Күн №
| Күн тақырыбы
| Сабақтың тақырыбы
| Мақсаты
| Оқу нәтижесі
| Түйінді идеялар
| Сағат саны
| Мерзімі
|
| Танысайық
| Бағдарламаның мазмұнымен таныстыру
| Мектептегі әріптестерге кәсіби шеберлік ,кәсіби дамуға тиімді оқытуға қолдау көрсету
| Мектеп мұғалімдері ІІІ базалық білім деңгейінің бағдарламасын оқып меңгереді
| Мұғалімдерді кәсіби шеберлік тұрғысынан табысты жұмыс істеуге дайындау
|
|
|
1
| Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.
| 1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
2-сабақ: сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару . Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
| Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
| Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып , шағын топта жұмыс істеу арқылы оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
| Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағынұйымдастыру сапсы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді.
| 4
|
|
2
| Мектеп пен сыныптағы мәдениет
| 1-сабақ: сыныпты қадағалау әдістемесі
2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
| Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар,қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.
| Мұғалімдер өздерінің сыныпта қадағалау жүргізу дағдыларын бағалайды,қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған түрлерін салыстырады.
| Қадағалау –ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толығырақ мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі.
| 4
|
|
3
| Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі.
| 1-2 сабақтар:Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
2-сабақ: Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
| Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды.
| Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді.және сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды.
| Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерилерді сын тұрғысынан ойластыру
| 4
|
|
4
| Құндылықтар,көзқарастар, ықпал ету тәсілдері.
| 1-сабақ: Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдылықтарын анықтауүшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
2-сабақ: Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау. Сыныптағы психологиялық ахуал
| Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
| Мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.
Сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдық сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды.
| Оқыту мен тәжірибені жетілдіру мұғалімінің өз тәжірибесін жақсартып қана қоймайды басқа мұғалімдердің тәжірибесіне әсер етеді.
| 4
|
|
5
| Оқушыларды ынталандыру
| 1-сабақ. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффектік теориясы.
2-сабақ. Оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу )
| Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды.
| Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттарын ,оқытудың ынталандыру теорияларын, «қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды.
| Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады.
| 4
|
|
6
| Әлеуметтік өзара іс-қимыл
| 1-сабақ. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.
2-сабақ Сабақтың интербелсенді және инклюзивті болуын қамтамасыз ету.
| Мұғалімдер оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың және оқу үдерісіндегі инклюзивтілік қағидаты маңыздылығының себептерін анықтайды.
| Мұғалімдер оқу үдерісінде «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі әлеуметтік өзара іс-қимыл табиғаты туралы қорытынды жасайды және олардың өзара іс-қимылының мүмкіндіктерін кеңейту әдістемесін талдайды.
| Әлеуметтік өзара іс-қимыл мәні және оның маңызын негіздеу өзекті болып табылады,себебі олар барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыруға ықпал етеді.
| 4
|
|
7
| Оқудағы кедергілер
| 1-сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау.Соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
2-сабақ Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
| Мұғалімдер оқуда туындауы мүмкін барлық кедергілерді азайтудың әдістерін әзірлейді.
| Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде кедергілерді азайтудың әдістерін әзірлейді.
| Сынып жағдайында оқытудағы кедергілерді білу.Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
| 4
|
|
8
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: қалай оқу керектігін үйрету.
| 1-2-сабақтар: Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері
| Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.
| Мұғалімдер өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен маңызы туралы қорытынды жасайды. Оқушылардың өзін-өзі реттейтін оқуын көрсететін мінез- құлықты бақылайды және бағалайды. Сонымен қатар өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлеріне талдау жасайды.
| Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті.
Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқу тапсырмаларын орындағанда өз тәсілдерін қолдана біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады.
Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті.
Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады.
| 4
|
|
9
|
| 1-2-сабақтар: Бүкіл зейінді және педагогикалық амал- тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты
назар аудар
| Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамудың әдістемесін талдайды.
| Мұғалімдер өзін-өзі реттейтін оқудың дағдыларын дамыту бойынша ұсыныс әзірлейді.
| Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті.
Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқыту тапсырмаларына өз тәсілдерін ұйымдастыра біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады.
Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті.
Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады.
| 4
|
|
10
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: әңгімелесу
және диалогтік оқыту.
| 1-сабақ: Диалогтік оқытудың мәні. 2-сабақ: Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта
әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
| Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс істеу арқылы.
| Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдайды.
| Әңгімелесу - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.
| 4
|
|
11
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: сын
тұрғысынан ойлау.
| 1-сабақ: Сын тұрғысынан ойлаудың мәні. 2-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.
| Мұғалімдер 21 ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды.
| Мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді.
| Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.
| 4
|
|
12
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: сын
тұрғысынан ойлау.
| 1-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану. 2-сабақ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға
арналған әдістерді жоспарлау
| Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
| Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді.
| Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді
| 4
|
|
13
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: оқу үшін
бағалау және оқуды
бағалау.
|
1-2-сабақтар: Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшінбағалаудың (ОүБ) мәні.
| Мұғалімдер бағалаудың маңызы туралы нақты аргументтер мен дәлелденген қорытындылар жасайды.
| Мұғалімдер оқу үшін бағалаудың мақсаттарын жіктейді және оқу үшін бағалау әдістерін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
| Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады.
| 4
|
|
14
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: оқу үшін
бағалау және оқуды
бағалау.
| 1-2-сабақтар: Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін
пайдалану.
| Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолданылу әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді.
| Мұғалімдер оқу үшін бағалау мәні туралы білімдерінің және оның оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі негізінде қалыптастырушы бағалаудың формалары мен әдістерін әзірлейді.
| Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің түйсігінде үлкен өзгерістердің жүзеге асырылуын талап етеді, себебі олар бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын үдеріс ретінде дәстүрлі түрде қабылдауға үйреніп алған.
| 4
|
|
15
.
.
| 15 Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: оқу үшін
бағалау және оқуды
бағалау.
|
1-2-сабақтар: Сабақта ОүБ әдістемесін пайдалану.
| Мұғалімдер жоспарлауда тиімді оқыту идеяларын қолдану арқылы оқу үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі туралы білімдерін көрсетеді.
| Мұғалімдер оқу үшін бағалау әдістерін қолданып, сабақ жоспарын әзірлейді және оқу үдерісін жетілдіру үшін оның қолданылу әдістемесін өзара бағалауды жүзеге асырады.
| Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің бағдарлама идеяларын іс-тәжірибеде қолдану арқылы түйсінуді талап етеді. Курс қатысушылары өз бетімен әзірлеген әдістерді қолдана отырып, дереккөздер мен әріптестердің тәжірибесін талдау нәтижесінде өздерінің сабақ жоспарларын жасайды.
| 4
|
|
16
| Тәжірибені түрлендіру.
Қуатты педагогикалық
құралдар: оқыту мен
оқуда ақпараттық-
коммуникациялық
технологияны (АКТ)
пайдалану.
| 1-сабақ: Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану мақсаттары.
2-сабақ: Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта
АКТ пайдалану әдістемесі.
| Мұғалімдер оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған сапалы педагогикалық құрал ретінде сыныпта АКТ тиімді қолдану қағидаттарын әзірлейді. Озық педагогикалық тәжірибе негізінде сабақ жоспарына АКТ қолдану әдістерін енгізеді.
| Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, аффекттік, әлеуметтік бөліктеріне негізделе отырып АКТ қолданылатынй сабақ жоспарларын дайындайды.
| АКТ - оқуда мұғалімге көмек көрсететін педагогикалық әсерлі құрал, ол мұғалімді алмастырмайды және сабақ барысындағы оқушылардың ойын- сауығы емес. Техникалық жағынан керемет АКТ тиімді түрде қолданылмаған жағдайда белсенді емес болуы мүмкін. АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек: әлеуметтік (оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік), аффекттік (эмоциялық, жағымды, қызықты) және танымдық (сабақтың оқу мақсатына жетуге бағытталған).
| 4
|
|
17
| Сабақты жоспарлау
| 1-сабақ: Сабақтың сараланған оқу нәтижелерін әзірлеу.
2-сабақ: Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған
жаттығуларды жоспарлау және Бағдарлама
тақырыптарын ықпалдастыру.
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын ескере отырып сабақты қалай жо спарлау керектігі туралы негізгі идеяларды тұжырымдайды.
Білім беру бағдарламасында жазылған оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерді анықтау; Күтілетін нәтижеге қатысты әртүрлі топтағы оқушылар үшін нақты бағалау критерийлерін анықтау; Әртүрлі топтағы оқушыларға бағалау критерийлеріне жетуге мүмкіндік беретін жаттығуларды жоспарлау. Әр топтағы оқушылардың бағалау критерийлеріне қаншалықты жақсы жеткенін бағалау мүмкіндігі.
| Мұғалімдер барлық оқушылар қол жеткізетін, нақты өлшенетін нәтижелері бар сабақты жоспарлау тәсілдерін әзірлейді.
| Мұғалімдер жаңа білім беру бағдарламасында берілгендей оқушылардың оқудағы нақты нәтижелерін анықтайды. Олар оқушылардың үш деңгейі мен іс қимыл жоспары бойынша бағалау критерийлерін анықтайтын болады, ол оқушыларға өз табыстарын көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір педагогикалық ұстанымдар мен бағдарламаның стратегиялары сабақ жоспарында көрсетіледі.
Мұғалімдер оқытуды жандандыру және оқушыларды ынталандыру бойынша жаттығу әзірлеуге жұмылдырылатын болады, ол тапсырмалар нақты оқу нәтижелеріне бағытталады
| 4
|
|
18
| Сабақты жоспарлау. 1-сабақ: Бағалау критерийлерін белгілеу.
| 1-сабақ : Бағалау критерийлерін белгіле
2-сабақ: Оқу мақсаты, жаттығу мен бағалау
критерийлері арасындағы байланысты бағамдау.
| Мұғалімдер сабақ табыстылығын бағалау критерийлерін әзірлейді, сабақ жоспарларын өзі бағалау мен өзара бағалау кезіндегі бағалау критерийлері, жаттығулар және оқу мақсаттары арасындағы байланысты анықтайды.
| Мұғалімдер әзірленген бағалау критерийлері бойынша сабақ жоспарындағы оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жаттығуларды бағалайды.
| Сабақтың әдістері мен тәсілдерін күтілетін нәтиженің негізінде жоспарлау әдісі оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Оқушылар мен мұғалімдердің барлық іс-әрекеті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Сабақтың барысы
| 4
|
|
19
| Сыныптағы оқуды
басқару.
| 1-2-сабақтар: Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында
өзгерістерді жоспарлау
| Мұғалімдер даму жұмысының негізгі қағидаттарын зерттейді және өз тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шағын жобаларға қатысады.
| Мұғалімдер жүргізілген зерттеу нәтижесінде өзіндік құндылықтары мен мұғалімдік көзқарасын анықтайды, даму басымдықтарын белгілеп, проблемаларды анықтайды.
| Даму жұмысы мұғалімдердің өз тәжірибесін жетілдіріп қана қоймайды, сол сияқты басқа мұғалімдердің тәжірибесіне ықпал етеді. Бұл кәсіби жағдайды есепке ала отырып жасалу керек, яғни жобаға және ұсынылған іс-шаралар жоспарына назар аудару мәселелері бойынша әріптестермен, мектеп басшыларымен кеңесу қажет.
| 4
|
|
20
| Сыныптағы оқуды
басқару.
| 1-2-сабақтар: Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында
өзгерістерді жоспарлау
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқыған білімі мен тәжірибесін қолданып, сабақ жоспарлайды, ұсынылған ресурстардың негізінде топта әзірленген критерийлердің көмегімен бағалайды.
| Мұғалімдер өткен сабақта құрылған оқыту тәжірибесін дамытудың жеке жобасын қолданып, өз пәні бойынша екі сабақтың жоспарын жасайды, әріптестері мен тренерден қалыптастырушы пікір алады.
| Сабақты жоспарлау күнделікті мұғалімнің тәжірибесі болып табылады. Жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерін білу, сабақтың мақсат пен міндеттерін нақты белгілеу сабақты интербелсенді және инклюзивті етуге мүмкіндік береді. Бұл сабақтағы жоспарлау тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын құруға даярлық болып табылады. Жоспарлау алдыңғы сабаққа дейін, яғни апта бойында өткізілетін сабақтарға қатысты болуы маңызды.
| 4
|
|
21
| Оқыту тәжірибесіне
Бағдарлама
тақырыптарын енгізу
| 1-2-сабақтар: Тізбектелген сабақтар топтамасын орта
мерзімдік жоспарлау. .
| Мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлау әдістемесін меңгеру нәтижесінде оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолданудағы білім мен дағдыларын жинақтайды, жеке жұмыс істей отырып, тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасайды.
| Мұғалімдер:
Тізбектелген сабақтар топтамасын әзірлеуде бір-біріне қолдау көрсетеді;
Бағдарлама тақырыптары ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары түрінде нәтиже алады
| «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының тақырыптары өзара байланысты және оларды тізбектелген сабақтар топтамасымен біріктіруге болады.
Орта мерзімді жоспар сабақтан сабаққа дейінгі өзгеріс қарқынын бақылауға бағытталған.
Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда әрбір оқушының жеке қажеттілігін және оқу жоспарының мазмұндық ерекшеліктерін ескеру керек. Бірлескен жоспарлау бағалауды және мұғалімдердің тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері туралы білім мен түсініктерін әрі қарай дамытуға ықпал етеді.
| 4
|
|
22
| Сабақты зерттеу әдісі
| 1-сабақ: Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында
Сабақты зерттеу әдісін қолдану.
2-сабақ: Сабақты зерттеудің тақырыбын белгілеу.
| Мұғалімдер «Сабақты зерттеу» тәсілінің мәнін оқытуды дамыту мен жетілдірудің құралы ретінде оқушылардың оқуға зейінін шоғырландыру арқылы құрылымдайды.
Өз мектептеріндегі мұғалімдер тобының тәжірибесін дамытудың құралы ретінде «Сабақты зерттеу» тәсілдерін қолданудың түрлерін анықтайды.
| Оқытуды дамыту мен жетілдіру үшін,мұғалімнің оқуы мен тәжірибесінің құралы ретінде мұғалімдер мектепке «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізудің алгоритмін әзірлейді.
| «Сабақты зерттеу» сыныпта жүргізілетін, бірге жоспарлайтын, сабақ беретін, бақылайтын және зерттеу сабақтарындағы оқуды талдайтын мұғалімдер тобының эксперименттік зерттеуінің арнайы формасы. «Сабақты зерттеу» мұғалімнің өз оқытуында жекеленген оқушыны оқытудың сапасы туралы ойлануына ықпал етеді. «Сабақты зерттеу» тәсілінің циклі мұғалімдерге оқушы қажеттілігін қанағаттандыру үшін инновациялық педагогикалық тәсілдерді дамыту мен жетілдіру үшін көмектеседі. Сабақты зерттеу барысындағы анықталған жаңалықтар өз мектептері мен көрші мектептердегі әріптестер арасында таратылады.
Сабақты зерттеу тәсілінің мектепке енгізілгеніне байланысты сабақтағы басты екпін үдерісті дамытуға немесе қолдауға және егжей-тегжейлі жоспарлауға жасалады.
| 4
|
|
23
| Сабақты зерттеу әдісі
| 1-2-сабақтар: Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту
мақсатында Сабақты зерттеу әдісін қолдану. Мектептегі
Сабақты зерттеудің табыс критерийлері.
| Мұғалімдер сабақты зерттеу сұрақтарын құрастырады, «Сабақты зерттеу» тәсілін мектепте жүзеге асыру жоспарын дайындайды.
| Мұғалімдер бірлесіп оқуды пайдалана отырып мектепте Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру үшін іс-шаралар жоспарын жасайды.
| Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек.
Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі.
| 4
|
|
24
| Бағалау
| 1-2-сабақтар:
Мұғалімдердің оқыту және оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша курсты қорытындылау үшін рефлексиялайды және өз тәжірибелерін үш критерий (білу және түсіну, қолдану және рефлексия) бойынша талдайды.
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқу кезіндегі өз тәжірибелеріне талдау жасап, ойларын жинақтайды, өздерінің рефлексиялық ойларын үш критерий бойынша бағалайды және рефлексиялық есептерінің алғашқы нұсқасын жасайды.
| Мұғалімдер өз тәжірибесіне бағдарламаның негізгі тақырыптарын түсініп енгізгенін көрсетуі қажет. Сонымен бірге мұғалімдер нені үйреніп-білгені туралы ойланады, тақылайды және жазады. Мұғалімнің Бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерийіне сәйкестік деңгейін анықтауда олардың оқудың соңында жазатын рефлексиялық есебі айрықша мәнге ие болады:
Багдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану. Оқыту мен оқудагы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуга арналган тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Рефлексиялық есепті бағалау рәсіміндегі ең маңыздысы мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын пайдалана білу қабілетін анықтау болып табылады. Себебі бұл көрсеткіштер олардың оқыту және оқу тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді, Бағдарламаның басты мақсаты осы.
| 4
|
|
25
| Бағалау
| 1-2-сабақтар:
Мұғалімдердің оқыту және оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізу үдерісін бағалау.
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының бір тақырыбы бойынша есеп түрінде рефлексия жасайды (білу және түсіну, қолдану және ой толғау), сонымен бірге рефлексиялық есепті өзі бағалауға және өзара бағалауға жаттығады.
| Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша оқу кезіндегі өз тәжірибелеріне талдау жасап, ойларын жинақтайды, өздерінің рефлексиялық ойларын үш критерий бойынша бағалайды және рефлексиялық есептерінің соңғы нұсқасын әзірлейді.
| Рефлексиялық есепті бағалау рәсіміндегі ең маңыздысы мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын пайдалана білу қабілетін анықтау болып табылады. Себебі бұл көрсеткіштер олардың оқыту және оқу тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді, Бағдарламаның басты мақсаты осы бағаланатын деректер тұрғысынан, болмаса өздерінің терең білімі мен кәсіби дамуын дәлелдейтін құжат ретінде мұғалімдер рефлексиялық есепке қосымша материал ұсына алады. Мектеп тренерлері рефлексиялық есептің мазмұны, құрылымы бойынша, сондай-ақ рефлексиялық есепті бағалауға арналған деректерді әзірлеуде өз тобының мұғалімдеріне кеңес беріп, қолдау көрсете отырып, ұстаздарға барынша көмек беретін болады.
Рефлексиялық есептің мазмұны (2000 сөз)
сабақ жоспарларына Бағдарламаның бір тақырыбын енгізуді негіздеу және оны енгізуде қолданылған әдістеме; оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын сабақтар өткізілгенін және оның тиімділігін талдау.
9 Бағдарламаның бір тақырыбы ықпалдастырылған сабақ жоспарлары (3 жоспар) (250 сөзден тұратын түсініктемесімен қоса).
| 4
|
|