Главная страница
Навигация по странице:

  • 55. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда бір күндік жұмыс уақыты...

  • 56. Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы қанша күн демалыс беріледі

  • 57. Жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат дегеніміз-...

  • 59. Облыстық бюджет қандай органмен бекітіледі Облыстық маслихат60. ҚР Жер кодексі қашан қабылданды

  • 62. Абсолюттік монархияның белгісін көрсетіңіз Абсолюттік монархия (шектеусіз)

  • 63. ҚР Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім

  • 65. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы

  • 66. Әкімшілік құқық дегеніміз...

  • 67. Конституциялық монархияның белгісін көрсетіңіз

  • 68. Әкімшілік құқықтың жүйесі қандай бөлімнен тұрады

  • 69. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен қолданылатын жауаптылықтың шарасы Әкімшілік құқық бұзушылық

  • 70. Төмендегілердің ішінен мемлекеттік қызметшіні көрсетіңіз

  • 71. Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттріне не жатады

  • 72. Судья-сот төрелігін іске асырғанда кімге бағынады

  • 73. Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді кім жүзеге асырады

  • ҚҰҚЫҚ 150 сұрақ. ы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны


    Скачать 123.28 Kb.
    Названиеы 1нса азастан Республикасыны басару нысаны
    Дата28.02.2022
    Размер123.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚҰҚЫҚ 150 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #377242
    страница4 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    54. Жеке еңбек шарты дегеніміз не?

    Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді. Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді. Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді. Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады. Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

    •белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

    •белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

    •істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

    Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

    55. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда бір күндік жұмыс уақыты...

    Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.

    56. Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы қанша күн демалыс беріледі

    Кодекстің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56). Қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күнді демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99 бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі. Бала күтімі бойынша демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауға болады. ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысшы әйелді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді. Баланың күтіміне байланысты демалыс кезінде жұмыстан айрылам деп уайымдамаңыз. ҚР Кодексінің 54 бабына сәйкес, жұмыс беруші сізді жүктілік және бала күтімі бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа, 87 бабына сәйкес, жүктілікке, босануына және бала күтіміне байланысты демалыс уақыты еңбек өтіліне есептеледі, ал жүктілікке және босануға байланысты демалысты тіпті кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге үміттенуге мүмкіндік береді.

    57. Жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат дегеніміз-...

    Қаржыландыру

    58. Банкінің қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы...

    Несие беру

    59. Облыстық бюджет қандай органмен бекітіледі

    Облыстық маслихат

    60. ҚР Жер кодексі қашан қабылданды

    Маусым 2003 ж

    61. Мемлекеттің егемендігі дегеніміз...

    Егемендік (фр. souveraineté - жоғарғы билік, үстемдік) - бұл мемлекеттің сыртқы істердегі тәуелсіздігі және ішкі құрылымдағы мемлекеттік биліктің үстемдігі.

    Мемлекет ішіндегі егемендік келесі белгілермен көрінеді:

    -үкіметтің елдің барлық азаматтарын ұсынуға айрықша құқығы;

    -барлық қоғамдық, саяси, мәдени, спорттық және басқа да көптеген ұйымдар биліктің шешімдеріне бағынады;

    -мемлекет заң жобаларының авторы болып табылады, оған барлық азаматтар мен ұйымдар тек қана бағынуға тиіс;

    -үкіметтің басқа субъектілер үшін қол жетімді емес барлық ықпал ету рычагтары бар: төтенше жағдай енгізу мүмкіндігі, әскери немесе әскери операциялар жүргізу, санкциялар салу және т.б.

    62. Абсолюттік монархияның белгісін көрсетіңіз

    Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар).

    Абсолютті монархияның белгілері:

    •Король барлық заңдарды өзі шығарды

    •Король барлық салықтарды өзі белгілейді

    •Король қазынаны өзі басқарды

    •Король сөзі – барлығына заң

    •Шіркеу корольге бағынышты

    •Король сот мүшелерін өзі тағайындайды

    •Король салық жинаушыларды өзі тағайындайды

    •Барлық тұрғындар корольдің бодандары болды

    63. ҚР Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім

    ҚР Конс-ның 2 бөлімі, Адам және Азамат бөлімі,10-39 бап аралығы.

    64. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты қалай көрсетіледі

    Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

    Басты мақсаты: Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, барлық жеке тұлғалардың бостандықтары мен теңдігін тану мен оған кепілдік беру.

    65. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы

    Даркенбаев Қазақстан халқының конституциялық құқықтың субъектісі ретіндегі көрінісі 30 тамыз 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1 тармағында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық деп негізделгендігін алға тартады. "Елімізде Қазақстан халқының билікке араласуының негізі де осы норма болып табылады. Қазақстан халқының қандай негіздерде және қандай-әдіс-тәсілдер арқылы билік ісіне араласатындығы осы нормадан өрбіп одан әрі дамиды", -дейді ол.

    Биліктің бірден-бір бастауы ретіндегі Қазақстан халқының конституциялық құқықтық қатынастың қатысушылық сипатын, оның мынандай параметрлік деңгейлерінен көре алатындығымызды айтады.

    Біріншіден, Қазақстан халқы Қазақстан аумағындағы мемлекеттілікті құрушы және оның негізін қалаушы субъект екендігінде;

    Екіншіден, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің тұтастығын қамтамасыз етуші;

    Үшіншіден, Қазақстан халқы мемлекеттік билікті ұйымдастырушы және билікті жүзеге асырудың қағидаларын орнықтырушы.

    "Қазақстан халқының мемлекеттік биліктің тұтастығын қамтамасыз етуші бірден-бір субъект ретіндегі ерекшелігі жалпы барлық биліктің халыққа тиесілі екендігінен көрінеді. Осыған сәйкес Қазақстан халқы қандай жағдайда болмасын билікті өзінің қолына алуына абсолютті құқығы бар. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің ұйытқысы ретінде билікті негізінен мынандай нысандарда жүзеге асыра алады: Тікелей республикалық референдум арқылы; Еркін сайлау құқығы арқылы; Билікті жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға жүктеу арқылы", -деп атап өтті Асқат Даркенбаев өз сөзінде.

    66. Әкімшілік құқық дегеніміз...

    Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған Қр құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

    Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

    1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

    2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

    3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын

    67. Конституциялық монархияның белгісін көрсетіңіз

    Конституциялық монархия - бұл монарх әдетте патша немесе патшайымның жазбаша немесе жазылмаған конституция параметрлерінде мемлекет басшысы ретінде әрекет ететін басқару формасы. Конституциялық монархияда саяси билік монарх пен парламент сияқты конституциялық ұйымдасқан үкімет арасында бөлінеді. Конституциялық монархиялар - бұл монарх бүкіл билік пен халықты басқаратын абсолютті монархияларға қарама-қарсы әрекет. Ұлыбританиямен қатар қазіргі конституциялық монархиялардың бірнеше мысалына Канада, Швеция және Жапония кіреді.

    68. Әкімшілік құқықтың жүйесі қандай бөлімнен тұрады

    Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді.

    69. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен қолданылатын жауаптылықтың шарасы

    Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

    жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

    Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

    ескерту жасау;

    әкiмшiлiк айыппұл;

    әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

    арнайы құқықтан айыру;

    рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

    қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

    заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

    әкімшілік қамаққа алу;

    шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

    70. Төмендегілердің ішінен мемлекеттік қызметшіні көрсетіңіз

    Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары.

    71. Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттріне не жатады

    2 бап бойынша Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттеріне төмендегілер жатады:

    1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

    2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

    3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;

    3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;

    4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

    4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;

    5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

    6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

    7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

    8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;

    9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

    72. Судья-сот төрелігін іске асырғанда кімге бағынады

    1 баптың 3 тармағы бойынша судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

    Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.

    Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

    Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

    73. Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді кім жүзеге асырады

    Барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігін- алдын-ала тергеп тексеру сатыларының жалпы шарттарының бірі. Жасалған қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілігі дәрежесінің болатынын, қылмыс субъектілерінің ерекшеліктерін, қылмыстық ізге түсу органныңуәкілеттіктері көлеміндегі айырмашылықтарды ескерк отырып, заң шығарушы сотқа дейінгі қызметтің жоғарыда аталған екі нысанын көздеген:

    1.алдын-ала тергеу (алдын-ала іздестіру):

    2.анықтау

    Сотқа дейінгі қызметті тек осы екі нысанмен шектеу заңды органдарының құзіретін анықтап бөлуге болатын барлық іс жүргізу қырларын толық көлемде көрсете алмайды.

    Сондықтан заң шығарушы әрбір нысан шегінде өз түрлерін ескерген: мысалы: алдын-ала іздестіру мынадай түрлерде жасалады:

    өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізілетін алдын ала тергеу. ҚІЖК-ң 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес, лауазымды адамдар ,болып табылады. Тергеушілерге мыналар жатады: ішкі істер органдарының тергеушілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері, салық полициясы органының тергеушілері:

    2 ҚІЖК-ң 288-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайда анықтау органы жүргізетін алдын-ала тергеу.

    Бұл анықтау органы сотқа дейінгі қызметіне алдын-ала жүргізуміндеті болып табылмайтын істер бойынша алдын-ала тергеп тексеру нысанындажасағанын білдіреді. Мұндай жағдайда алдын-ала тергеу мынадай анықтау органдары арқылы жасалады.(әскери) ішкі істер органы. Салық полициясы органдары кеден: органдары: әскери полиция органдары: әділет органдары: шекара қызмет органдары: мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары. Анықтау органының алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін мынадай негіздер болады. Қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес: кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне болатын өздерінің қорғану құқықтарын жасай алмайтын адамның қылмыстар жасауы.

    Сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары мен түрлеріне қарай оның әр түрлі мерзімдер белгіленеді. Алдын –ала тергеу нысанындағысотқа дейінгі іс жүргізу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 2 ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қылмыстық іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қоытындысы меннемесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген күнге дейінгі немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі.

    Заңда алдын ала тергеу мерзімін қылмыстық іс қозғалған күннен бастап есептеуді ескертудің маңызы мынада: тәжірибеде қылмыстық істі анықтау органынан тергеушіге, бір тергеушіден екіншісіне, бір қылмыстық ізге түсу органдарынан екіншісіне беруге тура келетін жағдайлар кездеседі. Осыған қарамастан, қылмыстық іс қозғалған күн алдын ала тергеудің іс жүргізу мерзімі аяқталатын бастапқы кезең болып табылады. Бұл анықтау органының бастапқы тергеу іс әрекеттерін жүргізуге пайдаланған уақыты да екі айлық мерзімге кіретінін білдіреді.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта