паратонзиллярлы абсцесс
катаралды ангина
моноцитарлы ангина
жұтқыншақ кандидозы
жұтқыншақарты абсцессы
Ер адам 35 жаста құлағының кенеттен естімей қалуына шағымданады, ауруын байланыстырады құлаққа бөгде дененің енуімен. Отоскопияда: сыртқы есту жолында қоныздың бөлшектері анықталады (қанаты). Қандай диагноз қоюға болады?
жедел ортаңғы отит
сыртқы құлақ шиқаны
құлақтың құлық тығынымен бітелуі
сыртқы есту жолының бөгде денесі
сыртқы есту жолының жаңа түзілісі
Ауру 16 жаста 1 күн бұрын сол жақ мұрын қанатына шыққан шиқанның іріңдігін сығып шығарған. Содан соң жалпы жағдайы нашарлаған. Қалтырау көп мөлшерде тері ағу, гектикалық температура, қатты бас ауырсыну пайда болған. Шиқан орналасқан мұрын қанатының айналасының жұмсақ ткандары ісінген және инфильтрацияланған, сол жақтағы қабыну процессі ұртқа және еріндерге таралған. Мұрын шиқанының қандай асқыну туралы ойлауға болады?
көлденен синустын тромбозы
кавернозды синустың тромбозы
риногенді сепсис
көздің периоститі
сигма тәрізді синустың тромбозы
Мұрын және мұрынның қосалқы қуыстар аурулары қайсысы бас ішілік асқынуларға себепші
мұрын фурункуласы
вазомотор риниті
жедел ринит
мұрын пердесінің ығысуы
мұрын жарақаты
Ауру 45 жаста мұрынның оң жақ бөлігінен іріңді бөліністер бөлінетініне шағымданады. Мұрынмен тыныс алу қиындаған 2 апта бойы ауырған. 5жыл бұрын өршу сатысында бірінші рет қосымша мұрын қойнауларының қабыну диагнозы қойылған. Риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы ісіңкі, инфильтрацияланған, сол жақ мұрынның ортаңғы және төменгі гипертрофияланған, оң жақ мұрынның ортаңғы және төменгі жолында іріңді бөліністер көрінеді. Оң жоғарғы жақ сүйектің проекциясының пальпациясында ауырсыну бар. Рентегнограммада оң жақ гаймор қуысында интенсивті қараю байқалған.Қандай диагноз дұрыс?
жедел іріңді гайморит
гемисинусит
жедел сфейнойдит
жедел іріңді фронтит
жедел этмоидит
Науқаста профилактикалық қарау кезінде таңдай және тіл бадамша бездерінің беткейінде, сондай-ақ жұтқыншақтың артқы қабырғасында тығыз «тығын» анықталады. «Тығын» конус пішінді, кілегей қабатының үстінде орналасқан, ажыратып алу қиын.Қандай диагноз қоюға болады?
фарингит
катаралды ангина
моноцитарлы ангина
жұтқыншақтың кандидозы
агранулоцитарлы ангина
4 жастағы бала 2 күн бойы ЖРВИ-мен ауруына байланысты балалар бақшасына бармаған. Түнде кенеттен оянып, мазасыздыққа, шулы тынысқа,инспираторлы ентікпеге шағымданады. Қабылдау бөлімшесінде балаға тіке емес ларингоскопия жүргізуге мүмкін болмады.Қандай диагноз болуы мүмкін?
паратонзиллярлы абсцесс
жедел стеноздалған ларинготрахит
жедел фарингит
көмей арты абсцессі
көмей ангинасы
Жалған круптың негізгі симптомы
афония немесе дисфония
үрлеп жөтелу немесе қарлыққан жөтел+
тамақтың ауырсынуы
температураның жоғарлауы
жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Флегмонозды ларингитке қандай симптомдар тән
гемограмманың солға ығысуы
дауыстың қарлығуы жалпы жағдайының ауырлауы
жалпы жағдайының ауырлауы
жиі қалтыраумен жүретін жоғарғы температура
жұтынғанда және сөйлегенде кездегі тамақтағы ауырсыну+
Мұрын қуысының зерттеу әдісін таңдаңыз
отоскопия
алдыңғы риноскопия+
мезофарингоскопия
тікелей емес ларингоскопия
гипофарингоскопия
Мұрыннан қан кету мұрын ішкі жағының қай бөлігінде жиі кездеседі
төменгі мұрын кеуілжірінде
ортаңғы мұрын кеуілжірінде
жоғарғы мұрын кеуілжірінде
мұрын пердесінің алдыңғы бөлігі
мұрын қуысының түбінде
Паратонзилярлы абсцессте іріңнің орналасуы
таңдайдың ішкі қатпарында
таңдай қыртысының лакунасында
бадамша маңы кеңістігі
жұткыншак арты кеңістігі
парафарингиальды кеңістігі
Жұтқыншақ артылық абсцесс дегеніміз не
жұтқыншақ маңы кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
бадамша маңы кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
лимфа түйіндердің және жұтқыншақ арты кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
лимфа түйіндерінің және паратонзиллярлы кеңістігінің іріңдеуі
лимфа түйіндерінің және парафарингиальды кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
Паратонзилит орналасуына байланысты жиі кездеседі
артқы
төменгі
жоғарғы
сыртқы
алдынғы-жоғарғы
Паратонзиллярлы абсцестің негізгі симптомы
температураның көтерілуі
құлақтың ауырсынуы
тамақтың бір жақты ауырсынуы
бас ауру
сілекейдің ағуы
Жедел фарингитте процесс қайда орналасады
жұтқыншақтың кілегей қабығында
жұтқыншақ артылық кеңестікте
паратонзиллярлы кеңестікте
таңдай бадамшасында
көмей кілегей қабығында
Паратонзиллярлы абсцеске тән белгілер
бадамшаның доғамен жабысуы
бадамша лакунасында казеоз болуы
жұмсақ таңдайдын томпаюына байланысты аранның ассиметриясы және бадамшаның алдынғы доласының гиперемиясы
жақ асты лимфа түйіндерінің үлкеюі
Зака симптомы
Жұтқыншақта бөгде дене жиі қай жерде орналасады
тіл бадамшасында
таңдай бадамшасында
көмей бөбешігінде
таңдай доғасында
кішкентай тілшікте
Жұтқыншақтың бөгде денесінің симптомын көрсетінің
шайнау бұлшықеттерінің тризмі
ринолалия
ауыздан жағғымсыз иістің шығуы
тыныс алудың қиындауы
жұтынғанда тамағының ауырсынуы
Көмейдің жедел стенозының себебі
жедел ларингит
жалған круп
көмей папилломатозы
көмей мерезі
шылым шегу
Таңдай бадамшасынан қиын алынатын тығыз, лас сұр түсті таңдайдың доғаларына таралған жамылғылар қандай мәлімет береді
фолликулярлы ангина
лакунарлы ангина
некрозды ангина
көмей ангинасы
жұтқыншақ дифтериясы
Жедел стеноздын қай сатысында трахеотомия жасалады
компенсация
субкомпенсация,компенсация
декомпенсация
бастапқы және компенсация
жазылу
Артқы паратонзиллярлы абсцеске тән белгілерді атаңыз
жұтынғанда тамағының бір жақтылы ауырсынуы
аранның ассиметриясы және бадамшаның артқы доғасының гиперемиясы
аранның ассиметриясы және бадамшаның алдынғы доғасының гиперемиясы
Зака симптомы
жөтел
Науқастың шағымы: сол жақ құлағының қатты ауруына шайнаған кезде күшейе түседі. Дене температурасы 37,8°С-қа дейін көтерілген.
Объективті: сол жақты құлақ қалқаны қалыпты. Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағы көрінбейді. Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады, құлақ түйінін басқанда ауырсынады. Екі жақ құлағы сыбырлап сөйлегенді 6м естиді. Диагнозы: Сыртқы құлақ шиқаны.Дәрігердің тактикасы қандай?
пункция
сору
қатты таңу
тілу
УЖЖ
Науқас 5 жаста ЖРВИ-дан кейін,жедел басталды.Түнде бала, ұстамалы қарлыққан жөтелден оянды. Бала мазасыз, төсегінде дөңбекшиді. Тыныс алуы-қиындаған,сырылды, айқын инспираторлық ентігу.Бұғана -үсті,-асты,мойындырық шұңқыры және эпигастральды аймақтың жұмсақ тіндерінің тартылысы анықталады.Аталған жағдай 1 сағатқа созылды.Кейін балада терлеп,тыныс алуы қалпына келіп, ұйықтады.Таңертең жағдайы қалыпты, тек дауысының аздап қарлығуы бар. Қандай диагноз сәйкес келеді?
катаральды баспа
көмей баспасы
көмейдің аллергиялық ісінуі
қатпарастылық ларингит
лакунарлы баспа
Науқас 45 жаста оң жақ құлағының ауырсынуына, іріңнің ағуына,естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Поликлиникада емделген, дене қызуы қалыпты. 2 күн кейін оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5°С жоңарлап, ірің ағуы күшейген.Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады.Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасы мөмен қарай ығысқан. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді. Диагнозы: Жедел ортаңғы іріңді отит. Мастоидит. Дәрігердің тактикасы қандай?
парацентез
мастоидотомия
терапевт дәрігерінің кеңесі
тимпанопластика
антротомия
Науқас 31 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен танбаған, лоқсу, құсу болмаған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы анықталады. Диагнозы: Мұрын сүйектерінің сынығы. Мұрыннан қан кету.Мұрынға алдыңғы тампонада жасалған, бірақта мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Дәрігердің тактикасы қандай?
артқы тампонада
антигистаминді препараттар
мұрын сүйектерінің репозициясы
мұрынға тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектер тамызу
артқы риноскопия
Науқас 31 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен танбаған, лоқсу, құсу болмаған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы анықталады. Болжам диагноз ?
ығыспаған мұрын сүйектерінің сынығы
сыртқы мұрынның соғылған жарақаты
мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы
мұрын пердесінің гематомасы
мұрын пердесінің асбцессі
Трахеотомияны -жоғарғы,ортаңғы,төменгі деп бөлуі, мына анатомиялық түзіліске байланысты:
сақина тәрізді шеміршекке
трахея сақинасына
қалқаншабезінің мойыншасына
қалқаншатәрізді шеміршекке
көмейүсті шеміршегіне
Трахеяның бөгде денесіне тән белгіні атаңыз:
тербеліс баллотирования симптомы
қарлыққан жөтел
дауыстың өзгеруі
ұстамалы жөтел
тамақтың ауырсынуы
Науқас сол құлақ қалқанының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Ол екі күн бұрын күресіп жаттығу кезінде құлағынан жарақат (соққы) алған.Объективті: құлақ қалқанының жоғары алдыңғы беткейінде дөңгелек пішінді, алқызыл түсті ісік бар ұстағанда ауырады. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз. Диагнозы: Отгематома. Пункция және сору жасалған. Дәрігердің тактикасы қандай?
қатты таңу
тілу
дренаждау
УЖЖ
антикоагулянтты дәрі-дәрмектер
Науқастың шағымы: мұрынмен тыныс алуы қиындауы. Анамнезде: 1 апта бұрын жарақат алған, мұрыннан қан кету болмаған. Есінен танбаған. Мұрыны бірте-бірте бітелген. Жалпы жағдайы өзгеріссіз.
Қарағанда: мұрын қыры ортаңғы сызықта, тері жамылғысында гематомалар, мұрын арқылы демала алмайды. Алдыңғы риноскопияда: мұрын кіреберісінде мұрын пердесі симметриялы қалыңдаған. Мұрын қуысы, кеуілжірілер көрінбейді. Диагнозы: Мұрын пердесінің гематомасы. Пункция және сору жасалған. Дәрігердің тактикасы қандай?
алдыңғы тампонада
антикоагулянттар
тілу
дренаждау
УЖЖ
Науқас 10 жаста, оң жақ құлағының ауырсынуына, естуінің төмендеуіне, дене температурасының 39 С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн, ауруын салқын тиюмен байланыстырады. Отоскопияда: оң жақ сыртқы есту жолында патологиялық бөлініс жоқ. Дабыл жарғағы гомогенді гиперемияланған, ісінген.Сыбырлап сөйлеу-0,5 м.Сол жақ құлағы қалыпты. Болжам диагноз?
жедел ортаңғы отит
сыртқы есту жолының фурункуласы
сыртқы отит
мастоидит
антрит
10 айлық бала В., анасының айтуы бойынша 3апта бұрын ортаңғы құлақтың жедел iрiңдi ауруымен ауырған.Амбулаторлы емделген. Анасы оң жақ құлағына және мұрынына дәрі тамызған, ұнтақталған сульфадимезин таблеткасын берген. Нәрестенiң жағдайы кешегi күнге дейiн қанағаттанарлық болған. Бұдан 2 күн бұрын кешке қарай температурасы 37,5°-қа көтерiлiп, iрiң ағу күшейiп, тәбетi жоғалған, ұйқысы нашарлап, басын қозғай берген, ауру құлағына қолын апарады. Дене температурасы 38°.
Объективтi қарағанда: Оң жақ құлақ арты аймағы ісінген, емiзiкше өсiндi тұсында жұмсақ тканьдер қызарған, iсiнген, басқанда ауырады.Отоскопия: оң жақ есту жолында жағымсыз иiстi көп мөлшерде iрiңдi бөлiнiс, артқы қабырғасының төмен түсуiнен есту жолы тарылған. Дабыл жарғағы қызарған, ісінген, ерекше белгілері ажыратылмайды. Жедел іріңді ортаңғы отиттің қандай асқынуы туралы ойлауға болады?
мастоидит
антрит
менингит
сыртқы отит
сыртқы есту жолының фурункуласы
Науқас 35 жаста, құлағының шаншып ауруына және бөгде денені сезуіне шағымданады. Отоскотпияда: сыртқы есту жолы кең, қоныр түсту таракан көрінеді. Диагноз: Сыртқы есту жолының бөгде денесі. Сыртқы есту жолынан дәрігер май тамызды. Дәрігердің әрекеті қандай?
балонның көмегімен алу
пинцеттің көмегімен алу
құлақты жуу
құлақты тазарту
спирт тамызу
5 жасар бала алты сағат бұрын бұршақпен ойнап жүріп бір түйірін оң жақ құлаққа салып жіберген, бөгде денені алуға әрекет жасалған, бірақ алынбаған. Қарағанда: оң жақ құлақтың сыртқы есту жолы кең және жасыл түсті дөнгелек түзіліспен бітелген. Сыбырлап сөйлегенді алты метрден естиді. Диагноз: Сыртқы есту жолының бөгде денесі. Дәрігер сыртқы есту жолына спирт тамызды. Дәрігердің әрекеті қандай?
ілмектің көмегімен алу
пинцеттің көмегімен алу
жуу арқылы алу
құлақты тазарту
құлақ арты әдісімен алу
Кезекші медбике кезекші дәрігерді шұғыл түрде клиниканың дәлізіне шақырды. Ол жақында көмей стенозының компенсация сатысында түскен, коридорда жатқан ауруды көрді. Тері жамылғысы көгерген, тыныс алуы толықтай тоқтаған, қол-аяқтары без-берекет қозғалыста. Мына жағдайда шұғыл тамақ кесудің қай түрі тиімді?
коникотомия
крикотомия
трахеотомия
аденотомия
ларинготомия
Науқас 40 жаста төбелес кезінде көмей тұсынан, қатты заттық тиюінен жарақат алған. Келесі күні науқас ЛОР дәрігеріне қаралды. Науқаста инспираторлы ентігу, қозу, тахикардия анықталады. Қарағанда: көмей кіреберісінде дауыс санылауын жауып тұрған кілегей астылық гематома анықталды. Қандай диагноз қоюға болады?
|