Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница62 из 70
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70

«Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үлгілік оқу

жоспары мен мазмұны

1. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың циклдерінің үлгілік оқу жоспары


Пән

коды


Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1




МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9

Сынақ

МНП 02


Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9

Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылары

27

Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (мәселелерін қоса алғанда алғанда, апаттар медицинасы)

9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15




МБП

Міндетті компонент

432/8




МБП 01

Фармация экономикасы және басқару

108

Сынақ

МБП 02

Дәрілер технологиясы және биофармация

54

Сынақ

МБП 03

Фармацевтикалық химия

54

Сынақ

МБП 04

Фармакология және ұтымды фармакотерапия

54

Сынақ

МБП 05

Токсикологиялық химия

54

Сынақ

МБП 06

Фармакогнозия

54

Сынақ

МБП 07

Тиісті фармацевтикалық іс-практика GxP

36

Сынақ

МБП 07

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9

Сынақ

МБП 08

АИТВ инфекциясы, инфекциялық бақылау

9

Сынақ

ТБК

Таңдау бойынша компонент

378/7

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБП-ден)

Емтихан




Жиыны

864/16






2. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклдерінің үлгілік оқу жоспары.


Пән коды


Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

Бақы

лау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/1 /3




МНК 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда)










9

Сынақ

МНК 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/32/3





МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Фармацияның өзекті мәселелері










72

Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










9

Сынақ

МБП 03


Медициналық этика және коммуникативтік дағдылары










9

Сынақ

ТБК

Таңдау бойынша компонент

54/1

108/2

162/3

108/2

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2 (ТБП-дан)

2 (ТБП-дан)

2 (ТБП-дан)

6 (ТБП-дан)







Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4






3. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Фармация экономикасы және басқаруы




Фармация экономикасы және басқару негіздері. Менеджмент дәріханалық ұйымды басқару құралы. Басқарушы және дәріханалық ұйым. Басқару стильдері. Кадрларды басқару. Кадр менеджменті. Маркетингті басқару үрдісі. Фармация экономикасының ерекшеліктері және фармацевтік нарықтағы тұтыну тәртібі. Фармакоэкономика. Фармакоэкономикалық талдау. Дәріханалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсетілімдерін болжау. Дәрілік препараттардың бағасын түзудің негіздері. Тауарлардың босату көлемі мен оларды өткізуді болжау. Тауар қоры және оны нормалау. Шығындарды, баланстық және таза пайданы болжау. Дәріханалық ұйымдардағы есептеу және есеп беру. Негізгі құралдарды, тауардың жылжуын және басқа материалдық құндылықтарды есептеу. Тиісті дәріханалық іс-практика. Тиісті дистрибьютерлік іс-практика. Фармацевтикалық қызметіндегі тұтынушыларды қамтамасыз ету ережелері. Ақшаны және есеп айырысу операцияларын есептеу. Тауарлы-материалдық құндылықтар инвентаризациясы. Меншіктіліктің барлық түрлеріндегі дәріханалық ұйымдардың есеп беруі. Бухгалтерлік баланс.

МБП 02

Дәрілер технологиясы және биофармация




Дәрілер технологиясы. Дәрілік және қосымша заттар. Дәрілік түрлердің дәріханалық технологиясы: қатты (ұнтақтар, жинақтар), сұйық (ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар және қайнатпалар), жұмсақ (линименттер, жағар майлар, пасталар, суппозиторийлер). Шаншуға арналған, көзге арналған, бір жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер. Дәрілерді дайындаудағы үйлесімсіздік және қиындық жағдайлары. Дәрілердің зауыттық өндірісі технологиясы туралы түсінік. Биофармация туралы жалпы түсінік және оның дәрілер технологиясымен байланысы. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі технологиясы. Дәрілік препараттар өндірісін Мемлекеттік нормалау. Дәріханалық мекеменің жұмысын регламенттеуші ережелер мен инструкциялық хаттар. Қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік түрлердің зауыттық өндірісі. Фитопрепараттар. Дәстүрлі емес дәрілік құралдар (гомеопатиялық және басқалар). Биофармацияның фармацевтикалық факторлары және терапевтикалық эквиваленттілік. Дәрілік құралдардың биоэквиваленттілігі. Дәрілік заттары бақылаулы босап шығатын модификацияланған дәрілік түрлер. Фармациядағы тиісті іс- практика Концепциясы ­ ­- GPX. Дәрілік құралдардың сапасын қамтамасыз ететін заманауи концепциялардың (GLP, GMP, GPP) негізгі бағыттары.

МБП 03

Фармацевтикалық химия




Фармацевтикалық химияның негізгі мәселелері. Фармацевтикалық химиядағы жаңа бағыттар. Заманауидағы дәрілік заттарға қойылатын медико-биологиялық талаптар. Жаңа дәрілік заттарды жасау және сапасын бақылаудағы зерттеу әдістері фармацевтикалық химияның мақсаттары болып табылады. Дәрілік зат сапасын реттейтін Мемлекеттік принциптер және ережелер. Дәрілік заттардың сапасын бақылайтын ұйымдар. Дәрілік заттардың және медициналық техника бұйымдарынының сапасын бақылайтын Мемлекеттік инспекциялар. Сақтау (дәріханалық қоймалар) және тарату кезіндегі бақылау. Дәріханаішілік бақылаудың ерекшеліктері. Республикалық мемлекеттік өндірістің (РМӨ) дәрілік заттарды сраптаудың Ұлттық орталығы.Ароматты қосылыстардың дәрілік заттар ретіндегі фармацевтикалық химиясы. Фенол, хинон, ароматты қышқылдар, арилалкиламиндер, гидроксифенилалкиламиндер, бензолсульфаниламидтер туындыларының дәрілік препараттарын талдау және стандарттау.Табиғат және синтетикалық текті гетероциклді қосылыстардың туындыларынының: фуран, бензопиран, индол, пиразол, пиридин, тропан, хинолин, изохинолин, пиримидин, пиримидин-тиазол, пурин, птеридин, изоаллоксазин, фенотиазин, бензодиазепин және т.б. дәрілік заттар ретінде талдау және стандарттау.

МБП 04

Фармакология және тиімдіі фармакотерапия




Фармакологияның мазмұны, пәні, зерттеу әдістері. Жалпы рецептура. Сұйық, жұмсақ, қатты дәрілік қалыптарға рецепт жазу ережелері. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасынгың негізгі заңдылықтары. Шеткі нерв жүйесінің құралдары. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. ОЖЖ әсер ететін дәрілер. Анальгетикалық дәрілер. Қабынуға және аллергияға қарсы құралдар. Химиотерапевтік құралдар. Антибактериальді дәрілер. Туберкулезге қарсы, спирохетаға қарсы, саңырауқұлаққа қарсы, вирусқа қарсы, қарапайымдыларға қарсы, құрттарға қарсы дәрілер. Тірек-қозғалыс, тыныс, жүрек-қантамыр, ас қорыту, несеп шығару, эндокринді жүйе, қан жүйесіне әсер ететін құралдар. Фармакотерапия. Пәні, бөлімдері, мақсаты мен міндеттері. Фармакотерапия түрлері. Фармакотерапия дамуының негізгі кезеңдері. Клиникалық фармакологиялық қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасының фармакологиялық және фармакопеялық орталықтары. Дәрілік құралдарды «тиісті тағайындау» жүйесі туралы түсінік. Дәрілік формуляр. Емдеу стандарттары. Құрастырудың түсінігі мен принциптері. Фармакокинетика мен фармакодинамиканың жалпы сұрақтары. Дәрілердің бір-бірімен әсерлесуі және жанама әсерлері. Клиникалық фармакологияның жастық аспектілері. Жеке фармакотерапия. Жүрек - тамыр, эндокринді, тыныс алу мүшелерінің, ас-қорыту мүшелері ауруларының фармакотерапиясы.

МБП 05

Токсикологиялық химия




Сорбция арқылы оқшауланатын заттарды химия-токсикологиялық талдау (бұдан әрі – ХТТ). Дәрілік заттар. Дистилляция арқылы оқшаулантын заттарды ХТТ. Ұшқыш улар. Минерализация арқылы оқшауланатын заттарды ХТТ. Металдық улар. Органикалық еріткіштер арқылы оқшауланатын заттарды ХТТ. Пестицидтер. Диализбен үйлестірілген сумен тұндыру арқылы оқшауланатын заттарды ХТТ. Оқшаулауды талап етпейтін заттарды ХТТ. СО (II), фтор қосылыстары.

МБП 06

Фармакогнозия




Фармакогнозия, оның мәселелері және медицина мен фармациядағы мәні. Әртүрлі морфологиялық топтардағы дәрілік өсімдік шикізатты даярлау кезіндегі сақтау іс-шаралары. Дәрілік өсімдік шикізатының қоры. Жабайы және мәдени өсетін дәрілік өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктер интродукциясы. Жерасты бөліктерін (тамыр, тамырсабақ, түйнектер), бүршіктерді, жапырақтарды, гүлдер мен гүлшоғырларын, жемістер мен дәндерін, қабықтарын жинау, алғашқы өңдеу ерекшеліктері, кептіру, орамдау және сақтау ережелері. Жабайы және мәдени өсетін өсімдіктер шикізатын жинау ерекшеліктері. Өсімдік шикізатын жинайтын техникалық саймандар. Улы және күшті әсер ететін өсімдік шикізатын жинау ерекшеліктері, жинау кезіндегі шаралар. Дәрілік өсімдік шикізатын кептіру әдістері. Өсімдік шикізатын қабылдап алу, қоймаларда, базаларда, өндіріс орындарында талдауға арналған сынамалар алу. Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау – мақсаты мен міндеттері. Фитотерапия негіздері. Дәрілік жинақтарды құрастыру методологиясы.

МБП 07

Тиісті фармацевтикалық практика




«Тиісті өндірістік практика», «Тиісті инженерлік практика», «Тиісті зертханалық практика», «Тиісті клиникалық практика», «Тиісті дистрибьюторлық практика», «Тиісті фармацевтік (дәріханалық) практика», Дәрілік құралдардың айналымындағы стандарттар, «Стерилизацияның кепілдік деңгейі», «Сапаны қамтамасыз ету жоспары», «Сапаны басқару жүйесі», «Сапа саясаты», «Қиын бақылау нүктелеріндегі қауіптілікті талдау жүйесі».

МБП 08

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 09

АИТВ инфекциясы, инфекциялық бақылау




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және таралуының профилактикасына бағытталған ұйымдастыру, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. Инфекциялық бақылау комиссиясын (бұдан әрі – ИБК) ұйымдастыру. Ауруханаішілік инфекцияны (бұдан әр – АІИ) эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштары, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға стационарлық және амбулаториялық көмекті ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ-ға тестілеуге дейінгі және кейнгі консультация. АИТВ инфекциясының клиникасы, салдарлы аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



4. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (4 апта ) білім беру бағдарламасының мазмұны.


Пән коды

Пәндер атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Фармацияның өзекті мәселелері




Дәрілік құралдар саласындағы Ұлттық саясат. Дәрілік құралдар айналымын реттеу. Дәрілік құралдарды ұтымды пайдалану. Заманауи кезеңдегі фармацевтік көмек. Дәрілер технологиясының өзекті мәселелері. Дәрілік құралдар өндірісінің инновациялық технологиясы. Дәрілік құралдардың өзара әсері. Дәрілік құралдардың сапасын қамтамасыз ету жүйесі (GLP, GCP, GMP, GDP, GPP). Тиісті дәріханалық іс-практика. Тиісті дистрибьютерлік іс-практика. Заманауи препараттар. Өсімдік текті, минерал текті биологиялық белсендіі қосылыстар. Кадр менеджменті: фармация саласындағы мамандардың біліктілігі мен компетенттілігі. Заманауидағы фармацевтік өндірістің Қазақстан Республикасында және шет елде дамуы. Фармацевтік өндірісті мемлекеттік стандарт және аймақтық стандарт бойынша шектеу. Дәрілік құралдардың сапасын қамтамасыз етудің заманауи концепциясының негізгі бағыттары. Жаңа дәрілік қалыптарды жасап шығаруда фармацевтік технологияның заманауидағы жетістіктері және дәрінің әсерін ұзарту мен тұрақтандыру мәселелері. Дәрілік құралдардың биоэквиваленттілігі. Натурфармация. Дәрілік жинақты құрастыру методологиясы. Аналитикалық әдістемелерді талдау валидациясы.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:

НП – негізгі пәндер;

МНП – міндетті негізгі пәндер;

БП – бейінді пәндер;

МБП – міндетті бейінді пәндер;

ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

ҚБ – қорытынды бақылау.

Медицина және фармацевтика

кадрларының біліктілігін

арттыру мен қайта даярлаудың

үлгілік  бағдарламасына

59-қосымша
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70


написать администратору сайта