Главная страница

невропатология. Мидриаз нені закымдануымен байланысты


Скачать 230.88 Kb.
НазваниеМидриаз нені закымдануымен байланысты
Дата14.11.2018
Размер230.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланевропатология.docx
ТипДокументы
#56406
страница16 из 38
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

69 жастағы әйел таңғы ас ішу кезінде өзін кенет нашар сезінген, оң аукыз қуысынан сұйық тағамның төгілуін сезген, оң

қолынан қасықты құлатқан. 25 минуттан кейін айтылған симптомдар өздігінен регрессиялаған. Осындай көріністер бір

апта бұрын болған, 15 минуттан кейін басылған. 4 апта бұрын мидың жедел инфарктын басынан өткерген. Жедел жәрдем

шақырды. Болжамды диагноз:




а) сол жақ ортаңғы милық артерия бассейніндегі транзиторлы ишемиялық шабуыл




б) сол ортаңғы ми артериясы бассейніндегі ишемиялық инсульт




в) субарахноидальды қан құйылу




г) паренхиматозды қан құйылу




д) алдыңғы милық артерия бассейніндегі транзиторлы ишемиялық шабуыл

Спонтанды субарахноидальды қан төгілу кезінде аспаптық диагностиканың қағидалары:




а) ангиография




б) реоэнцефалография




в) ультрадыбыстық допплерография




г) компьютерлі немесе магнитті резонансты томография




д) радиоизотопты сцинтиграфия

Қызы 78 жастағы анасын невролог қабылдауына әкелді. Анасы шағымдар айтпайды, қызының соңғы жылы анасы

күнделікті үй шаруасын орындауды қойғанын, жақын арада плитадағы газды өшіруді ұмытып кеткенін, ал кеше үйден

ешкімге ескертпей кетіп қалғанын, екі сағаттан соң көрші көшеден табылғанын айтады. Қызының айтуынша есте

сақтаудың төмендеуі соңғы 5-6 жылда анықталады, қоршаған ортаға қызығушылығы төмендеген. Қарау кезінде дәрігер

есте сақтаудың өрескел бұзылуын, псевдобульбарлы синдром белгілерін және тепе-теңдіктің жеңіл бұзылыстарын анықтады.

Алдын ала диагноз:




а) дисциркуляторлы энцефалопатия II




б) жедел ми қан айналымының бұзылуы




в) тамырлық деменция




г) гипертониялық криз




д) энцефалит

56 жастағы науқаста сол жақта шүйде, мойын, иықүсті аймағында, сол қолында, емізікке дейін кеуде клеткасының сол

жартысында ауырсыну және температуралық сезімталдықтыңайқын төмендеуі байқалады. Тактильді, бұлшықет-буын,

вибрациялық сезімталдық сақталған. Топикалық диагноз қойыңыз:




а) С1-С5 деңгейінде зақымдалу




б) Th6-Th7 деңгейінде зақымдалу




в) Th5-Th10 деңгейінде зақымдалу




г) L1-L2 деңгейінде зақымдалу




д) S1-S2 деңгейінде зақымдалу

Науқас клоникалық тырысу ұстамаларына шағымданады. Ұстама оң табанның тартылуынан басталады, кейін тырысу

дененің барлық сол жақ бөлігіне таралады. Ұстама ұзақтығы 1-2 минут. Науқас есін жоғалтпайды. Қарау кезінде сол жақта

терең рефлекстердің жеңіл жандануы байқалады. Топикалық диагноз қойыңыз:




а) жұлын миының мойындық қалыңдығының сол жақта зақымдалуы




б) тітіркену ошағы сол жақ артқы орталық қыртыстың жоғары бөлімдерінде




в) ішкі капсула оң жағындағы деңгейде зақымдалу




г) тітіркену ошағы бас миы бағаны бойында




д) тітіркену ошағы сол жақ алдыңғы орталық қыртыстың жоғары бөліктерінде

54 жастағы ер адам кенеттен оң жақ көзінің көру бұзылысы болуына, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі және ұюының пайда

болуына байланысты жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем келу уақытында (20 минуттан кейін) аталған шағымдар жоғалды.

Науқас соңғы жарты жылда осындай оқиға үшінші рет болғанын айтты. Объективті қарау кезінде: жалпы жағдайы

қанағаттанарлық, екі көзінде де көру қабілеті қалыпты. Неврологиялық статусында: терең рефлекстер S>=D, басқа

неврологиялық симптоматика жоқ. Болжамды диагноз:




а) 1 типті гипертониялық криз




б) транзиторлы ишемиялық шабуыл




в) оптико-хиазмальды арахноидит




г) шашыранды склероз




д) энцефалит

25 жастағы әйел 6 жыл бойы мазалайтын басының оң жартысында, оң көз алмасында пайда болатын кезеңдік қатты

бас ауру ұстамаларына шағымданады. Ұстама бір күнге созылмады, бас ауру шыдатпайды, жиі құсумен бірге жүреді.

Ұстама кезінде ештеңе жасай алмайды, қараңғы бөлмеде жатуға мәжбүр, ұйқтағысы келеді. Жағдайын жеңілдету үшін

әртүрлі анальгетиктерді және вольтарен қабылдайды, бірақ жиі бұл көмектеспейді. Әсіресе ұстама етеккір циклінің

басталуымен байланысты. Неврологиялық қарау кезінде ошақтық симптоматика анықталған жоқ. Науқастың анасында

осындай симптомдар болғаны анықталды. Болжамды диагноз:




а) гемикрания




б) жүктемелік бас ауру




в) аурасыз сақина




г) Менннгит




д) Энцефалит

72 жастағы ер адамда кома. Дене қызуы жоғарылаған. Науқас ауруханаға түскенге дейін жайылымды тоникалық-

клоникалық тырысулар болған. Бір апта бұрын ұйқышылдық, жөтел және құсу болған. Алкогольмен және дәрілік

заттармен улану жоққа шығарылды. Ликворда: ақуыз - 4,5 г/л, қант-1,4 ммоль/л, лейкоциттер 1мкл 50, эритроциттер

1 мкл 3, ликворлық қысым 200 мм су бағаны бойынша, сыртқы түрі сүт тәрізді, фибринді қабықша түзілді. Алдын ала диагноз:




а) арахноидит




б) туберкулезді менингит




в) жедел бактериальды менингит




г) ми аневризмасы




д) бас миының жылауығы

Науқас басының ауру сезіміне, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуіне, 2 апта бойы сақталған ұйқышылдыққа, көздеріндегі

қосарлануға шағымданады. Объективті: шапыраш қылилық (сыртқа қарай), птоз, көз қарашығының жарыққа реакциясы

сақталған, конвергенцияға реакциясы жоғалған. Алдын ала диагноз:




а) полиомиелит




б) менингит




в) энцефалит




г) нейробруцеллез




д) жүйке жүйесінің мерезі

Науқас ұстама түрінде пайда болатын және бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылатын омыртқа жотасындағы қатты

шаншушы ауру сезіміне, іші және кеуде қуысындағы қатты бұрап ауруға шағымданады. Науқасты хирург қарады - құрсақ

қуысы жағынан жедел патология белгілері табылмады. Объективті: менингеальды симптомдар жоқ, тізе және ахилл рефлекстері

төмендеген, Аргайл-Робертсон синдромы оң, көз қарашықтарының пішіні дұрыс емес. Алдын ала диагноз:




а) кіші хорея




б) менингококкты менингит




в) жүйке жүйесінің мерезі




г) нейробруцеллез




д) нейроревматизм

Науқас С. ыстық мамыр айының жексенбісінде күні бойы қала маңындағы саябақта болды, күнге қыздырынды. Кешке

қарай науқастың дене қызуы 37,00С дейін көтерілді, арқасының, иықтарының, қолдарының терісі айқын гиперемиясы,

ауырсынуы, қалтырау, шөлдеу пайда болды, таңертең бас ауруы, құсу, есеңгіреу қосылды. Екі аптадан соң науқастың

жағдайы нашарлады: науқас қолдарын жоғары көтере, екі жаққа қарай әкете алмайды, шынтақ буынында бүге және жаза

алмайды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:




а) күйіктік ауру, салдану түрі




б) серозды менингит, салдану түрі




в) жарақаттан кейінгі энцефалит, салдану түрі




г) кенелік энцефалит, салдану түрі




д) эпидемиялық гепатит, салдану түрі

Науқас ЖРВИ ауырғаннан кейін бірнеше уақыттан соң бетінің бір жақ бөлігінде күйдіруші ауру сезімі, қышыну және ісіну

пайда болды, кейінірек бөртпелер, бас ауруы қосылды. Бас және бет аурулары спонтанды сипатта, сағаттарға созылады,

арасында күшейеді, 5 жұп бассүйек нервінің 1 тармағы иннервациялайтын аймақта орналасады, триггерлі аймақтар жоқ.

Алдын ала диагноз:




а) герпестен кейінгі невралгия




б) одонтогенді невралгия




в) мұрын-кірпік түйінінің невралгиясы




г) тригеминальды невралгия




д) қанаттәрізді-таңдай түйінінің невралгиясы

Жұлын сұйықтығының қысымы жоғарылаған. Ликвор мөлдір. Орташа лимфоцитарлы плеоцитоз (1 мм3 40-50 ден 100

жасушаға дейін). Ақуыз мөлшері 0,6-1,0%. Қант мөлшері жоғарылаған. Алдын ала диагноз:




а) туберкулезді менингит




б) іріңді менингит




в) серозды менингит




г) энцефалит




д) полирадикулопатия

Науқас 36 жаста, түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруға, жүрек айнуға, ауырсыну биіктігінде болатын құсуға

шағымданып келді. Аанамнезінде- 4 жыл бұрын мерезге байланысты ем алған. Неврологиялық статуста Аргайл

Робертсонның тік симптомдар жиынтығы, сол жақта бетінің ассиметрияы, орталықтық типтес жеңіл сол жақтық гемипарез,


написать администратору сайта