Главная страница

қазақша жалпы госкэ. Кеуде уысыны рентгенографиясы


Скачать 303.55 Kb.
НазваниеКеуде уысыны рентгенографиясы
Дата20.09.2022
Размер303.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақазақша жалпы госкэ.docx
ТипДокументы
#686121
страница4 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

құрсақ қуысының УДЗ, кеуде мүшелерінің рентгенографиясы

Науқас 55 жаста гинекологқа ішінің төменгі жағының ауырсынуына, ішінің ұлғаюына, құсу, 1,5 ай ішінде салмағының 8 кгға азайғанына шағымданады. Объективті: іші ұлғайған, кернеулі. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, артқа ығысқан. Ректо-вагинальді қарауда кіші жамбаста конгломерат, тас тәрізді, қозғалмайтын, бұдыр беткейлі. СА-125 – 2356 МЕ/мл. Диагнозды айқындайтын маңызды тексеру әдісі

қынаптың артқы күмбезі арқылы пункциясы немесе цитологиялық зерттеумен лапароцентез

51 жастағы әйелде жатыр мойны обыры I сатысы анықталды. Ісік жатырдың түбінде 2 см ге дейін созылып, 3 мм тереңдікке инвазия берген. Ісік жоғары дифференцирленген, рецептор оң. Ең дұрыс емдеу тактикасын көрсетіңіз

Ота + гормонотерапия

Науқас 55 жаста 2 айдан бері менопауза фонындағы жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданады. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, бимануальді тексеруде жатыры алдында, көлемі ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқыларынсыз екі жақтанда ұлғаймаған, ауырсынусыз. Процессті көру үшін қандай тексеру әдісі қажет

гистероскопия

33 жастағы әйел емханадағы онкогинекологқа жыныс жолдарынан кезеңді түрдегі қанды бөлініске шағымданып келді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Қазіргі уақытта әйел 34-35 апталық жүктілігіне байланысты гинеколог есебінде тұрады. Анамнезінде 1 босану, осы жүктілік екінші. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты серозды бөліндімен жабылған, таза, жатыр мойны гипертрофирленген, алдыңғы ерінде ұсақ бұдырлы түсті орамжапырақ тәрізді 2x3 см ісік байқалады, жанасқанда қанайды. Жатыры жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Ректальді қарауда кіші жамбас астауында инфильтрат анықталмады. Онкоцитологияға жұғынды – жалпақ жасушалы обыр. «Жатыр мойны обыры, IB T1bNxM0, 34-35 апталық жүктілік» диагнозы қойылды. Науқасты жүргізу тактикасын көрсетіңіз

кесір тілігі, жатырдың қосалқыларымен кеңейтілген экстирпация, отадан кейінгі сәулелік терапия

45 жастағы әйел емханадағы онкогинекологқа жыныс жолдарынан кезеңді түрдегі қанды бөлініске шағымданып келді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Анамнезінде 3 жүктілік, 1 босану, 2 мед.түсік. Соңғы рет гинеколог қарауында бес жыл бұрын болған. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты серозды бөліндімен жабылған, таза, жатыр мойны гипертрофирленген, алдыңғы ерінде ұсақ бұдырлы түсті орамжапырақ тәрізді 2x3 см ісік байқалады, жанасқанда қанайды. Жатыр ұлғаймаған, сопақша, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Ректальді қарауда кіші жамбас астауында инфильтрат анықталмады. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеріс әдісін қолдану керек

жатыр мойнының цитологиялық + гистологиялық тексеру әдісі

45 жастағы әйел емханадағы онкогинекологқа жыныс жолдарынан кезеңді түрдегі қанды бөлініске шағымданып келді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Анамнезінде 3 жүктілік, 1 босану, 2 мед.түсік. Соңғы рет гинеколог қарауында бес жыл бұрын болған. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты серозды бөліндімен жабылған, таза, жатыр мойны гипертрофирленген, алдыңғы ерінде ұсақ бұдырлы түсті орамжапырақ тәрізді 2x3 см ісік байқалады, жанасқанда қанайды. Жатыр ұлғаймаған, сопақша, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Ректальді қарауда кіші жамбас астауында инфильтрат анықталмады. Дәрігердің болжам диагнозы

жатыр мойны обыры IB T1bNxM0, экзофитті түрі

37 жастағы әйел емханадағы онкогинекологқа жыныс жолдарынан сулы, жағымсыз иісті бөлініске шағымданып келді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Анамнезінде 3 жүктілік, 3 босану. Соңғы рет гинеколог қарауында екі жыл бұрын болған. Анамнезінде жатыр мойны эрозиясы, емделмеген. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты серозды бөліндімен жабылған, таза, жатыр мойны гипертрофирленген, жанасқанда қанайды. Жатыр ұлғаймаған, сопақша, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Ректальді қарауда кіші жамбас астауында инфильтрат анықталмады. Жатыр мойны биоптатының гистологиялық қорытындысы – жалпақ жасушалы карцинома. Диагноз: Жатыр мойны обыры IB T1bNxM0. Қандай емдеу әдісі қолданылады

Вертгейм отасы

68 жастағы науқас соңғы бір жылдың ішінде жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданады. Соңғы етеккірі 20 жыл бұрын. Декомпенсирленген 2 типтегі қант диабеті. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, бимануальді тексеруде жатыры алдында, көлемі 8аптаға дейін ұлғайған, тығыз, бұдырлы ауырсынусыз. Қосалқыларынсыз екі жақтанда ұлғаймаған, ауырсынусыз. Науқасқа бөлшектік диагностикалық қырнау жасалды, гистологиялық қорытындысы– аденокарцинома. Құрсақ қуысының УДЗ бауыр қақпасында 2 метастаз анықталды. Науқаста IV сатылы жатыр денесінің обыры бауырға метастаз диагнозы қойылды. Науқасқа қандай емдік тактика жүргізген дұрыс

симптоматикалық ем

Науқас 55 жаста гинекологқа ішінің төменгі жағының ауырсынуына, ішінің ұлғаюына, құсу, 1,5 ай ішінде салмағының 8 кгға азайғанына шағымданады. Объективті: іші ұлғайған, кернеулі. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, артқа ығысқан. Ректо-вагинальді қарауда кіші жамбаста конгломерат, тас тәрізді, қозғалмайтын, бұдыр беткейлі. СА-125 – 2356 МЕ/мл. Лапароцентез жасалды, 6 л сабан сары түсте серозды сұйықтық алынды. Цитологиялық қорытынды – карцинома жасушалары. Басқа мүшелері бойынша ерекшеліксіз. Обырдың болжам сатысы қандай

III

Науқас 20 жаста , тәулігіне 10 рет шырыш және қан аралас сұйық нәжіске, дене қызуына шағымданады. Дефекация актісіне дейін өткір ауырсыну болады. Эпидемиологиялық анамнезі: ауруды асханада еттен жасалған котлет жегенімен байланыстырды. Болжамды диагноз шигеллез қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындағаны дұрыс

ципрофлоксацин

Науқас 38 жаста, жедел ауырды. Дене қызуы 38,7°дейін көтерілген, әлсіздік, лоқсу, 2 реттік құсу, сұйық нәжіс болған. 3 күнге қарай сұйық нәжіс 15 ретке дейін жиіленіп, іштің сол жақ аймағының ұстамалы, нәжісі ректальды түкірік тәрізді болған. Қарағанда: науқас бозарған,көзінің асты көгерген, ҚҚ 130/70мм.с.б, пульсі 100 рет мин. Іші тартылған, сигма тәрізді ішектің спазмы, нәжісі аз мөлшерде, шырыш пен қан жалқаяқтарымен араласқан. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындайсыз

нәжісті бактериологиялық зерттеу

Науқас 47 жаста, жүрек айнуына, қайталама құсуға, іш өтуіне және іштің ауырсынуына шағымданады. Үлкен дәреті сұйық , көбікті, жасыл түсті. 2 күн бойы ауырады. Ауруын шикі жұмыртқаны жегенімен байланыстырады. Объективті: орташа ауырлық дәрежесінде, іш қуысы ішек бойымен пальпацияға сезімтал. Ең ақпаратты зерттеу әдісі қандай

нәжісті бактериологиялық зерттеу

Науқас 38 жаста, операциядан 4,5 айдан кейін ауырып қалған. Операция кезінде қан құйылды. Соңғы күндері әлсіздік, тізе, бел мен шынтақ буындарының ауырсынуы, тәбеттің төмендеуі мазалайды. Тексергенде: дене температурасы қалыпты, терісі мен склерасы сарғайған. Бауыры тығыз консистенциялы, қабырға доғасынан 4 см-ге ұлғайған, көкбауыр ұлғаймаған. Зәрі қара түсті, түссізденген нәжіс. Серологиялық мәліметтер: HbsAg оң, anti-HBcor IgM теріс, anti-HBcor Ig G оң, anti-HAV IgM теріс. Болжам диагноз қандай

созылмалы вирусты гепатит В

25 жастағы ер адам терінің сарғаюына, әлсіздікке, дене температурасының 37,5 С дейін жоғарылауына және тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Іссапарда болған, онда үнемі шикі су ішкен. Серологиялық мәліметтер: HbsAg теріс, anti-HBs теріс, anti-HBcor IgM теріс, anti-HBcor Ig G теріс, anti-HAV IgM оң. Болжам диагноз қандай

вирусты гепатит А

30 жастағы науқас жүрек айну, құсу, жиі сұйық, көп мөлшерде шырыш пен қан араласқан нәжіске, дефекация актісіне дейін іштің ауырсынуына шағымданды. Ауруды шикі сүтті ішкенімен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта дәрежесінде, мықын ішек аймағында пальпация кезінде ауырсынуы бар. Копрограммасында: консистенциясы сұйық, шырыш көп мөлшерде, бұлшықет талшықтары (+), бейтарап май (+), май қышқылдары (-), сабын (+), лейкоциттер - 30-50, эритроциттер - 10-15, құрттардың жұмыртқалары табылған жоқ. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал

шигеллез

21 жастағы науқас жүрек айнуына, бір рет құсуға, дене қызуының 37,5 С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. 4 күннен кейін склера мен терінің сарғыштығы пайда болып, дене қызуы төмендеді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі мен склерасы сарғайған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға астынан + 0,5 см ұлғайған. ИФА гепатиттерге: HbsAg теріс, anti-HBs теріс, anti-HBcor IgM теріс, anti-HAV IgM пол. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ – 550 Ме/мл, АСТ – 430 МЕ/мл. Көрсетілген емдеу шараларының қайсысын тағайындаған дұрыс

диета, дезинтоксикация терапиясы

Науқас К., 27 жаста, шағымдарымен ауруханаға түскен: дене қызуының 39,0 ° С дейін жоғарылауына, қалтырауға, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуына, тенезм, 10 ретке дейін қанмен сұйық нәжіс. Объективті: температура 38,8 ° С. Әлсіз, сигма тәрізді ішектің ауырсынуы бар, тығыз сым түрінде. Нәжісті бактериологиялық зерттеуінде Salmonella spp табылған. Бұл науқасқа қандай антибактериалды препараттар ең қолайлы

фторхинолондар

29 жастағы ер адам терісінің сарғаюына, оң жақ қабырға асты ауырлық сезіміне, зәрдің күңгірттенуіне шағымданады. Қарап тексергенде: иктерикалық. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады, бауыр қабырға доғасының төменгі шетінен 3,0 см-ге дейін ұлғайған. Болжам диагноз «Жедел вирусты гепатит В» қойылды. Науқастың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болады

АЛТ көтерілуі, жалпы билирубин көтерілуі

35 жастағы әйел аурудың 6-шы күні ауруханаға жүгінді. Шағымдары: бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айну, бір рет құсу. Объективті: орташа ауырлық дәрежесінде, терісі мен склерасы сарғыш. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады, бауыр қабырға доғасының төменгі шетінен 2,0 см-ге дейін ұлғайған, пальпация кезінде ауырады. Зәр қара. Эпидемиологиялық анамнезі: Өзбекстанда туыстарында болған, арыққа шомылды, қайнамаған су ішкен, жемістер жеген. ИФА на гепатиты: HbsAg теріс, anti-HBs отр, anti-HBcor IgM теріс, anti-HЕV IgM оң. Болжам диагноз қандай

гепатит Е

Сыздауықтар шыққан кезде жергілікті қолданылады

ихтиолды май

Бальцер сынамасы оң

кебеткi темiреткiде

ҚЖТ кезіндегі субъективті сезімдер

қышу

Мерезде қатты шанкр пайда болады

бірінші кезеңде

Пемфигоид диагнозын негіздеу үшін қолданылады

Никольский симптомы

Терминальді қабық симптомы тән

псориазға

ҚЖТ кезінде түйіншектердің клиникалық белгілерін көрсетіңіз

кіндік тәріздес ойыс

Тері түсінің өзгеруімен сипатталатын бөртпе элементі

дақ

Кiлегей қабат кандидозы басқаша аталады

ауыз уылуы

Лихенификация сипатталады

терінің қалындауымен, тері суретінің айқындалуымен

Иммуноглобулин Е:

аллергиялық серпілістер кезіндегі антидене класы болып табылады

Иммуноглобулин M:

жедел инфекциялар кезіндегі антидене класы болып табылады

Иммуноглобулин А:

шырышты қабаттардағы жергілікті иммунитет антиденелерінің класы болып табылады

Иммуноглобулин А:

шырышты қабаттардағы жергілікті иммунитет антиденелерінің класы болып табылады

АИТВ кезінде Т-хелперлер деңгейі мен иммундыреттеуші индекс (ИРИ) аурудың сатысы мен өршуін көрсетеді. Анализ бланкісінде бұл сәйкесьтік көрсеткіші:

CD4, CD4/CD8

2 жастағы балада қайталамалы инфекциялармен, дерматитпен және тромбоцитопения салдарынан болатын қан кетулермен және артритпен сипатталатын туа пайда болған иммундытапшылық болуы мүмкін:

Вискот-Олдрич синдромы

Иммуноглобулин G:

созылмалы инфекциялар кезіндегі антидене класы болып табылады

Аллергиялық аурулары бар науқасқа симптомдарының пайда болуына себепші болған аллергенді анықтау қажет. Ол үшін себепші аллергендер жиынтығын қолданып, соның көмегімен анықтайды:

аллерген-спецификалық иммуноглобулина Е деңгейін анықтау

Цитокиндер - бұл:

қабыну медиаторы мен иммундық жауап болып табылатын белсенген лимфоциттермен және макрофагтардан бөлінетін төмен молекулалық ақуыздар

Жаңадан ұлпаның түзілуімен көрінетін және жасушаның генетикалық аппаратының өзгеруімен жүріп, оның өсуі мен дифференциялануы реттілігінің бұзылысына әкелетін патологиялық:

обыр

Қабынуға қарсы цитокиндер:

фагоциттерде бос радикалдар синтезін шектейді

Туберкулезді менингит кезінде ликвордың цитоз сипаты

лимфоцитарлы

Туберкулезді менингит кезіндегі жұлын сұйығының сипаты

сірлі

Ең тиімді туберкулезгеқарсы дәрі болып тадылады

изониазид пен рифампицин

2 топтағы туберкулезге қарсы дәріні атаңыз

протионамид

Өкпенің милиарлы туберкулезінде қандай қабыну рекциясы жүреді

Продуктивті

Негізгі топтағы туберкулезге қарсы дәріні атаңыз

изониазид

Шеткейлік лимфа түйіндері туберкулезбен жиі зақымдалады

мойын лимфа түйіндері

Бастапқы туберкулезді кешеннің құрамы

біріншілік аффект, лимфангит, регионарлы лимфаденит

Туберкулезді плевритке тән экссудат сипаты

лимфоцитарлы

ТБ Манту сынамасының оң реакциясы кезіндегі папуланың көлемі

5 мм және одан жоғары

Параспецификалық реакциялармен көрсетілетін ауруларды көрсетіңіз

бірінші реттік туберкулездің барлық түрлері

Туберкулез диагнозын дәлелдейтін лабораториялық зерттеу әдісі

Қақырықты туберкулез микобактериясына анықтау

Өкпедегі жекелеген ошақты көлеңкелердің рентгендік белгілері

1см ге дейінгі көлеңкелер

Ем тиімділігін анықтау мақсатында туберкулез науқасынан қанша порция қақырық анализын жинайды

2 порция

Бірінші реттік туберкулез комплексінің ізбестену кезеңіндегі жиі пайда болады

Гон ошағы

Әдетте кавернозды туберкулез кезінде анықталады

бір каверна

Диагностикалық мақсатта туберкулез науқасынан қанша порция қақырық анализын жинайды

3 порция

Туберкулезге жалпы тексеру рентгендік тәсілі

флюорографиялық әдіс

Сүйек туберкулезінде жиі зақымдалады

бел бөлімінің омыртқалары

Бастапқы туберкулезкешені кезіндегі 2ТБ Манту реакциясының сипаты

гиперергиялық

Қабылдау бөліміне жүктіліктің 35 аптасында, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, жүкті әйел келді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын, 25-30 секундтан. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасының ашылуы 2 см. Ең ықтимал диагноз қайсысы

Жүктіліктің 35 аптасы. Босанудың І кезеңі

Жүкті әйел О., 32 жаста. Участкелік гинекологқа жүктілігінің 17-18 апталарында ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының қақсап ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: Босану паритеті: 5/2. Үшінші және төртінші жүктіліктерін ерте мерзімде медициналық түсік жасату арқылы үзген, асқынусыз. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, кіші жамбас ортасында. Жатыр мойнының өзегі бір көлденең саусақты өткізеді, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан шырышты бөлінділер аз мөлшерде бөлінуде. Емхананың гинеколог дәрігерінің ең ықтимал диагнозы

жүктіліктің 17 – 18 аптасы. ААА. Жүктіліктің кеш мерзімінде үзілу қаупі

Әйелдің жасына сай өзгерістер нәтижесінде репродуктивті жүйеде инволюционды процестердің басым болатын физиологиялық кезеңі аталады

климакс

Р., 32 жаста, жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуі себебімен гинекологиялық стационарға жатты. Үйге шығу алдында гинекологқа, контрацепция әдістері туралы кеңес беруін өтініп келді. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуімен екі рет емделіп шыққан. Осы әйелге контрацепция әдістерінің ішінен қайсысын ұсынуға болады

комбинирленген ауыздық контрацепция

Қайта жүкті әйел, 36 жаста, жүктілік мерзімі 32 аптада балтырларында ісіну пайда болды. АҚ – 140/90 мм с. б., 150/100 мм с. б., зәрде белок 0,033 г/л. Аталған гипотензивті препараттардың қайсысын тағайындаған ең мақсатты болып табылады

допегит

Босанған әйел, 30 жаста. Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, қалтырау, басының ауыруы, дене қызуының 39,20 С көтерілуіне шағымданады. Босануда плацетаның 2/3 бөлігінің қалып қоюына байланысты, жатыр қуысын қолмен тексеру жүргізілген. Босану паритеті: 4/2, екі медициналық түсік. Созылмалы холецистопанкреатит, созылмалы пиелонефрит, «Д» есепте мамандарда тұрмайды. Сүт бездері аздап қатайған. Мүмкін болатын диагноз

босанғаннан кейінгі эндометрит

Жүкті әйел К., 29 жаста, жүктіліктің 35-36 аптасында гастроэнтерология бөліміне асқазан аймағындағы ауырсыну және құсу шағымдарымен келіп түсті. Ауруды сапасыз тағам қабылдаумен байланыстырады. Бөлімде асқазанды тазалады, содан кейін бас ауыруы пайда болды. Перзентханаға ауыстырылды. Қарау кезінде анықталды: терісі бозарған, балтырында айқын ісінулер, АҚ 160/100 мм с. б.. Зәр анализі: зәр тығыздығы 1018, лейкоциттер 3-4 көз аймағында, белок 4 г/л, гиалинді цилиндрлер, зернист 4-5 көз аймағында. Алдын ала диагноз

жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

Науқас әйел 23 жаста, бала кезінде туберкулезбен ауырған. Туберкулез диспансерінде «Д» есепте тұрмайды. Кейде ішінің ауырсынуы мазалайды. Тұрмыста 2 жыл, жүктілік болмаған және одан сақтанбаған. Алғашқы етеккірі 13 жастан, соңғы 3 жылда қысқа және аз мөлшерде, бірақ 28 күндік циклы сақталған. Арнайы гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Осы пациенттің диагнозын қай зерттеу әдісі нақтылайды

гистеросальпингография

32 жастағы әйел, 2 апта бұрын мерзіміне жеткен қыз бала босанған. Нәресте бірден кеудесіне жатқызылған. Босанғаннан кейінгі ерте кезең ерекшеліксіз өткен. 4 тәулікте баласымен үйіне шығарылған. Қазіргі сәтте дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, денесінің қалтырауына шағымданады. Жалпы жағдайы ағзаның улану есебінен орташа ауырлықта. Сүт бездері үстіндегі тері жабыны ыстық, пальпациялау кезінде қатты, ауырсынады. Үрпілерінен сүт бөлінуде. Жыныс жолдарынан мардымсыз, сірлі бөлінулер. Қынаптық зерттеу кезінде жатыры қалыпты өлшемде, ауырсынусыз, қозғалмалы, жатыр мойнының сыртқы аңқасы саусақ ұшын өткізеді. Ең ықтимал диагноз қайсысы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта