Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын кім қабылдады

  • 3. ҚР мемлекеттік рәміздеріне мыналар жатады

  • 4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп...

  • 5. Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының міндеттері

  • 3-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының кеңістікте қолданылуы

  • 7. .Әкімдер өз құзретіндегі мәселелер бойынша қандай нормативтік актілер қабылдайды Конституциялық іс жүргізу туралы қолданыстағы заңнама

  • 8. Аталғандардың қайсысы мемлекеттік қызметшіге жатады Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары

  • 9. Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады

  • 10. Кім мемлекет атынан заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғарғы қадағалауды жүзеге асыруды

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    Құқық

    1-нұсқа

    1. Қазақстан Республикасының басқару нысаны

    Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері.

    Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.

    Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.

    Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді

    Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады.

    Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен.

    Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды.

    2. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын кім қабылдады

    Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады

    1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

    1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

    Конституция құрылымы

    I бөлім. Жалпы ережелер

    II бөлім. Адам және азамат

    III бөлім. Президент

    IV бөлім. Парламент

    V бөлім. Үкімет

    VI бөлім. Конституциялық кеңес

    VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

    VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

    IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

    3. ҚР мемлекеттік рәміздеріне мыналар жатады:

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

    Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

    Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

    Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

    4. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп...

    Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

    Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

    1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

    2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

    3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

    Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

    Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

    1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

    2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

    Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады.

    5. Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар?

    Күштеу теориясы

    Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

    Географиялық теория

    Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин.

    Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

    Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

    Жоспар

    Патриархаттық теория

    •Мемлекет ұғымы, белгілері

    •Теократиялық теория

    •Патриархаттық теория

    •Қоғамдық келісім теориясы

    •Күштеу теориясы

    •Географиялық теория

    •Марксистік теория

    •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Бұл теорияның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын - рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

    Мемлекеттің пайда болуы

    Мемлекет ұғымы

    Мемлекеттің пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі, соған байланысты мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар(теориялар) қалыптасқан

    Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін, өзіндік басқару аппараты бар саяси ұйымды айтамыз.

    Қоғамдық келісім теориясы

    Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Бұл теория бойынша мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды деп есептелінеді.

    Теократиялық теория

    Мемлекет белгілері

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Психологиялық теория

    •А.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.,1997ж.

    •Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2005ж.

    •Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

    •Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2005ж.

    •Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

    •Және википедия интернет парақшалары

    Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

    Марксистік теория

    Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский.

    Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес, мемлекеттің құрылуы - Құдайдың ісі, кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау - Құдайға қарсы шығумен тең деген түсінік.

    •Белгіліленген шекарасы, территориясы бар;

    •Өзіне тиісті билік жүргізу органдары бар;

    •Егеменді, ішкі және сыртқы істерін атқаруда тәуелсіз, дербес;

    •Үкімет аппаратын ұстау үшін халқы салық төлейді;

    •заң шығару құқығы бар және сол заңды мемлекет тұрғындарының бұлжытпай орындауы;

    Негізін салушы: Карл Маркс

    Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туғандейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

    6. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалын алдын ала білсе, оған саналы түрде жол берсе әкімшілік құқық бұзушылық... жасалған деп танылады

    Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының міндеттері

    1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының міндеттері - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдардың, билік уәкілеттері бар лауазымды және өзге тұлғалардан қорғау, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, және олардың жасалуының алдын алу.

    2. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодекс әкімшілік жауаптылықтың негіздерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қолданылатын жазалау түрлерін және өзге де әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын белгілейді.

    3-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының кеңістікте қолданылуы

    1. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиіс.

    2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылыққа да қолданылады.

    3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық суда немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Тұрған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесінде немесе әскери әуе кемесінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықта болады.

    4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкімшілік жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

    7. .Әкімдер өз құзретіндегі мәселелер бойынша қандай нормативтік актілер қабылдайды

    Конституциялық іс жүргізу туралы қолданыстағы заңнама: 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңының сәйкес ережелері

    Осы заңда пайдаланылатын 1-баптың 34) тармақшасындағы негізгі ұғымдар: уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыретiне сәйкес құқықтық актiлерді қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Парламент Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар);

    Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жүйесін айқындайды, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік емес құқықтық актілердің құқықтық мәртебесінің аражігін ажыратады.

    2. Осы Заң:

    1) Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау, өзгерту, толықтыру және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;

    2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін;

    3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;

    4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.

    4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету

    1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды.

    8. Аталғандардың қайсысы мемлекеттік қызметшіге жатады

    Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары.

    9. Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады

    Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

    10. Кім мемлекет атынан заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғарғы қадағалауды жүзеге асыруды

    Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта