Главная страница
Навигация по странице:

  • Курстың саясаты мен процедурасы

  • 6.Пәнің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

  • Семинар сабақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау: Семинарға дайындалу

  • СӨЖ-дің орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (А)

  • (А)

  • Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар

  • Международный универстет астана


    Скачать 268.5 Kb.
    НазваниеМеждународный универстет астана
    Дата27.10.2021
    Размер268.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаpsihologiya sillabus_kaz obr kas mbekova (1).doc
    ТипДокументы
    #257382
    страница3 из 3
    1   2   3


    4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы

    Оқу нәтижелерін бақылау түрлері

    Аралық бақылау 1______коллоквиум

    Аралық бақылау 2 _________бақылау тапсырмалары

    Қорытынды бақылау_________ауызша емтихан

    Курстың саясаты мен процедурасы
    Курстың саясаты мен процедурасы

    • Білім алушыларға дәрістер бойынша қойылатын балл олардың сабақтан қалмауы, кешікпеуі және белсенділіктері үшін қойылады.

    • Семинар сабағында ауызша жауаптары, түрлі формадағы тапсырмаларды орындау сапасы мен мәселені түсінуі бағаланады.

    • СӨЖ тапсырмасы уақытында орындалуы мен сапасы арқылы бағаланып, білім алушының тақырыпты меңгеру деңгейі ескеріледі.

    • Ауызша емтихан – ауызша жауап беру түрінде емтихан, міндетте түрде оқу материалы тезистік формасына қағаз бетіне толтырылу керек. Жауап бекітілген критерияларының 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.

    • Студенттер емтиханда келесі негізгі құзыреттіліктерді көрсету керек:

    1. Теорияның негізгі бағыттарын және басты зерттеу проблемаларды түсіну;

    2. Теорияның концептуальды аппаратын қолдана білу;

    3. Курстың басты сұрақтары бойынша дәлелденген жауапты беру.


    Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

    Әріптік жүйе бойынша баға

    Баллдардың сандық эквиваленті

    Пайыздық көрсеткіші

    Дәстүрлі жүйе бойынша баға

    А

    4,0

    95-100

    Өте жақсы

    А-

    3,67

    90-94

    В+

    3,33

    85-89

    Жақсы

    В

    3,0

    80-84

    В-

    2,67

    75-79

    С+

    2,33

    70-74

    С

    2,0

    65-69

    Қанағаттанарлық

    С-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,0

    50-54

    FX

    0,5

    25-49

    Қанағаттанарлықсыз

    F

    0

    0-24





    Аталған бөлімді толтыру барысында білім алушыда алған бағасы туралы нақты түсінігі болуы үшін әрбір бағаға қойылатын талапқа толық сипаттама беру қажет.

    Кесте 1

    Баға

    Критерий

    А бағасы

    Курсы бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінеді. Толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; жауабын нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

    А- бағасы

    Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушы өздігінен түзеткен, сұраққа байланысты 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.

    В+ бағасы

    Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

    В бағасы

    Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу байқалады. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде жіберген кейбір қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

    В- бағасы

    Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өзі түзей алады.

    С+ бағасы

    Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

    С бағасы

    Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

    С- бағасы

    Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

    D+ бағасы

    Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

    D бағасы

    Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

    FX бағасы

    Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді.

    F бағасы

    Оқу материалдарын меңгермеген, сұрақтарды түсінбейді. Сондықтан жауап бере алмайды.



    6.Пәнің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі





    Авторы, атауы, шыққан жылы

    Ақпаратты таратушы көзі

    Негізгі әдебиеттер

    1

    1. Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: Қазақуниверситеті, 2014

    Электронды ресурстар

    2

    1. Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.

    Электронды ресурстар

    3

    1. Шульц Д. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A HistoryоfModernPsychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [жәнет.б.]. - 11-бас. - Астана : "Ұлттықаудармабюросы" ҚҚ, 2018. – 447 [1] б.: сур. - (Руханижаңғыру).

    Электронды ресурстар

    4

    Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология [Текст] : оқулық / Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенж ; аудармашылар: Г.Қ. Айқынбаева, А.М. Айтышева, Б.Ш. Байжұманова және т.б. ; әдеби редакторы: М. Дүйісмағамбетов, Ұ.О. Еркінбай . – 12-бас.. – Алматы ; Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 647, [1] б. : сур., кесте. – (Рухани жаңғыру) (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). – Пер. изд.: Social Psychology / David G. Myers, Jean M. Twwnge . – Библиогр. в примеч.: б. 560-647. – 288 экз.

    Электронды ресурстар

    5

    Аронсон, Э.

        Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе [Текст] / Эллиот Аронсон ; аудармашылар: Д.Д. Дүйсенбеков, М.К. Жолдасова, Э.К. Калымбетова және т.б. ; жауапты редактор З.Б. Мадалиева ; жауапты шығарушы Е. Жеңісұлы ; жауапты хатшы Р. Кенжеханұлы. – 11-бас.. – Астана : Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 407, [1] б. . – (Рухани жаңғыру) (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақтіліндегі 100 жаңаоқулық). – Пер. изд.: The social animal / Elliot Aronson. 2011. – Библиогр.:б. 364-407. – 288 экз.


    Электронды ресурстар

    Қосымша әдебиеттер

    1

    1. Анцупов А.Я, Шипилов А.И. -Конфликтология .- Москва: Юрайт, 2017.

    Электронды ресурстар

    2

    1. Ефимова Н.С. Социальная психология. – Москва: Юрайт, 2017.

    Электронды ресурстар



    Семинар сабақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау:

    Семинарға дайындалу:

    • Әр білім алушы пән бойынша берілген негізгі әдібиетпен танысып шығу керек.

    • Әр семинар сабағына студент ерікті түрде жауап береді.

    • Семинарға дайындалатын студенттің мақсаты – үй тапсырмасына байланысты негізгі сұрақтарды ашып, қысқаша баяндама дайындауы керек.

    • Білім алушы өз қалауымен дәрісте қарастырылған қызықты, әрі өзекті мәселелер бойынша қысқаша жазбаша жауап немесе презентациялар дайындайды.

    • Семинар сабағына дайындалу барысында білім алушылар бір-бірінің мәліметтерін, сонымен қатар, жауаптарын қайталамаулары тиіс, яғни негізгі әдебиеттердегі білімге сүйене отырып, өздерінің жеке баяндамаларын шығармашылықпен құрғаны дұрыс.

    Семинар құрылымы:

    Әр семинарлық сабақтың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

    • негізгі әдебиет бойынша топтық сұрау;

    • баяндама және оны талдау;

    • мәселелі сұрақтарды топпен талқылау;

    • жазбаша жұмыстарды талқылау.


    СӨЖ-дің орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

      1. (А) мен (Б) бөлімдеріндегі тапсырмалардың бірін таңдап, орындау керек.

      2. (А) бөліміндегі тапсырмалар ғылыми-шығармашылық негізде болып, студенттің ізденушілік әрекетіне негізделеді.

      3. 2-ші модульдің (А) бөліміндегі тапсырмалар 4-5 студенттен бірігіп, құрылған шағын топтарының іс-әрекеті нәтижесінде орындалуы керек.

      4. (Б) бөлімдеріндегі тапсырмалар әр лекция тақырыбы бойынша орындалып, бағаланады.



    1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар

    Ағымдық бақылаудың материалдары:

    • Дәріс тақырыбының мазмұны.

    • Дәріс, семинар тақырыптарындағы негізгі ұғымдар.

    • СӨЖ мазмұны.

    Ағымдық бақылау барысында білім алушы бағалауда семинар, өзіндік жұмыс тапсырмаларының сапалы орындалуына мән беріледі. Семинар сабақтарына дайындық баяндама даярлау, пікірталастар мен дөңгелек үстелдерге қатысу, Блум таксономиясы, мәселелі сұрақтарды талдау, портфолио дайындау, кейс, SMART, ассоциограмма даярлау, қосымша әдебиеттерді оқу, шығармашылық тапсырмаларды орындау және конспект жазу сияқты көрсеткіштермен бағаланады. Сонымен қатар, ағымдық бақылауда дәрістегі білім алушының белсенділігі, сұрақтарды сауатты құрастыруы, жүйелі талдау жасай білу қабілеті де ескеріледі.
    Ағымдағы бақылау: әр тақырып бойынша және соған сәйкес қорытынды бақылаудың сұрақтары бойынша

    1) конспект (СӨЖ -50 балл);

    2) глоссарий (СӨЖ -50 балл);

    3) ауызша жауап (100 балл)
    Аралық бақылау:

    7-аптада топтық жұмыс формасында өткен тақырыптар бойынша электрондық ғылыми журнал дайындалып, қорғалады (0-100 балл);

    15-аптада жеке-дара жұмыс формасында емтиханның 86 сұрақтары бойынша анықтамалық электронды кітапша дайындалып, қорғалады (0-100 балл).
    1   2   3


    написать администратору сайта