Главная страница
Навигация по странице:

  • 12. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмілетке толмағандар мәмілелерді кімнің келісімімен жасайды

  • 14. Сенімхат дегеніміз не

  • 15. Қылмыс құрамының негізгі белгілері

  • 16. Қылмысқа қатысу дегеніміз

  • 17. ҚР қылмыстық кодексі қанша бөлімнен тұрады

  • Жаңа қылмыстық кодекс екі бөлімнен , 467 баптан

  • 19. Сенімхатты біржақты түрде тоқтатуға бола ма

  • 21. Неке шарты дегеніміз не

  • Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет

  • 23. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына қанша сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленеді

  • 24. Ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағыдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына қанша сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленеді

  • 25. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күні басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы

  • 26. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістер

  • 28. Экологиялық құқықтың объектілеріне нелер жатады

  • 29. Жер учаскесіне меншік құқығы қандай негіздерде туындайды

  • 30. ҚР Экология кодексі қай кезде қабылданды

  • 31. Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясының негізін қалаушылар

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    11. Мүліктік емес жеке қатнастардың түрлері

    Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.

    12. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмілетке толмағандар мәмілелерді кімнің келісімімен жасайды

    Ата ананың келісімімен жасайды!

    13. Азаматтық құқықтағы игіліктерді көрсетіңіз

    Азаматтық құқық объектілері- мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық объектілерінің түрлері 1. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. 2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады. З. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол

    14. Сенімхат дегеніміз не

    Сенімхат— сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкiлдiгi. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады. Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:1) мәміле жасау;

    2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;

    3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;

    4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.

    Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады:

    1) мерзімінің өтуі;

    2) көзделген әрекеттің орындалуы;

    3) Сенімхат беруші тұлғаның сенімхат күшін жоюы;

    4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

    5) Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;

    15. Қылмыс құрамының негізгі белгілері

    Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау максатынсыз заңсыз илену (185- бап) осы баптың төрт элеметіне тоқталатын болсақ. Топтық объектісі - меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Объективтік жағы - автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз илену, яғни айдап кету. Бұл бапта әрекет арқылы жасалады. Ал қылмыс кұрамы формальдық қылмыс құрамын құрайды, яғни зардабтың болуына қарамастан қылмыс аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан – тікелей қасақана аркылы жүзеге асырылады. Міндетті белгісі болып ниет және мақсат танылады. Субъектісі – 16 жас ал, 2-3 тармағы бойынша 14 жастан, есі дұрыс адамдар субъектісі болып табылады. Осы керсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс кұрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа

    16. Қылмысқа қатысу дегеніміз

    Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

    17. ҚР қылмыстық кодексі қанша бөлімнен тұрады

    Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 04 шілдесінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қол қойылды.

    Бүгінгі қолданыстағы қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданып, оған осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өзгерістер енгізіліп келді. Сондықтан қылмыстық заңнаманы жетілдіру заман талабынан туындап отыр.

    Жаңа қылмыстық кодекс екі бөлімнен, 467 баптан тұрады, жалпы бөлім 98 баптан құралса, ерекше бөлімге 369 бап енгізілген.

    18. Бас бостандығын шектеу дегеніміз

    Бас бостандығын шектеу (ағыл. restriction of freedom; нем. Freiheitsbeschriinkungf) - Соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттерді жүктеуі.

    Бас бостандығын шектеу қоғамнан оқшауламай, бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтіледі.

    Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.

    Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша, сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердін күшін толық немесе ішінара жоя алады.

    19. Сенімхатты біржақты түрде тоқтатуға бола ма

    Болады

    20. Дәлелді себептер болған жағыдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органдары неке жасын қанша жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін?

    Дәлелді себептер болған жағдайда некені (ерлі-зайыптыларды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

    21. Неке шарты дегеніміз не

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.Неке шартын кез-келген уақытта жасай аласыз. Яғни, Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады.

    Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет?

    Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Неке шартын жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екеуіне де нотариусқа бару қажет, өзімен бірге Неке қию туралы куәлік. Ерлі-зайыптылардың әрқайсының жеке басын куәландыратын құжат. Егер шарт бұрын бар мүлікке қатысты жасалса, мүлікке құқықты белгілейтін құжаттар, сондай-ақ мүлікпен мәмілелерді рәсімдеуге қажетті басқа құжаттар (бұл қажет болған жағдайда әділет органының жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, бұл қажет болған жағдайда) болуы тиіс.

    22. Азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке еңбек шарт негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыру кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы-бұл...

    Еңбек қатынастары - жұмыс берушi мен қызметкердiң арасында тараптардың жеке еңбек шарты мен ұжымдық шарттар негiзiнде еңбек қызметiн жүзеге асыруына байланысты туындайтын қатынастар

    23. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына қанша сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленеді?

    14 жастан 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағаттан аспауы керек

    24. Ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағыдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына қанша сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленеді?

    Ауыр жұмыста, еңбек жағдайы зиянды не қауіпті жұмыста істейтін жұмыскер – аптасына 36 сағаттан аспауы керек.

    ✔ Мүгедек (I және II топ) – аптасына 36 сағаттан аспауы керек (күніне 7 сағаттан аспау керек).

    Ауыр жұмыста, еңбек жағдайы зиянды не қауіпті жұмыста істейтін жұмыскер үшін – тәулігіне 1 сағаттан аспауы керек;

    ▪ Үстеме жұмыс айына 12 сағаттан, жылына 120 сағаттан аспауға тиіс.

    25. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күні басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы

    Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда ) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).

    26. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістер?

    Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.

    Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.

    Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.

    27. Салық және басқа да түсімдер есебіннен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекетік міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры дегеніміз...

    Мемлекеттік бюджет.

    28. Экологиялық құқықтың объектілеріне нелер жатады

    Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

    Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

    1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

    2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

    3. Заңды тұлғалар.

    4. Жеке тұлғалар.

    Қысқасы экологиялық құқықтың обьектілеріне зерттейтін обьектілер яғни табиғат нысандары жатады.

    29. Жер учаскесіне меншік құқығы қандай негіздерде туындайды

    Жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:

    1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;

    2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;

    3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;

    4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;

    5) жеке және заңды тұлғалар.

    Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.

    30. ҚР Экология кодексі қай кезде қабылданды

    Үкімет отырысы барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі қабылданды.

    Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптерден тұрады, оларды жүзеге асыру, министрдің айтуынша, қоршаған ортаның ахуалын жақсартады.

    «Бірінші принцип – «ластаушы төлейді және түзетеді». (…) Мемлекет табиғатты пайдаланушыға экологиялық айыппұл төлегенше, қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін шаралар қолдану тиімді болатын жағдай жасауға тиіс. Бұдан бөлек, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бас тапқы қалпына келтіруге міндетті», — деді министр.

    Екінші принцип – қоршаған ортаға әсерді бағалауға (ҚОӘБ) жаңа тұрғыдан қарау. Осы принципке сәйкес, ҚОӘБ процедурасынан өту талабы өз үлесіне шығарылатын зиянды заттардың 80% келетін «бірінші санаттағы» 2,6 мың кәсіпорынға (бұрын мұндай талап 19 мың кәсіпорынға қолданған еді) қатысты болады. Атап айтарлығы, қоғам ҚОӘБ-ның барлық кезеңдеріне қатысатын болады.

    Үшінші және төртінші принциптер эмиссиялар үшін төлемдерге қатысты болмақ. Жаңа ережелерге сәйкес, зиянды заттарды шығару көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді технологиялардың үздігін (ҚТҮ) енгізген кәсіпорындар эмиссиялар төлемдерінен босатылады. Ал егер олар ҚТҮ-ға көшпейтін болса, эмиссиялар көбейетін болады. Бұдан бөлек, енді эмиссия төлемдері 100% көлемінде экологиялық шараларға жұмсалатын болады.

    «Бесінші принцип – зиянды заттардың шығарылуына мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру. Экологиялық кодекстің жобасында I-санаттағы нысандар үшін шығарылған және төгілген зиянды заттардың сандық және сапалық құрамы туралы уақтылы және анықталған ақпаратты алу мақсатында мәліметтерді өкілетті органға жіберетін өндірістік экологиялық мониторингтің міндетті түрде автоматтандырылуы қарастырылған», — деді Мырзағалиев.

    Сонымен бірге, кодекске экологиялық бақылауды күшейту принципі енгізілген. Енді экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есе артатын болады.

    «Жетінші принцип – өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру. Рұқсат берілмеген қоқыс орындарының санын қысқарту мақсатында қалдықтарды өңдеумен және ұқсатумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау енгізіледі, ал қоқыс шығаруме айналысатын ұйымдардың қызметі хабарлау сипатында болады», — деп түйіндеді Мырзағалиев.

    31. Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясының негізін қалаушылар

    Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторларментүсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді.Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарғажіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта