аорталгия, аорта аневризмасы
} Болжам диагнозды белгілеңіз: 15 жастағы жасөспірім дене қызуының 39-400С жоғарылауына, қалтырауға, кеуде сарайы мен ішінің бұлшық еттерінің күшті ауыруына шағымданды. Ауырсыну қимыл-қозғалыста, жөтелгенде күшейеді, ұстамалы түрде, әр сағатта 5-10 минуттан мазалайды. Осыдан 3-4 күн бұрын да осындай шағымдармен ем алып кеткен. Айналасындағы қоршаған ортада жоғары тыныс жолдарының жедел респирациялық вирусты ауруларымен (ЖРВА) ауырғандар жиілеген. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 390 Жұтқыншағының кілегей қабаты қызарған, мойын лимфалық түйіндері үлкейген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 90 мин.
{
ботулизм
лептоспироз
эпидемиялық миалгия (Борнхольм ауруы)
ревматизмдік полимиалгия
дерматомиозит
} Жетекші симптомы (синдромы) мен болжам диагнозын анықтаңыз: 17 жастағы жасөспірім, дәрігерге жүрек тұсындағы ауырсыну мен сирек мазалайтын жүрегінің қағып кету сезіміне шағымданып келді. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник, перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда, перкуссияда өзгерістер жоқ, аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң қосымша, үнді систолалық тон (шертпе), артынша систолалық шу естілді. АҚ 120/70 мм сын. бағ. ЭКГ өзгеріссіз. Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады.
{
жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), инфекциялық эндокардит
жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы
жүрек аймағында шу естілу (митральді стеноз), жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы
жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), дәнекер тіндік дисплазия: үшжармалы қақпақтарының пролапсі
жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), дәнекер тіндік дисплазия: митраль қақпақтарының пролапсі (Барлау синдромы)
} Жетекші синдромы мен болжам диагнозын таңдаңыз: 52 жастағы әйел физикалық күшпен байланыссыз, жүрек тұсының тұрақты сыздап ауырсынуына шағымданды; нитраттар көмектеспейдi. Науқас өзiн 5-6 жылдан берi ауру санайды, осы уақыт iшiнде етеккiрi ретсіз келiп, тершеңдiк, кенеттен ыстықтағыштық мазалаған, соңғы 8 айда етеккiрi тыйылған. Об-тi: көңiл күйi толқымалы, қызыл дермографизм. Жүрек тондары анық, ырғақты, пульсі 80 мин. АҚ 135/80 мм сын. бағ. ЭКГ: синусты ырғақ, ЖЭӨ қалыпты, V1–4 Т тiсшесi терiс, V5,6 жайылған. Динамикада бақылағанда осы өзгерiстері, соңғы 4 апта бойы сақталған.
{
коронарогенді емес кардиалгия, климакстік дисгормондық кардиомиопатия (миокардиодистрофия).
коронарогенді емес кардиалгия, ревматизмдік емес миокардит
коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың жедел инфаркті
коронарогенді кардиалгия (ангинальді синдром), тұрақты күш түсу стенокардиясы
коронарогенді емес кардиалгия, ГКМП
} Жетекші синдромы мен болжам диагнозын анықтаңыз: 49 жастағы әйел кеуде сарайының сол жартысының күшті ауырсынуына, ауа жетпеу сезіміне, ауыруының сағаттарға жалғасатынына шағымданды.Өзін 2 жылдай науқас санайды, бірнеше рет кардиологтарда болып, ЭКГ түсірген, патология табылмаған, неврологта емделген, нәтижесіз. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы артық (дене массасының индексі 33). Омыртқа жаны нүктелері омыртқа жотасының мойын, кеуде бөліктерінде ауырады, қабырға аралықтарына тарайды, бұлшық ет дефансы бар. Жүрек шектері солға ығысқан. АҚ 135/85 мм сын. бағ.Шұғыл түсірген ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 78 мин. ЖЭӨ горизонталь. Сол қарынша гипертрофиясының белгісі (Rv5,v6>Rv4).
{
торакалгия, Бехтерев ауруы
қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, миозит
қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, Зостер ұшығы
дископатия – торакалгия, омыртқа аралық остеохондроз, түбіртектік синдром
жүрек алды аймағының ауырсынуы, Титце синдромы
} Жетекші синдромы мен диагнозын таңдаңыз: 58 жастағы әйел соңғы 3 күн бойына дене қызуының 38,50С жоғарылауы, әсіресе, “өкпесіне қадалған шаншудың” күштілігіне шағымданып келді.Об-ті: тері жамылғылары таза, паравертебраль нүктелері сол Th7-10 қатты ауырады. Өкпесінде везикулалық тыны Пульсі 74 мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ.«Қабырға аралық невралгия» диагнозы тұжырымдалып, ем тағайындалды (ҚҚСЕД, В тобының витаминдері). Екі күннен соң науқастың кеуде сарайының сол жартысында Th7-10 қ/а бойымен, ішінде серозды сұйықтығы бар, ұшықтар пайда болды. Дене қызуы жоғарылады. Ауырсыну синдромы бұрынғыдай интенсивті.
{
дископатия – торакалгия, омыртқа аралық остеохондроз, түбіртектік синдром
қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, Зостер ұшығы
қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, миозит
торакалгия, Бехтерев ауруы
жүрек алды аймағының ауырсынуы, Титце синдромы
} Асқынуын анықтаңыз: миокард инфарктіне ұшыраған ер кісіде интенсивті ангинозды синдром, тахикардия, АҚ күрт төмендеуі, қылдай пульс.
{
жүрек аневризмасы
өкпе шемені
кардиогенді шок
аутоиммунды Дресслер синдромы
миокардинфарктініңрецидиві
} Жетекші синдромын анықтаңыз: әйелдің жүрек тұсында шаншып ауыру, бет ұштары алқызыл, жүрек ұшында «мысық пырылы», І тон сартылдаған, митраль қақпақтарының ашылу шертпесі, диастолалық шу, аритмия.ЖЖС 110 мин., пульс тапшылығы. Кеуде сарайы органдарының рентгендік суретінде: жүрек мықынының тегістелуі. ЭКГ: сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы.
{
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: үшжармалы шамасыздық
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: митральдішамасыздық
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: аорталық стеноз
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: аорталық шамасыздық
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: митральді стеноз
} Жетекші синдромы мен дәрігер тактикасын анықтаңыз: 74 жастағы ер кісі, тыныспен байланыссыз, төс артындағы үдей түскен, сығып ауырсынуға шағымданды. Нитроглицерин қабылдау көмек етпеді.
{
коронарогенная кардиалгия, нагрузочные проба – ВЭМ
миокардтың зақымданусиндромы, Tl201сцинтиграфия
коронарогенді кардиалгия, ЭКГ, тропонин Т
коронарогендіемес кардиалгия, ЭхоКГ
коронарогенді кардиалгия, ЭКГтәуліктік мониторлау
} Науқас жағдайын жақсартатын дәрмекті таңдаңыз: 37 жастағы ер кісіні жүрек аймағының шаншып ауыруы, басының ауыруы, әлсіздік, кейде құрысулар, шөлдеу, диурезінің күшеюі. Анамнезінен: АҚ соңғы 5 жылда 230/130 мм сын. бағ. дейін жоғарылаған. Об-ті: АҚ 190/100 мм сын. бағ., ЖЖС 70 мин. Қандағы калий деңгейі 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасында несептің тығыздығы 1006-1015.
{
I1 имидазолин рецепторларының агонистері
селективтіb-адреноблокаторлар
жоспарлы операциялық ем
ангиотензин АФ ингибиторлары
дигидропиридиндікальцийантагонистері
} Стенокардияның түрін анықтап, жүргізу тактикасын таңдаңыз: 47 жастағы ер кісі 2 ай бұрын төс артында 4 қабатта дамитын, нитроглицериннің 1 тб басылатын ауырсынуға байланысты Д есепке алынған. Соңғы 2 күнде ауырсыну тез жүргенде дамып, нитроглицериннің 2 тб ғана басылған.
{
үдемелі стенокардия, госпитализация
тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК 2, антиангиналық ем тағайындау
кардиалгиякоронарлы ауруға байланысты емес, зерттеулер жүргізу керек
алғаш дамыған күш түсу стенокардиясы, госпитализация
ерекше стенокардия(Принцметалдың), нитраттар мен коринфар тағайындау
} Стенокардияның патогномды белгісін таңдаңыз:
{
загрудинная боль, увеличение зубца Q в III стандартном и аVF отведениях
тамақтанғаннан соң төс артында дамитын шаншып ауырсыну, ЭКГ өзгеріссіз
төс артының сығып ауырсынуы, қараншалық экстрасистолия күштемеден кейін
төс артының сығып ауырсынуы, ЭКГ ST сегментінің 1 мм төмен көтерілуі
төс артының сығып ауырсынуы, ЭКГ ST сегментінің 2 мм және одан көп депрессиясы
} Шешуші тексеруді анықтаңыз: 30 жастағы ер кісі, естен танумен қабаттасатын төс артындағы сығып ауырсынуға шағымданды.Анамнезінде ревматизм. Об-ті: жүрек тондары анық, ырғақты, Боткин-Эрб пен оң ІІ қ/а диастолалық шу, ЖСС 88 мин. АҚ 150/40 мм сын. бағ. ЭКГ: СҚГ. Т тропонині өзгермеген.
{
электроэнцефалография
вентрикулография
коронароангиография
Эхокардиография
ЭКГтәуліктік мониторлау
} Жетекші синдромы мен диагнозын анықтаңыз: 40 жастағы ер кісі, төстің төменгі үштігі аймағындағы, тамақтан соң 15-20 минуттен кейiн пайда болатын ауырсынуға шағымданды. Ауырғанына 4 ай, жұмысы іссапарлармен байланысты. Об-ті: жүрек тондары анық, ырғақты. Пальпацияда эпигастрий аймағында семсерше өскіншеге жақын ауырсыну бар. ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 70 мин. ЖЭӨ қалыпты, тісшелер вольтажы сақталған. ФЭГДС: өңеш өтімділігі сақталған, кілегейі қалыпты түсті. Асқазанда аш қарынға сөл мөлшері жоғары, кардийінде 0,5х0,8см жара, түбінде фибрин шөгінділері.
{
прекардиаль аймағының ауырсынуы, алғаш дамыған күш түсу стенокардиясы
прекардиаль аймағының ауырсынуы, жара ауруы, асқазан кардий бөлігінің алғаш анықталған жарасы
прекардиаль аймағының ауырсынуы, рефлюкс эзофагит
прекардиаль аймағының ауырсынуы, тұрақты күш түсу стенокардиясы
прекардиаль аймағының ауырсынуы, асқазан рагі
} Жетекші синдромдарын белгілеңіз: 78 жастағы науқас төс артындағы қысып ауырсынуға және бірінші қабатқа көтерілгенде дамитын ентігугешағым айтты. Миокард инфарктімен ауырған. Об-ті: жүрек тондары әлсіз, жиі ЭС. ЖЖС 106 мин. АҚ 170/100мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған. Тропонин Т тері ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері.
{
ангинальді, миокардтың қабынулық зақымдануы, артериялық гипертензия, сол қарыншалық жедел шамасыздық
ангинальді, миокардтың тыртықтық зақымдану, ырғақ бұзылысы, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы шамасыздығы
ангинальді, дислипидемиялық, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы шамасыздық
ангиноздық, миокардтың тыртықтық зақымдану, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы шамасыздық
ангинальді, миокардтың метаболизмдік зақымдану, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы шамасыздық
} Болжам диагнозын нақтаңыз: 45 жастағы ер кісі соңғы жыл барысында төс артының ауыруына, қатты тағамдарды жұтудың қиындауына (су ішіп басады) шағымданды, олардан басқа, кейде аузына тәуліктей бұрын жеген тағам қалдығы «қайтады». Дене салмағы қалыпты. Туыстары науқас аузынан жағымсыз иіс шығатынын айтты.
{
асқазан, 12 елі ішектің жара ауруы
пилоростеноз
гастер-эзофагтік рефлюкс ауруы
өңештің идиопатиялық ахалазиясы
өңеш дивертикулі
} Жетекші синдромдарының негізінде диагнозын анықтаңыз: 78 жастағы науқас төс артындағы қысып ауырсынуға және бірінші қабатқа көтерілгенде дамитын ентігуге шағым айтты. Миокард инфарктімен ауырған. Об-ті: жүрек тондары әлсіз, жиі ЭС. ЖЖС 106 мин. АҚ 170/100 мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған. Тропонин Т тері ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. Жетекші синдромдары: ангинальді, миокардтың тыртықтық зақымдану, ырғақ бұзылысы, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы шамасыздығы.
{
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ. Миокардтың басынан өткерген инфаркті, қарыншалық ЭС. Артериялық гипертензия ІІ дәр.ЖШ ІІІ
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ. Постмиокардиттік кардиосклероз. Артериялық гипертензия ІІ дәр.ЖШ ІІ
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ. Артериялық гипертензия ІІ дәр.ЖШ ІІ
жүректің ишемиялық ауруы, миокардтың қайталанған инфаркті.Артериялық гипертензия ІІ дәр.Жедел сол қарыншалық шамасыздық
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК ІІ. Миокардиодистрофия ІІ дәр. Артериялық гипертензия ІІ дәр.ЖШ І
} Диагнозын нақтайтын лабораториялық көрсеткішті қолданыңыз: 38 жастағы ер кісі төс артының интенсивті, ұзақтығы 20 мин дейінгі, нитроглицеринмен басылмайтын ауыруына шағымданды. ЭКГ: ST сегменті 2 мм ығысқан, T тісшесі теріс.
{
холестерин, триглицеридтердің жоғарылауы
трансаминазалардың жоғарылауы
кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы
сілтіліфосфатаза, ГГТП жоғарылауы
азотемия
} Клиникалық жағдайды шешіңіз: 52 жастағы ер кісі таң ата дамитын, 15-20 минуттық ангиналық ұстамаларға шағымданды. Ұстамалар арасында жағдайы қанағаттанарлық, физикалық күштемені жақсы көтереді. ЭКГ (мониторда): I,II,III тіркемелерінде ST сегменті түріле көтерілген (Парди қиғашы), 1 таблеткадан нитроглицерин мен коринфар қабылдаудан кейін ұстама басылды, ЭКГ қалпына түскен.
{
жүректің ишемиялық ауруы, үдемелі күш түсу стенокардиясы
жүректің ишемиялық ауруы, вазоспазмдық стенокардия
жүректің ишемиялық ауруы, алғаш дамыған күш түсу стенокардиясы
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күш түсу стенокардиясы ФК ІІ
жүректің ишемиялық ауруы, миокардтың инфаркті (Q тісшесіз)
} Клиникалық жағдайды шешіңіз: 53 жастағы әйел жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданды, эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Об-ті: беті қызарған, ашушаң, эмоциялық тұрақсыз, ТЖ 20 мин., ЖЖЖ 100 мин., АҚ 135/85 мм сын. бағ. Жүрек шектері қалыпты. ЭКГ: синустық тахикардия, V1-V4 тіркемелерінде Т тері Гормондық статусы: эстрогендер деңгейлері төмен.
{
коронарогенді емес кардиалгия, нейроциркуляциялық дистония
коронарогенді кардиалгия, ұсақ ошақты (Q тісшесіз) миокард инфаркті
коронарогенді емес кардиалгия, артериялық гипертензия
коронарогенді емес кардиалгия, эндокринді генезді кардиомиопатия
коронарогенді кардиалгия, ЖИА, алғаш дамыған күштемелік стенокардия
} Шешім қабылдаңыз, зерттеу әдістерінің біреуі физикалық күшке толеранттылықтың өсуін анықтауда ақпаратты:52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200м жүргенде және баспалдақпен көтерілгенде 1 қабаттадамитын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауырсынуға шағымданды.Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-саран ЭС. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған. Бір айдан кейін ангинальді синдромы толық басылды.
{
рентгенография
сцинтиграфия
велоэргометрия
коронарография
электрокардиография
} Жетекші симптомын – синдромын анықтаңыз: 34 жастағы ер кісі, жүрек аймағының ауырсынуына, физикалық күштемедегі ентігу, жүрек қағуы, әлсіздікке шағымданды. Анамнезінен: тірнеше жыл бұрын ревматизмдік жедел қызбаны басынан өткерген. Об-ті: жүрек шегі солға ығысқан, жүрек ұшында І тон әлсіреген, систолалық шу қолтық астына тарайды.
{
жүрек шуы – жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: аорта қақпақтарының шамасыздығы
жүрек шуы – жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: сол атри-вентрикулдік тесіктің стенозы
жүрек шуы – жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: аорта сағасының стенозы
жүрек шуы – жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: митраль қақпақтарының шамасыздығы
жүрек шуы – жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы: үшжармала қақпақтарының шамасыздығы
} Клиникалық жағдайды шешіп, ЖИА клиникалық түрін көрсетіңіз: 56 жастағы ер кісі төс артында дамитын, сол қолы мен мойнына тарайтын, нитроглицеринмен басылатын,басып ауырсынуға шағымданды, ауырғанына 3 апт ЭКГ (холтерлік монитор): кеуде тіркемелерінде SТ сегментінің депрессиясы, Т тері 2 тәуліктен соң ЭКГ патологиясыз.
{
жүректің ишемиялық ауруы, алғаш дамыған күштемелік стенокардия
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақты күштемелікстенокардия ФК III
жүректің ишемиялық ауруы, Принцметалығстенокардиясы
жүректің ишемиялық ауруы, миокардтыңQ-негатиті инфаркті
жүректің ишемиялық ауруы, үдемелі стенокардия
} Клиникалық жағдайды шешіңіз: келесі нозологиялық бірліктің (-тердің) клиникасы стенокардияның клиникасына көбірек құсайды:
{
асқазан кардийінің жарасы
өңеш аурулары
диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
созылмалы колит
жедел панкреатит
} Миокардитке тән белгілерді таңдаңыз:
{
жүрек аймағының ауыруы, құрғақ жөтел, жүрек аймағындағы шу, инфекциялық аурудың алғашқы, дене қызуы жоғары кезінде дамуы
жүрек аймағының ауыруы, жүрек қағуы, инфекциялық аурудың алғашқы, дене қызуы жоғары кезінде дамуы
жүрек аймағының ауыруы, естен танулар,инфекциялық аурудың кеш реконволесценция фазасында дамуы (3 және одан көп аптадан соң)
жүрек аймағының ауыруы, асцит, инфекциялық аурудан соң бір жылдан кейін дамуы
жүрек аймағының ауыруы, жүрек қағуы, инфекциялық аурудың ерте реконволесценция фазасында дамуы (бірінші аптаның соңы немесе екінші аптаның басында)
|