Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница20 из 38
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

27 жастағы науқас әсіресе дистальды бөлімдердегі аяқтарындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: науқас аяқтарын

жоғары көтеріп жүреді (степпаж). Беткей сезімталдылық "шұлық" тәрізді төмендеген. Тұқымқуалауқшылық: әкесінде және

анасында осындай белгілер. Болжамды диагноз:




а) Фридрейх атаксиясы




б) Шарко-Мари амиотрофиясы




в) Вердинг-Гоффман амиотрофиясы




г) Кугельберга-Веландер амиотрофиясы




д) гепатоцеребральды дегенерация

20 жастағы науқас әйел аяқтарындағы еріксіз қимылдарға, сөйлеудің бұзылыстарына шағымданады. Қанның зертханалық

зерттеу мәліметтері бойынша мыс мөлшерінің жоғарылауы және церулоплазминнің төмендеуі анықталады. Алдын ала диагноз:




а) Паркинсон ауруы




б) Томсен миотониясы




в) кіші хорея




г) Вильсон-Коновалов ауруы




д) Фридрейх ауруы

18 жастағы бозбала жедел респираторлы вирусты инфекцияны бастан өткізгеннен кейін сирақ-аяқбасы буындарында

шаншу сезінді. Екі күн бойында аяқ басы жазғыштарында әлсіздік дамыды, ал апта соңына қарай жүруі қиындай түсті.

Зәршығару және дефекация бұзылмады. Бір апта бойы әлсіздік үдей түсті және өкпенің жасанды желдету қажеттілігі

туындады. Көз алмаларының қимылы сақталуымен тетраплегия дамыды. Ликворда қалыпты цитоз кезінде ақуыз мөлшерінің

жоғарылауы (10 г/л - ден жоғары) анықталды, эритроцитоз жоқ. Ықтимал клиникалық диагноз:




а) жеделдеу АИВ-энцефаломиелит (ЖПИТС-энцефалопатия)




б) жеделдеу склероздаушы панэнцефалит




в) үдемелі көпошақты лейкоэнцефалит




г) Гийен-Барре синдромы




д) арқа семуі

10 жастағы Д. есімді науқас қыз бала жүре алмайды. Объективті арқа және бөксе бұлшықеттерінің атрофиясы анықталады,

балтыр бұлшықеттері сипағанда қамыр тәрізді. Қандай креатининкиназа белсенділігі жоғарылаған. Интеллект төмендеген.

Алдын ала диагноз:




а) Шарко-Мари ауруы




б) Ландузи-Дежерин ауруы




в) Дюшенн ауруы




г) Вердниг-Гоффман ауруы




д) Томсен миотониясы

Науқас 38 жаста. Интелектуальды төмендеу байқалады. Сөйлеудің бұзылуына, аяқ-қолдарындағы науқас басқара

алмайтын күштемелі қимылға шағымданады. Бас миының КТ-да бас миы қыртыстарының атрофиясы анықталды.

Қыздың атасында осындай белгілер болған. Болжамды диагноз: Гентингтон хореясы. Емдеу принципі:




а) Карбамазепин




б) Прозерин




в) галоперидол




г) Хлоропирамид




д) ампициллин

Науқаста кенеттен жайылымды бұлшықет әлсіздігі, жұтынудың бұзылуы, алақандарының гипергидрозы, минутына

120 ретке дейін тахикардия пайда болды, АҚ тұрақсыз, кенеттен ауытқиды. Берілген жағдай миастениялық криз ретінде

бағаланды. Емдеу қағидасы:




а) седуксен 0,5 1-2 мл




б) галоперидол 0,5% 1-2 мл




в) прозерин 0,05% 1 мл к/і




г) атропин 0,1% 1 мл б/і




д) эфедрин 5% 1 мл б/і

Науқас үлкен дәретінің сұйық болуына, жүрек айнуына, құсуға, аузында көп мөлшерде сілекей жиналуына шағымданады.

Объективті: көз қарашықтары тарылған, аккомодация парезі, аяқ-қолдарының айқын білінетін гипотониясы анықталады.

АҚ 90/60 мм с.б. Пульс минутына 50 рет. Анамнезінде: невропатологта миастения диагнозымен тіркеуде тұрады. Науқасқа

көмек көрсету қағидасы:




а) камфора 20% 2 мл б/і




б) кофеин 1 мл т/а




в) атропин 0,1% 1 мл т/а




г) дипироксим 15% 1 мл




д) прозерин 0,05% 1 мл к/і

42 жастағы науқас қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінен: бір жыл бұрын екі қолының бұлшықеттерінің

фасцикулярлы тартылулары анықталған, қолдарындағы атрофия және әлсіздік үдемелі күшейе түскен. Сөйлеуі

түсініксіз болды, дауысының ырғағы жоғалып, мұрын арқылы сөйлеген. Тамақ ішкен кезде шашалады, тамақ

мұрнына түскен. Болжамды диагноз:




а) бүйірлік амиотрофиялық склероз




б) шашыранды склероз




в) базальды арахноидит




г) миастения




д) Шарко-Мари ауруы

19 жастағы науқаста гипомимия, "тапир" ерні, "қанат тәрізді жауырындар", балтыр және дельта тәрізді бұлшықеттерінің

псевдогипертрофиясы. Болжамды диагноз:




а) миастения




б) Ландузи-Дежерин миодистрофиясы




в) Томпсен миотониясы




г) Штейнерт-Куршман миотониясы




д) Вестфаль ауруы

Науқаста Гагарин-Джексон қыртыстық эпилепсиясы бар. Диагностика қағидасы:




а) электроэнцефалография




б) бас миының КТ




в) электрокардиограмма




г) электронейромиография




д) бас миының тамырларының дуплерографиясы

16 жастағы қыз бала емханаға санасының жойылу эпизодтарына шағымданып келді. Бұл эпизодтар туралы таныстарынан

және туыстарынан біледі: әңгімелесу кезінде үнсіз қалады, бірнеше секунд бойы айтылған сөздерге реакция бермейді.

Құлау, тырысулар, несеп жоғалту жоқ. Осындай ұстамалар күніне бірнеше ондыққа дейін қайталануы мүмкін. Осыған

ұқсас ұстамалар науқастың әкесінде де анықталады. Бас миының КТ зерттеуінде патология табылмады. Диагностика қағидасы:




а) бас миының МРТ зерттеуі




б) электрокардиограмма




в) ангиография




г) электромиография




д) электроэнцефалография

18 жастағы студент кенеттен құлап қалды, тоникалық-клоникалық тырысулар, еріксіз несеп шығару байқалды. Қарау

кезінде: санасы жойылған, аузынан аз мөлшерде қан араласқан сілекей бөлінеді. Тырысулар 2 минуттан соң тоқтады,

содан кейін науқас ұйықтап қалды. Анасының айтуынша наркотикалық заттарды, алкоголь қабылдамайды, бас жарақаты

болмаған, жүйке жүйесінің жұқпалы ауруларымен ауырмаған. Балалық шақта қысқа уақытты сананың жойылу

(бірнеше секунд) және бір қалыпта қатып қалу эпизодтары байқалған. Науқастың әпкесі бала кезінен эпилепсиямен

ауырады. Алдын ала диагноз:




а) симптоматикалық эпилепсия




б) идиопатиялық эпилепсия




в) бас миының туберкулезі




г) бас миының ісігі




д) шашыранды склероз

21 жастағы науқаста кенеттен эпилепсиялық ұстама, одан кейін галлюцинациялармен психоз жағдайы дамыды, көз

түбінде іркілу құбылыстары анықталады. Алдына ала диагноз: Шильдер лейкоэнцефалиті. Диагностика қағидасы:




а) электроэнцефалограмма




б) люмбальды пункция, бас миының МРТ тексеруі




в) брахиоцефальды тамырлардың УДДГ




г) бассүйек рентгенограммасы




д) электромиография

Идиопатикалық эпилепсиянын этиологиялық факторы қандай:




а) босану кезіндегі жарақат




б) гендік мутация




в) сәбилердегі гемолиздік ауруы




г) жатырішілік энцефалиттер




д) метаболизмдік аурулар

Эпилепсия кезінде ЭЭГ -да қай потенциалдарының тіркеулі тән:




а) баяу-толқынды белсенділік




б) полиритмия




в) "шыңдар", "шың-толқын" кешендері және т.б




г) дизритмия




д) билатеральды кешендер


написать администратору сайта