|
экология қмж 6 кл. ыса мерзімді саба
Мұғалім: Мерзімі: Сынып: Сабақ: №9
| Сабақтың тақырыбы
| Өсімдіктердің табиғи бірлестіктері жайлы түсінік
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары
| ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
| Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттай алу
Көпшілігі; - адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіре білу
Кейбір оқушылар : ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алу
| Ойлау дағдыларының
деңгейі:
| Білу,түсіну, қолдану,
| Тілдік мақсат
| Оқушылар: Оқушылар өз өлкеңдегі табиғи бірлестіктерді
сипаттап үйренеді
|
| Негізгі сөздер мен тіркестер табиғи бірлестік Сабақта диалог/жазу үшін пайданылатын тіл:
Жазылымбойыншаұсыныстар:жұмыспарақтарындағы
тапсырмалар
| Бағалау критерийлері
| өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттай алады
адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіре алады
ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады
| Құндылықты дамыту
| жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын
құрметтеу; .
| Пәнаралық байланыстар
| Дүниетану, музыка
| АКТ қолдану дағдысы
| Ноутбук.
| Бастапқы білім
| Өсімдік туралы білім бар
| Сабақ барысы
| Жоспарланған
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| уақыт
| Оқушылар бір біріне сәтілік тілейді
|
| Сабақтың басы
| Үй тапсырмасына шолу жасау
|
| 5 мин
| Дескриптор 5 сұраққа 5 жауап жазады
| Оқулық
| «5 сұрақ 5 жауап»
ҚБ
| ҚБ мұғалімнің кері байланысы
Табиғи бірлестік дегеніміз-------
Бірлестік түрлері.-----------------
|
|
| Табиғи бірлестік--------------
|
|
| Ең жарық орман----------
|
|
| Тоғай деген ---------
|
|
Сабақтың ортасы/ Сабақтың негізгі бөлімі 30 мин
Ой қозғау Ұжымжық жұмыс ҚБ
«Жедел жауап»
|
Өзектендіру
«Жедел жауап» кіріспе тапсырмасы.
«Бір бірлестікті қанша өсімдік құрайды?» (Әдетте көптеген өсімдіктің түрлері болады Өсімдіктер бірлестікке қалайша бірігеді? (Белгілі бір аумақтағы орта жағдайына қарай бір-біріне бейімделген өсімдіктер бір бірлестікке бірігеді).
Бірлестікте қандай табиғи жағдайлар тепе- теңдікті ұстап тұрады? (Бірлестікте неғұрлым алуантүрлі өсімдіктер болса, соғұрлым ондағы үдерістер тепе-теңдікте болады. Олардың арасында өзара әрекеттестік орнайды, мысалы өсімдіктердің қабат құрап өсуі).
| Оқулық Жұмыс дәптерлер
|
| Көл.
Тапсырманы шағын топқа бөлініп орындайды. Оқушылар көлдің басқа бірлестікке ауысу реттілігін белгілейді. ( 1-4, 2-1, 3-3, 4-2.
Көлдің суы тартылды да, бірте-бірте тасыды. Өсімдіктер бірлестігі алмасты). Топтардың қорытындыларын салыстырыңыз. Ағынсыз көл суы қандай жағдайда тартылуы мүмкін екенін анықтаңыздар (Жаздың
|
|
Топтық жұмыс Зерттеу жұмысы
«Үштік әдіс»
Ж ж.
Жұппен жұмыс.
Жұмыс дәптері
| құрғақшылығында бірнеше жылдар ішінде).. Өсімдіктердің үлкен алуантүрлілігі қалыптасады. Жүйе бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан, бір бөлігіндегі орын алған өзгеріс қалған барлық бөліктерге де әсер етеді.
Кез келген бірлестік тұрақты өзгеріп отырады. Бірлестіктегі өсімдіктер саны әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Көктем мен жазда өсімдіктер қажетті компоненттерді артығымен алады. Жылудың мол болуы, ұзақ жарық күн өсімдіктердің белсенді өсуіне ғана әсер етіп қоймай, көбеюіне де жағдай жасайды. Шамадан тыс құрғақ жаз немесе қардың қарқынды еруі, су тасқыны, өрт сияқты қолайсыз жағдайлар бірлестіктердің ауысуына және ондағы өсімдіктер құрамының саны мен түрлерінің өзгеруіне ықпал етеді.
Белгілі бір уақыттарда өсімдіктің бір түрі көбейсе, кейбір түрлері азайып кетеді. Ұзақ жылдардан бері байқалғандай, жазық дала, шыршалы орман, емен орманы бірлестігі тұрақты боп келеді. Бұл бірлестіктегі қалыптасқан өзара тығыз әрекеттестік пен өсімдіктердің көптеген алуан түрлілігін көрсетеді.
Шағын көлдер, дымқыл шалғындықтар, бос жерлер ұзақ тұрмайды әрі олар басқа табиғи бірлестіктерге айналып кетеді.
Көлдердің орнында батпақтар пайда болуы мүмкін.
Қайың орманы шыршалы орманға айналады. Өзгеріс. «Егер де өсімдіктер ылғалды артығымен не жылуды азырақ алса, бірлестікте қандай өзгеріс болады?» Егер өсімдіктер тіршілік ортасын өзгертсе, не болуы мүмкін? (Ылғалды артығымен қабылдау өсімдіктің өлуіне әкеп соғады, яғни бірлестіктегі өсімдік саны мен құрамы өзгереді. Ылғалсүйгіш өсімдіктер үшін қолайлы жағдай болғандықтан, уақыт өте келе мұндай өсімдіктер саны артуы мүмкін.)
. Адам мен табиғат.
«Көктемгі жазық дала туралы не айта аласыңдар?»
Жаздан қандай айырмашылығы бар?
|
Таратпа қағаздар
Жұмыс дәптерлер 16- жұмыс парағы
|
| 16-жұмыс парағы. Бағалау Дескриптор
Бірлестіктер қалай өзгередетіні табады Шыршалы орман қалай өсетінін көрсетеді Оқушылар қайың орманының шыршалы орманға ауысу ретін анықтайды.
Жауаптары 1-VI, 2- I, 3- IV, 4 -V, 5 - III, 6 – II.
Шыршалар қайыңдарды бастырмалап қолайсыз жағдай тудырды, қайыңдарға өсуі мен дамуы үшін жарық жетіспейді.
Бақ.
Жауаптары Өсімдік өскен жерді тазарту;
2. Қажетті өсімдікті егу; 3. Суарып, жерді тыңайтып, күтім жасау;
4. Зиянкестерден қорғау; 5. Жаңа маусымға жерді дайындау. Тұжырым: аталған жағдайлар жасалмаса, бақ дұрыс өспес еді әрі адамдар күтім жасамаса, табиғи бірлестіктерге айналар еді.
|
| Кері байланыс 2 мин
ауызша
| Сабақта нені үйрендік?
Сұрақтарға жауап береді? Нені білдім нені түсіндім? Нені толық түсінбедім ?
Қандай жұмысты жалғастыру қажет?
Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?
|
| Үйге тапсырма
1 мин
| Табиғи бірлестіктің қалай өзгереді?
|
| Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін
қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
| «Сұрақтар бұрқасыны» әдістері ұжымдық жұмыс. Жедел жауап,
«5 сұрақ 5 жауап» әдісі және « Үштік әдіс» жұптық жұмыс
топтық жұмыс. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы,
оқушыларды өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жауапкершілікті сезіне білуге үйретемін.
|
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау.
Оқушылардың жауаптарын, іс- әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.
| Қаламмен жұмыс жасағанда абай болу
Сергіту сәтінде би қимылдарын жасағанда абай болу.
| |
|
|