Главная страница
Навигация по странице:

  • Скринингтік және диспансерлік тексеру; Терапияны өткізу мониторингі; Қан ауруларының дифференциальды

  • Гемоглобин дегеніміз не

  • Абсолютті-гипоксиялық жағдайды

  • Эритроцитарлық көрсеткіштер дегеніміз не(MCV, MCH, MCHC) Эритроциттердің негізгі мінездемесін сапалық бағалауға әкелетін индекстер. MCV

  • Гематокрит дегеніміз не

  • Эритроциттердің тұңу жылдамдығы дегеніміз не(ЭТЖ)

  • Лейкоцитарлық формула дегеніміз не

  • Ретикулоциттер дегеніміз не

  • Жалпы қан талдауы лейкоцитарлы формула. Жалпы ан талдауы Лейкоцитарлы формуламен этж(Панченков арылы) Жалпы ан талдауы


    Скачать 49.48 Kb.
    НазваниеЖалпы ан талдауы Лейкоцитарлы формуламен этж(Панченков арылы) Жалпы ан талдауы
    Дата19.09.2022
    Размер49.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖалпы қан талдауы лейкоцитарлы формула.docx
    ТипДокументы
    #684250

    Жалпы қан талдауы

    Лейкоцитарлық формуламен +ЭТЖ(Панченков арқылы)

    Жалпы қан талдауы Бұл Гемоглобин концентрациясын, эритроцит санын, бірлік көлемде лейкоцит пен тромбоцитті, Гемотокрит құндылықтарын және эритроциттің индикстерін анықтауды өзіне қосатын кең тараған қан талдауы.

    Талдау мақсаты үшін көрсеткіштер:

    • Скринингтік және диспансерлік тексеру;

    • Терапияны өткізу мониторингі;

    • Қан ауруларының дифференциальды диагностикасы.

    Зерттеуге дайындалу: зерттеуді ашқарынға немесе соңғы тамақ қабылдағаннан кейін аз дегенде 2 сағаттан кейін жүргізеді, қан алу кезінде көк тамырды жгутпен ұзақ уақыт қысуынан сақтану керек. Зерттеу үшін материал: ажырамас тұрақты қан. Жүргізу уақыты: 1 жұмыс күні.

    Гемоглобин дегеніміз не? Гемоглобин-эритроцит құрамына кіретін және оттегі мен көмірқышқыл газына тасымалдауға, қышқыл-негіз балансын реттеуге қатысатын тыныс алу пигменті. Гемоглобин 2 бөліктен құралады: ақуызды,темір құрамдас. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда гемоглобин мөлшері жоғары. Нәрестелерде 1 жасқа дейін гемоглобин көрсеткішінің физиологиялық төмендеуі болады.

    Гемоглобинның физиологиялық формалары:

    • Оксигемоглобин-гемоглобинның оттегімен қосылысы, артериялды қанда түзіледі және оған алқызыл түс береді.

    • Қайта жаңартылған гемоглобин немесе дезоксигемоглобин-ұлпаларға оттегін беретін гемоглобин.

    • Карбоксигемоглобин-гемоглобинның көмірқышқыл газымен қосылысы, веналық қанда түзілетін нәтижесінде күңгірт шие түске боялады.

    Гемоглобин концентрациясы қандай жағдайда жоғарылайды(ауру мен жағдайы):

    • Қанның қоюлануына алып келетін(күйік, тұрақты құсу, ішек өтімсіздігі, дегидратация немесе ұзақ сусыздандыру)

    • Эритроцит санының көбеюін тудырады-біріншілік және екіншілік эритроцитоз(тау ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпе-қан тамырларының бөзылуы, темекі шегу, оттегіге гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы, тұқым қуалаған гемоглобинопатия және эритроциттерде 2,3-дифосфоглицерат жетіспеуі, туа біткен жүрек ақауы, бүйрек поликистозы, гидронефроз, нәтижесінде бүйрек ишемиясы болатын бүйрек артериясының стенозы, бүйрек аденокарциномасы, Гиппеля-Линдау синдромы, гематома, жатыр миомасы, жүрек алды миксомасы, ішкі секреция безінің ісік аурулары т.б.)

    • Физиологиялық күйі(таулы жерде өмір сүретіндер, ұшқыштарда, альпинисттер, физикалық жүктемеден кейін, ұзақ стрессте)

    Гемоглобин концентрациясы қандай жағдайда төмендейді:

    • Этиологиясы түрлі анемиялврда(жедел қан кеткендегі жедел постгеморрагия, созылмалы қан кеткендегі темір жетіспеушілік, резекциядвн кейін немесе жіңішке ішектің ауыр жарақатында, порфирин синтезі бұзылуымен байланысты тұқым қуалаушылық, эритроцит бұзылуы жоғарылауымен байланысты гемолитикалық анемия, кейбір медикаменттердің улы әсер етуімен байланысты апластикалық анемия)

    • Химиялық заттар, себебі белгісіз идиопатикалық, В12 витамині және фолий қышқылы жетіспеушілігімен байланысты мегалобластикалық анемия, қорғасынмен улануынан болатын анемия.

    • Гипергидратация кезінде(детоксикация арқасында плазманы айналым көлемін ұлғайту, ісінуді жою)

    Эритроцит дегеніміз не?

    Эритроцит-жоғарғы сатылы ядросыз, дискілер тәрізді қан жасушалары.Эритроциттің шар тәрізді формаларынан гөрі осы форманың арқасында эритроцит беті үлкендеу болады.Сондай эритроциттердің ерекше формасы олардың негізгі функцияларын орындаудың әсері-оттегінің өкпеден тканға өтуі және көмірқышқылдар тканнан өкпеге, және де осындай форманың арқасында эритроциттер жіңішке бүгілген капиллярлар арасынан шоғырлануы кезінде өзгеретін деформация.Жілік майынан олардың шығуы кезінде ретикулоциттерден эритроциттер қалыптасады. Бір күннің ішінде 1% эритроциттер қалыптасады. Эритроциттердің орташа өмір ұзақтығы-120 күн.

    Эритроциттердің деңгейі қандай жағдайда көтерілуі мүмкін(эритроцитоз)?

    • Эритремия немесе Вакеза ауруы-хроникалық лейкоздардың бірден бір нұсқасы(алғашқы эритроцитоз)

    Екінші эритроцитоз:

    • Абсолютті-гипоксиялық жағдайды туғызатын(өкпенің созылмалы ауруы, жүректің туа біткен ауруы, жоғары физикалық жүктеме, үлкен биіктіктерде болу) эритропоэзды қалыптастыратын эритроэтиннің жоғары азықтылығымен байланысты(бөтекенің паренхималық ісігі, гидронефроз және бөтекенің поликистозы, бауырдың паренхималық ісігі, отбасылық зарарсыз эритроцитоз)андрогендермен немесе адренокортикостероидтардың тапшылығымен байланысты (феохромоцитома, Иценко-Кушинга синдромы(ауруы, гипералидостерокизм, мидың гемангиобластомасы);

    • Эритроциттер санының сақталуы кезінде плазманың көлемі азайған уақытқа қанның қойылуы(дегидратация, терлеу, құсу, іш өту, күю, ісік және асцит;эмоционалдық күйзеліс, араққа тәуелділік;темекі тарту; жүйелік гипертензия).

    Эритроциттың деңгейі қандай жағдайда азаяды(эритроцитопения)?

    • Әртүрлі этиологиялық қан аздылық кезінде: темірдің, ақуыздың, дәрумендердің азаюы нәтижесінде, апластикалық процесстерде, гемолизде, гемобластоза кезінде, қатерлі жаңа жиналған метастазировенияда.

    Эритроцитарлық көрсеткіштер дегеніміз не(MCV, MCH, MCHC)?

    Эритроциттердің негізгі мінездемесін сапалық бағалауға әкелетін индекстер. MCV-эритроциттің орташа көлемі(Mean Cell Volume) Бұл эритроциттің көлемін визуальды бағалауға қарағанда нақты параметр.Бірақта ол қанның зерттелетін эритроциттің қалыпсыз үлкен көлемінде айтарлықтай болмайды(мысалы серповидті клеткаларда)

    MCV мағынасы негізінде қан аздық бөлінеді:

    • MCV микроцитарлық <80 fl (темірге тапшы қан аздылық, талассемия, сидероблоктық қан аздылық)

    • MCV нормоцитарлық 80 нен 100 fl-ге дейін (гемолитикалық қан аздылық, қан кетуден кейін қан аздылық, гемоглобинопатия);

    • Макроцитарлық MCV<100 fl (В12 және фолийге тапшылық қан аздылық)

    MCH-эритроцитте гемоглобинның орташа құрамы(Mean Cell Hemoglobin) бұл көрсеткіш бөлек эритроцитте гемоглобинның орташа құрамын анықтайды. Ол әртүсті көрсеткішке тән, бірақ эритроцитте оның деңгейі және Hb синтезін нақты анықтайды.

    Бұл көрсеткіш негізінде қан аздылықты нормо, гипо және гиперхромды деп бөледі:

    • Нормохромия-сау адамдарға тән, бірақта гемолитикалық және апластикалық қан аздықтар кезінде және де қан кетумен байланысты қан аздықта кездеседі.

    • Гипохромия-эритроциттің қалыпты көлемінде гемоглобинның төмендеу деңгейі немесе эритроциттің азаю көлемінде туындаған.Макроцитозда және норма кезінде бақылануы және эритроциттәң азаю көлемі гипохромияға тән бола алады. Темір жетіспеушілік қан аздылық кезінде, созылмалы аурулардан туындайтын қан аздылық, талассемия, гемоглобинопатия, свинцовтық улану, порфириндермен синтездің бұзылуы кезінде кездеседі);

    • Гиперхромия эритроциттердің, гемоглобинның жақсару деңгейіне байланысты емес, тек қызыл қанды жасушалардың көлемімен қалыптасқан. Мегобластық, көптеген созылмалы гемолотикалық қан аздылықтарда, өткір қан кетуден кейін, гипотиреозда, бауыр ауруларында, цитостатиктерді, контрацептиктерді, судорокке қарсы препараттарды қолдану кезінде.

    MCHC(Mean Cell Hemoglobin Concentration)

    Эритроцитте гемоглобиннің орташа концентрациясы-гемоглобинмен эритроциттің жақсаруын туғызады және жасуша көлеміне гемоглобин санының қатынасы мінезделеді. Соның әсерінен MCH-нен өзгешелігі эритроциттің көлеміне байланысты емес.

    • Гиперхромды қан аздылық кезінде MCHC-тың көтерілуі бақыланады(туа біткен сфероцитоз және басқа да сфероцитарлық қан аздылық, талассемия кезінде MCHC-тың төмендеуі мүмкін

    Гематокрит дегеніміз не?

    Бұл эритроциттың көлемі мен санына байланысты толық қанда эритроциттің фракция көлемі(эритроциттің және плазманың көлемдеріне қатынасы). Гематокриттің үлкендігі 25-15%-ке дейін төмендей алатын қан аздылықтың туындау деңгейін бағалау үшін кеңінен қолданылады. Бірақта бұл көрсеткішті гемотрансфузия немесе қан жоғалтудан кейін бағалауға болмайды. Соның әсерінен төмендеген немесе жоғарлаған нәтижелер алуға болады. Гематокрит қан алу кезінде тамырды ұзақ қысу кезінде көтеріледі және жату жағдайында қан алу кезінде төмендеуі мүмкін.

    Гемотокрит қандай жағдайда көтеріледі?

    • Эритремия(алғашқы эритроцитоздар)

    • Екіншілік эритроцитоздар(туа біткен жүрек ауруы, тыныс алудағы кемшілік, гемоглобинопатия, бөтекенің жаңадан қалыптасуы, эритропоэтиннің тез түзілуі, бөтекенің поликистозы)

    • Күйік аурулары, перитонит организмнің дегидратациясы кезінде (іш өту, құсу, көтеріңкі терлеу, диабетте) циркуляцияның плазма көлемінің төмендеуі(қанның ұюы)

    Гематокрит қандай жағдайда төмендейді?

    • Қан аздылық

    • Қан айналу көлемінің ұлғаюы(жүктіліктің екінші жартысында, гиперпротеинемия)

    • Гипергидратация.

    Лейкоцит дегеніміз не?

    Лейкоциттер немесе ақ қан денесі, дұрыс емес немесе дөңгелек формасында әртүрлі деңгейде түссіз жасушалар сияқты (6 дан 20 микронға дейін).Бұл жасушаларды ядро болады және олар бір клеткалы организм-амеба секілді өзінен-өзі жылжи алады. Қандағы бұл жасушалардың саны эритроциттерге қарағанда айтарлықтай аз. Лейкоциттер-әртүрлі аурулардан адамның денесін қорғайтын басты қорғаныш факторы. Бұл жасушалар өміршеңділік процесінде организмде түзілетін, бөтен ақуызды заттарды байланыстыру және бөлу, микроорганизмдерді қорыту қасиеттерімен, арнайы ферменттермен қаруланған. Содан бөлек лейкоциттердің кейбір формалары адам организмі жасушаларында және басқа да органдардың жабысқақтық қабықшаларында қанға түскен бүлдіретін бөтен туыстық микроорганизмдер, ақуызды бөліктер-антиденелер түзеді. Лейкоциттер лимфа түйіндері және жілік майында түзіледі(лейкопоэз)

    Лейкоциттердің 5 түрі болады:

    • Нейтрофилдер

    • Лимфоциттер

    • Моноциттер

    • Эозинофилдер

    • Базофилдер

    Лейкоциттердің саны қандай жағдайда көтеріледі(лейкоцитоз)?

    • Жедел инфекцияда, әсіресе қоздырғышы кокктер болғанда(стафилококк, стрептококк, пневмококк, гонококк). Жедел инфекцияның кейбір қатары, кей жағдайларда лейкопенияға әкелуі мүмкін(тиф, паратиф, сальмонеллез)

    • Салқын тию үрдістері, іріңді қабынулары(өкпе қабынуы, эмпиема), ішек қуысы(панкреатит, аппендицит, перитонит), тері асты клетчаткасы(панариция, абсцесс, флегмона)

    • Ревматикалық шабуыл

    • Улану, соның ішінде ішкі(диабетикалық ацидоз, экламсия, уремия, подагра)

    • Жаңа түзілген қатерлер

    • Жарақат, күйік

    • Жедел қансырау(әсіресе егер қан кету ішкі болса:ішек қуысына, плевралдық кеңістік, буын немесе қатты ми қабықшаларына жақын болса)

    • Оперативтік араласулар

    • Ішкі мүшелердің инфаркты(миокард, өкпе, бүйрек, талақ)

    • Миело және лимфолейкоз

    • Адреналин және стероидты гормондардың әсер етуінің нәтижесі

    • Реактивті(физиологиялық) лейкоцитоз:физиологиялық факторлардың әсер етуі(ауыру, ыстық немесе салқын ванна, физикалық жүктеме, эмоционалды күш түсу, күн сәулесінің әсері және ультракүлгін сәулелер әсері, менструация, босану кезінде)

    Лейкоциттер саны қандай жағдайда кемиді(лейкопения)?

    • Кейбір вирусты және бактериалдық инфекциялар(тұмау, ішек сүзегі, туляремия, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, инфекциялық мононуклеоз, милиарды туберкулез, СПИД)

    • Сепсис

    • Сүйек кемігінің гипо және аплазиясы

    • Сүйек кемігінің химиялық заттармен, дәрілермен зақымдалуы

    • Жедел лейкоз

    • Миелофиброз

    • Миелодиспластикалық синдром

    • Плазмоцитома

    • Сүйек кемігіндегі жаңа түзілімдегі метастазы

    • Аддисон-бермер ауруы

    • Анафилактикалық шок

    • Ревмотоидтық артрит және басқа коллагеноздар

    • Сульфаниламид, левомицетин, анальгетик, нестероидты ауыруды басатын қабынуға қарсы құралдар, тиреостатик, цитостатиктерді қабылдау кезінде

    Тромбоцит дегеніміз не?

    Тромбоцит, қызыл қан пластинкалары қан элементтері ішіндегі ең кішкентайы, мөлшері 1,5-2,5 микрон. Тромбоциттер ангиотрофикалық адгезивті-агрегациялық қызмет атқарады, қан ұю және фибринолиз үрдістеріне қатысады, қан ұйығының ретракциясын қамтамасыз етеді. Өзінің мембраналарында церкуляциялық жиынтықты тасымалдауға қабілетті, қан ұю факторы(фибриноген), антикоагулянттар, биологиялық активті заттар(серотонин) және де тамырлардың созылуын қамтамасыз етеді. Тромбоциттердің грануласында қан ұю факторы болады. Ферменті пероксидаза, серотонин, кальций ионы, АДФ(аденозиндифосфат), Виллебранда факторы, тромбоцитті фибриноген, тромбоциттің өсу факторы.

    Тромбоциттер саны қандай жағдайда көтеріледі(тромбоцитоз)?

    • Біріншілік(мегакариоциттердің пролиферациясы кезінде):

    1. Эссенциальды тромбоцитемия

    2. Эритремия

    3. Миелолейкоз

    • Екіншілік(қандай да бір ауру кезінде пайда болады):

    1. Қабыну процесстері(жүйелі қабыну аурулары, остеомиелит, туберкулез)

    2. Асқазанның қатерлі жаңарулары, бүйрек(гипернефрома), лимфогранулематоз

    3. Лейкоздар(мегакарицитарлық лейкоз, полицитемия, созылмалы миелолейкоз т.б.).Лейкоздар кезінде тромбоцитопения ерте көрінісі болып табылады, ал ауру түзіле бастағанда тромбоцитопения дамиды.

    4. Бауыр циррозы

    5. Көлемді(0,5 л жоғары) қан жоғалтқаннан кейінгі жағдай(сонымен қатар ауыр хирургиялық оталаудан кейінгі жағдай), гемолиз

    6. Талақты алып тастағаннан кейінгі жағдай(қалыпты жағдайда тромбоцитоз оталаудан кейін 2 айға дейін сақталады)

    7. Сепсис кезінде, тромбоцитоз мөлшері 1000*109 /л-ге жеткен кезде

    8. Физикалық жүктеме

    Тромбоцит саны қандай жағдайда төмендейді(тромбоцитопения)?

    Қан ағудың жоғары қатері және қан ағу жылдамдығын жоғарлатуынан тромбоцитопения қай кезде де қатерлі симптом болып табылады.

    • Туа біткен тромбоцитопения:

    1. Вискот-Олдрич синдромы

    2. Чедиак-Хигас синдромы

    3. Фанкон синдромы

    4. Мея-Хегглин аномалиясы

    5. Бернар-Сулье синдромы(алып тромбоциттер)

    • Жүре пайда болған тромбоцитопения:

    1. Аутоиммундық(идиопатиялық)тромбоцитопениялық пурпур(қалыптасу механизмі белгісіз ерекше антиденелердің әсерінен олардың бұзылуы жоғарлауына байланысты тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі)

    2. Дәрілік(дәрі-дәрмектер қатарын қабылдағаннан сүйек миының токсикалық немесе иммундық зақымдалуы болады: цитостатиктер(винбластин, винкристин, меркаптопурин т.б.); левомицетин; сульфаниламидті препараттар(бисептол, сульфодиметоксин), аспирин, бутадион, реопирин, анальгин және т.б.)

    3. Дәнекер ұлпасының жүйелі аурулары: склеродермия, дерматомиозит

    4. Вирустық және бактериалдық инфекциялар(қызылша, қызамық, желшешек, тұмау, риккетсиоз, безгек, токсоплазмоз)

    5. Бауыр циррозы кезінде талақтың белсенділігінің жоғарлауымен байланысты жағдай, созылмалы және жиі жедел вирусты гепатиттер

    6. Апластикалық анемия және миелофтиз(сүйек кемігін ісік жасушаларымен немесе талшықты ұлпамен алмастыру)

    7. Мегалобласттық анемия, сүйек кемігіндегі ісік метастаздары, аутоиммундық гемолитикалық анемия және тромбоцитопения; жедел және созылмалы лейкоздар

    8. Қалқанша без функциясының бұзылуы(тиреотоксикоз, гипотиреоз)

    9. Тартылатын тамырішілік ұю синдромы(ДВС-синдром)

    10. Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия(Маркиафав-Микел ауруы)

    11. Көлемді гемотрансфузия, экстракорпоральді қан айналым

    12. Босану кезінде(дамымай қалу, нәрестенің гемолитикалық ауруы)

    13. Іркілісті жүрек ақаулары, бүйрек веналарының тромбозы

    14. Менструация кезінде(25-50%)

    Эритроциттердің тұңу жылдамдығы дегеніміз не(ЭТЖ)?

    Антикоагулянт қосылған екі қабат пробиркадағы қанның бөліну жылдамдығының көрсеткіші. Жоғарғы(мөлдір плазма) және төменгі(тұңған эритроциттер). ЭТЖ плазма қабатының 1 сағат ішінде мм мөлшерімен түзілу биіктігімен бағаланады. Эритроцит жалпы салмағы плазманың жеке салмағынан жоғары болады, сондықтан пробиркіде антикоагулянттың болуынан салмақ әсерінен эритроцит түбіне тұңады. ЭТЖ негізінен олардың агрегациялануына, яғни бірге жабысу қабілетіне байланысты. Эритроциттердің агрегациясы негізінен электрлік қасиетіне және қан плазмасының ақуыз құрамына байланысты. Қалыпты жағдайда эритроциттер қарсы әсер етеді және бір-бірін итереді. Агрегация деңгейі плазмада ақуыздың жедел фазасы-маркер қабыну процесінде көтеріледі. Бірінші кезекте фибриноген, С-реактивті ақуыз, церулоплазмин, иммуноглобулин және т.б. Қарсы, ЭТЖ альбуминнің мөлшері көбейгенде төмендейді. Эритроциттердің дзета-потенциалына басқада факторлар әсер етеді. Плазма рн-ы(ацидоз ЭТЖ-ны төмендетсе, алкалоз жоғарлатады), плазманың ионды заряды, липидтер, қанның, антиэритроциттік антидене болғанда. Эритроциттердің пішіні, мөлшері, саны тұңуға әсер етеді. Эритроцит құрамының төмендеуі(анемия)қанда ЭТЖ-ның шапшаңдауына әкеледі және керісінше эритроциттердің қандағы жоғарлауы тұңу жылдамдығын бәсеңдетеді. Жедел және созылмалы инфекциялық үрдісте ЭТЖ-ң өзгеруі 24 сағаттан кейін температура жоғарлауы және лейкоцит саны өскенде байқалады. ЭТЖ-ның көрсеткіші көптеген физиологиялық патологиялық факторларға байланысты өзгеріп отырады. ЭТЖ-ның маңызы әйелдерде ерлерге қарағанда едәуір жоғары. Жүктілік кезінде қан құрамындағы ақуыздың өзгеруі осы кездегі ЭТЖ-ң жоғарылауына әкеледі. Өзгеру маңыздылығы 1 күн ішінде жоғары деңгей күндізгі мезгілде байқалады.

    Зерттеу мақсаттары үшін көрсеткіштер:

    • Қабыну аурулары

    • Жұқпалы аурулар

    • Ісіктер

    • Профилактикалық тексеріп-қарау кезіндегі скринингтік тексерулер

    ЭТЖ қандай жағдайда жылдамдайды?

    • Этиологиясы әртүрлі қабыну аурулары

    • Жедел және созылмалы жұқпалар(пневмония, остеомиелит, туберкулез, сифилис)

    • Парапротеинемиялар(бірнеше миелома, Вальденстрем ауруы)

    • Ісік аурулары(карцинома, саркома, жедел лейкоз, лимфогранулематоз, лимфома)

    • Аутоиммундық аурулар(коллагеноз)

    • Бүйрек аурулары(созылмалы нефрит, нефротиялық синдром)

    • Миокард инфарктсы

    • Гипопротеинемия

    • Анемия, қан жоғалтудан кейінгі жағдай

    • Интоксикация

    • Жарақаттар, сүйек сынулары

    • Шоктан кейінгі жағдай, оталау кезінде

    • Гиперфибриногенемия

    • Әйелдерде жүктілік, менструация, босанудан кейінгі кезде

    • Егде жаста

    • Дәрілік препараттарды қабылдағанда(эстроген, глюкокортикоид)

    ЭТЖ қандай жағдайда бәсеңдейді?

    • Эритремия және реактивті эритроцитоз

    • Қанайналым жеткіліксіздігін білдіретін құбылыстар

    • Эпилепсия

    • Аштық, бұлшық ет массасы төмендеуі

    • Кортикостероидтар, салицилат, кальций және сынап препараттарын қабылдағанда

    • Жүктілік(әсіресе 1 және 2 семестр)

    • Вегетариандық диета

    • Миодистрофия

    Лейкоцитарлық формула дегеніміз не?

    Лейкоцитарлық формула-бұл лейкоциттердің әртүрлі пайыздық көрсеткіші. Морфологиялық белгілеріне қарай(ядро түрі, цитоплазмалық қосындылардың болуы және сипаты) лейкоциттердің 5 басты түрлерін ажыратады:

    • Нейтрофилдер

    • Эозинофилдер

    • Базофилдер

    • Лимфоциттер

    • Моноциттер

    Бұдан басқа, лейкоциттер жетілу дәрежесіне байланысты бөлінеді. Перифериялық қанда лейкоциттердің жетілген формаларының басты бөлігі патология кезінде ғана пайда болады(жастары, миелоциттер, промиелоциттер, пролимфоциттер, прмоноциттер, жасушаның бласттық формалары)

    Лейкоцитарлық формуланы зерттеу гематологиялық, жұқпалы, қабыну ауруларындиагностикалауда, сонымен қатар ауру жағдайын және терапияны жүргізу тиімділігін бағалауда маңызды қызмет атқарады.

    Лейкоцитарлық формула жас ерекшеліктеріне ие( балаларда, әсіресе нәрестелерде, жасушалар қатынасыересектерге қарағанда ерекшеленеді)

    Сүйек кемігі резервін құрау арқылы гранулоциттердің жалпы санының 60%-ға жуығы сүйек кемігінде орналасады, 40%-ы басқа ұлпаларда және 1 %-ы ғана перифериялық қанда болады.

    Лейкоциттердің түрлі түрлері әр түрлі функцияны атқарады, сондықтан лейкоциттердің түрлі қатынасын анықтау, жас нысандарының мазмұны, қалыптан тыс жасуша нысандарын сәйкестендіру құнды диагностикалық ақпаратты жүзеге асырады.

    Лейкоцитарлық формуланың өзгеруіне(жылжуы) ықтимал нұсқалары:

    • Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы-перифериялық қанда жетілмеген(таяқша ядролы)нейтрофилдер мөлшерінің көбеюі, жас метамиелоциттер, миелоциттердің пайда болуы

    • Лейкоцитарлық формуланың оңға жылжуы-қалыпты жағдайдағы таяқша ядролы нейтрофилдердің азаюы және гиперсегментті ядролы сегмент ядролы нейтрофил санының жоғарлауы(мегалобласттық анемия, бүйрек және бауыр аурулары, қан құйғаннан кейінгі жағдай)

    Нейтрофил дегеніміз не?

    Нейтрофилдер ақ қан жасушаларының ең көп түрі, олар жалпы лейкоциттердің 45-70%-ын құрайды. Жетілу мерзімі мен ядро пішініне қарай перифериялық қанда таяқша ядролы(неғұрлым жас) және сегмент ядролы(жетілген)нейтрофилдерді бөледі. Нейтрофилдік қатардың неғұрлым жас жасушалары-жас(метамиелоциттер), миелоциттер, промиелоциттер-перифериялық қанда патология кезінде пайда болады және бұл жасуша түрін қалыптастырудың дәлелі болып табылады. Қандағы нейтрофилдердің айналым ұзақтығы орташа шамамен 6,5 сағат, содан соң олар ұлпада орын ауыстырады.

    Макрофагтармен(моноцит), Т- және В-лимфоциттермен тығыз қатынаста бола отырып ағзаға түскен жұқпалы агенттерді жоюға қатысады. Нейтрофилдер бактерицидті әсері бар заттарды секреттейді, зақымдалған жасушаларды жойып және ынталандырушы тіндердің регенерациясын секреттей отыра ұлпалардың регенерациясына ықпал етеді. Олардың басты қызметі-хемотаксис жолымен жұқпалардан(ынталандырушы агенттерге бағытталған қимыл) және бөгде микроорганизмдер фагоцитозынан(сіңіру және ас қорыту) қорғау.

    Ережеге сай нейтрофил санының көбеюі(нейтрофилез, нейтрофилия, нейтроцитоз) қандағы лейкоциттердің жалпы санының көбеюімен байланысты. Нейтрофил мөлшерінің күрт төмендеуі өмірге қауіп төндіретін күрделі жұқпаларға әкелуі мүмкін. Агранулоцитоз-ағзаның жұқпаларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне және бактериялық асқынулар дамуына алып келетін перифериялық қандағы гранулоцит санының күрт төмендеуі.

    Нейтрофил жалпы санықандай жағдайда көтеріледі( нейтрофилез, нейтрофилия)?

    • Жедел бактериялық жұқпалар(абсцесс, остеомиелит, аппендицит, жедел отит, пневмония, жедел пиелонефрит, сальпингит, менингит, ангина, жедел холецистит, тромбофлебит, сепсис, перитонит, плевра эмпиемасы, скарлатина, холера және т.б.)

    • Саңырауқұлақты, спирохетті жұқпалар, кейбіреулері вирусты, паразитті, риккетсиозды

    • Қабыну немесе ұлпа некрозы(миокард инфарктысы, үлкен көлемді күйік, гангрена, тез дамитын қатерлі ісік, түйінді периартериит, жедел ревматизм, ревматоидты артрит, панкреатит, дерматит, перитонит)

    • Оталаудан кейінгі жағдай

    • Миелопролиферативті аурулар(созылмалы миелолейкоз, эритремия)

    • Жедел геморрагия

    • Кушинг синдромы

    • Кортикостероидтарды қабылдау, наперстянка, гепарин, ацетилхолин препараттары

    • Ішкі уланулар(уремия, эклампсия, диабетикалық ацидоз, подагра)

    • Сыртқы уланулар(свинец, жылан уы, вакциналар)

    • Стресс жағдайында, физикалық жүктемеде және эмоционалды күш түсудеадреналин бөлінуі, ыстықтың, салқынның, ауырсынудың, жүктіліктің әсері

    Жетілмеген нейтрофилдер мөлшерінің жоғарлауы қандай жағдайда болады(солға жылжу)?

    Бұл жағдайда қанда таяқша ядролы нейтрофилдер мөлшерінің көбеюі, жас метамиелоциттер, миелоциттер пайда болу мүмкін. Бұл мынандай жағдайда болады:

    • Жедел жұқпалы аурулар

    • Әр түрлі орындағы түзілген қатерлердің метостаздары

    • Созылмалы миелолейкоздың бастапқы сатылары

    • Туберкулез

    • Миокард инфарктысы

    • Улану

    • Шок кезінде

    • Физикалық жүктеме

    • Ацидоз және коматозды жағдайда

    Нейтрофил саны қандай жағдайда төмендейді(нейтропения)?

    • Бактериялды жұқпалар(тиф, паратиф, туляремия, бруцеллез, жеделдеу бактериялық эндокардит, милиарды туберкулез)

    • Вирусты жұқпалар(жұқпалы гепатит, тұмау, қызылша, қызамық, желшешек)

    • Безгек

    • Созылмалы қабыну аурулары(әсіресе егде жастағылар)

    • Бүйрек жеткіліксіздігі

    • Септидті шок дамуы болатын сепсистің ауыр формалары

    • Гемобластоздар

    • Жедел лейкоз, апластикалық анемия

    • Аутоиммундық аурулар(ревмотоидты артрит, созылмалы лимфолейкоз)

    • Изоиммундық агранулоцитоз(нәрестелерде)

    • Анафилактикалық шок

    • Спленомегалия

    • Нейтропенияның тұқым қуалаған формалары

    • Иондық радиация

    • Токсикалық агенттер(бензол, анилин)

    • В12 витаминінің және фолий қышқылының жеткіліксіздігі

    • Кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдауда

    • Ісікке қарсы препараттар қабылдауда

    • Алиментарлы-токсикалық факторлар

    Эозинофил дегеніміз не?

    Эозинофилдер қандағы лейкоциттердің 0,5-5%-ын құрайды. Адам ағзасын токсикалық заттардан, паразиттерден тазартуға және ісік клеткаларына қарсы тұратын лейкоциттер түрі. Бұл лейкоцит түрі гуморальді иммунитет қалыптасуына қатысады. Сүйек кемігінде жетілген соң эозинофилдер бірнеше сағат(3-4 сағат) қан айналымда болады, кейін өмір сүруі 8-12 күндей ұлпада орын ауыстырады. Адамдарда эозинофилдердің ұлпаларда шоғырлануы маңызды-өкпеде, асқазан-ішек тракты, теріде, урогенитальды трактіде. Олардың осы ұлпалардағы мөлшері 100-300 рет қандағы мөлшерін көбейтеді. Аллергиялық ауруларда эозинофилдер аллергиялық әсер туғызатын ұлпаларда жиналады, осы реакция нәтижесінде түзілетін биологиялық активті заттарды бейтараптайды, гистамин секрециясын жасушалармен және базофилдармен тоқтатады, фагоцитарлы және бактериоцидті белсенділікке ие. Эозинофилдерге қандағы тәуліктік ауытқу ырғағы тән, ең жоғарғы көрсеткіштері түнде байқалады, ал ең төменгілері күндіз. Қандағы эозинофилдер саны төмендеуі(эозинопения) қабыну бастамасында көрінеді. Қандағы эозинофилдер санының жоғарлауы(эозинофилия) сауығуды көрсетеді. Аурудың белсенді фазасында немесе оталаудан кейін эозинофил санының төмендеуі жиі науқастың ауыр жағдайын көрсетеді.

    Эозинофилдер қандай жағдайда көтеріледі(эозинофилия)?

    • Аллергия (бронхиалды астма, тағамдық аллергия, шаң тозаңға аллергия, атопиялық дерматит, аллергиялық ринит, дәрі дәрімекке аллергия);

    • Паразитарлы аурулар (ішек паразиттері, лямблиоз, аскаридоз, энтеробиоз, описторхоз, эхинококкоз);

    • Фибропластикалық париеталды эндокардит

    • Гемобластоздар(жедел лейкоз, созылмалы миелолейкоз, эритремия, лимфома, лимфогранулематоз) және басқа ісіктер

    • Вискот-Олдрич синдромы

    • Дәнекер ұлпа аурулары(ревматоидты артрит, түйінді периартериит)

    • Өкпе аурулары

    • Кейбір балалар аурулары(скарлатина, желшешек)

    Эозинофилдер саны қандай жағдайда төмендейді немесе мүлдем болмайды(эозинопения и анэозинофилия)?

    • Ауыр металдармен улану;

    • Іріңді процесстер, сепсис;

    • Қабыну процессінің басталуы;

    Базофил дегеніміз не?

    Қанның ең сирек кездесетін иммунды жасушалары. Жалпы лейкоциттердің 0,5%-ын құрайды.Базофилдер қанда және ұлпада біршама қызмет атқарады: жіңішке тамырларға қан ағуын қамтамасыз етеді, жаңа қылтамырлардың өсуіне қатысады. Базофилдер баяу типті иммунологиялық қабыну рекциясын түзуге қатысады. Көп мөлшерде тіндердің қабынуын шақыратын заттары бар. Биологиялық белсенді заттар құрайды(гистамин, лейкотриенды, тромбоцитті белсендіретін фактор және т.б.). базофилдер өмір сүру ұзақтығы 8-12 күн, перифериялық қандағы айналым уақыты(басқа гранулоциттер секілді)- бірнеше сағат.

    Базофил мөлшерінің көбеюі қандай жағдайда болады?

    • Тағамға, дәріге аллергиялық әсерлері, бөгде ақуызды еңгізу

    • Созылмалы миелолейкоз, миелофиброз, эритремия, лимфогранулематоз

    • Қалқанша безі гормондарының төмендеуі (гипотиреоз)

    • Нефрит

    • Созылмалы жаралық колит

    • Гемолитикалық анемия

    • Теміржетіспеушілік анемияны емдеуден кейінгі темір жетіспеушілік

    • В12 жетіспеушілік анемиясы

    • Спленэктомиядан кейінгі жағдай

    • Эстроген, антитиреоидті препараттармен емдеу кезінде

    • Овуляция кезінде, жүктілік, менструация басында

    • Өкпе рагы

    • Шынайы полицитемия

    • Қантты диабет

    • Сары аурумен жедел гепатит

    • Жаралық колит

    • Ходжкин ауруы

    Лимфоцит дегеніміз не?

    Лимфоциттер лейкоциттердің жалпы санының 20-40%-ын құрайды. Лимфоциттер сүйек кемігінде түзіледі, лимфоидтыұлпаларды белсенді қалыптастырады. Лимфоциттердің басты қызметі бөгде антигендерді тану және ағзаның адекватты иммунологиялық жауапқа қатысады.Қалыптасуына қарай лимфоциттер екі маңызды субпопуляцияға бөледі: Т-лимфоциттер және В-лимфоциттер. Сонымен қатар О-лимфоциттер болады. Қанда лимфоциттердің бірнеше түрлері болады: хэлперлер, супрессорлар және киллерлер. Әрбір лимфоцит түрлері иммунды жауаптың әр кезеңіне қатысады.

    Әртүрлі лимфоциттер түрлі қызмет атқарады:

    • Эффективті жасушалық иммунитетті қалыптастырады

    • Гуморальдық жауап қалыптастыру

    • Бүкіл иммундық жүйенің иммундық жауап реттеу және үйлестіру

    • иммунологиялық жады бағдарламасын қамтамасыз ету

    Лимфоциттердің жоғарылау себебі (лимфоцитоз):

    • Вирусты инфекцияар (инфекциялық мононуклеоз, вирусты гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша)

    • Токсоплазмоз;

    • ЖРВИ;

    • Қан жүйесінің аурулары (жедел лифолейкоз, созылмалы лимфолейкоз, лимфосаркома, Франклин ауруы);

    • Тетахлорэтанол, қорғасын, мышьяк, көміртегі дисульфитімен улану;

    • Келесі препараттарды қолдану: левадопа, фенитоин, вальпер қышқылы, наркотикалық жансыздандырғыштар;

    • Лейкоз;


    Лимфоциттер төмендеу себебі (лимфопения):


    • Туберкулез;

    • Лимфогранулематоз;

    • Жүйелі қызық жегі;

    • Апластикалық анемия;

    • Бүйрек жетіспеушілігі

    • Онкологиялық аурулардың терминальді сатысы

    • ЖИТС;

    • Радиотерапия;

    • Химиятерапия;

    • Глюкокотикоидтар қолдану;

    Моноцит дегеніміз не?

    Моноциттер- саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар, жалпы лейкоциттердің 2-10%-ын құрайды. Моноциттер иммундық жауап қалыптастыру және реттеуге қатысады. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде, бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Қаннан адам тіндеріне миграция жасау қабілеті бар. Қаннан тыс жерде (ағза тіндерінде) пішінін және түрін өзгертіп, макрофагтарға айналады. Макрофагтар қабыну ошағына белсенді түрде жылжып, қабынған тінді тазалауға, өлген жасушалары және инфекцияны жоюға қызмет етеді. Макрофагтардың осындай жұмысы арқасында зақымдалған тіндердің қайта қалпына келу қасиеті пайда болады. Макрофаг-моноцит 100 микроб жұтуға қабілетті. 100-ден астам биологиялық белсенді заттар секреттейді. Цитотоксикалық және ісік клеткаларының цитостатикалық әсер етеді ісік некрозын тудыратын фактор ынталандырады. Моноциттер сүйек кемігінде монобласттардан түзіледі. Сүйек кемігінен шыққаннан соң қанда 36 дан 104 сағатқа дейін айналады, содан соң ұлпаларда орын ауыстырады.Қаннан гөрі ұлпаларда 25 рет көп моноциттер болады.

    Моноциттердің жоғарылау себебе (моноцитоз):

    • Вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтармен шақырылған инфекциялық аурулар;

    • Жедел қабыну процессінен кейінгі қалыпына келу кезеңі;

    • Спецификалық аурулар: туберкулез, сифилис, бруцеллез, саркоидоз, спецификалық емес жаралық колит;

    • Ревматикалық аурулар (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, түінді периартерит);

    • Қан түзу ағзаларының аурулары (жедел лейкоз, миеломды ауру, лмфогранулематоз);

    • Ософор, тетрахлорэтанмен улану;

    Моноциттердің төмендеу себебі (моноцитопения):

    • Апластикалық анемия

    • Жүктілік кезінде

    • Оперативтік қатысулар

    • Қорқыныш жағдайлары

    • Клеткалы лейкоз

    • Пиогендік инфекциялар

    • Глюкокортикоидтарды қабылдау

    Ретикулоциттер дегеніміз не?

    Ретикулоциттер-арнайы(суправитальды) түс кезінде шығатын дәнді-жіпті субстанцияны құрайтын эритроциттердің жас түрлері(ересек эритроциттердің алдыңғылары). Ретикулоциттер жілік майы секілді перифериялық қанда болады. Ретикулоциттердің пісу кезеңі 4-5 күнді құрайды, солардың ішінен 3 күн ішінде перифериялық қанда піседі, содан соң ересек эритроциттер болады. Жаңа туылған балаларда ретикулоциттер ересектерге қарағанда үлкен мөлшерде байқалады. Ретикулоциттердің саны жілік майында регенеративтік қасиет түзеді. Олардың есебі эритропоэздардың белсенділік деңгейінің бағасы үшін мағынасы бар(эритроциттердің өнімдері). Эритропоэздың жылдамдауы кезінде ретикулоциттердің үлесі өседі, ал баяулағанда төмендейді. Эритроциттердің күшейтілген ойрандалу жағдайында ретикулоциттердің үлесі 50%-ке көтеріледі. Перифериялық қанда эритроциттердің саны күрт қысқаруы ретикулоциттердің саны жасанды жоғарлауына әкеледі, солай барлық эритроциттердің соңғысы есептеледі. Содан анемияның ауырлық бағасы үшін «ретикулярлық индекс»:ретикулоциттер*гематокрит/45*1,85, сонда 45-қалыпты гематокрит, 1,85-қанда жаңа ретикулоциттердің түсуі үшін қажетті күндердің саны. Индекс<2болса анемияның гипопролиферативті компонентін айтады, ал егер>2-3 болса эритроциттердің түзілуі артады.

    Талдаудың белгілеу көрсеткіштері:

    • Гемопоэздың тиімсіз диагностикасы немесе эритроциттердің өнімінің төмендеуі

    • Анемияның дифференцалдық диагностикасы

    • Темір, фолий қышқылы, В12 дәрумені эритропоэтин препаратының терапиясы.

    • Жілік майын трансплантациялау моноторингінің әсері

    • Эритросупрессорлар терапиясының мониторингі

    Ретикулоциттердің саны қандай жағдайда жоғарлайды(ретикулоцитоз)?

    • Постгеморрагиялық анемия(ретикулоцитарлық криз, 3-6 есе көбею)

    • Гемолитикалық анемия(300 % дейін)

    • Оттегінің өткір жетіспеушілігі

    • В12 анемия тапшылығын емдеу(ретикулоцитарлық кризді 5-9 күнде В12 дәруменімен терапия)

    • Темір препаратымен темір жетіспеушілік анемиясын терапиялау(8-12 күн емдеу курсы)

    • Талассемия

    • Малярия

    • Полицитемия

    • Жілік майы ісігінің метастаздары

    Ретикулоциттер саны қандай жағдайда төмендейді?

    • Аппластикалық анемия

    • Гипопластикалық анемия

    • Емделмейтін В12 витамин жетіспеушілік анемиясы

    • Сүйектегі өскіндер метастаздары

    • Қан түзілу жүйесінің аутоиммундық аурулары

    • Микседема

    • Бүйрек аурулары

    • Алкоголизм




    написать администратору сайта