімді тәсіл бойынша есептелген еңбекақы
Норма бойынша саны – 100 дана. Норма бойынша еңбек ақы – 40000 теңге. кесте – Кесімді –прогрессивті тәсілмен есептелген еңбек ақы
Тапсырма 5.6. Бригаданың айлық еңбек ақысы 285 000 теңге. Бригада мүшелерінің істеген жұмыс сағаттарына және жұмыстарының күрделілігіне сәйкес еңбек ақыларын есептеңіздер (түзету коэффициенттеріне бір айлық еңбек ақыға көбейтіледі). кесте – 5.6 тапсырманың бастапқы деректері
Тапсырма 5.7. 4 қызметкердің 1 кварталдағы «жұмыс уақытын есептейтін табелін» жасап, кестені толтырыңыз (әр айды жаңа бетке толтырыңыз). Беттерді қаңтар, ақпан, наурыздан белгілеңіздер. Әр қызметкерлерге істеген күндер санын (8), ауырғанын (Б), еңбек демалысында болған күндерін (В) – деп белгілеңіз. Жұмыс істеген күндерінің еңбек ақысының сомасын есептеңіз. кеесте – Каңтар айындағы жұмыс уақытын есептейтін табель
Практикалық жұмысты қорғауда қойылатын сұрақтар: Кәсіпорынның өндіріс жұмыскерлері құрамына кіретін жұмыскерлер категориясы. Мамандық деген не? Жұмыскерлердің айналу көрсеткіштерін және оларды есептеу тәсілін айтыңыз. Еңбек өнімділігі қалай табылады және оның өсу жолдары. Еңбек ақы деген не? Оның негізгі төлеу проценттерін атаңыз. Өндірісте еңбек ақының қандай түрлері қолданылады? Кесімді және күнделікті төлеу еңбек ақысының айырмашылығы неде? |