Главная страница
Навигация по странице:

  • 97. Әкімшілік жаза дегеніміз не Әкімшілік жаза

  • 98. Төмендегілердің қайсысы құқық қорғау органдарына жатады Құқық қорғау органдары

  • 99. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының күзетуді және қорғауды қамтамасыз ететін орган

  • 100. Қанша жастан бастап және кімдер судья бола алады

  • 101. Азаматтық құқықтың пәні нені құрайды

  • 102. Азаматтық құқықтың субъектілерін көрсетіңіз

  • 103. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі қай кезден пайда болады

  • 104. Мәмілелер қандай нысанда жасалады

  • 105. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты

  • 106. ҚР Қылмыстық кодексі қай кезде заңды күшіне енді

  • 107. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам...

  • 108. Сотталғандарға тағайындалатын қосымша жазаның мақсатын көрсетіңіз

  • 109. Қылмыстық-атқарушы заңдарда сотталған немес оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленеді ме

  • 110. «Неке және отбасы туралы» ҚР

  • 112. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қай кезден бастап туындайды

  • 113. Егер жеке еңбек шартында оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол қанша мерзімге жасалынған болып есептелінеді

  • 114. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 24 сағат болғанда бір күндік жұмыс уақыты...

  • 115. ҚР-ның Бюджет кодексі қай кезде қабылданды

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    96. Жергілікті органдар кім болып табылады

    Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы[1] қабылданды.

    Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.

    Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

    Әкім—Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.

    97. Әкімшілік жаза дегеніміз не

    Әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданатын және құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. ҚР ӘҚБт. К 44 бабының 1 тармағы.

    98. Төмендегілердің қайсысы құқық қорғау органдарына жатады

    Құқық қорғау органдары – заң және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді

    99. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының күзетуді және қорғауды қамтамасыз ететін орган

    4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау

    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады.

    2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады.

    3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі.

    Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

    Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі.

    4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.

    100. Қанша жастан бастап және кімдер судья бола алады

    25 жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтар.

    101. Азаматтық құқықтың пәні нені құрайды

    Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

    Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

    Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

    102. Азаматтық құқықтың субъектілерін көрсетіңіз

    Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.

    2.Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.

    3.Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

    4.Азаматтығы жоқ азаматтар.

    Азаматтық алмаған азаматтар.

    3.Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ. Яғни Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

    аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

    103. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі қай кезден пайда болады

    Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Азаматтық кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкін. Заңды тұлғаның қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген төртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады

    104. Мәмілелер қандай нысанда жасалады

    Мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

    Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус

    105. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

    1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

    3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

    4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

    5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

    106. ҚР Қылмыстық кодексі қай кезде заңды күшіне енді

    Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланганына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мэлім. 1997 жылгы 16-шіл- деде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституциялық Кеңесінің (кей елдерде Конституциялықсот) шешімдері және ҚазақстанРеспубликасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады.

    107. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам...

    Қылмысты орындаушы - қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам.

    108. Сотталғандарға тағайындалатын қосымша жазаның мақсатын көрсетіңіз?

    Қылмыстық заңда көрсетілген қосымша жаза ретінде қолданылатын басқа да жаза түрлері санкцияларында көрсетілмесе немесе жазаның негізгі шараларының бірі ретінде аталған болса, бірақ сол түрде сотталушыға таңдалып алынбаса да, соттың мұндай жазаны тағайындауға қақысы бар. Мұндайда қосымша жазаның тағайындалғандығы туралы үкімнің қорытынды бөліміндегі шешімде ҚК-тің 26-бабына деген сілтеме болу керек. Қосымша жазалар сотталушыны айыпты деп таныған қылмыстық заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-тің 26-бабы негізінде қолданылса, оның мерзімі заңның жазаның осы түріне белгілеген шегінде тағайындалады.

    109. Қылмыстық-атқарушы заңдарда сотталған немес оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленеді ме

    Сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленуге жатпайды.

    Ескертпе. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған жағдайда тәркіленуге жатпайды.

    Бұл ретте осы бапқа ескертпенің ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлік пен ақшаға қолданылмайды.";

    110. «Неке және отбасы туралы» ҚР

    Осы кодекс неке-отбасы қатынастардың реттеудің мақсаттарын,міндеттерін,қағидаларын және құқықтық негіздерін анықтайды,отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басты бағыты ретінде айқындай отырып ,оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді 7-бөлім,33-тарау,283-бап,

    111. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жекет қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті жіне толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ-бұл....

    Отбасы - қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ.

    Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде осы саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар, отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.

    112. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қай кезден бастап туындайды

    Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хатактілерін жазу органдарында некеге тұру (ерлі-зайыптылық)мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

    113. Егер жеке еңбек шартында оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол қанша мерзімге жасалынған болып есептелінеді

    Жеке еңбек шарты – жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында жасалынған екі жақты келісім. Ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызметбойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндетенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа, заңдылықтар мен және тараптардың келісімімен қарастырылған ақшалай өтемдірді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен және жағдайын қамтамасыз етуге міндетенеді.

    27-бап. Еңбек шартының мерзімі

    Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi жазылмаса, онда шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi. Белгiсiз мерзiмге жасалған шарт осы Кодексте көзделген жағдайларда немесе тараптардың келiсiмiмен белгілi бiр мерзiмге қайта жасалуы мүмкiн.

    8-бап. Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi

    Егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқытып-үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар

    114. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 24 сағат болғанда бір күндік жұмыс уақыты...

    Жұмыс уaқыты - бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі

    Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі:

    1 он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар:

    •он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

    •он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.

    1 ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

    2бірінші және екінші топтағы мүгедектерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын.

    Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):

    1 Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.

    2 Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады

    3Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі

    115. ҚР-ның Бюджет кодексі қай кезде қабылданды

    Алғашқы рет 2004 жылғы Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастардың мәселелері жүйелендіріліп, орта мерзімді кезеңге арналған тұрақты бюджетаралық қатынастар туралы норма қабылданды.

    Осы уақыттан бастап мынадай орта мерзімді кезеңдерге: 2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға, 2011-2013 жылдарға, 2014-2016 жылдарға, 2017-2019 жылдарға және 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы алты заң әзірленді.

    Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, мемлекет қаржысын басқарудың заманауи жүйесінің негізі қалыптастырылды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №590 Жарлығымен бекітті. Тұжырымдама 2020 жылға дейінгі бюджет саясатын қалыптастырудың пайымын, негізгі тәсілдерін және мемлекеттік қаржы саласындағы кешенді реформаларды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды айқындайды.

    Орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарын ескере отырып, мемлекет қаржысының теңгерімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бюджет саясатының мақсаты ретінде айқындалды.

    Жаңа жаһандық нақты ахуалда бюджет саясатының негізгі басымдығы бюджет ресурстарын қатаң үнемдеу, Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау болуы тиіс.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта