Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница17 из 38
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

гемигипестезия. Бас миының МРТ жасалған, оң жартышардың конвексиатльды беткейінде үлкен түзіліс анықталған.

Қанында- Вассерман реакциясы оң. Қай диагноз барынша ықтимал:




а) нейробруцеллез




б) созылмалы серозды менингит




в) нейромерез




г) ишемиялық инфаркт




д) бет нервісінің невриті

Науқас Н., 20 жаста. Қатты басының ауырсынуына, жарықтан қорқуға, дене температурасының 39-40 С дейін жоғарлауына,

жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Неврологиялық статус: психомоторлы қозу, шүйде бұлышқеттерінің ригидтілігі,

Керниг, Брудзинский сипмтомдары анықталды. Диагностикалау әдісі:




а) диагнсоткиалық люмбальды пункция




б) қарапайымдыларды анықтауға қанда ИФА




в) өкпе рентгенограммасы




г) зәрдің ПТР сараптамасы




д) құрсақ қуысы мүшелерінің КТ

Науқас Н., 20 жаста. Қатты басының ауырсынуына, жарықтан қорқуға, дене температурасының 39-40 С дейін

жоғарлауына, жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Неврологиялық статус: психомоторлы қозу, шүйде бұлышқеттерінің

ригидтілігі, Керниг, Брудзинский сипмтомдары анықталды. Жұлын-ми сұйықтығының сараптамасында нейтрофильді

плеоцитоз, ақуыздың 7,0 г/л дейін жоғарлауы анықталды. Этиологиялық емдеу әдісі:




а) бензилпенициллин 200 000 Б дене салмағына әр 3-4 сағат




б) ацикловир 10 мг дене салмағына әр 7-8 сағат




в) цефтриаксон 1 грамм әр 12 сағат




г) пирантел 10 мг тәулігіне




д) метронидазол 400 мг тәулігіне 2 рет

Науқас 28 жаста-дене температурасы 39 С дейін жоғарлаған. 3 апта бойы айқын әлсіздік, жөтел байқалған. Анамнезінде:

3 ай бұрын досында өкпе туберкулезы анықталған. Алкогольдік және дәрілік улану жоққа шығарылды. Ликворда:

ақуыз 4,5 г/л, қант 1,4 ммоль/л, лейкоциттер 150 1 мкл-де, эритроциттер 3 мкл, ликворлық қысым 200 мм.с.б.б., сыртқы

көрінісі сүт тәрізді, фибриндік қабықша пайда болды. Клиникалық диагноз:




а) арахноидит




б) туберкулезды менингит




в) жедел бактериялық менингит




г) ми аневризмасы




д) бас миы кистасы

Науқас 28 жаста. Басының ауруына, бас айналуға, көзінің алдында екі еселенуге шағымданады. Неврологиялық статус:

ІІІ, IV бас ми нервтерінің парезі, оң жақта орташа гемипарез, оң жақта гемигипесетезия. Анамнезінде: жүктіліктің әр түрлі

кезеңінде бірнеше рет өздігінен түсік тастаған. Жануарларға арналған үйде жұмыс жасайды. Болжамды диагноз: бас миының

токоплазмозы. Диагностика әдісі:




а) қанды, ликворды инфекцияға ПТР




б) зәрді инфекцияға ПТР




в) Қанды бактериялық себу




г) ЖҚА




д) коагулограмма

Науқастың алақаннының терісінде сақина тәрізді эритема, оң жақ бет нервісінің нейропатиясы, оң менингеальды

симптомдар. Ликвордың ИФА-боррелияларға антиденелер. Болжамды диагноз: Лайм ауруы. Диагностика әдісі:




а) ликвордағы боррелияларға антиденелер ИФА




б) ликвордағы токсоплазмозға антиденелер ИФА




в) ликвордағы HBS антигенге ПТР




г) Микрореакция




д) Бас миының МРТ

27 жастағы науқас оң қолының әлсіздігіне шағымданады, балдақ пайдаланады. Объективті: қол басы және саусақтарының

жазғыш бұлшықеттерінің күші төмендеген, иықтың артқы беткейі бойынша сезімталдық төмендеген. Иықттың үшбасты

бұлшықетінің рефлексі төмендеген. Алдын ала диагноз:




а) шынтақ нервінің невропатиясы




б) ортаңғы нервтің невропатиясы




в) білезіктік өзек синдромы




г) кәріжілік нервінің невропатиясы




д) Дежерин-Клюмпке плекситі

Науқаста тетрапарез, аяқ-қолдарының дистальды бөлімдерінде айқынырақ білінеді, қолдары мен аяқтарының

бұлшықеттерінің атрофиясымен, карпорадиальды және ахилл рефлекстерінің болмауымен, тізелік рефлекстің, m.biceps

және м.triceps сіңірлік рефлекстерінің төмендеуімен қатар жүреді. Ақтяры және қолдарының дистальды бөлімдерінде

сезімталдықтың барлық түрі қолғаптар және шұлықтар түрінде төмендеген. Ласег, Вассерман, Нери тартылу симптомдары

орташа білінеді. Топографиялық диагноз:




а) алдыңғы мүйіз




б) артқы түбіршек




в) артқы мүйіз




г) жүлынның бүйір бауы




д) перифериялық нервтердің көптік зақымдануы

43 жастағы, сантехник болып жұмыс істейтін ер адам таңертең ұйқыдан тұрғанда оң жақ қол басының әлсіздігін байқады.

Алдыңғы күні отырыста көп мөлшерде алкоголь қабылдаған және отырыстың соңына қарай ұйықтап қалған. Қарау кезінде

қол басы және саусақтардың жазғыш бұлшықеттерінің әлсіздігі («салбыраған қол басы»), иық-кәріжілік бұлшықетінің

әлсіздігі, үлкен саусақты әкету және жазудың әлсіздігі, анатомиялық шақша аймағында сезімталдықтың барлық түрінің

төмендеуі, иықтың үшбасты бұлшықетінің рефлексінің төмендеуі анықталды. Ең ықтимал диагноз:




а) кәріжілік нервінің нейропатиясы




б) шынтақ нервінің нейропатиясы




в) кішіжіліншік нервінің нейропатиясы




г) үлкен жіліншік нервінің нейропатиясы




д) Дюшен миодистрофиясы

46 жастағы науқас әйелде шөлдеу, жиілеген зәршығару, аяқ бастарының ұюы, аяқтарының шаршауы, қараңғыда жүргенде

теңселу анықталады. Объективті: аяқ басы саусақтарының күші төмендеген, тізелік және ахилл рефлекстері шақырылмайды,

аяқ басында гипальгезия анықталады. Топикалық диагноз қойыңыз:




а) бел өрімі




б) перифериялық нервтердің дистальды бөлімдері




в) кішіжіліншік нерві




г) ат құйрығы




д) ганглийлер

Науқаста қатты ауру синдромы дамуымен жүретін омыртқааралық дисктің шығуы және түбіршектердің қызметінің

жойылу симптомдары анықталады. Емдеу қағидасы:




а) төсекке жатқызу және физиотерапиялық процедуралар тағайындау




б) анальгетиктер енгізу




в) ауруды басатын (анальгин, баралгин), ісінуге қарсы препараттарды енгізу және нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызу




г) берілген жағдайда шұғыл көмек көрсетудің қажеті жоқ




д) уқалау және зақымдалған дискті қолмен қайта қалпына келтіру процедураларын жүргізу

Үштармақты нервтің невралгиясын емдеу қағидалары:




а) анальгетиктер, дегидратациялық, спазмолитикалық, антиагрегантты терапия




б) диуретиктер, кортикостероидтар, Берганье жартылай бетпердесі, инемен емдеу, арнайы гимнастика, лейкопластырь




в) антибиотиктер, анальгетиктер, парафинді бастырмалар, зақымдалған бетті уқалау




г) эрготамил, кофеин, анальгетиктер, тамыр тарылтатын, антисеротонинді препараттар, инемен емдеу




д) финлепсин, анальгетиктер, Бернар токтары, инемен емдеу

Науқас ЖРВИ-мен ауырған, бірнеше уақыт өткеннен кейін бетінің жартысында ашып ауырсыну, қышу және ісіну

пайда болған, кейін бөртпе, бас ауру қосылған. Беттің және басының ауырсынуы кенет пайда болады, бірнеше сағатқа

жалғасады, кейде күшейеді, орналасуы 5 жұп нервінің 1 иннервация аймағында, триггерлі аймақтар жоқ. Болжамды диагноз:




а) постгерпетикалық невралгия




б) одонтогенді невралгия




в) мұрын-кірпікті бұрыш неврлагиясы




г) тригеминальды невралгия




д) қанат-таңдай түйінінің невралгиясы

42 жастағы ер адамда кеуде клеткасының сол жартысында қатты айналып ауырсыну пайда болды, осыған баланысты

науқас кардиологиялық бөлімшеге жатқызылды. Шұғыл түрде жасалған ЭКГ және қанның биохимиялық анализі жүрек

патологиясын анықтаған жоқ. Екі күннен кейін кеуде клеткасының сол жартысында, емізікше деңгейінде, ауырсыну

аймағында көпіршік тәрізді бөртпе пайда болды. Невролог қараған кезде осы аймақтың гипестезиясын анықтады.

Болжамды диагноз:




а) герпетикалық ганглионит




б) қабырғааралық невралгия




в) атипті невралгия




г) күштемелі стенокардия




д) паникалық шабуыл


написать администратору сайта