Главная страница
Навигация по странице:

  • 33. ҚР-ның жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, тағы басқа табиғи байлықтары кімнің меншігіне жатады

  • 34. Мемлекеттегі биліктің бөлінуі нені білдіреді

  • 35. Нақты заңдылық басқару бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас нормативтік құқықтық акт.

  • 36. .Тұлғаның белгілі бір мемлекетпен саси-құқықтық байланысы қалай аталады

  • 37. Құқық бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағыдайда ғана... жатады

  • 40. Көрсетілгендердің қайсысы Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне кіреді

  • 41. Сот билігі кімнің атынна жүзеге асырылады

  • 42. ҚР Бас Прокурорының өкілеттік мерзімі

  • 43. Төмендегілердің қайсысы мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға жатпайды

  • 44. Заңды тұлға дегеніміз (мазмұны)

  • 45. Жылжымайтын мүлікке жататындарды көрсетіңіз Жылжымайтын мүлік

  • 46. Сенімхат қанша мерзімге берілуі мүмкін

  • 47. Қылмыс құрамының негізгі субъектісінің негізгі белгісін табыңыз

  • 48. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немеес оның орындалуына басшылық еткен адам...

  • 50. ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген жазаның қай түрі қазір қолданылмайды

  • 51. Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірлеушіні қинап қылмыс жасау-бұл...

  • 52. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

  • 53. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты қай кезде күшіне енеді

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    32. ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

    Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, еркін өмір сүруге, қалаған ақпаратты алуға және жазуға, ана тілімізде сөйлеуге заңды түрде құқылымыз. Себебі, биліктің қайнар көзі халық болып саналады. Аталған тұжырымды еліміздің Ата Заңы 1, 3, 7, 19, 20 баптарында нақтылап көрсеткен.

    Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын өкілді орган – Жоғарғы Кеңес 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған. 33 мыңға жуық ұжымдық талқылау өткізіп, 1100-ден астам түзетулер мен толықтырулар енгізіп жаңа Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда бекітілді.

    Нәтижесінде 1993 жылғы үлгіден Парламентті Сенат пен Мәжіліс атты екі палатаға бөлу, Жоғарғы Кеңестің таратылуы, Парламенттің заңнамалық функциясын Президент, Үкімет, Парламент атты үш институтқа бөлу сынды ауқымды сәттермен ерекшеленді.

    Мәліметтерге сүйенсек, 1995 жылғы ҚР Ата Заңында Франция Конституциясының негізгі қағидалары басшылыққа алынған. Бұл Конституцияда күшті президенттік билікті орнықтыруға мүмкіндік берді. 1993 жылғы Конституция іс жүзінде парламенттік-президенттік республика сипатын бекіткен болатын. Бұл өзгерістің басты себебі парламенттік немесе парламенттік-президенттік республикаларда саяси дағдарыстар жиірек орын алуымен түсіндірілді.

    1995 жылы бүкіл халықтық референдуммен қабылданған 95 баптан тұратын Қазақстан Конституциясына Парламент арқылы барлығы 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, 1998 жыл, 2007 жыл, 2011 жыл, 2017 жыл, 2019 жыл.

    1998 жылы Конституцияның 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірінші кезекте, өзгерістер Президенттің, Парламент депутаттарының мерзімдері мен функцияларына қатысты болды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер үшін бұрын қарастырылған жоғары жас шегі жойылды. «35 жастан асқан адам президент болып сайлана алады» деген сөйлем «40 жастан асқан» деп өзгертілді және «65 жастан аспаған» деген сөзді алып тастады.

    Мысал келтіретін болсақ, 2019 жылы Президенттікке үміткерлердің дүниеге келген жылдары төмендегідей:

    Түгел Сәді-Бек 1955 жылы (64 жас)

    Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы (66 жас)

    Таспихов АмангелдіСатыбалдиевич 1959 жылы (60 жас)

    Еспаева Дания Мадиевна 1961 жылы (58 жас)

    Ахметбеков Жамбыл Аужанович 1961 жылы (58 жас)

    Рахимбеков Толеутай Сатаевич 1964 жылы (55 жас)

    Косанов Амиржан Сагидрахманович 1964 жылы (55 жас)

    Яғни, жоғары шектелген жас шамасы болған жағдайда тізімдегілердің екеуі 2019 жылы сайлауға түсе алмайтын еді.

    2007 жылғы түзетулер мынадай: пропорционалды сайлау жүйесіне көшу; премьер-министрді парламенттік көпшілік дауыспен бекіту туралы норманы енгізу және үкімет басшысын тағайындау кезінде президенттің партиялық фракциялармен консультациялар рәсімі есебінен Парламент мәртебесін нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді және белгіленген квотаға сәйкес өз өкілдерін Парламент Мәжілісі мен Сенатына жіберу құқығына ие болды.

    Негізгі түзетулер ҚР Президентінің мәртебесіне қатысты еді. «Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент лауазымын атқара алмайды» деген ереже енгізілді, президенттің өкілеттілігін орындау мерзімі 5 жылға дейін қысқартылды (бұрын 7 жыл болған). Президент Қазақстан Республикасында соңғы 15 жыл тұрақты тұруға тиіс деген ереже енгізілді (бұрын Қазақстанда тұру уақыты анықталмаған, тек оның мерзімі болды). Сонымен қатар, Конституцияда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша жағдайы тіркеліп, лауазымда болу мерзімі бойынша шектеу қолданылмайтыны, ал Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі жеке Конституциялық заңмен айқындалатыны көрсетілді.

    33. ҚР-ның жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, тағы басқа табиғи байлықтары кімнің меншігіне жатады

    1)Азаматтардың меншігіне.

    2)Табиғатты қорғайтын ұйымдардың меншігіне.

    3)Сол аумақта тұратын халықтың меншігіне.

    4)Мемлекеттік меншікке.

    5)Аталған құқықты мемлекеттен алғандардың меншігіне.

    34. Мемлекеттегі биліктің бөлінуі нені білдіреді?

    Биліктердің бөлінуі — құқықтық мемлекеттегі заңнамалық, атқарушылық және соттық биліктен тұратын мемлекеттік билік тармақтарының, бір-бірінен дербес және тәуелсіз түрде әрекет етуі тиіс принцип.

    Шамадан тыс күшті биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, халықтың, елдің, мемлекеттің мүдделерін есепке алу мақсатымен жүзеге асырылады. Биліктердің бөліну принципі жүзеге асырылатын мемлекеттерде, мемлекеттік биліктің үш міндетінің біреуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган, өзара бірлесіп әрекет етеді және бұл жағдайда бір-бірін шектеп отырады. Қазіргі заман дәуірінде биліктердің бөліну принципі конституционализмнің ең негізгі идеясы болып табылады.

    35. Нақты заңдылық басқару бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас нормативтік құқықтық акт.

    Нормативтік құқықтық акт

    Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

    36. .Тұлғаның белгілі бір мемлекетпен саси-құқықтық байланысы қалай аталады?

    1)Мәртебе

    2)Құзырет

    3)Кепілдік

    4)Азаматтық

    5)Заңдастыру

    37. Құқық бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағыдайда

    ғана... жатады:

    Әкімшілік жауаптылыққа жатады

    38. ҚР-ның 20 жасқа толған азаматы депутат болып сайлана алады:

    Мәслихаттың

    39. «Администрация» сөзі латын тіліннен аударғанда нені білдіреді?

    Басқару

    40. Көрсетілгендердің қайсысы Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне

    кіреді?

    Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше әскери жағдай азуалында қамтамасыз ету;

    Қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;

    Заңдарда белгіленген өздерінің құзіреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

    Кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және алдын алу;

    Қажет болған жағдайда мемлекеттік өрттен өорғау, қызметті органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

    Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етді мемлекеттік қадағалау және бақылау;

    Жалпы айтқанда ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    41. Сот билігі кімнің атынна жүзеге асырылады

    Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қайтару, құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды жазалау. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

    42. ҚР Бас Прокурорының өкілеттік мерзімі

    Бас Прокурор — мемлекеттегі заңдардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын ең жоғары лауазым иесі. Парламент Сенатының келісімімен ҚР Президенті Бас Прокурорды 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды және босатады.

    43. Төмендегілердің қайсысы мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға жатпайды

    Мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Мысалы: азаматтың есімі, оның қадір-қасиеті; әдеби туындылар; драмалық және музыкалық-драмалық туындылар.

    Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

    44. Заңды тұлға дегеніміз (мазмұны)

    Заңды тұлға — оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша оларға жауап беретін, өз атынан азаматтық құқықтарға ие бола алатын және жүзеге асыра алатын, азаматтық міндеттерді атқара алатын, дауларды сотта шешкен кезде өз атынан әрекет ете алатын ұйым немесе кәсіпорын.

    45. Жылжымайтын мүлікке жататындарды көрсетіңіз

    Жылжымайтын мүлік — азаматтық актіде жеке тұлға не заңды тұлғаның иелігіндегі жер және басқа жер-сулар, сол жердегі қозғалмайтын мүліктер (ғимараттар, заводтар және т.б.)

    46. Сенімхат қанша мерзімге берілуі мүмкін

    Сенімхат сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

    47. Қылмыс құрамының негізгі субъектісінің негізгі белгісін табыңыз

    Қылмыс субъектісі қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.

    Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4,6,7 баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады.

    48. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немеес оның орындалуына басшылық еткен адам...

    Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.

    49. Жаза дегеніміз

    Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мәнжайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген. Жаза тағайындау кезінде қылмыстардың қайталануы, бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі, алдыңғы жазаның тәрбиелік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайлар, сондай-ақ, жаңадан жасалған қылмыстың сипаты ескеріледі. Егер айыпкер үкім шығарғаннан кейін, жазаны толық өтемей жатып жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша тағайындаған жазаға алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот әрбір қылмыс үшін бөлек жаза тағайындап, түпкілікті жазаны тағайындалған жазалармен толық немесе ішінара біріктіру жолымен белгілейді. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын жазалар әкімшілік шара деп аталады.

    50. ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген жазаның қай түрі қазір қолданылмайды

    ҚР Қылмыстық кодексінде өлім жазасы қолданылмайды, өлім жазасы тиісінше өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады. ҚР Заңына сәйкес 48-бапы бойынша өлім жазасы: 1) Ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі. 2)Өлiм жазасы он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. 3)Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. 4)Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторидің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады. 5)Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторидің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.

    51. Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірлеушіні қинап қылмыс жасау-бұл...

    қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні кинап қылмыс істеу. Мұндай кылмыстар көбінесе жеке адамдарға карсы, басқа да жеке адамдардың өміріне, денсаулығына, бостандығына қарсы жасалады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, қарақшылык, бұзақылык, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатыгездікпен басқа да кылмыстар істелінуі мүмкін. Мысалы,276-бап жануарларға қатыгездік жасау.Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен кылмыс істеу кылмыскердің осы тәсілдер арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тәнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және моральдык ауырлықты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау немесе жәбірленушіні жанын қинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті қоркытып талап ету, т. б. әрекеттер. Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыккан арсыздыкпен қылмыс істеп, онын ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу аркылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.Осы айтылғандарды жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінін ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыс істеу тәсілін колдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.

    52. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар?

    Некеге тұруға: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

    53. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты қай кезде күшіне енеді?

    Неке шарты әрекетке қабілетсіз адам некені тіркегенге дейін жасалады, яғни бұл не әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, не эмансипация нәтижесінде әрекетке қабілетсіздігі белгіленген азаматтар. Бірақ бұл кәмелетке толмағандардың неке шартына қол қоюына болмайды дегенді білдірмейді. Олар мұны істей алады, бірақ некені тіркегеннен кейін ғана, сондықтан осы оқиғадан кейін олар толығымен әрекетке қабілетсіз болып саналады. Мұндай некеге дейінгі келісім ерлі-зайыптылардың өмірінің кез келген уақытында жасалуы мүмкін. Егер шарт неке тіркелгенге дейін жасалған болса, онда ол некені мемлекеттік тіркеген кезден бастап күшіне енеді. Қорытынды жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландыруға жатады. Оны жасау тараптардың жеке қатысуын талап етеді, мұндай келісімді өкіл арқылы жасасу мүмкін емес. Шарт үш данада жасалады: біреуі күйеуіне, біреуі әйеліне, екіншісі нотариуста сақталады. Неке шартын куәландырғаны үшін баж айлық есептік көрсеткіштің 500% құрайды. Өзгерту немесе тоқтату ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта болады. Неке шартын өзгерту немесе бұзу туралы келісім де нотариуспен жасалады. Неке шартында неке бұзылғаннан кейінгі кезең үшін көзделген міндеттемелерді қоспағанда, неке шарты неке бұзылған кезден бастап тоқтатылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта