Главная страница
Навигация по странице:

  • 117. Төмендегілердің ішінен салықтың түріне жатпайтынын табыңыз

  • 118. Қандай жер учаскелері жеке меншік бола алмайды

  • 119. Жер пайдалану құқығы қандай құқық болып табылады

  • 120. ҚР Конституциясы (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар) бойынша ҚР Президенті қанша жылға сайланды

  • 3 Нұсқа

  • 123. Жергілікті атқарушы органдар қандай жүйеге кіреді Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай

  • 124. Мемлекеттік қызмет дегеніміз Мемлекеттік қызмет

  • 125. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне...

  • 126. Республиканың Бас Прокурорын қызметке кім тағайындайды Бас Прокурор

  • 127. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қандай қаражат есебіннен Жүргізіледі

  • 128. Мүліктік қатнас дегеніміз Азаматтық құқық

  • 129. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі қай кезден басталады

  • 130. Азаматтық құқықтың объектілерін көрсетіңіз

  • 131. Қай кезде мәмілелер жарамсыз болып табылады

  • 132. Қылмыс дегеніміз не

  • 133. Заңның кері күші қай кезде болады

  • 134. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам..

  • 135. Қоғамдық жұмыстарға тарту дегеніміз не

  • 136. Қандай жағыдайда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсетіңіз

  • 137. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін...

  • 138. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап қанша мерзім өткен соң жүргізіледі

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница7 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    116. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы-«теңге» қай кезде айналымға енгізіді

    1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлығы шықты. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның Ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

    1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8.00-ден қазақстандықтар банктерге ағылып, ұзын-сонар кезекте тұрып, Кеңес Одағының сомын жаңа қазақстандық теңгеге айырбастай бастайды. Ескі ақшаны айырбастау процесі 20 қарашада кешкі 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк 1 теңгені 1000 сомға бағалаған еді. Алайда, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері мен мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сом болып бекітілді.

    Қажет жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңгені өзіміздің мамандар шығаратын болды. 1995 жылдың мамыр айында тұңғыш банкнот фабрикасы ашылды. Қазір банкнота Ұлттық банктің Алматыдағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

    Теңге банкноталарының тарихында негізгі 3 серия болды: портреттік серия, "Бәйтерек" сериясы, "Самұрық" сериясы

    117. Төмендегілердің ішінен салықтың түріне жатпайтынын табыңыз

    Салыққа түріне жатады: Салық субьектісі,салық салынушы,салық базасы,салық салудың өлшемі(еденицасы),салық мөлшерлемесі,салық төлеудің мерзімі мен тәртібі,салық женілдіктері,үлес(квота)

    118. Қандай жер учаскелері жеке меншік бола алмайды

    Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,

    ауыл шаруашылығы мақсатындағы;

    қорғаныс;

    ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

    орман және су қорлары;

    елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлер.

    119. Жер пайдалану құқығы қандай құқық болып табылады

    Жер пайдалану құқығы-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін мерзімсіз (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

    120. ҚР Конституциясы (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар) бойынша ҚР Президенті қанша жылға сайланды

    Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. 2-тармаққа өзгерту енгізілді-ҚР 98.10.07 № 284-I (ескі қараңыз) Заңымен.

    3 Нұсқа

    121. Атқарушы органның біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің

    жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтық дамыту мүдделерін және

    қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді...

    Жергілікті атқарушы органдар

    122. Әкімшілік құқықтық қатнастар

    Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

    123. Жергілікті атқарушы органдар қандай жүйеге кіреді

    Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi

    124. Мемлекеттік қызмет дегеніміз

    Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады.

    125. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне...

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін басқаратын әрі заңмен қарастырылған және құқық қорғау қызметі саласында мемлекет саясатын жасайтын және іске асыратын, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қауіпсіздікті мен қоғамдық тәртіпті қорғауға салааралық бағыт-бағдар беруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі:

    • облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

    • Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;

    • ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру. Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.

    126. Республиканың Бас Прокурорын қызметке кім тағайындайды

    Бас Прокурор — мемлекеттегі заңдардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын ең жоғары лауазым иесі.[1]

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры елдегі прокуратура органдарының орталықтандырылған жүйесіне басшылық жасайды. Өз уәкілетін жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға тәуелсіз болады, тек республика Президентіне ғана есеп береді. Қазақстан Республикасының Конституциясында Бас Прокурорды өз уәкілетін атқарып жүрген мерзім ішінде Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот төрелігімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайтыны көзделген. Ол қылмыс үстінде ұсталған не ауыр қылмыстар жасаған реттерде ғана тікелей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Парламент Сенатының келісімімен ҚР Президенті Бас Прокурорды 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды және босатады.

    Республиканың Бас Прокуроры: 1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;

    2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды; 3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады

    127. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қандай қаражат есебіннен

    Жүргізіледі

    Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

    Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. Сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

    Барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.

    128. Мүліктік қатнас дегеніміз

    Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес, жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

    Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.

    Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

    Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

    Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады.

    Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің жағдайын және т.6.)

    129. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі қай кезден басталады

    Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Заңнамалық актілерде көзделген реттер мен тәртіптерде болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінде, шектелуіне жол берілмейді

    130. Азаматтық құқықтың объектілерін көрсетіңіз

    Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады

    131. Қай кезде мәмілелер жарамсыз болып табылады

    Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

    а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);

    ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, зан бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

    6) есуастық, немесе ақыл-eci кем 6onyы салдарынан apekeT қабілетілігі жоқ деп табылған адам жасасқан мәмле жарамсыз болады. Кейінен әрекет қабілетілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәмле (AK-TiH 26-6a6b1), егер мәмлені жасау кезінің өзінде ақ бул азаматын психикалык шатасу жагдайында болганы далелденсе онын корганшысынын талабы бойынша сот мәмлені жарамсыз деп тануы мумкін

    B) Сот әрекет қабілетілігін шектеген адам жасақан мәмлені сот оның қамқоршысының талап ету бойынша жарамсыз деп тануы мумкін

    г) әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойыншажарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы).

    Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет кабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157-ба-бынын 3 -- 6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін.

    Қысқаша он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле, есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле, заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәміле осы аталғандардың барлығы

    132. Қылмыс дегеніміз не

    Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

    Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады

    133. Заңның кері күші қай кезде болады

    Заңның кері күші қай кезде болады?

    1)жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін кезде.

    2)әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін кезде.

    3)жауаптылықты күшейтетін кезде.

    4)жазаны күшейтетін кезде.

    134. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де

    жолмен қылмыс жасауға көндірген адам..

    Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап

    салушы жəне көмектесуші деп бөледі.

    • Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам.

    • Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады.

    Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады.

    135. Қоғамдық жұмыстарға тарту дегеніміз не

    Қоғамдық жұмыс деген-ақы төленбейтін,азаматтардың ерікті түрде жасайтын қосымша жұмысы. Оларға: жазаны өтеуге сотталған тұлғалар,елдi мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.арналған жұмыстар жатады.

    136. Қандай жағыдайда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін

    мән-жайларды көрсетіңіз

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді

    1. мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім

    ауырлықтағы қылмыс жасау

    2. айыпкердің кәмелетке толмауы

    3. жүктілік

    4. айыпкердің жас балалары болуы

    5. қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және

    өзге де көмек көрсету

    6. жеке, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс

    жасау

    7. күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау

    8. қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса

    қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау

    9. шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа

    басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде

    алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

    137. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін...

    Некеге тұру шарты мен неке жасы

    Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және неке жасына жетуі қажет.Неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.

    10-бап. Неке жасы

    1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

    2. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

    3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

    4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

    5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

    138. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз

    берген күннен бастап қанша мерзім өткен соң жүргізіледі

    1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.

    Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

    2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.

    Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.

    3. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    4. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта