Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница24 из 38
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38

Науқас 28 жаста. Басының ауруына, бас айналуға, көзінің алдында екі еселенуге шағымданады. Неврологиялық статус:

ІІІ, IV бас ми нервтерінің парезі, оң жақта орташа гемипарез, оң жақта гемигипесетезия. Анамнезінде: жүктіліктің әр

түрлі кезеңінде бірнеше рет өздігінен түсік тастаған. Жануарларға арналған үйде жұмыс жасайды. Болжамды диагноз:

бас миының токоплазмозы. Этиологиялық емдеу принципі:




а) Гексамидин, бензодиазепин




б) хлоридин, сульфадиазин




в) Копаксон, прозерин




г) Празиквантел, преднизолон




д) Карбамазепин, цефтриаксон

Науқастың алақаннының терісінде сақина тәрізді эритема, оң жақ бет нервісінің нейропатиясы, оң менингеальды симптомдар.

Ликвордың сараптамасында аздаған лимфоцитарлы плеоцитоз, ақуыздың жоғарлауы. Ликвор ИФА- боррелияларға антиденелер.

Этиологиялық емнің принципі:




а) Гексамидин, бензодиазепин




б) хлоридин, сульфадиазин




в) Копаксон, прозерин




г) Празиквантел, преднизолон




д) доксициклин, амоксициклин

Үлкендер және балалар арасындағы медициналық оңалтуға қандай бөлімдер кіреді?




а) үш негізгі және екі қосымша кезең (қолдаушы және қайталамалы оңалту)




б) қолдаушы және қайталамалы оңалту




в) амбулаторлы және ауруханалық оңалту




г) оңалту I және II А, II В




д) санаторлы-курорттық оңалту және паллиативті көмек

Бет нервінің нейропатиясын басынан өткізген науқасқа физиоемдеу курсын қандай мерзімде тағайындауға болады:




а) аурудың алғашқы күндерінен бастап




б) 7-10 күннен кейін




в) 20 күннен кейін




г) 1 айдан кейін




д) 3 айдан кейін

Невроз, жүйке бұзылыстары кезінде тағайындалады:




а) № 10 емдік диета




б) № 11 емдік диета




в) № 8 емдік диета




г) № 1 емдік диета




д) № 12 емдік диета

60 жастағы П. есімді науқас 7 күн бұрын гипертониялық кризден кейін ауруханаға келесі диагнозбен түсті: Геморрагиялық

инсульт. Объективті: науқастың санасы айқын. Оң жақ аяғы және қолында қимылдар жоқ, осы аяқ-қолында бұлшықет

тонусы едәуір төмендеген. Қандай емдік дене шынықтыру құралдарын тағайындауға болады?




а) денервацияланған аяқ-қолдарында пассивті физикалық жаттығулар, статикалық тыныс жаттығулары




б) субмаксимальды анаэробты қуаттылықты физикалық жаттығулар




в) белсенді физикалық жаттығулар




г) жүру стереотипін қалыпқа келтіру үшін арнайы жаттығулар




д) тыныстық және жалпы әлдендіретін гимнастика

Гемипарездер кезінде қандай арнайы жаттығулар бар?




а) салданған бұлшықеттерді нығайту және спастикалық бұлшықеттерді босаңсыту




б) өкпе желдетуін жақсарту




в) компенсаторлы қимыл дағдыларын дамыту




г) жүру кезіндегі координацияны жақсарту




д) омыртқа жотасының бұлшықет корсетін нығайту

Энцфеалит кезінде емдік дене шынықтыру қай кезде тағайындалады?




а) науқастың вертикализациясы кезінде




б) көңіл-күйінің жақсаруы кезінде




в) температураның қалыпқа келуі кезінде




г) өзін сезінуі жақсарған кезде




д) амбулаторлы кезеңде

Пирамидалық жеткіліксіздікпен бірге жүретін энцефалиттің қалыпқа келу кезеңінде емдік дене шынықтыруда қолданылады:




а) тыныстық гимнастика




б) статикалық жаттығулар




в) босаңсытатын пассивті жаттығулар




г) таяқшамен гимнастикалық жаттығулар




д) белсенд қимылдық ойындар

32 жастағы ер адам дәрігерге омыртқа жотасының мойын бөліміндегі иыққа, білектің кәріжіліктік қырына, оң жақ

қолының үлкен саусағына иррадиация беретін ауру сезіміне шағымданып келді. Қарау кезінде иықтың екі басты

бұлшықетінің, тенардың әлсіздігі және гипотрофиясы, оң жақта бицепстік рефлекстің төмендеуі анықталды. Білектің

кәріжіліктік қыры аймағында гипестезия. Диагностика қағидасы:




а) иық буынының рентгенограммасы




б) мойынның ультрадыбыстық зерттеуі




в) омыртқа жотасының мойын бөлімінің МРТ зерттеуі




г) мойын тамырларының допплерографиясы




д) электромиография

20 жастағы бойжеткенде кенеттен оң жақта соқырлыққа дейінгі көрудің бұзылысы, оң жақ көз алмасының қимылының

ауырсынуы дамыды. Окулистке қаралды, оң жақты ретробульбарлы неврит диагнозы қойылды. Кортикостероидтармен,

ем тағайындалды, ем тиімді болды, көру қалпына келді. Бойжеткен жалпы практика дәрігеріне ары қарай кеңес алу үшін

келді. Диагностика қағидасы:




а) мидың және жұлынның МРТ зерттеуі




б) жұлынның КТ зерттеуі




в) ангиография




г) люмбальды пункция




д) омыртқа жотасының мойын бөлімінің рентгенографиясы

64 жастағы науқас әйелдің туыстары үш ай бойы оның арнап айтылған сөздерді түсінуінің нашарлап келе жатқанын,

сұрақтарға «мағынасыз» жауап беруін байқаған. Қарау кезінде: жартылай сенсорлы афазия, терең рефлекстер оң жақта

жоғарылаған. Науқас көп жыл бойы гипертониялық аурумен ауыратыны белгелі. Диагностика қағидасы:




а) бас миының контрастты затты енгізу арқылы МРТ зерттеуі




б) электрокардиограмма




в) ангиография




г) электромиография




д) электроэнцефалография

65 жастағы науқаста анамнезінде көп жыл бойы гипертониялық аурумен ауырады, терапияны жүйелі түрде қабылдамаған.

3 күн бойы бас аурулары, бас айналу, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мазалайды. Таңертең әлсіздік, сол жақ аяқ-

қолдарында белсенді қимылдардың болмауын, бетінің асимметриясын сезінді. Неврологиялық қарау кезінде АҚ 200/120

мм с.б. болуы анықталды. Жалпы милық симптом айқын білінеді. Сол жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі сол жаққа

ауытқиды. Сол жақ аяқ-қолында бұлшықет күші 3 баллға дейін төмендеген, сол жақ аяқ-қолында пирамидалық тонус,

анизорефлексия сол жақта акцентімен. Сол жақта Бабинский симптомы. Сол жақты гемигипестезия. Қабықтық белгілер жоқ.

Алдын ала диагноз: ми инфаркті. Диагностика қағидасы:




а) жұлын сұйықтығының анализі




б) аяқ басының рентгенограммасы




в) генетикалық анализ




г) бас миының МРТ зерттеуі




д) нейросонография

Науқастың рентген суретінде 7 кеуде омыртқасы деңгейінде «еріген қант» феномені анықталады, объективті науқасты

Th6, Th7, Th8 омыртқа сегменттердегі күйдіруші ауру сезімі мазалайды. Анамнезінен: көп жыл бойы қант диабетімен

ауырады, қандағы қант деңгейін қадағаламайды, емдәм сақтамайды. Алдын ала диагноз:




а) метастаздық ісік




б) туберкулезді сүйектік спондилит




в) диабетикалық спондилит




г) спинальды миелопатия




д) омыртқааралық дисктің жарығы

Науқаста бас миының абсцессіне күдік туындады, диагностика қағидасы:




а) компьютерлік томография




б) магнитті-резонансты томография




в) пневмоэнцефалография




г) ангиография




д) мидың радионуклиті сканирлеу


написать администратору сайта