Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница18 из 70
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70

«Кәсіптік патология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспары және мазмұны



  1. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша қайта даярлау циклінің үлгілік оқу жоспары




Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)*

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54 /1




МНП 01

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9

Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

27

Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (апаттар медицинасы мәселелерін)

9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15




МБП

Міндетті компонент

432/8




МБП 01

Кәсіптік аурулар

216

Сынақ

МБП 02

Амбулаториялық-емханалық кәсіптік патология

54

Сынақ

МБП 03

Кәсіптік патологиядағы функционалдық диагностика

54

Сынақ

МБП 04

Кәсіптік патологиядағы медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері

36

Сынақ

МБП 05

Кәсіптік патологиядағы оңалту мәселелері.

18

Сынақ

МБП 06

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

18

Сынақ

МБП 07

Дәлелді медицина мәселелері

18

Сынақ

МБП 08

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)

9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

378/7

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБК-тен)

Емтихан




Жиыны

864/16






2. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклінің үлгілік оқу жоспары


Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақы

лау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда)










9




МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9




БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/3⅔




МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Кәсіптік патологияның өзекті мәселелері










63

Сынақ

МБП 02

Шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54/1

108/2


162/3


108/2


Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2 (ТБП-ден)


2(ТБП-ден)



2(ТБП-ден)



6 (ТБП-ден)



Емтихан




Жиыны

54/1

108/2


162/3


216/4






3. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыруға (жоғары және бірінші санат үшін) сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары


Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

Кәсіптік аурулар диагностикасы мен емдеуінің инновациялық технологиялары

90*





Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

9




Қорытынды бақылау (ҚБ)

6

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * - соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

4. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыруға (екінші санат үшін) сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары


Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

Кәсіби аурулардың диагностикасы, емдеу, оңалтуы мен адын алудың өзекті мәселелері

90*





Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

9




Қорытынды бақылау (ҚБ)

6

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * - соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

5. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МНП

Міндетті компонент

МБП 01

Кәсіптік аурулар




Қазақстан Республикасының кәсіптік патологиялық қызметтің ұйымдастырылуы. Кәсіптік патология жұмысын ұйымдастыру принциптері, құрылымы мен стационар деңгейіндегі жұмысының негізгі бағыты. Кәсіптік патологияның негізгі мәселелері, кәсіптік аурулармен күрестің заңнамалық және құқықтық негіздері. Кәсіптік аурулар клиникасына кіріспе. Кәсіптік аурулардың жіктемесі, этиологиясы, патогенезі. Жалпы терапиялық, кәсіптік аурулар мен шұғыл жағдайлардың клиникалық диагностикасы. Өкпенің шаңнан болған аурулары, пневмокониоздар, жіктемесі, асқынулар. Шаң салдарынан бронхиттер. Шаң әсерінен болған аурулардың сипаттамасы. Силикоз, силикатоздар, фтизиосиликоз, сараланған диагностика, клиника, сатылары, асқынулары. Клиникалық-рентгенологиялық ерекшеліктері. Шаңның әсерінен болған ауруларды емдеу принциптері мен әдістері және олардың профилактикасы. Діріл аурулары. Кәсіптік вегетосенсорлық полиневропатия. Хош иісті көмірсутегілермен, қорғасынмен, аминқосылысымен, нитроқосылысымен, фосформен, сынаппен, марганецпен, хроммен, пестицидтермен, көміртегі тотығымен, мұнай өнімдерімен улану. Шуылдың, электромагниттік сәулеленудің, лазердің әсеріне негізделген патология. Тірек-қимыл аппаратының кәсіптік аурулары. Зертханалық-функциональды диагностика және кәсіптік ауруы бар науқастарды тексеру әдістері. Фармакотерапия принциптері, дәрі-дәрмектерді қолдануға арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, жанама әсерлері. Кәсіптік аурулар кезіндегі сауықтыру мәселелері; жұмысқа орналастыру принциптері. Жалпы және кәсіптік сырқаттанушылық анализінің әдістері.

МБП 02

Амбулаториялық-емханалық кәсіптік патология




ҚР кәсіптік патологиялық қызметті ұйымдастыру. Кәсіптік патология жұмысын ұйымдастыру принциптері, құрылымы мен амбулаториялық-емханалық деңгейдегі жұмысының негізгі бағыты. Кәсіптік патологияның негізгі мәселелері, кәсіптік аурулармен күрестің заңнамалық және құқықтық негіздері. Цехтағы дәрігерлік учаскені ұйымдастыру тәртібі мен нормативтері. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) цех дәрігерінің функциональдық міндеттері. Өндірістік факторлардың асқорыту ағзаларына, жүрек-қантамыр жүйесіне, гепатобилиарлы қанөндіру ағзаларына, несеп шығару жүйелеріне әсері. Кәсіпорындағы еңбек шарты, еңбек жағдайын жақсартуға арналған санитариялық-гигиеналық, инженерлік техникалық шараларды дайындау мен енгізу принциптері. Кәсіптік еңбек өтілінің, анамнез бен санитариялық-гигиеналық мінездеменің кәсіптік аурулар туралы мәселені шешудегі маңызы. Кәсіптік зияндылықтар әсер ететін жерде жұмыс істейтін науқастардың диспансерлеу. Мерзімді хаттамаларды қолдану.

МБП 03

Кәсіптік патологиядағы функционалдық диагностика




Кәсіптік ауруларды функционалдық диагностикалау көлемінің стандарты. Функционалдық диагностиканы өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Пневмотахометрия, пикфлоуметрия, спигрография, спирометрия түсіндірмесі, қандағы газ құрамын анықтау, физикалық күш түсірумен функционалдық диагностикалық сынама, фармакологиялық сынамалар, альгезиометрия, тері термометриясы, палестезиометрия, электрофизиологиялық зерттеулер, ЭКГ, электромиография, электронейромиография, реовазография.

МБП 04

Кәсіптік патологиядағы медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері




Науқастарды жұмысқа орналастыру принциптері, жалпы және кәсіптік аурулар кезіндегі оңалту, куәландыру мәселелері. Диагностика және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері. Кәсіптік аурулар кезіндегі дәрігерлік-еңбек және медициналық-әлеуметтк сараптама (бұдан әрі – МӘСК) сараптама мәселелері.

МБП 05

Кәсіптік патология саласындағы оңалту мәселелері.




Жұмысқа орналастыру қағидаттары, кәсіптік аурулар кезіндегі оңалту мәселелері.

МБП 06

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 07

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау зерттеу (РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы. Интернеттегі Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) медициналық дерекқорлар. Жүйелі шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 08

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштар, антибиотикке резистенттілік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникасы, салдарлық аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



6. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (4 апта) білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Кәсіптік аурулардың өзекті мәселелері




Кәсіптік аурулардың этиологиясы, патогенезаі, клиникасы, диагностикасы мен емдеуінің заманауи мәселелері.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау


7. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (жоғарғы және бірінші санаттар үшін) сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны


Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

Кәсіби патологиялардың инновациялық технологиялары

Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген кәсіптік аурулардың профилактикасыдың, диагностикалаудың, емдеудің жаңа технологиялары.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау



8. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру бойынша сертификаттау циклінің білім бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)


Пәндердің атауы, олардың негізгі бөлімдері

Кәсіптік аурулардың диагностикасы мен емдеудің, оңалтудың өзекті мәселелері

Халықаралық бағдарламалар мен хаттамаларды кіргізе отырып, дәлелді медицина негізінде қазіргі жағдайдағы кәсіптік аурулар кезінде этиопатогенез, клиника, диагностика және сараланған диагностика, профилактикасы, емдеу әдістері, жедел жәрдем.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсынымдары. Терминалдық жағдайлардың клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің алғашқы және екінші бағалауы. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-ны өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясы әдістемесі. Кеңірдек интубациясы

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:

НП – негізгі пәндер;

МНП – міндетті негізгі пәндер;

БП – бейінді пәндер;

МБП – міндетті бейінді пәндер;

ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

ҚБ – қорытынды бақылау.

Медицина және фармацевтика

кадрларының біліктілігін

арттыру мен қайта даярлаудың

үлгілік  бағдарламасына

15-қосымша
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70


написать администратору сайта