практика экономика. Практика (2). экономика, Ксіпкерлік, Кшбасшылы Жне инновациялар Есептеу техникасы жне бадарламалы амтамасыз ету
Скачать 127.61 Kb.
|
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасы «ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК, КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР»» « Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері үшін практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар Алматы 2020 Мазмұны
Кіріспе Қазіргі жағдайда студенттер экономика және өндірісті ұйымдастыру мәселелерін терең, жан жақты білуге тиісті. Еңбек нарығы жағдайында ұйымдар мамандарға өндірісті ұйымдастыру, басқару экономиканы жан жақты жетік білу, дұрыс шешім қабылдау мәселелерін жетік білуге жоғарғы деңгейде талап қояды. Практикалық жұмыстарды орындау мамандарды дайындау сапасында үлкен міндет атқарады. Өндіріске алған білімді қолдануға мүмкіндік береді. Әдістемелік нұсқаулар «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Практикалық сабақтарға бес жұмыс кіреді. Олар: өндіріс қоры, негізгі қорларды бағалау, еңбек өнімділігі, еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, тиімділік, өзіндік құн. 1 Практикалық жұмыстарды орындауПрактикалық жұмыстардың бастапқы деректері. Практикалық жұмыстарды орындауда академиялық топ, тағы да қосалқы топқа бөлінеді. Әр студент белгілі бір нұсқаны орындайды. Нұсқа отырған компьютердің нөмеріне сәйкес алынады. Практикалық жұмыста пайдаланған санды деректер нұсқаға сәйкес түзету коэффициентіне көбейтіледі. кесте – Түзету коэффициентінің сандары
Жұмыстың орындалу тәртібі: Теориялық материалмен таныс. Өзіңнің файлыңды құр, оны сақта. Өз нұсқаңды есепте, қорытынды жаса және график құр. Практикалық жұмыс туралы қорытынды есеп жаз. Практикалық жұмысты соңында көрсетілген сұрақтар бойынша дайындал. Практикалық жұмысты қорға. Практикалық жұмыс туралы есеп жазудың мазмұны: Титулді бет. Әр тапсырмаға кесте түрінде есеп қорытындыларын жасау. Алынған деректерді талдап қорытынды жасау. Алынған қорытындыларды график ретінде орындау. Ресурстарды тиімді пайдалу жөнінде ұсыныстар. |