дәрістер1-15. Глоссарий атрибут
Скачать 2.28 Mb.
|
Автокөліктер (Автокөлік коды, Маркасы, Бағасы, Жалға беру бағасы, Типі). Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Мекен-жайы, Телефоны). Берілген автокөліктер (Автокөлік коды, Тұтынушы коды, Берілген күні, Қайтару күні) Есептің қойылымын жетілдіру: Енди жағдай өзгерді. Белгілі бір зерттеулер нәтижесі автокөліктің жалға берудегі баға көрсеткіші, автокөліктің өзінен емес оның жалға беру мерзімінен және шыққан жылынан тәуелді болуы керек. Автокөлікті қандай түрде қайтарғанына байланысты төлем ақы салу жүйесін және үнемі келетін тұтынушыларға жеңілдіктер жүйесін енгізу керек. Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу. Интернет-магазин Пәндік аймақтың сипаттамасы: Сіз Интернет арқылы әртүрлі тауарларды сатумен айналысатын компанияның қаржы бөлімінің жұмысшысысыз. Сіздің міндетіңіз компанияның қаржылық қызметін бақылау болып табылады. Сіздің компанияңыздың жұмысы келесі түрде ұйымдастырылған: Интернет-сайтта сатылатын тауарлардың бірнеше түрі көрсетілген. Әр тауардың белгілі бір қасиеті бар, ол атауы, бағасы және өлшем бірлігі (саны, килограмм, литр). Сіз сатылған тауарлар туралы зерттеулер жүргізу үшін және оны оптимизациялау үшін тұтынушылардан мәліметтер жинауға тырысасыз. Сізде негізінен стандартты анкеталық мәліметтер, сонымен қатар телефон және байланыс орнату үшін электронды почта адресі туралы ақпараттар сақталуы керек. Интернет-магазиннен 5000 теңгеден асатын бағаға тауар алған тұтынушы бірден 2% жеңілдікпен «тұрақты тұтынушы» категориясына өтеді. Әр сатылған тауар туралы автоматты түрде мәліметтер тіркелуі керек. Оған тұтынушы, тауарлар, саны, сатылған күні, жеткізілген күні. Кестелер: Тауарлар (Тауар коды, Атауы, Бағасы, Өлшем бірлігі). Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Мекен-жайы, Телефон, e-mail, Тұрақты тұтынушы). Сатылым (Сатылым коды, Тауар коды, Тұтынушы коды, Сатылым күні, Жеткізілген күні, Саны). Есептің қойылымын жетілдіру: Мәліметтер қорымен жұмыс барысында қоймадағы тауарлар және тауар саны туралы ақпараттардың жетіспеуінен кейде қолайсыздық болатыны байқалды. Әрдайым бір сатылым кезінде тұтынушы тауардың бір-ақ түрін емес, бірнеше түрін сатып алады. Осы сатылымның әртүрлі тауарлардан тұратынын ескере отырып оған жеңілдіктер жасаймыз. Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу. Зергерлік шеберхана Пәндік аймақтың сипаттамасы: Сіз зергерлік шеберханада жұмыс істейсіз. Сіздің шеберханаңыз зергерлік бұйымдарды сұраныс бойынша орындайды. Сіз белгілі бір материалдармен жұмыс істейсіз (плантина, алтын, күміс, әртүрлі асыл тастар және т.б.). Сізге келген тұтынушы сұранысына байланысты сіз ол тұтынушыға қандай бұйым керек екенін біле аласыз. Сіз дайындаған зергерлік бұйымдар бірнеше түрге бөлінеді (сырғалар, сақиналар, моншақтар, білезіктер). Белгілі бір материалдан жасалған зергерлік бұйымдар оның салмағы және бағасымен ерекшеленеді (дайындалған бұйым бағасына материал бағасы және жасалынған жұмыс кіреді). Кестелер: Зергерлік бұйым (Зергерлік бұйым коды, Атауы, Түрі, Материал коды, Салмағы, Бағасы). Материалдар (Материал коды, Атауы, Граммға шаққандағы бағасы). Сатылым (Зергерлік бұйым коды, Сатылған күні, Сатып алушы тегі, аты, әкесінің аты). Есептің қойылымын жетілдіру: Мәліметтер қорын қолдану барысында дайындалатын зергерлік бұйымдар бірнеше материалдан тұратыны байқалды. Сонымен қатар негізгі тұтынушыларға шеберхана кейбір жеңілдік түрлерін ұсынады. Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу. Банктен несие беру Пәндік аймақтың сипаттамасы: Сіз жекеменшік банктің ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарасыз. Сіздің банкіңіздің негізгі қызмет көрсету түрі ол жеке тұлғаларға несие беру болып табылады. Сіздің міндетіңіз несие беру бөлімінің жұмысын бақылау болып табылады. Несие беру талаптарына, пайыздық өсімдеріне және қайтару мерзіміне байланысты, барлық несиелік амалдар бірнеше маңызды бөліктерге бөлінеді. Әрбір осы бөліктердің өз атаулары бар. Несиені беру және тіркеу жеке тұлғалардың келесідей ақпараттарды толық беруіне байланысты: атауы, жекеменшік түрі, мекен-жайы, телефоны, сенімді өкілі. Әр несие беру фактісі тіркеліп отырады, сонымен қатар несие сомасы, тұтынушы және берілген күні туралы ақпараттар жинақталады. Кестелер: Несиелер түрі (Несие түрінің коды, Атауы, Несие алу талаптары, Мөлшерлеме, Мерзімі). Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Атауы, Жекеменшік түрі, Мекен-жайы, Телефон, Сенімді өкілі). Несиелер (Несие түрінің коды, Тұтынушы коды, Сомасы, Берілген күні). Есептің қойылымын жетілдіру: Енді жағдай өзгерді. Әртүрлі зерттеулер мынадай нәтиже берді, қолданылып жүрген жүйе несиені қайтару динамикасын бақылай алмайды. Бұл кемшілікті жою үшін несиені қайтарудың дәл күнін енгізуді ұйғардық. Сонымен қатар несиенің біртіндеп қайтарылуын және несиені уақытында қайтармағандарға айыппұл төлейтінін ескеруіңіз керек. Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу. Телекомпанияның эфирде қойылған жарнамалар құнының есебі Пәндік аймақтың сипаттамасы: Сіз телекомпанияның қаржы бөлімінің басшысысыз. Сіздің міндетіңіз телекомпанияның телеэфирде қойылатын жарнамаларға қатысты есебін бақылау болып табылады. Жұмыс келесі түрде ұйымдастырылған: тапсырыс берушілер өз жарнамаларын белгілі бір бағдарлама кезінде және белгілі бір күнде қойылуын сұрайды. Әр жарнаманың белгілі бір уақыт алатыны белгілі. Әр тапсырыс беру мекемесіне банктік реквизиттер, телефондар және байланыс орнату тұлғалары белгілі. Бағдарламалардың белгілі бір рейтингісі бар. Барлық бағдарламаның арасында қойылатын жарнамалардың бағасы анықталған. Кестелер: Бағдарламалар (Бағдарлама коды, Атауы, Рейтинг, Минутқа шаққандағы құны). Жарнама (Жарнама коды, Бағдарлама коды, Тапсырыс беруші коды, Күні, Қанша минут). Тапсырыс берушілер (Тапсырыс беруші коды, Атауы, Банктік реквизиттер, Телефон, Байланыс орнату тұлғасы). Есептің қойылымын жетілдіру: Мәліметтер қорын қолдану барысында жарнама беру келісім-шарттарына отырған агенттер туралы ақпараттар болу керек екендігі анықталды. Агенттердің еңбек ақысы жалпы қойылған жарнамалардың белгілі бір пайызын құрайды. Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу. СӨЖ №2 Төмендегі тақырыптардың ішінен біреуін таңдап алып, реферат дайындау және қорғау керек: Мәліметтер қоры. Негізгі түсініктер. Иерархиялық және желілік модельдер. Реляциялық модель. Анықтама. Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер. Нормальдау. Бағдарламалық қамтамасыз ету. SQL тілі. SELECT операторы. Құрамлдас сұраныс. Access-те мәліметтер қорының негізгі элементтері. Конструктор режимінде мәліметтер қорын құру. Мәліметтер схемасын сипаттау. Таңдауға сұраныс құру. Жазбаны жаңартуға сұраныс құру. Жазбаларды өшіруге, қосуға сұраныс құру. Кесте құруға сұраныс құру. Параметрлік сұраныс құру. Жазбаларды топтауға сұраныс құру. Қиылысатын сұраныс құру. Форма мастерін құру. Форма конструкторын құру. Кнопкалы форма құру. Басылым құру. Кіру мұмкіндігі бар беттерді құру. SQL режимінде сұраныс құру. SQL-сұраныс көмегімен форма және басылым құру. Delphi-де мәліметтер қорының кестесін құру. Delphi-де мәліметтер қорының индекстерімен жұмыс істеу. Delphi-де мәліметтер қорының жазбаларын фильтрациялау. Delphi ортасындағы мәліметтер қорында мәліметтерді іздеуді ұйымдастыру. БАҚЫЛАУШЫ - ӨЛШЕМДІК ҚҰРАЛДАР 1. Тест тапсырмалары: 1-нұсқа 1.Кестенің сыртқы кілті деп: А)атрибуттардың көптеген мәндері В)кез келген атрибут С)әруақытта бірінші атрибут D)атрибуттардың кез келген комбинациясы E)кестенің сол сыртқы байланысқан басты кілтті алаңы болатын, атрибут немесе атрибуттар жиыны 2. Өңдейтін деректер қоры ақпараттық құрылысты бейнелейтін схема қалай аталады A)блок-схемалық B)графикалық C)алгоритмдік D)концептуалдық Е)логикалық 3. Сәйкес артибут мәндерімен кестенің бағаны қалай аталды: A)домен B)кортеж C)файл D)кестенің кілті Е)маска 4. Файлдық структура ол: A)Желілік. B)Иерархиялық. C)Сызықтық. D)Кестелік. Е)Графикалық. 5. «Бірге-бір» қатынастарына келетін обьектілерді көрсетіңіз: A)староста аты-группа студенттері B)группа номері-студент фамилиясы C)оқытушылар-студенттер D)товар коды-сатып алушы Е)сынақ кітапшасының номері – төл құжаттың нөмері 6. Мәлімет анықтамасына не кірмейді? A)белгілі бір мәні бар әңгіме В)Келесі өңдеуге келетін, белгілі бір формада берілген ақпарат C)белгілі бір мәні бар әңгіме D)Бұл ақпарат тасушы Е)Алфавиттегі бір сөз 7. Мәліметтердің байланысқан структурасының жиыны мен бұл структураларға операциялар қолдану қалай аталады. A)кілт B)кесте C)мәліметтердің моделі D)жазба Е)фильтр 8.Ақпараттық жүйедегі толықтылықтың шегі деген не? A)Ақпараттық жүйенің толықтығын бұзатын мәліметтерді сақтау ережелері B)Мәліметтерге манипуляцияны жасатуға тиым C)Ақпараттық жүйенің толықтығын жасайтын мәліметтерді сақтау ережелері D)Ақпараттық жүйенің толықтығын жасайтын анықтау ережелері және мәліметтерге манипуляция жасау Е)Сақтауға болатын мәліметтерге толықтық шектеу қояды 9.Екі кестенің арасында «бірге көп» қатынасы болсын, онда «бір» бөлімін құрайтын және алғашқы кілті бар кесте қалай аталады: A)Функционалды кесте B)Жалғыз кесте C)Бағынышты кесте D)Көп кесте Е)Басты кесте 10.Мәліметтерді сорттау не үшін жасалады: A)Мәліметтерді дискіде оптимальді түрде сақтау. B)Мәліметтерді тез табу үшін. C)Мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын көбейту. D)Мәліметтердің структурасын өңдеу үшін Е)Мәліметтерді сақтаудағы экономикалық шығынды азайтып және ақпараттық процессті қорғау үшін. 11.Кез келген ақпаратқа қатынау алу жағдайы: A)Ақпараттың ашықтығы B)Ақпараттың актуалдығы C)Ақпараттың обьективтілігі. D)Ақпараттың толықтығы Е)Ақпараттың ақиқаттылығы 12.Кілт мәні бойынша реттелген, кестенің керекті бағанына сілтемелердің жиыны. A)файлмен B)кодпен C)индекспен D)фильтрмен Е)реквизитпен 13.Есептеуіш системада сақталатын және обьектілердің жағдайын, олардың қарастырып отырған ортаны көрсететін, арнайы жиналған мәліметтердің жиыны ені береді A)Операциялық жүйені B)деректер банкін C)СУБД D)Деректердің моделін Е)деректер қорын 14.Бір типті мәліметтердің екінші типті мәліметтер арқылы берілу қалай аталады: A)Қорғау B)Кодтау амалы C)Атын өзгерту D)Көшірмесін алу Е)Шифрлау 15.Информатикада ақпарат қабылдағышты қалай атайды: A)Жинағыш B)Сервер C)Клиент D)Сақтаушы Е)Жұмыс станциясы 16.Информатикада ақпарат жинағышты қалай атайды: A)Клиент B)Жинағыш C)Сервер D)Жіберу каналом Е)Жұмыс станциясы. 17.Деректер қоры сияқты текстік файлдардың кемшілігі A)текстік мәліметтердің шрифтері әртүрлі болады B)тексттік мәліметтерге структуирование жасалмаған C)тесттік мәліметтердің көлемі үлкен болады D)сақтау форматы Е)компактілігі 18.Логикалық алаң нені сақтайды A)Бір символдан тұратын тексттік мәліметтер B)ИӘ немесе ЖОҚ деген мәндердің тек біреуін қабылдайтын, логикалық мәліметтер C)Кестедегі жазбалардыңномерлері D)Сандық мәліметтер Е)Комментарийлер 19.14.Қатынас келесі түрде беріледі: A)мәліметтер типімен B)тек атымен C)тек кілтімен D)өз атымен және атрибуттар тізімімен Е)компьютерде мәліметтерді орналастыру құқығы 20.Windows қолданбаларымен құрылған, обьектілерді ендіру және байланыстыру спецификациясын қолданатын обьектілер қалай аталады A)ClipArt B)MEMO C)OLE D)подстановки Е)индексация 21.Ақпараттық жүйе үшін интерфейстің анқытамасы. A)Ақпараттық жүйенің клиенттік бөлімі B)Тұтынушы мен операциялық жүйе арасында байланысты орнататын программа C)Windows терезесі D)Тұтынушыға информацияондық системаның кез келген функциясына қатынауға мүмкіндік беретін программа Е)Ақпараттық жүйенің серверлік бөлімі 22.Тұтынушыға ақпараттық өнімге қатынау беру: A)консалтингтік қызмет B)финанстық қызмет C)юристік қызмет D)транспорттық қызмет Е)ақпараттық қызмет 23.Өтіп жатқан моменттегі ақпарат дәлдігінің дәрежесі: A)Ақпараттың актуалдығы B)Ақпараттың толықтығы C)Ақпараттың ақиқаттылығы D)Ақпараттың обьективтілігі Е)Ақпараттың адекваттылығы 24.Реляционды деректер қорын құрудағы негізгі түсініктер A)қатынас, атрибут, жазбалар B)кітап, парақ,жол,баған,ұяшық C)документ,абзац,шрифт D)блок-схема,алгоритм Е)файл,папка,диск 25.Бір компьютерде барлық функционалдық бөліктері орналасқан СУБД A)желілік D)жалғыз В)локальді Е)глобальді С)жіберілген 26.Әрбір жазу үшін құрамы уникалды болатын алаңдар нені береді A)компакті кілт D)алғашқы кілт В)сырқы кілт Е)механикалық кілт С)электрлі кілт 27. Мәліметтерді не үшін структуралау етеді: A)Мәліметтерді сақтау үшін B)Мәліметтерді дұрыс орғау үшін C)Мәліметтерге операция қолдану үшін D)Кодтау мүмкіндігін оңайлату Е)Шифрлау мүмкіндігін оңайлату . 28.Текстік мәліметтерді қодтау қалай орындалады: A)кез келген бүтін сандар B)Бір килобайтпен өрнектелген екілік код C)Бір байтпен өрнектелген екілік код D)Сезігдік санау системасымен Е)Морзе азбукасы 29.Кестелер арасындағы байланыс қалай орындалады: A)мәліметтердің қайталануы C)әрбір кестенің бірінші алаңдары кездесетін алаңдар D)әрбір кестенің соңғы алаңдары В)кез келген алаң Е)екеуіне байланысты алаңдар 30.Деректер қорын құратын ақпараттық структураны көрсететін схема қалай аталады: A)концептуалды схема D)қадамды схема В)алгоритмді схема Е)теориалық схема С)графикалық схема 2-нұсқа 1. Кестелік структура неден тұрады A)байланысқан графиктерден B)жол мен бағандардан C)тек жолдардан D)тек бағандардан Е)түйін мен қабырғалардан 2.Тұтынушы қойған белгілі бір шарт бойынша мәліметтерді таңдау әдісі A)отчет B)сұраныс C)макрос D)кесте Е)модуль 3.Файлдардың архивациясы не үшін жасалады: A) Мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын көбейту B) Мәліметтерді дискіде оптимальді түрде C)Мәліметтерді сақтаудағы экономикалық шығынды азайтып және ақпараттық процессті қорғау үшін D)Мәліметтерді тез табу үшін Е)Мәліметтердің структурасын өңдеу үшін 4.Бір немесе бірнеше кестеден тұтынушыға мәлімет алуға мүмкіндік беретін обьект: A)макростар B)кесте C)формалар D)отчеттар Е)сұрастар 5.Ақпараттық жүйесі арқылы шешілетін есептер неге байланысты болады. A)Есептеу жылдамдығына байланысты B)Сақтау ортасына байланысты C)Қатынау деңгейіне байланысты D)Қолданба ортасына байланысты Е)Интерфейске байланысты 6.Элементінің адресі оның номерімен анықталатын структураны көрсет: A)Иерархиялық B)Сызықтық C)Иерархиялық D)Адрестік Е)Кестелік 7.Кестенің әр бағанның: A)уникалды аты болу керек B)аты болмаса аты болмау керек C)уникалды аты болмау керек D)кестенің кілті болу керек Е)кез келген жолмен алмастыруға болады 8.Серверге қосылатын жұмыс станциялары қалай аталады: A)басты B)серверлер C)клиенттер D)орталық Е)көмекші 9.Екі кесте арасындағы қатынасты құру үшін келесі жолдарды көрсету керек: A)бірдей тип және бірдей размерден тұратын B)кез келген жол C)әр кестеде алғашқы кілт болып табылатын D)барлық мәліметтерден тұратын Е)электронды кілттерден тұратын 10. «Бірге-көп» қатынастарына келетін обьектілерді көрсетіңіз: A)группа номері-студент фамилиясы B)сынақ кітапшасының номері – төл құжаттың номері C)пәндер бойынша бағалар –студент фамилиясы D)староста фамилиясы –группа студенттері Е)сынақ кітапшасының номері – пәндер бойынша бағалар 11.Мәліметтердің толықтығын сақтау информациондық системаның негізгі есебі. Мәліметтердің толықтығының анықтамасын бер: A)Сыртқы тұтынушылардың актуалды информациондық сұраныстарын орындау. B)Үлкен көлемді көпаспекті информацияны бір уақытта модификациялуға мүмкіндік. C)Ақпараттық жүйенің бағыты бойынша жасалған ыңғайлы тұтынушы интерфейсі. D)Информация мен сақталатын мәліметтердің қателері болмайды Е)Ақпаратты жинау сақтау 12.Өзінің ресурстарын көптеген тұтынушыларға қолдануға мүмкіндік беретін компьютер қалай аталады A)жұмыс станциясы B)клиент C)сервер D)түйін Е)маршрутизатор 13.Деректер қорын жүргізіп және құратын, программалық жабдықтауды қалай атаймыз. A)кестелік процессор B)операциондық система C)деректер қорын басқару системасы D)утилита Е)тексттік редактор 14.Кестедегі баған сәйкес атрибут мәнімен келесі түрде аталады: A)сервер B)кортеж C)файл D)код Е)домен 15.Ортаның анализі қалай жасалады: A)ақпараттық қадамда B)мәліметтерді физикалық орналастыруға дайындау C)механикалық қадамда D)физикалық қадамда Е)шартты қадамда 16.Реттелген мәліметтердің негізгі ерекшелігі: A)Мәліметтер жақсы қорғалған . B)Керекті мәліметтерді тез табу мүмкіндігі. C)Мәліметтер жадыда аз орын алады. D)Кодтау мүмкіндігінің оңайлығы. Е)Шифрлаудың сапалылығы. 17.Мәліметтердің физикалық организациясын анықтайды A)конструкторда мәліметтер структурасын құру әдісі B)мәліметтерді машиналық жинағыштарда орналастыру әдісі C)қолданатын мәліметтер моделінің түрі D)мәліметтердің файлдық моделі Е)барлық жауаптар дұрыс емес 18.Деректер қорын жобалаудың алғашқы қадамы A)ақпараттық B)логикалық C)физикалық D)техникалық Е)шартты 19.Деректер қорының негізгі түсінігі A)файл B)қатынас(кесте) C)граф D)желі Е)документ 20.Мәліметтердің тутастігін сақтайтын A)мәліметтердің нақтылығы B)мәліметтерге дублирование жасау C)байланысқан кетедегі мәліметтердің келсушілігі және дұрыстығы D)кестедегі мәліметтердің компактілігі Е)байланыспаған кестелердегі қорғау 21. «Көпке-көп» қатынастарына келетін обьектілерді көрсетіңіз: A)староста фамилиясы-группа студенттері B)сынақ кітапшасының номері-төл құжаттың номері C)сынақ кітапшасының номері-төл құжаттың номері D)товар коды- сатып алушы Е)пәндер-бағалар 22.Мәлімет бұл: A)Обьектілердің қасиеттері. B)Текст. C)Сақталған сигналдар. D)Адамдар арқылы берілетін мағлұмат. Е)Кесте. 23.Кесте атрибуттары арасында тәуелділік түрлері A)физикалық B)алгоритмді C)функционалды, транзитивті D)аналитикалық Е)комплекстік 24.Мәліметтер типі келесі түрде анықталады: A)көрсетілімдердің жаңарту заңы B)таралудың тәуелсіздік заңы C)нақтылық шарты D)қандай мәліметтер жолда тұратындығымен Е)мәліметтердің шығарылу заңы 25.Қай жол жазбаның дұрыс анықтамасын береді A)жазба-элементтердің файлының структурасы бірдей кез келген мәліметтердің жиыны B)жазба-элементтердің структурасы бірдей кез келген мәліметтердің жиыны C)жазба –дискідегі минималды аталған мәліметтердің структурасы. D)жазба-мәліметтерді. Е)жазба-алаңдардан құралған структура. 26.Кестенің кілтті алаңы қалай анықталады, мәліметтері қандай болу керек. A)мәні бар мінездеме B)қайталанады C)деректер қоры үшін аса маңызды D)сондай маңызды емес Е)қайталанбайды 27.Желілік модельде мәліметтер мына түрде беріледі A)кестелер жиынымен B)ағаш структирасымен C)графпен D)қатынастар жиынымен Е)сызықтық структурамен 28.Деректер қорының реляциондық моделін жасаған: A)Герц B)Форд C)Ньютон D)Смит Е)Кодд 29.СУБД-ғы мәліметтер типі «тескттік» қолданылады: A)тізбектерден мәндердің таңдалуы B)мәліметтер сандығында C)мәліметтер логикасында D)басқа программаларда құрылған обьектілерде Е)мәліметтер текстінде 30.Иерархиялық модельдерде берәлгендердің ең жоғарғы деңгейі: A)бұтағы B)бағынышты C)жапырағы D)түбірі Е)паутина 2.Емтихан сұрақтары: Мәліметтер қоры. Файлдық құрылым мәліметтері. Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар. Мәліметтер қорының модельдері. Иерархиялық модель. Желілік модель. Мәліметтердің реляциялық моделі. Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары. Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Реляциялық алгебра. Қосу (жалғау) амалы. Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы. Реляциялық есептеу. Қалыптандыру. Постреляциялық модель. Көпөлшемді модель. Объектілі-бағытталған модель. Мәліметтер қорының үшдеңгейлі архитектурасы. Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің архитектурасы. Жергілікті ақпараттық жүйелер. Клиент-сервер архитектурасының модельдері. Мәліметтер қоры және интернет. Мәліметтер қорын басқару жүйелері. Транзакция. МҚ қорғау құралдары. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету. Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. CASE-технология. SQL-тілі. Жалпы мәліметтер. SQL стандарттары. Компьютерлік желідегі SQL. SQL тілінің элементтері. SELLECT операторы. FROM сөйлемі. WHERE сөйлемі. Салыстыру. WHERE сөйлемі. Диапазонға жататындығын тексеру. WHERE сөйлемі. Жиынға жататындығын тексеру. WHERE сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру. WHERE сөйлемі. NULL мәніне тең болуын тексеру. Агрегаттық функциялар. GROUP BY сөйлемі. HAVING сөйлемі. ORDER BY сөйлемі. Бір-біріне салынған сұраныс. Бір-біріне салынған сұраныстың нәтижесімен салыстыру. Жату-жатпауды тексеру. Бар-жоғын тексеру. Бейнелеу. INSERT DELETE UPDATE CREATE TABLE DROP TABLE ALTER TABLE Индекстер. SQL және мәліметтер қорының қауіпсіздігі. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама. Кесте, форма, сұраныс, есеп. Макрос, модуль, мәліметтерге қол жеткізу беттер |