жарақаттан кейінгі эзофагит
трахеяның зақымдалуы
жұтқыншақтың зақымдалуы
көмейдің гематомасы
кенірдектің стенозының ІІІ дәрежесі
Науқас 20 жаста самолетпен ұшу кезінде оң жақ құлақ бітеліп, ызың пайда болады және ауырсынуы күшейіп самайға, төбесіне және тісіне қарай таралған. Отоскопияда: дабыл жарғағы гиперемияланған, сыртқы есту жолына қарай томпайған, жарық конусы жоқ. Диагноз: жедел ортаңғы отит. Дәрігердің әрекеті қандай?
антибиотикотерапия
витаминотерапия
жергілікті ем (отипакс)
алдыңғы риноскопия/
УЖЖ
Науқас 12 жаста балық сорпасын ішу кезінде, жұтқыншақтың төменгі аймағында кенеттен шаншу пайда болған. Нанның қатты қабығын жеген, ауырсынуы үдей түскен. 4 сағаттан соң ЛОР бөлімшесіне жеткізілген. Фарингоскопияда:жұтқыншақтың кілегей қабаты қызғылт. Таңдай бадамшалары болбыр, лакуналары кең, патологиялық бөлініс жоқ. Клегеймен пен көпіршікті сілекейдің жиналуы анықталады. Дәрігердің тактикасы қандай?
мойын УДЗ-і
артқы риноскопия
алдыңғы риноскопия
өңештің рентгенографиясы
мұрын маңы қойнауларының КТ-сы
Үш жасар қыз клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, екі сағат бұрын ойнап жүрген кезде мұрыннын оң жақ жартысына түйме салып жіберген. Бөгде денені алуға әрекет жасалған, түйме бірақ мұрыннын артқы бөлігіне ығысып кеткен. Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Дәрігердің әрекеті қандай?
бөгде денені ілмектің көмегімен алу
мұрынды тазарту
бөгде денені пинцеттін көмегімен алу
мұрын қуысын жуу
тамыртарылтқыш дәрі-дәрмектерді тамызу
Бала 9 жаста, оң жақ тамағындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Баспамен ауырып, емделген. Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 38,6. Тері жамылғасы бозғылт.Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға және жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Диагноз: Паратонзиллярлы абсцесс, оң жақты. Дәрігердің әрекеті қандай?
ингаляция
қыздырғыш компресс
тура емес ларингоскопия арқылы Тобольт пышағымен іріңдікті ашу
скалпепелмен іріңдікті ашу
дренаждау
Науқас 24 жаста, жұтынғанда тамағының ауырсынуына, тағамның қиын өтуіне, шашалуға және сілекейінің жұтынуының қиындауы шағымымен шұғыл жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне жеткізілді.
Анамнезінен: бір апта бұрын, ет сүйегімен тамағын жарақаттап алған. Содан соң жұтынғанда ауырсыну пайда болып, ауруы күшейе түскен, дауысынын қарлығуы, ентігу және дене қызуы көтерілген. Тура емес ларингоскопияда көмей бөбешігі инфильтрацияланған, қалыңдаған, қозғалысы шектелген. Бөбешіктің тіл беткейінде айқындалған төмпешік бар, ортасында іріңдік байқалады. Диагноз: Көмей бөбешігінің абсцессі. Дәрігердің әрекеті қандай?
ингаляция
қыздырғыш компрестер
тура емес ларингоскопия жасау арқылы Тобольт пышағымен іріңдікті ашу
трахеотомия
коникотомия
10 жасар науқас басының ауырсынуына, мұрынмен тыныс алудың қиындауына, оң жақ мұрын жартысынан іріңді бөліністің бөлінуіне шағымданады. Анамнезінен 3апта бұрын, оң жақ жоғарғы жақтың 6-шы тісін жұлдырғанын айтады. Содан кейін іріңді бөлініс пайда болған. Алдыңғы риноскопияда: мұрынның кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген, ортаңғы мұрын жолында іріңді жолақ анықталадыі. Гаймор қуысы пальпация кезінде ауырсынады. Дәрігердің тактикасы қандай?
мұрын қуысын бактериологиялық зерттеу
ортаңғы мұрын жолының кілегей қабатының анемизациясы
стоматологтың қарауы
мұрын маңы қойнауларының рентгенографисы
мұрын сүйектерінің рентгенографиясы
Науқас 27 жаста мойынның орталық кистасы анықталып, хирургиялық ем тағайындалды. Операция жергілікті анестезиямен жүргізілді. Науқас операциялық жарақат орнының ауырсынуына шағымданады. Хирург түзілістің түбіріне 0,5% анестетик ерітіндісімен инфильтрациялық анестезия жүргізді. Операция барысында 5 минуттан кейін науқаста-ентігу, кейін тұншығу,акроцианоз пайда болды. Болжам диагноз?
көмейдің қатерсіз түзілісі
көмейдің аллергиялық ісінуі
өңештің ісінуі
өңештрахеялық жыланкөз
мойын флегмонасы
Науқас 25 жаста шағымы мұрын аймағындағы ауырсынуға, дене температурасының 39 дейін көтерілуіне, қалтырауға, мұрын тіндерінің қызаруына. Ауырғанына екі күн. Қараған кезде: мұрынның қырында шекаралары айқын қызару анықталады, көбелектің қанаты тәрізді мұрынның бүйір қабырғасына жайылған, басқанда ауырсынады. Алдыңғы риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы қызғылт, мұрын жолдары кен, бос, мұрын пердесі орталық сызықта, мұрыннан тыныс алу еркін. Болжам диагнозы қандай?
мұрынның тілме ауруы
мұрын шиқаны
мұрын пердесінің абсцессі
мұрын пердесінің гематомасы
мұрынның ринофимасы
Науқаста жедел дамыған көмей баспасына байланысты,төменгі трахеостомия жасалды. Отадан кейін 3 сағат өткен соң, кезекші дәрігер жедел палатаға шақырылды. Науқастың мойын және кеуде клеткасының алдыңғы аймағының жұмсақ тіндерінің ұлғаюы бар. Аталған аймақта пальпацияда крепитация анықталады. Хирург қандай жедел іс-шара қолдану қажет?
кеуде клеткасының рентгеноскопиясы
жіптерді жартылай алып тастау
коникотомия
мойынның УДЗ
медиастенотомия
Бала 6 жаста ЛОР бөліміне келіп түсті. Құрбыларымен ойнап жүргенде күнбағыс «дәніне» түйіліп қалған, бірден көгеріп ұстамалы жөтел басталған, содан соң құсқан. Жөтел басылған, бірақ ентігудің пайда болуына байланысты, дәрігердің көмігіне жүгінген. Объективті: оң жақ диагфрагма үстінде перкусия кезінде тұнық дыбыс естіледі. Аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде вейзикулярлы тыныс әлсіз, көптеген әртүрлі калибрдегі сырылдар естіледі. Қандай диагноз қоясыз?
өңештің бөгде денесі
бронхтың бөгде денесі
көмейдің бөгде денесі
көмей ангинасы
трахеяның бөгде денесі
14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?
қабақтың ісінуі
орбитаның флегмонасы
вазомотор риниті
кавернозды синустың тромбоз
менингит
Науқас 65 жаста балық сорпасын ішу кезінде, тамақтың төменгі жағында кенеттен шаншу пайда болған. 4 сағаттан соң ЛОР бөлімшесіне келіп түскенн. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синуста клегеймен пен көпіршікті сілекейдің жиналуы анықталады. Диагноз қою үшін дәрігер не істеу керек?
сұйық бариймен өнештің рентгеноскопиясы
тура лариноскопия
мұрын-жұтқыншақты саусақпен қарау
мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы
терапевт дәрігерінің кеңесі
Пункция гаймор қуысына қай мұрын жолы арқылы жасалады?
төменгі
ортаңғы
жоғарғы
жалпы мұрын жолы
алдыңғы |