воп. Красным берилгени бирдей жауабы артурли надо посмотреть поискать
Скачать 2.53 Mb.
|
+Өкпе туберкулезі// бронхоэктаз ауруы *** Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен науқастанатын ер кісі Сізге қаралды. Заманауи жіктелу бойынша Сіз аурудың ауырлық дәрежесін анықтайтын негіз:// Бронхография// Ентігу ауырлығы// Гипоксия дәрежесі// Кеуде ағзаларының рентгенографиясы// +Сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіштері (ТШТК1 және пикфлоуметрия) *** Көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтелуге шағымданып келген 25 жастағы науқаста бронхоэктаз ауруын жоққа шығару үшін нақты мәлімет беретін Зерттеу әдісі:// +Бронхография// Микрофлораны анықтау үшін қақырық себіндісі// Томография// Өкпенің шолу рентгенографиясы// Өкпе сцинтиграфиясы *** Дәрігерге 68 жастағы науқас жөтел, дене қызуының көтерілуі, терең тыныс алғанда кеудесінің оң бөлігінің ауыруына шағымданып келді. Анамнезінде: көп жылдан бері маскүнем. Рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде пневмония анықталды. Пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:// Клебсиелла// +Протей// Ішек таяқшасы// Гемофилді таяқша// Пневмококк *** Темекі шегетін жас жігіт дәрігерге қан түкіру мен ентігуге шағымданып келді. Лабораториялық зерттеуде жеңіл дәрежелі анемия мен микрогематурия анықталды. Қоюға болатын диагноз:// Артериовенозды аномалия// Өкпе абсцессі// +Қатерлі ісік// Туберкулез// Гудпасчер синдром *** Бұрын ешқашан ауырмаған 27 жастағы ер кісі шұғыл жәрдем бөліміне қатты қалтырап тоңу, тыныс алғанда кеудесінің сол бөлігінің ауыруы, қызба, 4 күннен бері жөтелуге шағымданып келді. Тез шаршағыштық пен қимылдағанда ентігу пайда болатынын айтады. Қақырығы тұтқыр, мол, темір таты түсті. Кеуде ағзаларының рентгенораммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінде көлеңке бар (гомогенді қараю).Осы жағдайда пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:// Алтын сары стафиллококк// Гемофильді таяқша// Клебсиелла// +Ішек таяқшасы// Пневмококк *** Қабылдау бөліміне 22 жастағы жігіт төбелес кезінде кеудесінің сол бүйірінен аяқпен соққы алғаннан кейін қатты ентігу пайда болуына шағымданып қаралды. АҚ 88/54 мм сын. бағ., пульсі 120 рет/мин, тыныс жиілігі 40 рет/мин. Дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: трахеяның солға қарай ығысуы мен оң жақта әлсіреген тыныс анықталған. Пульсометрия бойынша қанның оттегімен қанығуы - 95%. Осы жағдайда емді бастау керек:// Шұғыл торакотомиядан// Эндотрахеальді интубациядан// Кеуде қуысының пункциясынан// Торакоцентезден// +Хирургтың жедел кеңесінен *** Науқас 50 жаста, пескоструйщица қызметін атқарған, ІІ топ мүгедегі. 5 жыл барысында туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрады. Шағымдары: ентігу, субфебрильді қызба, қақырықты жөтел, қан қақыру. өкпе-жүрек шамасыздығының ауырлауымен ауруы бір өршіп, бір басылады. Анамнез негізінде күдіктенугі болатын үрдіс:// +Туберкулезден кейінгі пневмосклероз// Өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі// Өкпенің фиброзды-каверналы туберкулезі// Өкпенің циррозды туберкулезі// силикотуберкулез *** Дәрігер қабылдауына 28 жастағы науқас жөтел, сол кеуде қуысының ауыруы, дене қызуының 380С көтерілуіне шағымданады. Аускультацияда сол жауырын астында ылғал майда көпіршікті сырылдар естіледі, перкуторлық дыбыс сол жерде тұйықталған. 5 күн бұрын суық тигеннен кейін жедел ауырып қалған. Емханада науқасқа «Пневмония» диагнозы қойылып, амоксициллин күніне 500 мг х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындалған. Сіздің қолданатын шараңыз:// Амоксициллинмен емді сол мөлшерде жалғастыру// +Амоксициллинді азитромицинге ауыстыру// Амоксициллин дозасын көбейту// Амоксициллинді тетрациклинге алмастыру// Емге гентамицинді қосу *** Жанұялық дәрігерге 52 жастағы науқас келесі шағымдармен қаралды: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел, тыныш күйде ентігу және физикалық күштемеде оның күшеюі. Анамнезінде: 30 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді. Соңғы 20 жылда күнде таңертең жөтеліп, қақырық тастайды. Қарап тексергенде: кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпелік дыбыс қорапты. Аускультацияда тынысы әлсіз, тыныс шығаруы ұзарған, екі өкпесінен де құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенологияда өкпе суреті мен мөлдірлігі күшейген. ТШТК1 45%. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:// +«ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну; оксигенотерапия// «ӨСОА, І сатысы»; қақырық түсіргіштер, амоксиклав 625 г х 3 рет, теотард 200 мг х 2 рет күніне тағайындау// «Созылмалы обструктивті бронхит»; эуфиллин 2,4% - 10 мл физиологиялық ерітіндіде к/т тамш., бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау// «ӨСОА, ІІ сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет күніне тағайындау// «ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет, ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ емдеу, оксигенотерапия тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну *** 72 жастағы науқас ӨСОА-мен ауырады, ентігу, жүрек тұсында соғудың бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. Осы жағдайда қолдануға тиімсіз препарат:// Нифедипин// Конкор// +Новокаинамид// Пропранолол// Дигоксин *** Жедел жәрдем көлігімен бронх демікпесімен ауыратын 22 жастағы науқас ауруханаға жеткізілді. Науқас қозулы, дене қызуы 36,70С, ЖСЖ 120 рет/мин, ТЖ 32 рет/мин. Өкпе аускультациясында тыныс күрт бәсеңдеген, бірең-сараң құрғақ сырылдар бар, рН - 7,3, раО2 - 50 мм сын. бағ. 1 тәулік ішінде беротектің 15 ингаляциясын қабылдаған. Осы жағдайдағы науқасқа қолдануға болмайды:// Кортикостероидтар// Эуфиллин парентеральді// Көктамырға регидратация// +Симпатомиметиктер мөлшерін көбейту (сальбутамол, беротек)// Оттегі ингаляциясы *** Салқын тигеннен кейін амбулаториялық жағдайда дамыған, пенициллин әсерсіз пневмониясы бар 30 жастағы науқасқа тағайындалатын антибиотик:// Карбенициллин// Стрептомицин// Тетрациклин// Гентамицин// +Азитромицин *** Науқас Р., 25 жаста, бала кезінен тізе, шынтақ буындарының артрозымен науқастанады, мұрнынан жиі қан кетеді, анамнезінде - бұлшықеттер аралығында гематомалар анықталады. Нағашысы да осылай ауырған, миына қан кету салдарынан өліп кеткен. ЖҚА - өзгеріссіз, тромбоцит - 220,0х109/л; БЖТУ ұзарған, Ваалер-Розе реакциясы теріс. Ем шарасын таңдаңыз:// +Гепарин// Криопреципитат// Преднизолон// Эритроциттік масса// Плазмаферез *** Науқас А., 53 жаста., мамандығы ветеринар, айқын спленомегалиямен ауруханаға түсті. ЖҚА: Эр. - 3,2х1012/л; Нв - 98 г/л, ТК - 0,9, лейкоцит - 120х109/л, промиелоцит - 12%, миелоцит – 10%, п/я - 12%, с/я - 32%, лимф. - 19%, баз. - 7%, эоз. - 8%, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Райт және Хеддельсон реакциялары - теріс. Қолданылатын ем шаралары:// Цитозар// +Преднизолон// Гидреа// Винкристин// Циклофосфан *** Науқас Б., 16 жаста, лимфоаденопатия, айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА.: Эр. - 2,5х 1012/л; Нв - 79 г/л, ТК - 0,8; лейк. - 6,1х109/л, лейкограммада: бласттар - 85%, лимфоцит - 10%, с/я - 5%, тромбоцит - 100х109/л. Миелопероксидаза мен липидтерге цитохимия - теріс, Шик-реакция - түйіршіктер түрінде оң. Емдеу кестесін тағайындаңыз:// Гидреа// Цитозар + рубомицин ("7 + 3")// +Винкристин + преднизолон + рубомицин + L-аспарагиназа// Аз дозада цитозар// в-интерферон *** 30 жастағы науқас эпигастрий аймағының ауыруы мен ауыр циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – созылмалы геморрой. Тері жабындысы бозғылт. Қан анализінде: Нв - 90 г/л, Э - 3,5х 1012/л, ТК - 0,7, тромбоциттер - 180,0х109/л, ретикулоциттер - 0,5%. Билирубин - 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Дәрі таңдаңыз:// B12 витамині// Парентеральді темір дәрілері// Эритроциттік массаны құю// Преднизолон// +Пероральді темір дәрілері *** Вирусты С гепатитін емдеуде ПегИнтронның (Пегинтерферон б-2дене салмағының кг шаққандағы тиімді мөлшері:// 1,0 мкг/кг// +0,5 мкг/кг// 1,5 мкг/кг// 2,0 мкг/кг// 2,5 мкг/кг *** Бауыр циррозы бар науқастардағы энцефалопатия кезінде аммиакты ішекте залалсыздандыратын дәрі:// +Орницетил// Флумазенил// Лактулоза// Глютамин қышқылы// Калий оротаты *** А. атты науқас, 22 жасар, айқын арықтау, ауыздың құрғауы, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, жүрек айну, нашар тәбетке шағымданды. Объетивті: тері қабаттары құрғақ, алақандары мен табандары сары түсті, фурункулез. Несеп талдауында: қанттың болуы анықталды - 3, 5% және ацетонурия (++) . Алдын ала қойылған диагноз:// +I типті қантты диабет, декомпенсация, кетоацидоз// Қантты емес диабет// II типті қантты диабет, декомпенсация// Вирусты гепатит// Пиелонефрит *** Жүйелі қызыл жегіде теріде болатын өзгерістер:// Көздің айналасында қызғылт түсті эритема// Санында түйінді эритема// Анулярлы эритема// +Бетінде «көбелек»тәрізді эритема// Папулезді бөрітпе *** Ер адам 65 жастағы науқас, Стенокардиямен жәнғ обструктивті бронхитпен ауратын. Ақырғы кезде науқаста тұншығу, кеуде қуысының шаншылуы кенеттен пайда болған. Тексеру кезіңде: галоп ритмі, жайылған құрғақ сырылдар мен қоса өкпенің төменгі сегментінде ылғалды сырылдар табылды. ҚҚ 85/90 с бб. Нитроглицерин қабылдағанда басылады. Болжам диагноз:// Миокард инфаркті// Миокард инфаркті, кардиогенді шокпен асқынған// ӨАТЭ// Бронхиальды астма// +Миокард инфарктісі, кардиогенді шокпен және өкпе ісінуімен асқынған *** Науқасты үйде қарағанда оның жағдайы ауырлаған,тері бозғылт, терлеген., АҚ 150/100 мм сын.бағ. пульс 120 минутына. Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар, жүрек тондарын басады.Анамнезде – артериальды гипертензия 5 жыл бойы қинайды.Сіздің дәрігерлік әрекетіңіз:// Науқасты үйде қалдыру// Жедел жәрдемді шақыру// Науқасты үйде қалдырып, бақылау// Күндізгі стационарда емдеу// +Арнайы бригаданы шақырып, ауруханаға жатқызу *** Емханаға науқас әйел қалтырау, дене қызуының 380С 2 ай ішінде болуына аорталық ақау, сол санының қан тамырларының тромбозымен келді. 6 ай бұрын екі жақты пневмониямен ауырып шыққан, үйде емделген. Сіздің диагнозыңыз:// |