Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница10 из 70
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70

«Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары мен мазмұны

1. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлау циклдерінің үлгілік оқу жоспары


Пән коды

Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)*

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта) **

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1










МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

27






Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)

9






Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15










МБП

Міндетті компонент

432/8

432/8


432/8





МБП 01

Стационардағы клиникалық иммунология

54







Сынақ

МБП 02

Стационардағы клиникалық аллергология

99







Сынақ

МБП 03

Стационардағы балалардың клиникалық иммунологиясы және аллергологиясы

108




216

Сынақ

МБП 04

Стационардағы ересектердің клиникалық иммунологиясы және аллергологиясы




216




Сынақ

МБП 05

Әртүрлі жастағы амбулаториялық-емханалық аллергология.

108







Сынақ

МБП 06

Ересектердің амбулаториялық-емханалық аллергология.




216,соның ішінде қорытынды бақылау сағаты




Сынақ

МБП 07

Балалар жасындағы амбулаториялық-емханалық аллергология.







216,соның ішінде қорытынды бақылау сағаты

Сынақ

МБП 08

Дәлелді медицина мәселелері

18







Сынақ

МБП 09

Аллергология және иммунологиядағы оңалту мәселелері

9







Сынақ

МБП 10

Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері

9







Сынақ

МБП 11

Ауыр жағдайда жедел медициналық жәрдем

18







Сынақ

МБП 12

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)

9







Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компоненті

378/7







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБК-дан)

6

6

Емтихан




Жиыны

864/16

432/8

432/8




Ескертулер:

* Аллергология және иммунология бойынша қайта даярлау курсынан өтпеген мамандарға;

** Балалар аллергологиясы және иммунологиясы бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандарға;

*** Ересектер аллергологиясы және иммунологиясы бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандарға.



  1. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклдерінің үлгілік оқу жоспары




Пән коды

Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(салауатты өмір салтын қалыптастыру, апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)










9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1


108/2


162/3


198/3⅔





МБП

Міндетті компонент










90/1⅔




МБП 01

Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар жасындағы аллергология және иммунология мәселелері









63


Сынақ

МБП 02

Ауыр жағдайда жедел медициналық жәрдем










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар










9




ТБП

Таңдау бойынша компоненті

54/1

108/2


162/3


108/2


Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2(ТБП-дан)

2(ТБП-дан)

2(ТБП-дан)

6(ТБП-дан)

Сынақ




Жиыны

54/1

108/2


162/3


216/4






3. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


Пәндер атаулары

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

Аллергология және иммунологиядағы инновациялық технологиялары

90*





Ауыр жағдайдағы жедел медициналық жәрдем

9




Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаты

4. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (екінші санат үшін)


Пәндер атаулары

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

Күнделікті практикадағы аллергиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері

90*





Ауыр жағдайдағы жедел медициналық жәрдем

9




Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2





Ескерту: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаты

5. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың оқу бағдарламасының мазмұны


Пәндер атаулары

Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді Пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Стационардағы клиникалық иммунология

Иммунология мен клиникалық иммунологияның негіздері. Клиникалық иммунологияның пропедевтикасы. Иммунитет диагностикасының зертханалық әдістері. Иммунитет тапшылығының этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі. Біріншілік және екіншілік иммундық тапшылықты аурулар, диагностикасы. Пре- және манифесттік ЖИТС-тің негізгі клиникалық көріністері. Иммунитет тапшылығы жағдайындағы иммунотерапиялық қағидаттар. Тыныс жолы, асқазан-ішек жолы, терінің аллергиялық ауруларының эпидемиологиясы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу қағидаттары. Аутоиммунды бұзылыстар. Дәнекер тін ауруларының этиологиясы, иммунологиясы, морфологиясы, клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы. Диагностиканың зертханалық әдістері. Ісіктер иммунологиясы. Иммунотерапия. Трансплантацияның иммунологиясы мен иммунопатологиясы. Клиникалық фармакотерапия.

МБП 02

Стационардағы клиникалық аллергология

Аллергология негіздері. Клиникалық аллергологияның пропедевтикасы. Аллергиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, диагностикасы, саралау диагностикасының қағидаттары. Аллергиялық патологиясы бар науқастардың жоғарғы тыныс алу, есту жолдарының, көру анализаторының, тері, бронх-өкпе аппаратының, асқазан-ішек жолы және ағзаның басқа жүйелерін тексеру әдістері мен қағидаттары. Пульмонология, гастроэнтерология, кардиология, оториноларингологияда, офтальмология және дерматологияда аллергиялық патологиялардың диагностикасында және саралау диагностикасында жалпы зертханалық, функционалдық және арнайы (ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа) тексеру әдістері. Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар. Арнайы және арнайы емес иммунотерапияға арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, әдістемесі және болуы мүмкін асқынулар. Емдеуге жатқызу кезеңіндегі шұғыл аллергиялық жағдайлар. Аллергиялық аурулардың интенсивті терапиясының және реанимациясының заманауи әдістері. Көздің, тыныс жолдарының, терінің, АІЖ-ның аллергиялық аурулары. Дәрі-дәрмектік аллергия.

МБП 03

Стационардағы балалардың клиникалық иммунологиясы мен аллергологиясы

Балалардың теориялық және клиникалық иммунологиясының негіздері. Балаларға жүргізілген негізгі сандық және функционалды зертханалық иммунологиялық тесттердің нормативті көрсетілімдері. Белсендіі иммунизацияның және балалардағы вакцинациядан кейінгі асқынулардың профилактикасыдың ұйымдастыру әдістемесінің негіздері. Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасының мәні мен мақсаты, вакцинация процесі мен вакцинациядан кейінгі иммунитеттің сипаттамасы. Балалар ағзасындағы иммундық патологияның туындау себептері, олардың даму механизмі. Иммунитет тапшылықты күйлер мен аурулар. Иммунитет тапшылығы бар аурумен ауыратын науқастарды зертханалық тексеру әдістері. Балалардағы иммунитет тапшылықты күйлер мен аутоиммундық аурулардың этиологиясы, патогенезі, жіктемесі. Иммуноактивті препараттардың клиникалық фармакотерапиясы. Жас ерекшелігі әртүрлі балалардың Кеңірдек , асқазан-ішек жолының, терісінің аллергиялық ауруларының эпидемиологиясы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу қағидаттары. Балалар аллергологиясындағы шұғыл жағдайлар. Спецификалы және бейспецификалы иммунотерапияға арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, әдістемесі және балаларға қолданғанда болуы мүмкін асқынулар.

МБП 04

Стационардағы ересектердің клиникалық иммунологиясы мен аллергологиясы

Иммунология және клиникалық иммунология негіздері. Клиникалық иммунология пропедевтикасы. Иммунитетті диагностикалаудың зертханалық әдістері. Иммундық тапшылығының этиологиясы, патогенезі, клиникалық пайда болуы. Бірінші және екінші реттік иммундық тапшылығы аурулары, диагностика. Пре- және манифестті ЖИТС-тің клиникалық пайда болу негіздері. Иммун тапшылығы жағдайындағы иммунотерапия қағидаттары. Тыныс алу, асқазан-ішек жолдары, тері аллергиялық ауруларын емдеу қағидаттары және эпидемиологиясы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Аутоиммундық бұзылулар. Дәнекерлеуші тін ауруларының этиологиясы, иммунологиясы, морфологиясы, клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы. Диагностикалаудың зертханалық әдістері. Ісік иммунологиясы. Иммунотерапия. Иммунология және иммунопатология трансплантациясы. Клиникалық фармакотерапия. Аллергология негіздері. Клиникалық иммунология пропедевтикасы, аллергиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, оларды саралап диагностикалау қағидаттары. Жоғары тыныс алу жолдары, құлақ, көру анализаторлары, тері, бронх-өкпе аппараты, асқазан-ішек жолдары және аллергиялық патологиясы бар басқа да ағза жүйелерін зерттеп тексерудің қағидаттары мен әдіснамасы. Пульмонология, гастроэнтерология, кардиология, оториноларингология, офтальмология және дерматология, оның ішінде аллергиялық патологияны диагностикалау және саралап диагностикалаудағы жалпы зертханалық, функционалдық, арнайы (ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа) зерттеу әдістері. Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар. Иммунотерапияның өзіне тән және өзіне тән емес көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, әдістемесі және мүмкін болатын асқынулар. Емдеуге жатқызу кезеңіндегі шұғыл аллергиялық жағдайлар. Интенсивті терапия және реанимация, аллергиялық аурулардың заманауи әдістері. Көз, тыныс жолдары, тері, АІЖ аллергиялық аурулары. Дәрілік аллергия.

МБП 05

Әртүрлі жастағы амбулаториялық-емханалық аллергология

ҚР қала және ауыл халқына күндізгі стационар мен үйіне барып көмек берудегі, соның ішіндегі шұғыл және жедел жәрдемді қоса алғанда, амбулаториялық-емханалық аллергиялық көмекті ұйымдастыру. Дәрігер-аллергологтың құқықтары мен міндеттері. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық деңгейде зерттеудің жалпы зертханалық, функционалдық және арнайы әдістері. Аллергологиядағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл жағдайлар. Аллергиялық аурулардың емдеу хаттамасына сәйкес заманауи фармакотерапиясы. Аллергиялық аурулардың біріншілік және екінші реттік профилактикасы қағидаттары. Профилактикасы шараларының ауқымдылығын, сапасын және тиімдіілігін бағалау әдістері. Уақытша және тұрақты жұмысқа жарамсыздық сараптамасы. Диспансерлеу. Аллергиялық аурумен ауыратын науқастарға көрсетілетін амбулаториялық-клиникалық жәрдемнің сапасын бағалау критерийлері, бақылау қағидаттары. ҚР балаларға күндізгі стационар мен үйіне барып көмек беруді, соның ішіндегі шұғыл және жедел жәрдемді қоса алғанда амбулаториялық-емханалық аллергиялық көмекті ұйымдастыру. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық деңгейде балалар аллергологиясының функционалды және арнайы әдістерін, саралау диагностикасын, алгоритм диагностикасын зерттеу. Балалардың аллергиялық ауруларын хаттамаға сәйкес емдеудің заманауи қағидаттары. Аллергиялық аурулардың біріншілік және екіншілік профилактикасы қағидаттары. Ауруханаға дейінгі деңгейдегі шұғыл аллергиялық жағдайлар. Аллергиялық аурумен ауыратын балалардың диспансеризациясы. Балалардағы спецификалы аллерговакцинацияны өткізу әдістемесі. Емханадағы иммунопрофилактика. ҚР балаларды вакцинациялаудың күнтізбесі. Асқынулар және олардың профилактикасы. Түрлі аурулармен ауыратын балаларды вакцинациялау ерекшеліктері.

МБП 06

Амбулаториялық-емханалық ересектер аллергологиясы

ҚР қала және ауыл халқына күндізгі стационар мен үйіне барып көмек берудегі, соның ішінде шұғыл және жедел жәрдемді қоса алғанда амбулаториялық-емханалық аллергиялық көмекті ұйымдастыру. Дәрігер-аллергологтың құқықтары мен міндеттері. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық деңгейде зерттеудің жалпы зертханалық, функционалдық және арнайы әдістері. Аллергологиядағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл жағдайлар. Аллергиялық аурулардың емдеу хаттамасына сәйкес заманауи фармакотерапиясы. Аллергиялық аурулардың біріншілік және екіншілік профилактикасы қағидаттары. Профилактикасы шараларының ауқымдылығын, сапасын, тиімдіілігін бағалау әдістері. Уақытша және тұрақты жұмысқа жарамсыздық сараптамасы. Диспансерлеу. Аллергиялық аурумен ауыратын науқастарға көрсетілетін амбулаториялық-клиникалық жәрдемнің сапасын бағалау критерийлері, бақылау қағидаттары. ҚР балаларға күндізгі стационар мен үйіне барып көмек берудегі, соның ішіндегі шұғыл және жедел жәрдемді қоса алғанда амбулаториялық-емханалық аллергиялық көмекті ұйымдастыру. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық деңгейде балалар аллергологиясының функционалды және арнайы әдістерін, саралау диагностикасын, алгоритм диагностикасын зерттеу. Балалардың аллергиялық ауруларын хаттамаға сәйкес емдеудің заманауи қағидаттары. Аллергиялық аурулардың біріншілік және екіншілік профилактикасы қағидаттары. Ауруханаға дейінгі деңгейдегі шұғыл аллергиялық жағдайлар.Аллергиялық аурумен ауыратын балалардың диспансеризациясы.

МБП 07

Амбулаториялық-емханалық балалар аллергологиясы

ҚР балаларға күндізгі стационар мен үйіне барып көмек берудегі, соның ішіндегі шұғыл және жедел жәрдемді қоса алғанда, амбулаториялық-емханалық аллергиялық көмекті ұйымдастыру. Балалар дәрігер-аллергологтың құқықтары мен міндеттері. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық деңгейде зерттеудің жалпы зертханалық, функционалдық және арнайы әдістері. Аллергологиядағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл жағдайлар. Балалардағы аллергиялық ауруларды хаттамасына сәйкес емдеудің занауи фармакотерапиясы. Балалардағы аллергиялық аурулардың бірінші және екінші реттік профилактикасы қағидаттары. Профилактикасы шараларының ауқымдылығын, сапасын, тиімдіілігін бағалау әдістері. Диспансерлеу. Аллергиялық аурумен ауыратын науқастарға көрсетілетін амбулаториялық-клиникалық жәрдемнің сапасын бағалау критерийлері, бақылау қағидаттары.

МБП 08

Дәлелді медицина мәселелері

Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу. Алтын стандарт. Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы. Интернеттегі Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) медициналық дерекқорлар. Жүйелі шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 09

Аллергология мен иммунологиядағы оңалту мәселелері.

Жиі және ұзақ уақыт бойы ауыратын балаларды оңалту мен иммунологиялық емінің ерекшеліктері. Герпесвирусты инфекция: иммунодиагностика, иммунотерапия, иммунооңалту мәселелері. Иммунооңалту және иммунопрофилактика. Әртүрлі генезді аллергиялық патологиясы бар науқастардың оңалтусы. Оңалтулық терапияға қарсы көрсетілімдер.

МБП 10

Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері

«Психикалық-эмоциялық және хосписті көмек» түсінігінің анықтамасы. Психикалық-эмоциялық көмектің пайда болуы және дамуы. ҚР-да Психикалық-эмоциялық көмек қызметі. Өмірге қауіпті және ерте өлімге алып келетін жағдайлардың жіктемесі. Психикалық-эмоциялық аллергологиялық көмектің қағидаттары мен ерекшеліктері. Психикалық-эмоциялық медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру ережелері. Науқас пен оған қарайтын туысқандарына психологиялық қолдау. Науқас пен оның жақындарының ішкі жан дүниесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру. Әртүрлі генезді аллергологиялық патологиясы бар адамның ауруының ауыр ағымынан және өлуіне жақындауынан туындайтын әлеуметтік, заңдылық және әдеп мәселелерін шешу.

МБП 11

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминалды жағдайлардағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің біріншідік және екіншілік бағалауы. Өмір тіршілігі қызметтердің бұзылыстарын диагностикалау. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 12

Инфекциялық бақылау. АИТВ инфекциясы

Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру комиссиясы. (бұдан әрі-ИКК). Ауруханаішілік инфекцияның эпидемиологиялық талдауы. (бұдан әрі АІИ). АІИ қоздырғыштары, антибиотикке тұрақты. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Дезинфекция, олардың түрлері және АІИ профилактикасы шаралары. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникасы, салдарлық аурулары. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



  1. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың оқу бағдарламасының мазмұны




Пән коды

Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді Пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Аллергология және иммунология мәселілері, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы




Халықаралық бағдарламалар мен хаттамалар, дәлелді медицина негізінде, аллергиялық және иммунды аурулардың, соның ішінде балалар аллергиялық және иммунды ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы мен сараптама диагностикасы, емдеу әдістері, профилактикасыы және жедел жәрдем туралы заманауи мәліметтер. Емдеуге жатқызуға дейінгі және кейінгі көмек көрсетудің ерекшеліктері. Аллергиялық аурулардың біріншілік және екіншілік профилактикасы қағидаттары. Ауруханаға дейінгі деңгейдегі шұғыл аллергиялық жағдайлар. Аллергиялық аурулары бар балаларды диспансерлеу. Балалардың арнайы аллерговакцинациясын жүргізу әдістемесі. Емханадағы иммунопрофилактика. ҚР балаларды вакцинациялау күнтізбесі. Асқынулар және олардың профилактикасы. Түрлі аурулармен ауыратын балаларды вакцинациялау ерекшеліктері.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларының алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компоненті

ҚБ

Қорытынды бақылау



  1. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)




Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері

Аллергология және иммунологиядағы инновациялық технологиялар

Аллергиялық аурулардың диагностикалау және емдеу әдістерінің инновациялық технологиялары. Аллергиясы мен псевдоаллергиялық реакциясы бар науқастардың гистаминмен дозаланған иммунотерапиясы. Иммун тапшылығын емдеу және молекулярлық диагностика. Өзекті вирустық аурулар маркерлерінің ДНК-диагностикасы.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларының алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау



  1. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы

бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)


Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері

Күнделікті практикадағы аллергиялық ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері


Аллергиялық аурулардың бірінші және екінші реттік профилактикасы әдістері. Гипоаллергенді диета– тағамдық аллергиялардың профилактикасыы ретінде. Аллергиялық аурулардың диагностика мен емінің жаңа технологиялық әдістері. Аллергенспецификалық IgE анықтамасы, иммуноферментті талдама, аллергосорбентті тест, РАСТ. Цитокиндік мәртебесін зерттеу. Алған көрсетілімдердің интерпретациясы. Спецификалық иммунитет көрсетілімдерін зерттеудің қажеттілігі. Иммунокомпетентті жасушалардың сапалы көрсетілімдерін зерттеу. Иммунологиялық тесттерді жүргізуге көрсетілімдер. Аллергиялық аурулардың симптомдық емі. Аллергиялық аурулардың спецификалық және бейспецификалық иммунотерапиясы.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларының алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі. Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:

НП – негізгі пәндер;

МНП – міндетті негізгі пәндер;

БП – бейінді пәндер;

МБП – міндетті бейінді пәндер;

ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

ҚБ – қорытынды бақылау.

Медицина және фармацевтика

кадрларының біліктілігін

арттыру мен қайта даярлаудың

үлгілік  бағдарламасына

7-қосымша
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70


написать администратору сайта