Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница19 из 38
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

жүрген кезде атаксия (басқа адамның көмегінсіз жүре алмайды) дамыды, аяқтарының әлсіздігі және спастикасы күшейе

бастады. Бас миының МРТ тексеруінде перифокальды ісінуі бар көптеген демиелинизация ошақтары анықталады. Емдеу

тактикасын ұсыныңыз:




а) кортикостероидтармен «пульс» терапия немесе плазмаферез




б) тамырлық препараттар, дәруменді терапия




в) антихолинэстеразды препараттар, спазмолитиктер




г) гормонды терапия, фитотерапия




д) уқалау, инемен рефлексотерапия

55 жастағы ер адамда 2 жыл бұрын қол басы арықтай бастады (қолғаптары үлкен болып қалды), ал соңғы кезде тамақ

ішу кезінде «шашалу» пайда болғанын байқады. Емханаға қаралды және бірден неврологқа жолданды. Неврологиялық

қарау кезінде: тілінде және қолдарында фибриллярлы тартылулар, жұмсақ таңдайдың парезі, жұтыну рефлексінің болмауы,

қолдарының бұлшықеттерінің гипотрофиясы. Аяқтары және қолдарында терең рефлекстер жоғарылаған, екі жақты

Бабинский симптомы. Сезімталдықтың бұзылуы жоқ. Жамбас ағзаларының қызметі бұзылмаған. Алдын ала диагноз:

бүйірлік амиотрофиялық склероз. Диагностика қағидасы:




а) молекулярлық-генетикалық анализ




б) қанның жалпы анализі




в) қалқанша безі гормондарына қанның ИФА




г) жұлын сұйықтығын тексеру




д) коагулограмма

18 жастағы студент жалпы бейіндегі емхана дәрігеріне жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, көруінің бұзылуына (бұлыңғырлық,

көру өткірлігінің төмендеуі), көздерінде жағымсыз сезімдердің болуына шағымданып келді. Берілген симптомдар 2 күн

бұрын суықтап ауырғаннан кейін пайда болды. Қарау кезінде: дене бітімі астениялық, бірен-саран дисэмбриогенез

стигмалары анықталады. Менингеальды белгілер жоқ, терең рефлекстер жоғарылаған, құрсақ рефлекстері солғын,

патологиялық рефлекстер жоқ, сезімталдықтың бұзылуы анықталмады, координациялық сынамаларды орындауы

қанағаттанарлық. Офтальмолог қорытындысы: ретробульбарлы неврит. Алдын ала диагноз:




а) шашыранды склероз, церебральды түрі




б) шашыранды энцефаломиелит




в) Вильсон-Коновалов ауруы




г) Гентингтон хореясы




д) жұлынның ісігі

60 жастағы еркек қолдарындағы әсіресе сол қолындағы әлсіздікке, арықтауына және икемсіздікке, кейде қол бұлшықеттерінде

болатын тартылуыларға шағымданады. Берілген симптомдар бір жыл бұрын қолдың дистальды бөлімдерінен басталды және

ақырындап проксимальды бөлімдреге жайылды. Қарау кезінде: қол бұлшықеттері атрофияланған, әсіресе сол қолында,

оларда фасцикуляция анықталды. Терең рефлекстер екі жағында да жанданған, патологиялық білктік және табандық белгілер

бар, аяқтарында аздаған спастикалық, қолдарында тонусы төмендеген. Сол қолындағы күш 3 баллға дейін төмендеген,

оң қолында 3,5 баллға дейін, көбіне дистальды бөліктерде, аяқтарындағы күш 4 баллға дейін төмендеген. Жамбас

мүшелерінің қызметі бұзылмаған, көзқозғалтқыш бұзылыстары және сезімталдық бұзылыстары анықталған жоқ.

Зертханалық тексеру нәтижесі-ерекшеліксіз. Топикалық диагноз:




а) көптеген нервтер мен түбіртектерінің зақымдалуы




б) мойын деңгейіндегі жұлынның алдыңғы мүйізінің зақымдалуы




в) омыртқаның кеуде деңгейіндегі жұлынның артқы мүйізінің зақымдалуы




г) жұлынның көлденеңінің зақымдалуы




д) ат құйрығының зақымдалуы

Шашыранды склероз кезіндегі превентивті емдеуге не кіреді?




а) нейропротекторлы




б) гормонды




в) вазоактивті




г) иммуномодуляциялаушы




д) қабынуға қарсы

Науқаста бас айналу, әлсіздік, талмаурау, кеуде қуысындағы жағымсыз сезімдер, қорқу сезімі, үрейлену ұстамалары,

артериялық қысымның жоғарылауы туындайды. Ұстама полиуриямен аяқталады. Алдын ала диагноз:




а) бас миының лимбикалық қыртысының зақымдану синдромы




б) ваго-инсулярлы криз




в) аралас криз




г) гипоталамустық синдром




д) симпато-адреналды криз

Қай ауруларда вегетативтік дистония көбірек кездеседі?




а) Ішкі ағзалар ауруларында




б) Миелиттерде




в) Шашырады склерозда




г) Сирингомиелия




д) Бас миінің ісігінде

25 жастағы әйел басының оң жартысында, оң көз алмасының қатты бас ауру ұстамасына шағымданып келді. Осы шағымдар

6 жыл бойы мазалайды. Ұстама бір күнге созылады, бас ауру шыдатпайтынға дейін күшейеді, жиі құсумен бірге жүреді.

Ұстама кезінде ештеңе жасай алмайды, қараңғы бөлмеде болуға мәжбүр, ұйқтауға тырысады. Жағдайын жақсарту үшін

әртүрлі анальгетиктер мен вольтарен қабылдайды, бірақ жиі көмектеспейді. Ұстама етеккір циклының баслаумен байланысты.

Неврологиялық қарау кезінде ошақтық симптоматика анықталған жоқ. Науқас анасында осындай белгілердің болғанын

айтты. Бас сақинасы деген диагноз қойылды. Емдеу принципі:




а) диуретиктер, кортикостероидтар, физиотерапевтикалық шаралар, иглорефлексотерапия, бөгемелер, емдік дене шынықтыру




б) финлепсин, баклофен, силдалуд, хирургиялық ем




в) антибиотиктер, анальгетиктер, парафинді аппликациялар, массаж




г) эрготамин, кофеин, анальгетиктер, тамыр кеңейткіштер, антисеротонинді препараттар, иглорефлексотерапия




д) анальгетиктер, дегидратациялаушылар, спазмолитиктер, антиагреганттар

32 жастағы еркек дәрігерге омыртқаның мойын бөлімінде ауырсынуға шағымданады, иыққа, оң қолдың үлкен саусағына

білектің шынтақтық жиегі арқылы таралады. Қарау кезінде иықтың екібасты бұлшықетінің, тенардың әлсіздігі мен

гипотрофиясы, оң жақта бицепс-рефлекстің төмендеуі. Білектің шынтақ аймағында гипостезия. Диагностика әдісі:




а) оң иық буынының рентгенограммасы




б) мойынды ультрадыбыстың зерттеу




в) омыртқаның мойын бөлігінің МРТ




г) мойын тамырларының допплерографиясы




д) электромиография

Науқас У., 23 жаста, қолдары мен аяқтарындағы әлсіздікке, табан мен алақандарындағы жансыздануға, жүрген кезде

теңселуге шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Қарау кезінде аяқ-қолдағы

бұлшықет тонусы төмендеген, алақан мен табан бұлышқеттерінің күші 1 баллға дейін төмендеген, сезімталдықтың барлық

түрінің "шұлық және қолғап" тәрізді бұзылуы, карпорадиальды және ахилл рефлекстері жоқ, аяқ-қол терісінің түсі өзгерген.

Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, ақуыз-20 г/л. Емдеу принципі:




а) церебролизин




б) прозерин




в) кавинтон




г) преднизолон




д) плазмоферез

67 жастағы науқас емханаға есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, жиі бас ауырсынуына, бас айналуына, кейде тамақ

ішкенде шашалуына, жүргенде тұрақсыздық сезетініне, таяқ қолдана бастағанына шағымданады. Берілген шағымдар

3 жыл бұрын пайа болған және біртіндеп үдеген. Бірнеше жыл бойы гипертониялық аурумен ауырады, тұрақты емделмейді.

Объективті жеңіл дисфония және дизартрия, тілі оңға жеңіл девиацияланады, тілінде атрофия жоқ. Оральды автоматизм

симптомдары айқын. Болжамды диагноз:




а) дисциркуляторлы энцефалопатия II




б) ми қанайналымының жедел бұзылысы




в) тамырлық делирий




г) гипертониялық криз




д) энцефалит

20 жастағы науқас жүруді бастау кезіндегі қиындыққа, бұлшықеттердің жиырылғаннан кейін босаңсуының мүмкін

болмауына шағымданады. Объективті: науқастың дене бітімі атлетикалық. Бұлшықетке неврологиялық балғашамен

ұрғанда білік пайда болады. Науқастың айтуынша осындай көріністер әкесінде және ағасында да бар. Алдын ала диагноз:




а) Шарко-Мари ауруы




б) Дюшен ауруы




в) Томсен ауруы




г) Штрюмпель ауруы




д) Ландузи-Дежерин ауруы

12 жастағы науқас қыз бала тез шаршағыштыққа және аяқтарының қозғалғыштығының қиындауына шағымданады.

Объективті: аяқтарында бұлшықет тонусы, сіңір рефлекстері жоғарылаған, патологиялық аяқ басы белгілері, клонустар

анықталады. Тұқым қуалаушылығы қолайсыз: әжесінде және әпкесінде осындай көріністер бар. Алдын ала диагноз:




а) Дюшенн ауруы




б) Фридрейх ауруы




в) Ландузи-Дежерин ауруы




г) Штрюмпель ауруы




д) Кугельберга-Веландер ауруы


написать администратору сайта