Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница15 из 38
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Науқас, 35жасар, жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінде кенеттен АҚ жоғрылау фонындақұсу,

психомоторлы қозу, адекватты емес қимыл пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, беті гиперемирленген, менингеальді

симптомдар оң, салданулар жоқ.Лайықты диагноз?




1. энцефалит




2. менингит




3. ми инфаркті




4. субарахноидальді қан құйылу




5. менингоэнцефалит

Әйел адам, 72 жасар, таңертеңгі кезде ұйқыдан оянғанда аяқ-қолының әлсіздігін, сөйлеуінің бұзылуын байқаған. Анамнезінде

артериальды гипертензиясы бар, АҚ 200/120 мм.с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: беттің мимикалық бұлшықеттерінің

орталық парезі, сол жақта тілдің парезі, дизартрия, спастикалық гемипарез және сол жақта гемианестезия.Төменде берілген

диагноздардың қайсысы дұрыс?




1. субарахноидальді қанқұйылу




2. артқы милық артерия бассеиндегі ишемиялық инсульт




3. алдыңғы милық артерия бассеиндегі геморрагиялық инсульт




4. ортаңғы милық артерия бассеиндегі ишемиялық инсульт




5. ортаңғы милық артерия бассеиндегі геморрагиялықинсульт

Науқаста бассүйек-ми жарақатынан кейін шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және жарықтан қорқу пайда болды, ошақты

симптомдар жоқ. Алдын ала диагноз:




а) Ми шайқалуы




б) Субарахноидальды қан төгілу




в) Мидың соғылуы




г) Бассүйекішілік гематома




д) Диффузды аксональды зақымдану

65 жастағы науқаста анамнезінде көп жыл бойы гипертониялық ауру бар, гипотензиялық терапияны жүйелі қабылдамаған.

Соңғы 3 күн бойы бас ауруы, бас айналу, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі анықталады. Таңертең әлсіздік, сол жақ аяқ-

қолдарында белсенді қимылдардың болмауын, бетінің асимметриясын байқады. Неврологиялық тексеру кезінде АҚ 200/120

мм с.б. болуы анықталды. Айқын білінетін жалпы милық симптомадар. Сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілдің сол

жаққа қарай девиациясы анықталады. Сол жақ аяқ-қолдарында бұлшықет күші 3 баллға дейін төмендеген, сол жақ аяқ-

қолдарында пирамидалық тонус, сол жақта айқынырақ білінетін анизорефлексия. Бабинский симптомы сол жақта оң. Сол

жақты гемигипестезия. Ми қабығы зақымдану белгілері жоқ. Алдын ала диагноз:




а) субарахноидальды қан төгілу




б) субарахноидальды- паренхиматозды қан төгілу




в) ми инфаркті




г) ми қан айналымының өтпелі бұзылысы




д) субдуральды гематома

Науқаста ауру кенеттен басталды, қысқа уақытқа есінен тану, есеңгіреу, бас ауруы, құсу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі,

оң менинигеальды Керниг және Брудзинский симптомдары, брадикардия, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі,

лейкоцитоз, жұлын сұйықтығының қызыл түске боялуы анықталды. Алдын ала диагноз:




а) ми тамырларының эмболиясы




б) субарахноидальды қан төгілу




в) бас миына қан төгілу




г) эпидемиялық менингит




д) кенелік энцефалит

59 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен көшеден жеткізілді, көшеде кенеттен есінен танып қалған. Қарау кезінде: сопор,

сол жақ ұрты тыныс алу кезінде «желкен тәрізді», сол жақ аяғы ішке қарай ротацияланған, сол жақта Бабинский симптомы

оң, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Топикалық диагноз қойыңыз:




а) оң жақ ми жартышары, оң жақ ішкі ұйқы артериясының бассейні




б) сол жақ ми жартышары, сол жақ ұйқы артериясының бассейні




в) оң жақта ішкі капсула, вертебробазиллярлы бассейн




г) оң жақта шүйде бөлігі, артқы ми артериясының бассейні




д) ми бағаны, вертебробазиллярлы бассейн

25 жастағы Ж. есімді науқас жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне айқын білінетін бас ауруына

шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінен: бір сағат бұрын физикалық жүктеме кезінде жіті ауырды. Қарау кезінде: есі анық,

аздап тежелген, көз қарашықтары OS=OD, парездер жоқ, артқы мойын бұлшықеттерінің екі көлденең саусаққа ригидтілігі

анықталады, Керниг симптомы екі жақтада оң. ЭхоЭГ - мидың ортаңғы құрылымдарының ығысуы жоқ. Диагностика қағидасы:




а) МРТ




б) люмбальды пункция




в) брахиоцефальды тамырлардың УДДГ




г) бас миының КТ




д) ЭМГ

54 жастағы ер адам кенеттен оң жақ көзінің көру бұзылысы болуына, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі және ұюының пайда

болуына байланысты жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем келу уақытында (20 минуттан кейін) аталған шағымдар

жоғалды. Науқас соңғы жарты жылда осындай оқиға үшінші рет болғанын айтты. Объективті қарау кезінде: жалпы

жағдайы қанағаттанарлық, екі көзіндеде көру қабілеті қалыпты. Неврологиялық статусында: терең рефлекстер S>=D,

басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Берілген жағдай транзиторлы ишемиялық шабуыл деп бағаланды. Емдеу қағидаларды:




а) дезагрегантты, нейропротекциялық терапия




б) гипотензиялық терапия, дәруменді терапия




в) глюкокортикостероидты терапия




г) дезинтоксикациялық терапия




д) дегидратациялық терапия

Метро станциясында 20 жастағы жас ер адам кенеттен өзін нашар сезінді, басынан ұстап, құлап қалды. Келген жедел

жәрдем дәрігері науқасты ессіз күйінде тапты және менингеальды симптомдардың оң болуын анықтады. Науқастың

қалыңдығы оның бұған дейін сау болғаны және ешқандай шағымдары болмағаны туралы айтты. Диагностика қағидасы:




а) электроэнцефалограмма




б) люмбальды пункция, бас миының МРТ




в) брахиоцефальды тамырлардың УДДГ




г) бассүйек рентгенограммасы




д) электромиография

Жүректің ревматизмдік митральды ақауы бар 58 жастағы ер адам кенеттен есін жоғалтты, жайылымды тырысу

ұстамасы басталды. Ауруханаға жеткізілді. Бөлімшеде қарау кезінде: аздап тежелген, солғын, болған уақиғаны есіне

түсіре алмайды, сөйлеуі дұрыс, бірақ баяулаған, сол жақты орталық гемипарез, сол жақты гемигипестезия анықталады.

Менингеальды белгілер жоқ. Алдын ала диагноз:




а) оң жақ ортаңғы ми артериясы бассейніндегі ишемиялық инсульт




б) сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық инсульт




в) субарахноидальды қан төгілу




г) паренхиматозды қан төгілу




д) алдыңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық инсульт

Гипертониялық аурумен ауыратын 70 жастағы ер адамда сартандар және бета-блокаторлар тобындағы препараттарды

жүйелі қабылдауына қарамастан АҚ 180/100 мм с.б. дейін көтеріліп отырады. 2 күн бұрын кенеттен бір нәрсе айтпақшы

болғанда «аузында ботқа болу» сезімін және сол жақ қол басының икемсіздігін сезінді. Берілген симптомдар содан бері

азаймады да, көбеймеді де. Бір апта бұрын осындай көрініс АҚ көтерілу фонында болғаны және бірнеше сағат ішінде

толығымен жойылғаны белгілі болды. Шағымдары сақталуына байланысты емхнаға қаралды. Алдын ала диагноз:




а) оң жақ ортаңғы ми артериясы бассейніндегі ишемиялық инсульт




б) сол жақ ортаңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық инсульт




в) субарахноидальды қан төгілу




г) паренхиматозды қан төгілу




д) алдыңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық инсульт

Бас миы тамырларының атеросклерозымен ауыратын П. есімді 70 жастағы науқаста оң жақ аяқ-қолында әлсіздік және

ұю пайда болды. Объективті: АҚ 170/90 мм с.б. Санасы сақталған. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі шығарған

кезде оң жаққа қарай ауытқиды. Оң жақ аяқ-қолының күші 3 баллға дейін төмендеген. Оң жақта тонусы және рефлекстер

жоғарылаған. Оң жақта аяқ басының патологиялық Бабинский жазылу симптомы оң. Алдын ала диагноз:




а) геморрагиялық инсульт




б) ишемиялық инсульт




в) субарахноидальды қан төгілу




г) серозды менингит




д) менингоэнцефалит

Әйел 45 жаста, күндіз физикалық жүктемеден кейін пайда болған ауруханаға интенсивті бас ауруымен, жүрек айнумен

және қайталамалы құсумен жеткізілді. Ауру басталғанға дейін өзін дені сау сезінген. Тексеру кезінде: есі анық, артериялық

қысым-160/100 мм.с.б.б., пульсі- минутына 70 соққы, ырғағы дұрыс, жарықтан қорқу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі,

парездер және неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:




а) ми инфаркті




б) субарахноидальды қан құйылу




в) жедел менингит




г) транзиторлы-ишемиялық шабуыл




д) дискогенді радикулопатия


написать администратору сайта