6 апта осимдик. Ландышмайский (лат. Convallaria majalis). Мамыр Меруерт глді
Скачать 41.1 Kb.
|
Құрамында жүрек гликозидтері бар Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Меруертгүлін, желтушник дәрілік өсімдіктері мен шикізаттың латынша атауларын беріңіз . Ландышмайский (лат. Convallaria majalis).Мамыр Меруерт гүлдің биіктігі сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды..Тамыры жіңішке, көлбеу өседі, сырты ақ, көптеген майда қосымша тамырлары бар. Сабағы қысқа. Тамырдан тікелей өсіп шыққан, сопақша келген жапырақтарының саны бірден үшке дейін, екі жағы да тегіс, жылтыр, сағақтары ұзын. Гүл сабағы да тікелей тамырдан өсіп шығады. Гүлдері гүл сабағынан бір жағына ғана орналасқан, ақ түсті, хош иісті, жемісі қызыл, үш дәнекті. Өсімдік улы.Көбінесе ылғалды жерлерде, орман ішінде, бұталар арасында, өзен жағаларында өседі. Далалы аймақтарда сирек кездеседі.Оның құрамында жүрек глюкозидтері, сапониндер, эфир майлары, аспарагин, крахмал, алма және лимон қышқылдары, жапырақтарында С витамині бар. Меруерт гүл жүректің жұмысын жақсартып, қалпына келтіретін қасиеттері бар. Ғылыми медицина меруертгүлден жасалған дәрілерді нерв жүйесін тыныштандыру үшін, жүректің қызметін қалпына келтіріп, қан айналысын жақсарту үшін пайдаланады. Меруертгүл ғылыми медицинаға белгісіз кездердің өзінде-ақ халық медицинасында бұл өсімдіктің сулы тұнбалары кеңінен пайдаланылған. Нерв жүйесін тыныштандыру үшін меруертгүлдің бір бөлігін, түркістандық сасықшөптің жарты бөлігін, дәрілік шүйгіншөптің бір бөлігін, долананың бір бөлігін алып араластырады. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Меруертгүлдің 15 граммын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2 шай қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді Сарыбасшөп [1] (Erysimum), ақбасқурай — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның далалық жерлеріндегі шалғындарда, таудың тасты шатқалдарында, қыраттарда, тоғайлардың арасында өсетін 15 түрі бар. Олардың биікт. 5 — 100 см, сабағы тік, жоғ. жағы бұтақталып тармақталған, жалаң, кейде сыртында түгі болады. Жіңішке жапырақтарының шеті тілімденбеген, бүтін, үшбөлікті және жұлдызша тәрізді түктер жапқан. Тостағанша жапырақшалары тік орналасқан, төм. бөлігі қапшық тәрізді. Желегі ұзын тырнаққа ұқсайды, түстері сары, күлгін, қошқыл, өте сирек жағдайларда ақ түсті болады. Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — ұзынша келген төрт қырлы бұршаққын. Оның ашылатын жері дара орт. жүйкеден тұрады. Тұмсығы ойма немесе қос қалақты. Тұқымдары бір қатарда орналасқан. Сарыбасшөптердің мал азықтық маңызы бар, әсемдік үшін де өсіреді. Жұлдызшешек (левкой) Сарыбасшөп (E. cheіranthoіdes), шашыңқы Сарыбасшөп (E. dіffusum) — дәрілік өсімдіктер, олардың жүрекке әсер ететін, несеп жүргізетін және қақырық түсіретін қасиеті бар. Жирен Сарыбасшөп (E croceum) — өте сирек кездесетін эндемикті түр ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лилия тұқымдасының анатомиялық белгілері қандай? Лалагүл (лат.Lіlіum) Лалагүл ,лилия — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады.Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік жәнеқайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген. с Меруертгүлін жапырақтарына және олардың айырмашылықтарына ықтимал қоспаларды тізімдеңіз СРоп Қазақстанның дәрілік өсімдік шикізатына макроскопиялық талдау: ащы жусан, ақшыл жусан. Ақ жусан шөптерінің морфологиялық белгілері? Ақ жусан – гүлдің аты, дала гүліне жатады. Қазақ гүл бапкерлері ақ жусан гүлін күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады. Көпжылдық гүлді шөптесін өсімдік деп біледі. Ақ жусан гүлінің биіктігі 40-50 сантиметр шамасында келеді. Жас майсасы топталып өседі, сабақ жапырағында өиі өскен ақ түсті жіңішке түбітшелері болады. Ол түбітшелер сабағы мен жапырағы өскен сайын біртіндеп төгіліп отырады. Жас жапырақтары жіңішке айрықты, кішкене айрықшалары таспа тәрізді болады. Бұтағының жоғары бөліміндегі жапырағы сағақсыз келеді. Шоқбас гүл шоғыры солғын көк не жасыл түсті болып ашылады. Гүлдері жиі топталып шашақталып өседі, мамыр, маусым айларында гүлдейді. Ақ жусан гүлінің жер шарында тараған 300-ден астам түрі бар. Олар тау беткейлерінде, тақыр далаларда, егіс маңында, жол жағаларында, құмды, тасты жерлерде өседі. Қазақ емшілері ақ жусан гүлінің жер үсті бөлімі дәрі болады деп қарайды. Көктемде жас майсасы 5-7 сантиметрдей өскен кезде қазып алып, тамырын алып тастап, тазалап кептіреді, артынан дәрі жасайды. Ақ жусан гүлінен жасалған дәрілердің қасиеті – кермектеу ащы дәмді, суық райлы, уытсыз болады. Бұл дәрілер ыстықты басады, құрғақты дымқылдандырады, сарғаюды қайтарады. Сары бауыр ауруына, бауыр ауруына, өт қалтасының жедел қабынуына, өтке тас байланғанға ем болады. Қазақта «ақ жусан жеген қойдай бөртіп алыпты», «ақ жусанның мөртінен бүкіл дала көрікті түске кіреді», «далада ақ жусан иісі мүңк-мүңк етеді» деген тәрізді сөз тіркестері кездеседі. Расында, ақ жусан күшті хош иісі бар гүл. Ақ жусанды жайылымда жайылған малдардың еті, сүті, шұбаты, қымызы, айраны, іркіті, сорпасы түгел жусан аңқып тұрады. Мұны қазақ «дәрі мал», «дәрі жапырақ», «дәрі бастаудан су ішкен», «дәрі жайылымнан дәрі ішкен нағыз дәрі мал», «ет жеймін, қымыз ішем десең, ауылға ақ жусан піскенде кел» деген сөздерді тектен-текке айтқан жоқ. 2. Ақ жусан шөптеріндегі лейкомизиннің мөлшері. 3. Жусан шөптерінің морфологиялық белгілері? Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – жусан. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деген. Жусан теңіз саяхатшыларын түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда жусанды иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз көзіңіз тез ілінеді. Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын, бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға да болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды. Жусан күрделігүлділер тұқымдасының бір тусысы. Бір жылдық, екі жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер немесе шала бұта. Жусанның талшық, тықыр, дермене, ермен, тамыр, іле сияқты түрлеріне жеке тоқталып, олардың қасиеттеріне жеке тоқталып салыстыра зерттейік. Негізгі бөлім. Жусанның сабақтары тік немесе көлбеу, көбінесе түптеніп өседі. Жапырақтарының пішіні әр түрлі кезекті орналасқан. Түптеніп өскен жеке сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл шоғы бар. Сабақтары ұзынды-қысқалы, бір жылдық немесе көп жылдық болады. Көп жылдық сабақтары тұқым бермейді. Гүлі сарғылт. Жеке гүлдер диаметрі 1,5-1 мм-дей ұсақ зембілше және оның жүйесінде тұқым беретін болады. Гүл шығаратын бұтақшалары шілді-тамыз айларында пайда болып, қыркүйектің басында себет гүлі жарылып, майда тұқымдары шашылады. Тұқымнан өте баяу өседі. Бірінші жылы биіктігі 10-12 см бір ғана сабақ шығады. Бірінші және екінші жылы ғана гүлдейді, осы кезде 3-5 гүл (шоғырын) шығаратын сабақтар шығарады. Гүлінде 3-4, 94% сантонин болады. Қазақстандағы Ғылым академиясы алғаш рет 1949 жылы мәдени түрде өсіре бастады. Бұл жусаннан жақсы дәрі-дәрмек жасалады. Дәрілік өсімдік шикізатының химиялық құрамы және қолданылуы Өсімдік организмі химиялық құрамы, атқаратын қызметтері бойынша табиғаттың күрделі жаратылысы болып табылады. Табиғаттағы өсімдектер адамдар, жануарлар өмірі үшін өте қажет органикалық емес, органикалық заттардың құрылымы екендігі жалпыға мәлім. Өсімдік организмінен 21 элемент табылған, оның 16-сы (H,C, N, O, P, S, Na, K, MG, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық тірі жүйелерде, ал 5- B, Al, V, Mo, Iтек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Өсімдік организмінде болатын 29 органикалық молекулалар (глюкоза, рибоза, майлар, фосфатидтер, 20 амин қышқылдары және 5 нуклеотидтер) мономерлер немесе полимерлер түрінде көптеген әр түрлі қосылыстар түзетіндігі анықталды. Дәрілік өсімдік екі бөліктен: су және құрғақ заттардан тұрады. • Су Өсімдіктердің өмір сүру процесінде судың маңызды рөлін, оның тірі организмде өтетін табиғи биохимиялық процесстер үшін орта екендігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар, су биохимиялық реакцияларға активті қатысады. Оның дәрілік өсімдіктердегі мөлшері 70-90 % аралығында және одан жоғары өсімдік органына байланысты. Судың көп бөлігі бос түрінде, ал аз бөлігі жасуша коллоидтарымен берік байланысқан түрінде болады. Осы себептен дәрілік өсімдіктің кейбір бөліктері / жапырақтары, гүлдері, ұрықтары және басқалары / тез кебеді 10-12 % ылғалдылыққа дейін. • Өсімдіктердің құрғақ заттарын екі топқа бөлуге болады: органикалық және минералды. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы органикалық заттарды біріншілік синтез заттары және екіншілік синтез заттары деп бөледі. Біріншілік синтез заттары белоктар, көмірсулар, липидтер, ферменттер және витаминдер болып табылады. Екіншілік синтез заттар Өсімдіктер организмінде белоктар, көмірсулар, липидтермен қатар екіншілік синтез заттар органикалық қосылыстар синтездследі. Оларға: органикалык қышкылдар, көптеген фенолдык қосылыстар, гликозидтср, эфир маиы, шайыр, алкалоидтар жоне т.б. табиғи қосылыстар топтары жатады. Олардың барлығы өсімдіктерде зат алмасуға қатысып блгілі бір қызметтер атқарады.Олардың организмдс жүруі әртүрлі. Мысалы, кейбір органикалық кышкылдар көп мөлшерде жиналмайды жөне түзілгеннен соң оны өсімдік басқа синтетикалық мақсатқа жаратады. Ал кейбір көп мөлшерде жиналатын заттар керісінше, қрамында алкалоидтар, эфир майлары, сапониндер, илік заттар топтары бар есімдіктер тобының негізі. Олар медицинада-бағалы шикізат көздері. Осыған байланысты фармакогнозия курсы толығымен екіншілік органикалық синтез заттарын зерттеуге арналғандықтан кышқылдарға ғана қысқаша сипаттама берейік. Белоктар / ақуыздар / Өсімдік организмінде белоктар протаплазманың негізгі массасын құрайтындықтан үлкен роль атқарады. Барлық биохимиялық айналулардың қоздырғыштары – ферменттер, белоктар. Қарапайым белоктар – протеиндер, күрделіпротеидтер. Протеиндер гидролиз нәтижесінде ыдырайтын – амин қышқылдарынан тұрады, амин қышқылдарының көп бөлігі – көміртегіндегі бір сутек орнын амин тобы басқан май қышқылдарының туындылары. Белоктар Протеиндер – қарапайым белок пен белок емес компоненттін берік қоспасы. Олар белок емес компоненттерінің табиғаты бойынша классификацияланады / фосфопротеидтер, липопротеидтер, глюкопротеидтер, хромопротеидтер, метоллопротеидтер, нуклеопротеидтер/. Липопротеидтер майлармен бірге кездеседі. Глюкопротеидтер кейбір шырыштардың құрамына кіреді. Нуклеопротейдтер – тірі организмдерде, соның ішінде дәрілік өсімдіктерде жүретін көптеген процесстерде маңызы зор белоктар тобының біреуі. Олар қарапайым белоктар мен нуклеин қышқылдарынан түзілген қосылыстар. Тіршіліктің негізгі процесі – белок синтезі, өсу құбылысы, тұқым қуалаушылық қасиетінің берілуіне, осының бәрі нуклейн қышқылдарының қатысында жүреді. Нуклеин қышқылдары тор пораларында пластидтерде, митоходрияларда және жасушаның еритін фракциясында болады. 8. Пурин негіздері Пурин негіздері Пиримидинді негіздер және олардың кейбір нуклеин қышқылдарының қүрамына кірмейтін туындылары біркатар өсімдіктерде бос күйінде кездеседі. Бұл көбінесе сәйкес амин қышқылдарынан түзілген биогенді аминдерге қатысты, мысалы,тирозиннен тирамин, орнитиннен путресцин, гистидиннен гистамин. Пурин негіздері шай, кофе, какао, шарап және басқа да өсімдіктерде жиналатын алкалойдтардың үлкен тобымен тығыз байланысты. Бұл алкалойдтардың өсімдіктерде түзілуі келесі схема бойынша жүреді /кофеин үшін/: нуклеин қышқылы аминопуриндер оксипуриндер метилоксипуриндер. 2, 6, 8триоксипурин несеп қышқылы көп уақыттан бері жануар организмінің алмасу өнімі деп есептеліп келді. А. В. Благовещенскии (1958) ең алғаш оны жем бұршақтарынан, ал кейін келе оны баска да өсімдіктерден таба бастады. Урикоза ферменті әсерінің нәтижесінде несеп LOGO қышқылында алты мүшелі тізбек бұзылып, аллантоин түзіледі. 9. Аллантоиндер көп мөлшерде (Аseculus һурросаstanum) жене басқа өсімдіктерде жиналады. Пурин немесе пиримидин негізінің рибоза немесе дезокси Аллантоиндер көп мөлшерде (Аseculus һурросаstanum) жене басқа өсімдіктерде жиналады. Пурин немесе пиримидин негізінің рибоза немесе дезоксирибозамен қосылуымен сәйкес нуклеозидтер түзіледі (аденозид, дезоксиаденозин т.б.) NН LOGO 10. Нуклеозидтер фосфор кышқылдарымен этерификацияланып нуклеотидтерге айналады, нуклеозидтермен аденозиннен аденил кышқылы деп аталатын нуклеотид түзіледі. Фосфорлану С-те (аденозин-3-фосфат) немесс С-те етуі мумкін. Нуклеотидтер өсімдіктердс ди және трифосфоннуклеотидтер түзе фосфорлануы мүмкін.Аденил кышқылдарының фосфорлану жағдайында аденозин ди- және аденозинтрифосфор қышқылдары түзіледі (АДФ және АТФ LOGO 11. Углеводтар /көмірсулар/ Углеводтар /көмірсулар/ Бұл - көміртегі, оттегі, сутегіден түратын органикалык заттар болып табылатын табиғи қосылыстардың үлкен класы. Көмірсулар өздерінің атын кеміртегі және оттегі қатынасынан алды: глюкозада С2Н|2 О6 немссе С6/НО/. Көмірсулардың қарапайым өнімдері болып моносахаридтер немесе монозалар табылады. Олар бір- бірімен өзара қосылып масса бойынша өсетін жөне қосылыс құрам бойынша күрделенетін олигосахаридтер, ал жоғары молекулалар — полисахаридтер немесе полиозалар түзеді. LOGO 12. Көмірсулар Көмірсулар Моносахаридтер Олигосахаридтер Полисахаридтер Тетразалар Дисахаридтер крахмал, инулин Петрозалар Трисахаридтер клетчатка, Гексозалар Тстрасахаридтер экстрандар Гептозалар Пентасахаридтер маннандар, лихенин пектиндер, балдырлар, гтолисахаридтер, шайырлар, шырышта LOGO 13. Көмірсулардың өсімдіктер үшін маңызы ерекше үлкен. Физиологиялық ролі бойынша оларды үш топқа бөлуге болады: 1. Метаболиттер- биохимиялық процестердің жүруіне қатысатын және екіншілік синтез үшін бастапқы өнім болып табылатын моносахаридтер мен олигосахаридтер; 2. Қар заттары- поисахаридтердің кейбір топтары /көбнесе крахмал, инулин/ жөне кейбір жағдайларда моносахаридтер және олигосахаридтер; 3. Қүрылыстық немесе қаңқа /скелетті/ заттар клетчатка, жасушалар мен үлпалар үшін негізгі тірек. LOGO 14. Липидтер Липидтер деп-физика-химиялық қасиеттері бойынша ұқсас, бірақ биохимиялық ролі бойынша /өсімдіктер мен жануарларда/ айырмашылығы бар май төрізді заттарды айтады. Шығу табиғаты бойынша липидтер мыналарға бөлінеді: өсімдік липидтері, жануарлар липидтері. Липидтерге екі түрлі табиғи қосылыстар кіреді: 1. Майлар 2. Май тәрізді заттар немесе липоидтар. Липоидтарға балауыздар мен фосфатидтер жатады. LOGO 15. Липидтер өсімдіктердің барлық ұлпаларында болады. Олар май қоры түрінде немесе тор протоплазмасының құралыс компоненттері түрінде жиналады және ұрықтың даму процесіңце жұмсалатын эффективті энергетикалық материалы болады. Толық тотыққанда 1 гр майдан 9,5 ккал жылу яғни 1 гр белоктан 5,5 ккал немесе 1 гр көмірсулардан /4,1 ккал/ бөлінетін жылудан 2 есе артық жылу бөлінеді Протоплазматикалык, липидтер клетканың құрамды бөлігі болып табылады және маңызды роль атқарады. Липидтер мен липопротеидтерден торлар және жасушалар органойдтарының беттік мембрана қабаттары құралады: митохондриилар, плазмастидтер, ядролар. Әртүрлі заттарға торлар мен органойдтар еткізгіштігі осы мембрана құрамына байланысты. LOGO 16. Липидтер-кутикула деп аталатын эпидермис қабатын жауып тұратын жасуша ішілік мембрана негізш қүрайды. Кутикула қүрылысының негізгі аты болып кутин табылады, оның қүрамына майлы қатты қышқылдар кіреді. Кутиннщ жоғары қабатында қатты балауыздың жүқа қабаты бар. Тұқымдар мен жемістердің кутин қабатында дәнлер түрінде урсол қышқылының үштерпенді қосылыстарының кристалдары болады. Сондықтан, фитопатогенді микроорганизмдерге қатысты фитолецидті қасиеті бар екендігі туралы қортынды жасауға болады. Липидтердің барлык кластары медициналык тәжирбиеде кең қолданылады. Олар майлы өсімдіктер дәні мен ұрығынан және жануарлардың ұлпалары мен органдарынан алынатын өнімдер түрінде колданылады. LOGO 17. Ферменттер Тірі организмде жүретін химиялык реакдиялардың көбісі ферменттер катысында жүреді.Ферменттер немесе энзимдерхимиялық процестердің жүруін мың және одан көп есе тездететін және бұл процестердің ішінде жүруіне мүмкіндігін жасайтын спецификалық биологиялық катализаторлар.Барлық ферменттер екі класқа бөлінеді: бір компонентті, екі компонентті. Бір компонентті ферменттер-тек белоктан түрады. Олар көптеген танымалы ферменттерді қүрайды жөне көбісі есімдіктерде таза кристалды түрінде бөлініп алынған /амилаза, папаин және т.б./. бір компонентті ферментке мысалы, белоктарды пентондар мен полипептидтерге ьщырататын пепсин жатады. Бір компонентті ферменттердің қызыметі белок молекуласына кіретін химиялық топтарға байланысты. Бұл топтарды активті орталықтар деп атайды: LOGO активті орталық бүзылғанда, фермент өзінің каталитикалық активтігін жоғалтады 18. Екі компонентті ферменттер белок жөне белоксыз бөліктен түрады. Белоксыз бөлікті простетикалык топ деп те атйады. Екі компонентті ферменттердің бір компонентті ферменттерден айырмашылығы олардың активтігі белоксыз бөлікке негізделген. Бұл активті простетикалық топ басқаша кофермент деп аталады. Коферменттер болып әртүрлі фармакологиялық активті заттар табылады, соның ішінде витаминдер, нуклеотидтер, порфиндер. Ферменттерді зерттеудің алғашқы, кезендерінде, оларға ат қою жүйесіз түрде болды /эмульсин, пепсин, диастаза/. Сондықтан ферменттерді оларды катализдейтін реакция типіне байланысты 6 негізгі класқа бөледі: 1. Оксиредуктазалар /тотығу-тотықсыздану ферментгері/ 2. Трансферазалар /тасмалдау ферменттері/ 3. Гидролазалар /гидролиттік ферменттер/ 4. Лиазалар /қос байланыстар түзе отырып субстраттан жеке топтарды қосатын ферменттер/ 5. Изомеразалар /изомеризация ферменттері/ 6. Дигазалар /синтез ферменттері LOGO 19. Витаминдер Витаминдер Өсімдік және жануар организмінде ферменттерден басқа, тағы бір органикалық катализаторлар тобы витаминдер бар. Табиғаты-белокты болып табылатын ферменттермен салыстырғанда, витаминдер-өртүрлі химиялық табиғаты төмен молекулалы қосылыстар. Витаминдер организмде өтетін бяохимиялық процестермен тығыз байланыста. Витаминдер ферменттермен өте тығыз байланыста, мысалы екі компонентті ферменттердің активті топтарының қүрамына кіріп, коферменттер тузеді. Дәрілік өсімдіктерде витаминдер түрақты компоненттер болып табылады және кейбіреулері көп мөлшерде жиналады. Осы себептен жоғары витаминді өсімдіктер өндірістік масштабта дайындалатын өсімдік щикізаттарының үлкен тобы. LOGO Сол сияқты витаминдердің белгілі топтарына бай жануар тектес объектілер дөрілік каталог қүрамына енеді. Екіншілік синтез заттар Өсімдіктер организмінде белоктар, көмірсулар, липидтермен қатар екіншілік синтез заттар органикалық қосылыстар синтездследі. Оларға: органикалык қышкылдар, көптеген фенолдык қосылыстар, гликозидтср, эфир маиы, шайыр, алкалоидтар жоне т.б. табиғи қосылыстар топтары жатады. Олардың барлығы өсімдіктерде зат алмасуға қатысып блгілі бір қызметтер атқарады.Олардың организмдс жүруі әртүрлі. Мысалы, кейбір органикалық кышкылдар көп мөлшерде жиналмайды жөне түзілгеннен соң оны өсімдік басқа синтетикалық мақсатқа жаратады. Ал кейбір көп мөлшерде жиналатын заттар керісінше, қрамында алкалоидтар, эфир майлары, сапониндер, илік заттар топтары бар есімдіктер тобының негізі. Олар медицинада-бағалы шикізат көздері. Осыған байланысты фармакогнозия курсы толығымен екіншілік органикалық синтез заттарын зерттеуге арналғандықтан кышқылдарға ғана қысқаша сипаттама берейік. 21. Органикалық қышқылдар Органикалық қышқылдар Органикалық қышкылдар-табиғи карбон қышқылдары тобына жататын, оныңмолекуласында функционалдық карбоксил топшасы –С-ОН болатын органикалық қосылыстарды айтамыз. Егер молекула қүрамында бір карбоксил тобы болса онда ол қышқылды (кұмырсқы, сірке) бір негізді, екеу болса-екі негізді жөне т.б. Өсімдіктердің бойында күрделі биохимиялык процестердің нөтижесінде пайда болады. Мысалы, көмірсулар, майлар, аминоқышқылдар және белоктар тотыққанда. Сонымен бірге, органикалық қышқылдар қанттардан шыққан өнімдері, олар стероидтерді, сапониндерді, алкалоидтарды аминоқышқылдарды синтездеу процестерінде LOGO паидаланылады. 22. Минералдық заттар Минералдық заттар Өсімдіктерде болатын минералды заттар екі топқа белінеді. Бірінші топқа микроэлементтер деп аталатын: калий, натрий, кальций, магний, марганец, кремний, хлор,фосфор кіреді. Екінші топқа микроэлементтер деп аталатын: темір, мыс, мырыш, йод, барий, т.б. жатады. Фосфор қышқылы түрінде болатын аденозинтрифосфор қышқылының қүрамына кіретін фосфордың маңызын АТФ-тың АДФке өткендегі бөлінетін энергия көзі ретінде түсіндіруге болады. Темір, мыс, молибден жөне т.б. көп ферменттердің қүрамында кездеседі /цитохром және т.б./. магний хлорофиллдің кұрамды бөлігі көмірсулардың ьщырауы мен айналуын реттейтін ферменттерді активтейді. LOGO 23. Пектин кышқылдарының кальций және магний түздары жеке торлардың қабырғалары өзара желімдейтін пектин негізін қүрайды. Протоплазманың су ұстағыш қабілеті құрамына байланысты. Минералды элементтер өсімдік организмінде маңызды роль атқарады. Себебі өсімдіктерминералды заттарды жсткізуші болып табылады. Микроэлементтер қазіргі кезде қан ауруларын, қатерлі ісік ауруларын емдеуде маңызды орын алып жүр. Бүл қатынаста дәрілік заттарға негізгі қызығушылық туып отыр, себебі жаңа галенді препараттарын қолданғанда, олардың емдік өсері қүрамындағы фармакологиялық активті зат әсері микроэлементтер әсерімен қосыла болады. LOGO 24. Қорытынды Әсер етуші заттардың мөлшеріне географиялық ұзақтық алмасуы да әсер етеді. Европалық материктің шығыс аудандарында көп жағдайларда эфир майының шығымы көп майлы өсімдіктерде май қышқылдарының мөлшері және йод саны материк тереңінде теңіз жағалауывда еседі. Шығыс континентальды климат мия есімдігіне әсер етеді: Орталық Азияда өсетін мия тамыры глициризин қышқылына, Испандыққа немесе Итальяндыққа қарағанда бай. Теңіз деңгейінен биіктегі дәрілік өсімдіктерге әсер етуші заттардың жиналу динамикасыөсер етеді. Жоғары таулы аймақтарда плантацияларда мысалы, Раушан гүлінде өсер майының мөлшері жоғары және сапалы, ал жалпақты зиягүл үшін төмен оптималды биіктік теңіз деңгейінен 1600— 2000 метр. Осы жерде олар қаптап өсіп (қалың LOGO өсіп), оларда алкалоидтардың максимальді мөлшері жиналады. 25. Әдебиеттер 1. Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил. 2. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил. 3. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с. 4. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с. 5. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – LOGO 488 с. English РусскийПравила |