Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница21 из 38
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

38 жастағы әйел адам көп жерде кенет құлап қалды, қатты ыңқылдауда, қиын түсінетін сөздер айтуда, жи дем алады кейін

бірнеше секундқа қатып қалады және қозғалыссыз жатыр, бірнеше секундтан кейін науқастың денесі жамбасты биік

көтерумен бұрылады, басын шайқау, қол мен аяқтарының асинхронды қозғалысы байқалады. Ұстама 10 минутқа созылады.

Ұстамадан кейін-науқастың есі анық,сұрақтарға белсенді жауап береді. Неврологиялық статуста патологиялық өзгерістер

анықталған жоқ. Инструментальдыақпараттар бойынша: МРТ, ЭЭГ патология анықталған жоқ. Ары қарай диагностика әдісі:




а) кардиологтың кеңесі




б) психиатрдың кеңесі




в) терапевттің кеңесі




г) нейрохирургтың кеңесі




д) невропатологтың кеңесі

Жарақаттан кейін 6-10 сағаттан соң науқаста тұрақты емес көз қимылдату бұзылыстары, нистагм, вегетативті бұзылыстар,

Маринеску-Радовичи симптомы анықталады. Алдын ала диагноз:




а) транзиторлы ишемиялық шабуыл




б) бас миының шайқалуы




в) бас миының жеңіл дәрежелі соғылуы




г) субарахноидальды қан төгілу




д) вертеберобазилярлы бассейнде қан айналымының бұзылуы

Науқаста бассүйек-ми жарақатынан кейін шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және жарықтан қорқу пайда болды,

ошақты симптомдар жоқ. Алдын ала диагноз:




а) Ми шайқалуы




б) Субарахноидальды қан төгілу




в) Мидың соғылуы




г) Бассүйекішілік гематома




д) Диффузды аксональды зақымдану

Науқас бас ауруына, бір рет құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: көшеде құлап қалды, басымен соғылды,

содан кейін аталған шағымдар пайда болды. Объективті: бассүйек-ми нервтері жағынан - қарашықтары D=S,

фотореакция шақырылады, беті симметриялы, дауысы қатты, тілі ортаңғы сызық бойынша. Аяқ-қолдарындағы қозғалыс

көлемі толық, бұлшықет тонусы және бұлшықет күштері жеткілікті. Координация бұзылмаған. Бассүйек

рентгенографиясында патология жоқ. М-эхо ығысуы жоқ. Емдеу қағидасы:




а) тыныштық, ноотроптар




б) тамырлық, дәрумендер




в) дәрумендер, гормондар




г) ноотроптар, гормондар




д) гормондар, тамырлық

Бассүйекішілік жарақаттың жедел кезеңінде ми ісінуі болған жағдайда емдеудің қағидалары:




а) викасол, дицинон (этамзилат), қан, плазма, адраксон




б) маннитол, сорбитол, лазикс, пирацетам




в) седуксен, натрий оксибутираты, дроперидол, магний сульфаты




г) 25% аналгин ерітіндісі 0,1 мл б/і




д) 5% және 10% глюкоза ерітіндісі

56 жастағы әйел адам дүкенге бара жатқан жолда мұзтайғақта сырғанап, қатты құлады, басымен асфальтқа соғылды.

Бірнеше секундқа есін жоғалтты, қақпадан қалай шыққанын есіне түсіруі нашар. Бір рет құсу болды. Жедел жәрдем

қызметімен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: санасы

айқын, артқы төбе аймағында теріасты гематомасы анықталады. Ошақты және менингеальды симптоматика анықталмайды.

Краниограммада сүйектік патология табылмады. Болжамды клиникалық диагноз: Жабық бассүйек-ми жарақаты.

Мидың шайқалуы. Диагностика қағидалары:




а) ангиография




б) реоэнцефалография




в) ультрадыбыстық допплерография




г) компьютерлік және магнитті резонансты томография




д) радиоизотопты сцинтиграфия

25 жастағы К. есімді науқас жедел жәрдеммен Жедел медициналық көмек ауруханасының қабылдау бөліміне бас

ауруына, оң жақ аяқ-қолының әлсіздігіне шағымдарымен жеткізілді. Анамнезінен: бір сағат бұрын көшеде белгісіз

адамдардан таяқ жеген, басына соққы алғаннан кейін есін жоғалтты, санасын жоғалту ұзақтығы белгісіз. Объективті:

санасы анық, контакт бар, тілі оң жаққа ауытқиды, Барре сынамасында оң жақ аяқ-қолы түсіп кетеді, сіңір рефлекстері

D>S, оң жақта Бабинский рефлексі. Менигеальды белгілер жоқ. Диагностика қағидасы:




а) омыртқа жотасының мойын бөлімінің МРТ зерттеуі




б) люмбальды пункция




в) бас миының КТ және МРТ зерттеуі




г) электронейромиография




д) электроэнцефалография

46 жастағы еркек, таңғы уақытта бас ауруына, оң аяқ-қолында тартылумен (оң аяғында басталып, оң қолына таралады)

қоса жүретін ұстамаларға шағымданады. Есі анық. Ұстама күніне 1-2 рет қайталанады, бірінші рет 3 ай бұрын дамыған.

Анамнезінен 4 жыл бұрын жабық бас-ми жарақатын-бас ми соғылуы болғаны белгілі болды. КТ бойынша: сыртқы және

ішкі гидроцефалия. ЭЭГ: сол жартышардың маңдай-төбе аймағында "үшкір баяу толқын" комплексі анықталды. Емдеу принципі:




а) Антиконвульсанттар




б) Дезагреганттар




в) Ноотроптар




г) Кортикостероидтар




д) дәрумендер

56 жастағы әйел адам дүкенге бара жатқан жолда мұзтайғақта сырғанап, қатты құлады, басымен асфальтқа соғылды.

Бірнеше секундқа есін жоғалтты, қақпадан қалай шыққанын есіне түсіруі нашар. Бір рет құсу болды. Жедел жәрдем

қызметімен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: санасы айқын,

артқы төбе аймағында теріасты гематомасы анықталады. Ошақты және менингеальды симптоматика анықталмайды.

Краниограммада сүйектік патология табылмады.Емдеу принципі:




а) тыныштық, ноотроптар




б) тамырлық препараттар, дәрумендер




в) дәрумендер, гормондар




г) ноотроптар, гормондар




д) гормондар, тамырлық препараттар

56 жастағы әйел адам дүкенге бара жатқан жолда мұзтайғақта сырғанап, қатты құлады, басымен асфальтқа соғылды.

Бірнеше секундқа есін жоғалтты, қақпадан қалай шыққанын есіне түсіруі нашар. Бір рет құсу болды. Жедел жәрдем

қызметімен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: санасы

айқын, артқы төбе аймағында теріасты гематомасы анықталады. Ошақты және менингеальды симптоматика анықталмайды.

Краниограммада сүйектік патология табылмады. Болжамды диагноз қойыңыз:




а) симптоматикалық эпилепсия




б) жабық бас ми жарақаты. Бас миының шайқалуы.




в) артқы ми артерия бассейнінде жедел ми қанайналымының бұзылуы




г) бастың жұмсақ тіндерінің соғылуы




д) субарахноидальд қан құйылу

54 жастағы науқаста амимия, "тиын санау" типі бойына қолының треморы, бұлшықет тонусы экстрапирамидалық

тип бойынша жоғарлаған, ретропульсия. 5 жыл бұрын ауыр бас-ми жарақаты болған. Диагноз: Паркинсон синдромы.

Емдеу принципі:




а) прозерин




б) Карбамазепин




в) леводопа




г) Амитриптиллин




д) Топамакс

52 жастағы ер адам дәрігерге 1,5 ай бұрын пайда болған, таңертең сағат 5-те оянуына алып келетін бас ауруына

байланысты келді, бас ауруы керіп ауыру сипатында, нақты локализациясы жоқ. Осы уақытқа дейін бас ауры үдеу

сипатында болды, ал соңғы кезде құсу қосылды. Учаскелік дәрігер науқасты бірден офтальмологқа жіберді, ол оң жақты

жоғары квадрантты гемианопсияны анықтады. Алдын ала диагноз:




а) тамырлардың аневризмасы




б) гидроцефальды криз




в) бас миының ісігі




г) паренхиматозды қан төгілу




д) энцефалит

Науқасты 5 ай бойы біртіндеп үдейтін, таңертеңге қарай күшейетін бас ауруы мазалайды, соңғы уақытта құсу, екі

көзінің көруінің нашарлауы және жүрген кезде сол жаққа қарай теңселу пайда болды. Бассүйек нервтері жағынан

патология табылмады. Сол жақ аяқ-қолдарында тонус төмендеген, координациялық сынамаларды сол жақ қолымен

нашар орындайды (интенционды тремор, мүлт кету). Офтальмологпен тексеру кезінде екі жақта көру нервтерінің іркілген

дискі анықталды. МРТ мәліметтері бойынша: Артқы бассүйек шұңқырының ісігі (мишықтың сол жар жартышарының).

Емдеу принципі:




а) оперативті емдеу




б) консервативті емдеу




в) плазмаферез




г) физиотерапия




д) кинезиотерапия

Балада гипертензиялық симптом, атаксия, атония, асинергия, адиадохокинез және дисметрия анықталған жағдайда қандай

бөлімнің ісігіне күмәндануға болады:




а) Маңдай бөлімінің




б) Самай бөлімінің




в) Ми жартышарының




г) Желке бөлімінің




д) Мишықтың


написать администратору сайта