Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометридтегі өзгерістер сипаты:
Эндометрий полипі.
Атрофия
Пролиферация
Безді –кистозды гиперплазия
Децидуалды транформация
Гинекологиялық аурулар кезіндегі бұғана асты аймағындағы ауырсыну иррадиациясы негізгі симптом болып табылады:
Жарылған түтікшелік жүктіліктің
Аналық без кистасы
Жатыр миомасының
Түсік қаупінің
Басталған түсіктің
Жүкті әйел, 24 жаста, гинекологиялық бөліміне 27.Х.2009 ж. Жыныс жолдарынан қанды шағынды бөліністерге шағымданып түсті. Тұрмыс құруына 2 жыл. Сонғы етеккірі 25-28.07.2009 ж, өзін шүктімін деп санайды. Біріншілік госпитализация 7.10.2009 іштің төменгі бөлігінде ауырсынумен, қанды жағынды бөліністермен байланысты түсті. Жағдайы жақсарумен шығарылды. Жалпы жағдайы қаңағаттарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті.Тілі таза ,ылғалды. PS-70/ мин рет, толуы мен кернеуі қанағаттарлықтай. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Айнада қынап шырышы және жатыр мойыны көгерген. Жатырдан қою түсті қанды жағынды мен бөліністер. Жатыр anteflexio-versio, қозғалмалы. Жатыр денесі жұмсақ консистенциялы, жүктіліктіктің 7-8 аптасына сай ұлғайған. Жатыр денесі солға ығысқан, жатырдан оң жақта жұмсақтау – эластикалық ісік анықталады. Көлемі ер жұдырығындай. Ісік оң жақ бұрыш аймағына жатырға жанасқан. Пальпация кезінде аймағы аздап ауырсынады. Ісік жақта қалыпты көлемде аналық безі анықталады.Сіздің диагнозыңыз:
Оң жақты түтікшелі жүктілік, түтікшелі түсік түрінде бұзылу
Сол жақты түтікшелі жүктілік, түтікшелі түсік түрінде бұзылу
Жүктіліктің 7-8 аптасында өздігінен ерте түсік қаупі
Жүктіліктің 7-8 аптасында өздігінен кеш түсік қаупі
Оң жақты түтікшелі жүктілік, түтікше жарылуы түрінде бұзылу
Жүкті әйел, 27 жаста, 19.35 жедел жәрдеммен клиникаға әкелінді. Өзін жүктімін деп ойлап әйелдер кеңесіне жүктілікті үзу мақсаты мен барған, бірақ қарағанда жүктілік анықталмаған. Науқас есі анық, қоршаған ортаға әлсіз көзқараспен. Сұрақтарға бірде күрделі жауап береді. Тері жабындылары және шырышты қабаты боз, маңдайында суық тер басқан.Пульс минутына 130 соққы, әлсіз толымды, жиі, нашар саналады. АҚҚ 70\50 мм.сын.бағ. Іші біртегіс кепкен, перистальтикасы жоқ. Құрсақ қуысы қабырғасының пальпациясында іш бұлшықсттерінің айқын қатаюы анықталады, және пальпацияда күшейеді. Сыртқы қан кетуі жоқ. Нв = 51 г/л, Эр 3 000 000, лейкоциттер 5600 .Сіздің диагнозыңыз?
Жатырдан тыс жүктілік, түтікше жарылуы түрінде. Геморрагиялық шок 1 дәреже.
Жатырдан тыс жүктілік, түтікше жарылуы түрінде. Геморрагиялық шок 3 дәреже.
Жедел сальпингоофорит.
Өздігінен түсік қаупі.
Аналық без апоплексиясы.
Науқас, 28 жаста, етеккірінің 14 күнге кешігуінде ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынуға және қою-қанды бөліністерге шағымданып түсті.5 жүктілік болған; босану 1 және 4 медициналық түсік соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 80 соққы минутына, АҚҚ 110/170 мм.сын.бағ.Айнада ; қынап шырышы және жатыр мойны цианозды, қою қанды бөліністер: PV: жатыр қалыпты орналасқан, қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз.Қосалқылары аймағында сол жақтан тесталы консистенцияда түзіліс анықталады,ауырсынады.Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбезі қалыңдаған, ауырсынады. Осы тізімдегі диагноздарда мұндай клиникалық көрініс анықталады:
Эдометрит
Толық емес түсік
Аналық без кистомасы
Жатырдан тыс жүктілік
Жедел сол жақты аднексит
Науқас К, 29 жаста, іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынуға, тік ішекке иррадиациямен және жыныс жолдарынан қанды жағындымен бөлініске шағымдана түсті: мини – түсіктен соң 2 күн ауырған. Босану – 1, медициналық түсік – 2.Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 78 соққы минутына, АҚҚ 115/70 мм.сын.бағ. Айнада: қинап шырышы және жатыр майны цианозды, бөліністері қанды, қанаралас. PV: Жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Оң жақтан қосалқы аймағында айқын емес контурда түзіліс пальпацияланады, тесталы консистенция да, ауырсынады. Артқы күмбезі қалындаған, ауырсынады.Диагнозыңызды айтыңыз:
Жатыр қосалқысының созылмалы қабынуының өршуі
Жедел метроэндометрит
Жатырдан тыс жүктілік
Ұрық жұмыртқасы қалдықтары
Жедел сол жақты параметрит.
Науқас, 22 жаста, 2 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Соңғы етеккірі 6 апта бұрын болған. Жүктілікке тест оң. Анамнезінде: қосалқылардың созылмалы қабынуы, 2009ж медициналық түсік. Қараған кезде айнада қынапта көп емес қан мөлшері анықталады. Цервикалды өзектен аққан, жатыр мойны жабық. Жатыр пальпация кезінде жұмсақтау, қалыптыдан сәл ұлғайған. Жатыр қосалылары маңы ерекшеліксіз. Жүргізу тактикасын тандаңыз:
Жатырдың вакуум кюретажы
Кульдоцентез
Медроксипрогестерон 10 мг күніне тағайындау
3 апта жыныстық қатынасқа түспеу
Трансвагиналды УДЗ
Науқас, 27 жаста, гинеколоиялық бөлімге іштің төменгі бөлігінде кенеттен ауырсыну пайда болуымен, тік ішекке иррадиациямен шағымданып түсті. Анамнезінде ЖІС-ң ұзақ уақыт тұруы, сальпингоофорит, түсіктер. Етеккер кешігіуне 2 апта. «Ванька-встанька» екі жақты «френикус – симптомы», бас айналу, естен тану анықталады. Гинекологиялық статус: айнада: жатыр мойны цианозды, Промтов симптомы оң. PV: Жатыр жүктілік мерзімінен кішкентай, бір жақты ұлғаю және жатыр қосалқыларының ауырсынуы. Артқы күмбез салбырауы. Крик Дугласа.Осы көрініс себебі не:
ЖІС-нің ұзақ уақыт туруы, кіші жамбаста тыртық – жабысқақ процесс
Аналық бездердің гормоналды қызметінің бұзылуы
Эндометриоз
Инфантилизм
Түсіктер
Науқас Л, 34 жаста, жедел жәрдеммен іштің төменгі бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсынуға, қою-қанды бөлініске шағымданып гинекология бөліміне түсті. Соңғы етеккірі 5 апта бұрын болған. Анамнезінде: жүктілік – 3, босану – 1, медициналық түсік – 2. Жүктілікке тест оң. УДЗ: ұрық жұмыртқасы жатырда көрінбейді. Айнада: жатыр мойны және қынап шырышы цианозды, жатырдан – қанды бөліністер. Қынаптық зерттеуде: жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған жұмсақ консистенцияда, қозғалмалы. Промтов симптомы оң. Қандай әрекет қолданамыз:
Сұйықтың сипатын анықтауда артқы күмбез пункциясы (қан, эксудат, ірің)
Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысының ұзындығын анықтау үшін
Кольпоскопия – эпителидің паталогиялық зонасын анықтау және биопсия бөліктерін белгілеу
Құрсақ қуысы рентгенографиясы, жатыр түтікшелері кеңеюін және толу деффектісін анықтайды
Гистероскофия жатыр ішілік патологияны анықтайды және терапия бақылауын жүргізеді
Лоренс-Муна-Бидля синдромындағы аменорея мына деңгейдегі бұзылысқа негізделген:
Гипоталамус
Бас ми қыртысы
Гипофиз
Аналық бе.
Жатыр
Екіншілік аменорея себебі болуы мүмкін:
Босануда көп қан жоғалту
Психогенді күйзеліс
Жыныс мүшесі туберкулезі
Дене салмағының айқын жетіспеушілігі
Хламидиялық инфекция
Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынама мына мақсата жасалады:
Репродуктивті жүйе зақымдалу деңгейін анықтау
Жатыр аномалиясының диагностикасы
ОНЖ органикалық зақымдалу диагностикасы
Түрік ершігі құрылысын анықтау
Жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау
Жүктілік немесе босану кезінде массивті қан жоғалтып қайта қалпына дұрыс келтірілмеген патологиялық синдром қалай аталады:
Посткастрационды
Симмондс
Бабинский- Фрелих
Киари-Фроммель
Шихан
Науқас 22 жаста.Біріншілік аменорея тексеру кезінде жыныстық хроматин 0, хромасомды жинақ 44XУ (еркектік кариотип).Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:
Лоренс-Муна-Бидля синдромы
Шерешевский-Тернер синдромы
Шихан синдромы
Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)
Бабинский-Фрелих синдромы
Г., 22 жаста жүктілік және етеккір болмауына байланысты келді.Анамнезінен:сау бала болып өсті,13-15 жасында шап жарығына операция жасалған.Тұрмысқа 20 жасында шықты.Күйеуі 20 жаста.Туған әпкесінде етеккірі жоқ.Қарағанда бойы 156см,салмағы 55кг,екіншілік жыныс белгілері жақсы дамыған.Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс орналасқан.Айнада:қынабы тұйық бітеді,жатыр мойны жоқ. РV:қынабы босанбаған,жатыр мойны және қосалқылары анықталмайды. Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:
Біріншілік аменорея
Екіншілік аменорея
Қынап атрезиясы
Жатырлық аменорея
Дисфункционалды жатырдан қан кету
Дәрігерге біріншілік бедеулікпен 23 жастағы пациент тексерілуге келді. Гистеросальпингография жасалды. Суретте жатыр қуысы деформациясы, түтікшелердің сәл қысқаруы, түтікшелер түбінде сарымсақ тәрізді кеңеюлер анықталды. Бұл жағдайда қандай әдіс арқылы патологиялық процесстің белсенділік деңгейін анықтауға болады:
Биологиялық әдіс
Жатыр қуысының шырышты қабатын диагностикалық қыру
Аспирациялы биопсия
Кох пробасы
Культуралды әдіс
Науқас К., 29 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, дене температурасының 38,0-39,0С көтерілуіне, қалтырауға, жыныс жолдарынан сарғыш түсті бөліністерге шағымданады. Ауырғанына жеті күн болған. Осыдан он күн бұрын өз еркімен түсік тастаған. Гинекологиялық қарау кезінде: цервикальды каналдан іріңді бөлініс анықталды, жатыр ұлғайған, жұмсақ қонсистенциялы. ҚЖА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. УДЗ: жатыр ұлғайған, эндометрий және миометрий шекаралары айқын емес, миометридің эхогенділігі өзгерген, жатыр қуысы кеңейген. Сіздің диагнозыңыз:
Жедел сальпингоофорит
Жедел эндоцервицит
Эндометриоз
Жедел эндометрит
Толық емес тусік
Гинеколог қабылдауына 39 жастағы науқас іштің төмен тартып ауырсынуна, жыныс жолдарынан сарғыш түсті бөлініске шағымданып келді. Ауырғанына бір апта болған. Осыдан он күн бұрын диагностикалық қыру жасаған. Жатыр мойнын айнамен және кальпоскоппен қараған кезде сыртқы аран аймағының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Цервикальды каналдан серозды-іріңді бөлініс анықталды. Анамнезінде созылмалы кольпит. Сіздің тактикаңыз? Неліктен:
Бимануальды және ректальды тексеру
УДЗ. Цервикальды каналдан бактериоскопиялық жағынды алу.
Кіші жамбас ағзаларын УДЗ. Цервикальды каналдан бактериоскопиялық жағынды алу.
Цервикальды каналдан бактериоскопиялық жағынды алу. Бактерияның түрін анықтау.
Цервикальды каналдан бактериоскопиялық жағынды алу, бактериологиялық себуге жіберу
Науқас Р., 32жаста, іштің төменгі бөлігіндегі аяғына және белге берілетін ауырсынуға, дене температурасының 38,0С көтерілуіне, қалтырауға, бас ауруына, аузының құрғауына шағымданады. Осыдан он күн бұрын өз еркімен түсік тастаған. Бимануальды және ректальды тексеру барысында: қынаптың бүйірлік күмбезі тегістелген, тығыз, қозғалысы шектелген, шамалы ауырсынумен инфильтрат анықталды. Гентер симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Жедел сальпингоофорит
Жедел эндоцервицит
Эндометриоз
Жедел эндометрит
Жедел параметрит
Патогенезіне және клинико-морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты репродуктивті кезеңдегі жатырдан дисфункциональды қан кетуді жіктейміз:
цефалгиялық, криздік
біріншілік, екіншілік
ановуляторлы, овуляторлы
жедел, созылмалы
қысқа, ұзақ кезеңді
Ауру 25 жаста, бұрын босану болмаған, екіншілік жыныстық белгілердің жетілуі нашар, жатыр гипопластикалық, аналық бездер кішірейген, менструациясы ауырсынумен, нейро-эндокриндік өзгерістер жоқ. Диагноз:
жыныстық инфантилизм
гонадалардың дисгинезиясы
ювенильдік гипоталамикалық синдром
туа біткен эндометриоз
Штейн-Левенталь синдромы
Гермафродитизм төменде аталған жағдайлармен қатар жүреді:
айқын гонад дисгенезиясы
андрогенге сезімталдығының болмауының синдромы
аралас гонад дисгенезиясы
суайер синдромы
Х-хромосом құрылымдық бұзылысы
Дисгенезия гонадын емдеудің аралас түрі (кариотип 45хо| 46хy):
хирургиялық (дисгенетикалық гонадтарды алып тастау) және жыныс гормондарымен орын басатын терапия
кортикостериодтармен орын басатын терапия
хирургиялық (сыртқы жыныс мүшелерін қалпына келтіру)
біріктірілген эстроген-гестагенді препараттар
фитоэстрогендер
16 жасар қыз балада жыныс жолдарынан қанды бөлініс 8 күнге созылған, етеккірінің 3 айға тоқтағаннан кейін. Ректо-абдоминальды зерттеуінде патология табылмаған. Hb-80г/л. Диагнозы қандай:
аналық безінің гормонөндіруші ісігі
дисфункциональдық қан кету
жатыр мойнының рагы
жатыр мойнының полипі
эндометрийдің полипозы
Науқас 28 жаста, жыныс жолдарынан иіссіз ірімшік тәрізді бөлініске, қышуға, күйдіріп ауырсынуға шағымданады. Қандай ем қолдануға болады? Неге:
хламидияға қарсы ем, хламидиоз
антибактериальды терапия, гонорея
саңырауқұлақтарға қарсы препараттар, қынаптық кандидоз
метринидазол, трихомониаз
қынап санациясы, жай серозды кольпит
66 жастағы ауру әйел қынаптан қанды бөлініске шағымданып түсті. Анамнезі бойынша жүктілік болмаған. Менопаузада 18 жыл. Қынап арқылы қарағанда жатыр 8 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, оң жағында инфильтрация анықталады. Кандай паталогия болуы мумкiн:
аналық без ісігі
жатыр рагы
созылмалы аднексит
жатыр түтігінің рагы
жатыр миомасы
Әйелдер кеңесі дәрігеріне етеккірінің кешігуіне (соңғы етеккірі 8 апта бұрын болған), жүрек айнуына және кейде таңертең бірретті құсуына, иісті көтере алмауына шағымданып әйел келді. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының жұмсаруы анықталады. Жатыр консистенциясы жұмсақ, пальпация кезінде тығыздалады, «қаз жұмыртқасы» көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынусыз. Жүктілік қаламаған. Дәрігерлік тактика:
Жүктілікті үзуге жіберу
Клинико-лабораторлы тексеру жүргізу
Клинико-лабораторлы тексеру және УДЗ жүргізу
Клинико-лабораторлы тексеру жүргізу және жүктілікті үзуге жіберу
Клинико-лабораторлы тексеру жүргізу және диспансерлік бақылауға тұрғызу
Әйелдер кеңесі дәрігеріне 22 жастағы әйел Д. етеккірінің болмауына шағымданып келіп түсті. Соңғы етеккірі 20.09.2010ж. Объективті тексеруде жатыр мойны және қынаптың шырышты қабатының цианозы, ақ түсті иіссіз бөліністер анықталды. Қынаптық тексеруде жатыр консистенциясы жұмсақтау, пальпация кезінде тығыздалады, «қаз жұмыртқасы» көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынусыз. Қосалқылар ұлғаймаған, ауырсынусыз. УДЗ тағайындалды. Неге:
Жүктілік мерзімін анықтау үшін
Ұрықтың қалпын анықтау
Ұрықтың тума ақауларын анықтау үшін
осы жүктіліктің асқыну симптомдарын анықтау үшін
Ұрық қозғалысын анықтау үшін
35 жастағы әйел адамда жатыр мойнының 1 дәрежелі рагы аныкталды, қандай ем тағайындайсыз, неліктен:
химиятерапия, ағзаны сақтап қалу үшін
сәулелі, өйткені метастаз болмау үшін
оперативтік, процессті тоқтату үшін
гормональдық, басқа ағзаларға өтпеу үшін
біріктірілген гормональды және сәулелі, басқа ағзаларға өтпеу үшін
Трофобластикалық аурулардың емінің тиімділігінің негізгі анықтау әдісі
қанның сары суында жэне зәрде динамикалык хорионалдық гонадотропинның титрін анықтау
динамикалық трансвагиналдық эхография
компьютерліқ томография қанда жэне зәрде динамикалык хорионалдық гонадотропинның титрін анықтау
гистероскопия және фракциондық диагностикалық кыру
лапароскопия
51 жастағы әйелдегі қан кетуге байланысты жатыр мойны және жатыр қуысы бөлек қыруы жасалды: жатыр денесiнiң узындыгы - 7 см., жатыр мойнының қырындысында патология жоқ, эндометрияда жоғарғы дифференцияланған аденокарцинома анықталды. Метастаз жоқ. Емнің қай түрін қолданған жөн: Неліктен:
жамбас экзентерация, ошақ көзін жою үшін
гистерэктомия, ошақ көзін жою үшін
жатыр экстирпациясы қосалқыларымен, ошақ көзін жою үшін
сәулелік терапия, ошақ көзін жою үшін
химиотерапия метастаздың алдын алу үшін
|