Главная страница
Навигация по странице:

  • Анемиялар Анемия

  • Книга Терапия казак (1). Жедел бронхит жне бронхиолит


    Скачать 6.33 Mb.
    НазваниеЖедел бронхит жне бронхиолит
    Дата24.09.2022
    Размер6.33 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКнига Терапия казак (1).doc
    ТипДокументы
    #693534
    страница85 из 103
    1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
    Бір дұрыс жауабын беріңіз

    1. Жедел гломерулонефритте болатын эклампсияның басты белгісі:

    а) АҚҚ с.б. 180/110 мм

    б) тәуліктік протеинурия 3 г

    в) экспираторлы ентігу

    г) құрысу және естен тану

    д) өкпе шеменінің рентгенологиялық белгісі

    2. Жедел гломерулонефритте пенициллин қатарының антибиотигін қолданудың көрсетпелері:

    а) аурудың вакцина еккеннен кейін дамуы

    б) аурудың стрептококк инфекциясынан кейін дамуы

    в) аурудың трансплантациядан кейін дамуы

    г) плевриттің қосылуы

    д) ЖБЖ асқыну

    3. Жедел гломерулонефритте преднизолон тағайындау көрсетпесі:

    а) ЖГН-ң моносимптомды варианты

    б) ЖГН-ң нефроздық варианты

    в) ЖГН-ң ісінулі – гипертониялық варианты

    г) ЖГН-ң гипертониялық варианты

    д) несеп синдромы

    4. ЖГН-те АҚҚ-ң көтерілу механизмі:

    а) катехоламиндер бөлудің көбеюі

    б) преднизолонды жиі қолдану

    в) аурудың жедел кезеңінде болатын психоэмоциональдық шиіленіс

    г) гиперволемия

    д) рениннің жоғары активтілігі

    5. Біреуінен басқасының бәрі созылмалы латентті гломерулонефритте кездеседі:

    а) гематурия

    б) ісіну

    в) протеинурия

    г) цилиндрурия

    д) болмашы лейкоцитурия

    6. Глюкокортикоидтар қолданылатын пульс-терапия тағайындалады:

    а) бірінші рет анықталған созылмалы гломерулонефритте

    б) тәулігіне 3 г/л артық протеинурияда

    в) гломерулонефриттің өте жоғары активтілігінде

    г) басталып келе жатқан СБЖ

    д) қанда холестерин деңгейі жоғары болғанда

    7. Монотерапия түріндегі иммунодепрессанттар өте тиімді:

    а) бүйрек артериясының тромбозында

    б) СГН-ң гематуриялық түрінде

    в) СГН-ң гипертониялық түрінде

    г) СГН-ң аралас түрінде

    д) СГН-ң нефроздық түрінде

    8. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі тез үдемелі гломерулонефритте кездеседі:

    а) нефроз синдромы

    б) қатерлі гипертония

    в) көз көруінің бұзылуы

    г) тез үдемелі даму

    д) буын синдромы

    9. Жеделше гломерулонефритте гемодиализ жасау көрсетпелері:

    а) Е.М.Тареев бойынша СБЖ ІІ сатысы

    б) жеделше гломерулонефриттің қатерлі ісікпен қоса кездесуі

    в) СБЖ-ң сепсиспен асқынуы

    г) СБЖ мен резистентті жүрек әлсіздігі

    д) психикалық бұзылыстар

    10. Жеделше гломерулонефритті гипертония ауруының қатерлі вариантынан ажыратудың екшеу-іріктеу критерийлері:

    а) несеп синдромы

    б) тез үдеу

    в) көз түбі артериолдарының түйілуі

    г) биопсияда – бүйректе экстракапиллярлық процесс болуы

    д) жоғары дәрежелі гипертония

    11. Созылмалы пиелонефриттің ең жиі қоздырғышы:

    а) көкшілірің таяқшасы

    б) клебсиелла

    в) ішек таяқшасы

    г) энтерококк

    д) алтынсары стрептококк

    12. Созылмалы пиелонефритті емдеуде біреуінен басқасының бәрі қолданылады:

    а) антибиотиктер

    б) нитрафурандар

    в) кортикостероидтар

    г) сульфаниламидтер

    д) налидикс қышқылының өнімдері

    13. Созылмалы пиелонефритті бүйрек туберкулезінен ажыратудың екшеу-іріктеу диагнозында маңызды:

    а) өкпеде туберкулез процесінің бар не жоқ болуы

    б) несепте туберкулез микобактерийін анықтау

    в) бүйректі УДЗ

    г) бүйректің компьютерлік томографиясы

    д) бәрі дұрыс

    14. Созылмалы пиелонефрит пен созылмалы гломерулонефриттің гематуриялық түрін ажыратуда екшеу-іріктеу процесінде маңыздысы:

    а) микроб денесінің саны

    б) бүйректің пункциялық биопсиясы

    в) бүйректі УДЗ

    г) венаішілік урография

    д) несептің жалпы анализі

    15. Екінші ретті амилоидоздың диагнозын қою үшін ең маңызды:

    а) урография

    б) нефроз синдромы

    в) бүйрек жетіспеушілігі

    г) несеп анализі

    д) бүйректің немесе тік ішектің кілегей қабығының биопсиясы

    16. Бүйрек амилоидозындағы нефроз синдромының ерекшелігі:

    а) нефроз синдромы баяу дамиды

    б) қайталамалы сипаты болады

    в) цитостатиктер көмегімен жеңіл жоюға болады

    г) СБЖ бой көрсеткенде сақталады

    д) АГ қоса кездеседі

    17. Нефроз синдромының болуы күмәнді:

    а) созылмалы пиелонефритте

    б) созылмалы гломерулонефритте

    в) бүйрек артериясының тромбозында

    г) инфекциялық эндокардитте

    д) диабеттік гломерулосклерозда

    18. Амилоидоздың асқынуы:

    а) инфекциялық эндокардит

    б) пиелонефрит

    в) бүйрек веналарының тромбозы

    г) перинефрит

    д) тынжытас ауруы

    19. Біреуінен басқасының бәрі нефроз синдромын емдеуде қолданылады:

    а) стероидтық гормондар

    б) гипонатрийлі диета

    в) диуретиктер

    г) ультрафильтрация

    д) жүрек гликозидтері

    20. Амилоидоздағы ең ерте белгі:

    а) протеинурия

    б) гематурия

    в) лейкоцитурия

    г) цилиндрурия

    д) изостенурия

    21. СГН қандай клиникалық варианты ең жиі кездеседі:

    а) гематуриялық

    б) латентті

    в) нефроздық

    г) гипертониялық

    д) аралас

    22. СБЖ консервативтік сатысына сәйкес келетін шумақ фильтрациясының деңгейі:

    а) 60 мл/мин.

    б) 40 мл/мин.

    в) 30 мл/мин.

    г) 20 мл/мин.

    д) 15 мл/мин.

    23. Ең жоғарғы дәрежелі протеинурия байқалады:

    а) жедел гломерулонефритте

    б) амилоидозда

    в) нефроз синдромында

    г) созылмалы гломерулонефритте

    д) созылмалы пиелонефритте

    24. Амилоидоз диагнозын дәлелдеуге басқа тәсілдерден сенімдірек көмектеседі:

    а) конгорот қолданған сынама

    б) несепте Бенс – Джонс белогінің болуы

    в) сүйек миын тексеру

    г) тік ішек биоптатын гистологиялық тексеру

    д) клиникалық белгілері

    25. СБЖ дәрежесін дәл анықтайтын көрсеткіш:

    а) мочевина

    б) қалдық азот

    в) креатинин

    г) калий

    д) жалпы белок

    26. 20 жастағы әскери қызметкер жоғарғы тыныс жолдарының жедел респираторлы – вирустық инфекциясынан кейін 2 апта өткен соң несебі түсінің ет жуындысына ұқсас қызарып кеткенін байқаған. АҚҚ с.б. 120/80 мм. Несептің жалпы анализі: эритроциттер көру алаңын толық алып жатыр, белок 0,5 г/л, көру алаңында бірен-саран лейкоциттер бар. Жалпы белок қанның 72 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:

    а) Берже ауруы

    б) созылмалы пиелонефриттің өршуі

    в) интерстициальдық нефрит

    г) нефроз синдромы

    д) қатерлі жеделше нефрит

    27. 50 жастағы әйел бел аймағының екі жағының да ауыратынына, кіші дәретке жиі отыратынына, дене қызуының 37С дейін көтерілетініне шағым айтады. Анамнезде екіқабаттылық кезде нефропатия, АҚҚ көтерілгені, протеинурия болғаны жөнінде мәлімет береді. Соңғы 10 жыл ішінде мезгіл-мезгіл дизурия, бел тұсының ауыруы, АҚҚ көтерілуі байқалады. Қарағанда: көз асты ісінген, тері қуқыл тартқан, бүйрек тұсының ауыратыны анықталады, нұқу симптомы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз?

    а) созылмалы пиелонефрит, латентті дамуы

    б) созылмалы пиелонефрит, қайталамалы дамуы

    в) жедел гломерулонефрит

    г) созылмалы аралас гломерулонефрит

    28. Несепте болуға тиіс өзгерістер:

    а) лейкоцитурия, орташа дәрежелі протеинурия, бактериурия

    б) макрогематурия, жоғары дәрежелі протеинурия

    в) протеинурия, гематурия, цилиндрурия

    г) лейкоцитурия, несепте белоктың болмауы, нормостенурия

    29. Емі:

    а) төсек режимі

    б) невиграмон

    в) өткір, қышқыл тағамдарды шегерген диета

    г) өсімдіктен алынған уросептиктер

    д) келтірілгендердің бәрі

    Мына схеманы пайдаланып, дұрыс жауабын беріңіз:

    А – 1, 2, 3 дұрыс болса

    Б – 1, 3 дұрыс болса

    В – 2, 4 дұрыс болса

    Г – 4 дұрыс болса

    Д - бәрі дұрыс болса

    30. ЖГН тән асқынулар:

    1. жүрек әлсіздігі

    2. коллапс

    3. эклампсия

    4. жүрек ырғағының бұзылуы

    31. Созылмалы гломерулонефритті патогенезіне қарай емдеу үшін қолданылады:

    1. глюкокортикоидтар

    2. цитостатиктер

    3. антикоагулянттар

    4. гипотензивті дәрілер

    32. Гломерулонефриттің тез үдемелі түрін емдеу үшін қолданылады:

    1. цитостатиктер

    2. гепарин

    3. дипиридамол

    4. БҚҚП

    33. СБЖ терминальды сатысында қолданылатын әдістер:

    1. бүйректі алмастырып салу

    2. гемодез егу

    3. созылмалы гемодиализ

    4. гипотензивтік ем

    34. Созылмалы гемодиализ жасау көрсетпелері:

    1. шумақ фильтрациясы 5 мл/мин. төмен

    2. тәуліктік диурездің тұрақты түрде 700 мл аз болуы

    3. креатининнің 1, 2 ммоль/л жоғары көтерілуі

    4. перикардит, нейропатия және энцефалопатия симптомдары

    35. Жедел гломерулонефрит асқынулары:

    1. жедел сол қарыншалық әлсіздік

    2. эклампсия

    3. ЖБЖ

    4. ауқымды бүйректен қан кету

    36. Екінші ретті гломерулонефрит дамуы мүмкін:

    1. жүйелі қызыл жегіде

    2. ревматоидтық артритта

    3. инфекциялық эндокардитте

    4. миелома ауруында

    37. Нефроз синдромының асқынулары:

    1. гиповолемиялық шок

    2. ЖБЖ

    3. абдоминальдық синдром

    4. бүйрек веналарының тромбозы

    38. СГН-ті созылмалы пиелонефриттен ажыратуға мүмкіндік беретін белгілер:

    1. қызба мен қалтырап тоңу

    2. бүйрек зақымдануы асимметриясының болмауы

    3. лейкоцитурия, бактериурия

    4. жоғары дәрежелі протеинурия, гематурия және цилиндрурия

    Қ А Н А У Р У Л А Р Ы

    Анемиялар
    Анемия (қан аздық) – эритроциттер түзілуінің бұзылуына байланысты және/немесе олардың көп шығындалуына (анемияда эритроциттердің саны әйелдерде 4 млн/мкл-ден және еркектерде 4,5 млн/мкл-ден төмен азаяды) байланысты қанда гемоглобиннің азаюымен (120 г/л төмен әйелдерде және 140 г/л төмен еркектерде) сипатталатын патологиялық күй. Гемоглобиннің жалпы мөлшерінің азаюына қоса эритроциттер санының азаюы әр уақытта бола бермейді. Гемоглобин мен эритроциттердің нағыз азаюын гематокрит көрсеткішіне қарап (қалыпты жағдайда Нt еркектерде 40-50% тең, әйелдерде 37-47% тең) анықтайды.

    Анемияның бірнеше классификациясы бар, олардың ішінде практикада қолдануға ыңғайлысы патогенетикалық классификация. Оған сәйкес анемиялардың 4 түрін ажыратады:

    І Қан кетуден болатын (постгеморрагиялық) анемиялар:

    а) жедел постгеморрагиялық анемия;

    б) созылмалы постгеморрагиялық анемия.

    ІІ Эритроциттер мен гемоглобин түзілуінің бұзылуынан болатын анемиялар:

    а) темір жетіспеушілік анемия;

    б) ДНҚ синтезінің бұзылуынан туындайтын мегалобласттық анемия;

    в) гипопластикалық (апластикалық) анемия.

    ІІІ Үстеме қан ыдырауынан болатын (гемолитикалық) анемия:

    1) Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар:

    а) эритроцит мембранасы құрылымының бұзылуына байланысты анемиялар (Минковский – Шоффар микросфероцитарлық анемиясы, овалоцитоз, акантоцитоз);

    б) эритроцитте фермент жетіспеушілігімен байланысты анемия;

    в) гемоглобин синтезінің бұзылуымен байланысты анемиялар (қолорақ клеткалы анемия, гемоглобиноздар, талассемия).

    2) Жүре пайда болған анемиялар.

    3) Аутоиммунды анемиялар.

    IV Аралас текті анемиялар.

    Анемияның диагнозын қоюда анамнездік мәліметтермен, жалпы клиникалық белгілермен қатар маңызды рөльді гематологиялық факторлар атқарады.

    1. Түс көрсеткіші (ТК), ол гемоглобиннің эритроциттегі салыстырмалы мөлшерін көрсе-теді және мынандай формула бойынша есептеліп шығарылады:

    ТК = Нв (г/100 мл х 3/10 х Эр. (алғашқы екі цифра) формулада:

    Нв – гемоглобин

    Эр – эритроциттер

    Қалыпты күйде ТК 0,86 – 1,05 тең.

    2. Гематокрит көрсеткіші (Ht) немесе гематокрит мөлшері; қан түйіршіктері мен қан плазмасының арасындағы қатынасты сипаттайды. Қанды центрифуга арқылы айналдырып анықтайды. Гематокрит мөлшері эритроциттердің көлемін көрсетеді.

    Қалыпты күйде Ht еркектерде 40-50%, әйелдерде 37-47% тең.

    3. Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері МСН (mean corpuscular hemoglobin). Қанның бір микролитріндегі гемоглобин концентрациясын қанның сол көлеміндегі эритроцит санына бөлу арқылы анықталады.

    Қалыпты мөлшері: 24-33 пикограмм (пг). Көрсеткіштің 24 пикограмнан төмендегені гипохромияны, 33 пикограмнан жоғары көтерілгені гиперхромияны көрсетеді.

    4. Эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы – MCHC (mean corpuscular hemoglobin concentration). Көрсеткіш эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесін бейнелейді.

    Қалыпты мөлшері: 32-38%. Көрсеткіштің 32% төмендегені абсолюттік гипохромияны, 38% жоғары көтерілгені гиперхромияны көрсетеді. Гемограммаға баға бергенде МСНС қалыпты көрсеткіштерін (32-38%) шамамен түс көрсеткіштерінің 1 бірлігіне тең деп есептеуге болады.

    Келтірілген көрсеткіштер бойынша анемияның төмендегідей түрлерін бөледі:

    1. Нормохромды анемия. ТК бірге жақын, МСНС = 32-38%. Жедел және созылмалы қан кетуде, кейбір гемолитикалық анемияларда, темір қажеттілігі артқанда, организмге темірдің түсуінің азайғанында кездеседі.

    2. Гипохромды анемия. ТК < 0,86, МСНС < 32%. Темір жетіспеушілігінде, инфекциялы-токсикалық анемияларда кездеседі.

    3. Гиперхромды анемия. ТК > 1,05, МСНС > 38%. В12-жетіспеушілік, фолий жетіспеу-шілік анемияларда, кейбір токсикалық анемияларда (уремия) кездеседі.

    Анемияның типтерін эритроциттердің мөлшеріне қарап та анықтайды. Ол үшін эритроцитометр көмегімен белгілі бір диаметрі бар эритроциттер санын пайызбен анықтайды. Нәтижесін эритроцитометриялық қисық (Прайс – Джонс қисығы) түрінде бейнелейді, онда абсцесса өсіне микронмен өлшенген эритроциттер диаметрі орналасқан, ал координаттар өсіне белгілі диаметрі бар эритроциттердің пайызы орналасқан. Эритроцитометрия нәтижесіне қарап эритроциттің орташа диаметрін МСД (mean corpuscular diameter) есептеп шығарады. Қалыпты жағдайда эритроциттер диаметрі 5,5 мкм-мен 8,8 мкм (орташа 7,2 мкм) арасында болады.

    Эритроциттің орташа көлемі MCV (mean corpuscular volume). Қалыпты мөлшері: 75-95 фемтолитр. MCV азаюы (60-70 фл) микроцитарлық анемияларда, көбеюі (100-160 фл) макроцитарлық және мегалобласттық анемияларда кездеседі.

    Эритроциттердің мөлшеріне қарап анемиялардың төмендегідей түрлерін ажыратады:

    1. Нормоцитарлық анемия: MCV = 75-95 фл, МСД = 5,5-8,8 мкм. Жедел қан кетуде, кейбір инфекцияларда, апластикалық анемияларда, кейбір гемолитикалық анемияларда кездеседі.

    2. Микроцитарлық анемия: MCV < 70 фл, МСД < 5,5 мкм. Темір жетіспеушілігінде, тұқым қуалайтын микросфероцитозда, талассемияда кездеседі.

    3. Мегалоцитарлық анемия: MCV > 125 фл, МСД > 11-12 мкм. В12-фолижетіспеушілік анемияларда кездеседі.

    4. Макроцитарлық анемия: MCV > 100 фл, МСД > 8,5 мкм. Кейбір жүре пайда болған анемияларда, кейбір токсикалық анемияларда (уремия, бауыр циррозы).

    Сүйек миының регенераторлық қабілетіне қарап (ол перифериялық қандағы ретикулоциттер мөлшеріне қарап анықталады; қалыпты күйде – 0,2-1% тең), анемияның төмендегідей түрлерін бөледі:

    1. Регенераторлық анемия: ретикулоциттер > 1%. Гемолитикалық анемияларда, пернциозды анемияны В12-витаминімен емдегенде кездесетін ретикулоцитарлық кризде, қан кеткеннен кейін байқалады.

    2. Гипорегенераторлық анемия: ретикулоциттер < 1%. Теміржетіспеушілік анемияларда, созылмалы қан кетулерде кездеседі.

    3. Гипопластикалық немесе апластикалық анемия. Ретикулоциттер < 0,2%. Гипопластикалық анемияларда, панмиелофтизде кездеседі.

    1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103


    написать администратору сайта