|
Медикаменты табл. Морфина гидрохлорид Морфин гидрохлориді Тобы
Препарат
| 64.Кетотифен
| Фарм тобы
| Бронхоспазмда қолданылатын з -қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсендігі бар з-аллергияға қарс.з
| Әсер ету мех
| Қабыну және аллергия медиаторларының шығарылуын тежейді,
тыныс алу жолдарында эозинофилдердің жиналуын тежейді.Бронхоспазмның дамуын болдырмайды.
Мес жасушалардан аллергия медиаторларының босап шығуын теж. H1-гистаминді рецепторлар тежейді, фосфодиэстеразаны тежейді, жасушалардағы цАМФ деңгейін арттырады
| Фарм әсері
| Седативті әсері бар Аллергия қарсы,антигистаминді,мембрана тұрақтандырушы,астмаға қарсы,
| Қолданылуы
| Аллергияға қарсы,бронх демікпесінің алдын алу үшін,Бронх астма,аллергиялық ринит,дерматоз,мигрен
| Жанама әсері
| Ауыз құрғауы,тромбоцитопения,тәбеттің және дене салмағының жоғарлауы,ұйқышылдық,бас айналу
| Айырмаш/Салыстырма
| Капсула және таблетка түрінде шығарылады.Әсері баяу дамиды,барынша көп әсерлі аптадан кейін байқалады. H1-гистаминді рецепторлар тежеуіне байл бронх астмаға әсері төмен
|
Препарат
| 65.Зилеутон
| Фарм тобы
| Бронхоспазмда қолданылатын з -қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсендігі бар з-Лейкотриендердің биосинтезін тежегіштер
| Әсер ету мех
| Зилеутон 5-липоксигеназаның арнайы тежегіші болып табылады және осылайша лейкотриеннің (LTB4, LTC4, LTD4 және LTE4) түзілуін тежейді. Нейтрофилдер мен эозинофилдердің миграциясының(көші-қонының) жоғарлауы,нейтрофилдер мен моноциттердің агрегациясы,лейкоциттердің адгезиясы,тегіс бұлш-ет жиырылуы,
| Фарм әсері
| Қабынуға қарсы,бронх кеңітеді
| Қолданылуы
| Бронх демікпе,ревматоидты артрит,ойық жаралы колит стероид емес қабынуға қарсы препараттарды қолданудан туындаған бронхоспазмның алдын-алуда қолд.
| Жанама әсері
| Қызба,миалгия,қажу,бастың ауыруы,бас айналуы,диспепсия т.б
| Айырмашылықтары/
салыстырмалы
| Ішке енгізіледі.Тез сіңеді,Барынша көп конц 1,8- 2,5 сағ кейін п.б,көп бөлігі қан сарысу болектарымен байл,бауырда метоболизмге ұшырайды,
|
Препарат
| 66.Ацетилцистеин
| Фарм тобы
| Қақырық түсіретін зат, муколитикалық тікелей әсер ететін зат.
| Әсер ету мех
| Қақырыққа тікелей әсер етіп, оның реологиялық қасиетін өзгертеді. Құрамындағы цистеин молекуласындағы SH топтардың болуына байланысты қақырық құрамындағы муколполисахаридтердегі дисульфидті байланыстарды үзіп, деполимерленуіне және қақырықтың тұтқырлығының төмендеуіне әкеледі. Осылайша қақырықтың тұтқырлығын азайтады, . Қақырықты сұйылту және
оның көлемін ұлғайту арқылы ацетилцистеин оның бөлінуін және шығуын жеңілдетеді.
.
| Фарм әсері
| -Қақырық түсіруші,
-Муколитикалық
| Қолданылуы
| Қақырықтың қиын бөлінуі (бронхит, трахеит, бронхиолит, пневмония, бронхоэктатикалық ауру), муковисцидоз, өкпе абсцессі, өкпе эмфиземасы, ларинготрахеит, өкпенің интерстициальды аурулары, бронх демікпесі, өкпе ателектазасы (шырышты тығынымен бронхтардың бітелуі салдарынан), катаральды және іріңді отит, синусит, соның ішінде гайморит, тұтқыр секретті алып тастау жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі жағдайларда тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолданылады.
Парацетамолмен уланғанда антидот
| Жанама әсері
| жүрек айнуы, құсу, қышыма, стоматит,аллергиялық реак.тері бөртпелері, қышыну, есекжем, бронх түйілуі (көбінесе бронхтардың гиперреактивтілігі бар емделушілерде)тахикардия,понос,изжога,
ұйқышылдық, қызба; сирек-құлақтағы шу; рефлекторлық жөтел, тыныс жолдарының жергілікті тітіркенуі,бронх демікпесі бар науқастарда (көктамыр ішіне енгізгенде)
бронхоспазм дамуы мүмкін
| Айырмашылықтары/
салыстырмалы
| Препарат пенициллиндердің, цефалоспориндердің, тетрациклиннің сіңуін азайтады, нитроглицерин әсерін күшейтеді (қабылдаулар арасындағы аралық кемінде 2 сағат болуы тиіс).Ацетилцистеин-ингаляциялық жолмен аэрозоль түрінде,кейде парентералды қолданылады.әсері- баяу дамиды,30-60минуттан кейін басталады.әсер ету ұзақтығы-4сағатқа жалғасадыАцетилцистеинді асқазан жарасына қарсы және
он екі елі ішек, өкпеден қан Кетуге бейімділік, аурулар
бауыр, бүйрек, бүйрек үсті безінің дисфункциясы, жүктілік, лактация кезінде қолд. болмайды.
|
Препарат
| 67.Либексин
| Фарм тобы
| Жөтелге қарсы заттар,шетке әсер ететін заттар,опиоидты емес(наркотикалық емес)зат
| Әсер ету мех
| жөтел рефлексінің шеткері буындарын келесі әсерлердің есебінен тежейді: жергілікті анестезиялаушы әсері бар, ол тыныс алу жолдарының шеткергі сезімтал (жөтел) рецепторларының тітіркенуін азайтады; бронх кеңейтетін әсері, соның арқасында жөтел рефлексіне қатысатын рецепторларының басылуы болады; тыныс алу орталығы белсенділігінің шамалы төмендеуі (тыныс алудың тежелуінсіз)болады,Тыныс алу жолдарының шырышты рецепторларының сезімталдығын төмендетеді.ОЖЖ-не әсер етпейді
| Фарм әсері
| Жөтелге қарсы,бронхтың шырышты қабаты құрғауында
| Қолданылуы
| жіті және созылмалы бронхит,бронхопневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе эмфиземасында
| Жанама әсерлері
| Аллергиялық реакциялар: сирек - тері бөртпелері; ангионевротикалық ісіну,бронх түйілуі.АІЖ:сирек — ауыздың немесе тамақтың құрғауы; ауыз қуысының шырышты қабығының жансыздануы,жиі — асқазанның ауыруы; іш қату; жүректің айнуы.Нерв жүйесі:препаратты жоғары дозада қолданғанда:седативті әсер көрсетеді; шаршағыштық
| Айырмашылығы/
салыстырмалы
| Дәріге тәуелділік шақырмайды,құмарлықты тудырмайды,тыныс алу орталығын тежемейді,әсер ету ұзақтығы 3-4 сағатқа созылады.
|
Препарат
| 68.Моксонидин
| Фарм тобы
| Жүрек қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның ынталандырғыш әсерін азайтатын,(нейротропты заттар),Вазомоторлы орталықтардың тонусын төмендететін заттар.
| Әсер ету мех
| Симпатикалық жүйке жүйесінің тоникалық және рефлекторлық реттелуіне қатысатын имидазолиндік І1 рецепторларды ынталандырады, аз дәрежеде - пре және постсинаптикалық альфа2-адренорецепторларды ынталандырады.
| Фарм әсері
| Гипотензивті;
| Қолданылуы
| Артериялық гипертензияның барлық түрінде
| Жанама әсерлері
| Ауыз құрғау, бас айналу, бас ауыру,шаршау, ұйқышылдық, әлсіздік,седативті
| Айырмашылығы/салыстыр
| Моксонидин ішке қабылдаған кезде жақсы сіңеді, метаболизденбейді
Препарат күніне 1-2 рет тағайындалады.АІЖ да тез және толық сіңеді.бір рет қабылдағаннан кейін әсер ұзақтығы 24 сағ. жетеді
|
Препарат
| 69.Небиволол
| Фарм тобы
| В1-адренорецепторларды тежейтін заттар. В1-адреноблокаторларға тамырларды кеңейткіш қасиеті бар препарат
| Әсер ету мех
| Кардиоселективті В1 адреноблокатор. Қан тамырларын кеңейтетін әсері бар, ол қан тамырларының эндотелийінде NO синтезін ынталандырумен байланысты. Липидті алмасуға теріс әсер етпейді.
| Фарм әсері
| Антиангинальді;
Гипотензивті;
Антиаритмиялық;
Вазодилятаторлық
| Қолданылуы
| Орташа дәрежедегі тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, диабет, жүрек өткізгіш жүйесінің әлсіз бұзылуы, стенокардиясы, Рейно синдромы, нефрон функциясының бұзылуы, гипертиреоз, псориаз, миокардиальды жетіспеушілік,
эссенциальді гипертониялық аурулар
| Жанама әсері
| Бас ауыру, бас айналу, әлсіздік, диспепсия, брадикардия, атриовентрикулярлы блокада, ауыр хромотаның өршуі, бронхоспазм.
| Айырмашылығы/салыстырмалы
| Гипертония үшін ішкн қолданылады, күніне 1 рет тағайындалады
|
Препарат
| 70.Эналаприл
| Фарм тобы
| Антигипертензивті зат-АҚ-ның жүйелі гуморальды реттелуіне әс.етет.зат-Ренин-ангитензин жүй.әс.етет.зат- ангиотензин айналдырушы ферм-ң ингибиторы
| Әсер ету мех
| Ангиотензин І-дің ангиотензин ІІ-ге айналуын тежейді. Эналаприл ангиотензинпревратты ферменттің (АПФ) белсенділігін тежейді. Нәтижесінде ангиотензин II пайда болуы төмендейді,тромб агрегациясын азайтады,диурез жоғарлатады, альдостерон секрециясын төмендетеді. Брадикининнің ыдырауына кедергі келтіреді,мөлшерінарттырады, және В2-типті брадикининді рецепторларға тамыр кеңейтетін әсерін күшейтеді. қан тамырларын кеңейтетін әсері бар кининдер мен простациклин түзілуін белсендіреді.
| Фарм әсері
| -Гипотензтивтік
-Диуретикалық;
-вазодилятаторлық
-қан тамырын кеңейтеді
-натрийуретикалық,
-кардиопротективті.
| Қолданылуы
| Артериялық гипертензия,
созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі (комплекстік терапияда), диабетттік нефропатияда, екіншілік гиперальдостеринизм, Рейно ауруы, склеродермия. Монотерапияда-диуретиктермен,б-адреноблокаторлармен,журек гликозидтерімен қосып қолданса болады
| Жанама әсері
| Аллергиялық реакц,терң бөртпелері,қызба,дәм сезу бұзылысы,ангионевротикалық ісіну,тахикардия,құрғақ жөтел,протеинурия
| Айырмашылығы/салыстырмалы
| Жақсы сіңеді,белсенді,әсері каптопирилге қарағанда ұзағырақ-24сағ.Биожеткіліктігі 40-60% Метаболиттері буйрек арқылы шығады (бауырда эналаприлат метоболиті түзіледі) Жанама әсерлері сирек байқалады,себебі көптеген жанама әсерлердің себебі болатын тиол тобы (SH) жоқ болғандықтан. Таблетка түр,иньенкцияға-ампула тур. Шығарылады.Жүктілік кезінде қолдануға болмайды поацентарлы тосқауылдан өтіп кетеді сол себепті балаға зияны бар.Қан сарысуының белоктарымен 50% байл.
|
| 71-Лозартан
| Тобы:
| Антигипертензивті зат-АТ1 типті ангиотензиндік рецепторларды тежейтіндер-имидазол туындысы-АҚ-ның жүйелі гуморальды гуморальды реттелуіне әс.етет.зат-Ренин-ангитензин жүй.әс.етет.зат-Ангиотензиндік рецепторларды тежейтіндер
| Механизмі:
| пептидті емес АТ1 типті ангиотензиндік рецепторлардың блокаторы, ангиотензин ІІ-нің барлық әсерлерін(вазопрессорлық әсер,альдостерон өндірілуінің жоғарылауы,адренергиялық иннервацияның ынталануын) жояды.Жалпы шеткі қарсылықты азайта отырып,артериялық қысымды төмендетеді.Оған сәйкес жүректен кейінгі жүктеме төмендейді.Қандағы альдостеронның мөлшерін азайтады.Ағзадан зәр қышқылының шығуын арттырады.
| Фарм. Әсері:
| -Антигипертензивті;
-Аритмияға қарсы;
-Антиангинальді;
-Гипотензивті;
-Диуретикалық
-Кіші қанайналымдағы қысымды төмендетеді;
| Қолданылуы:
| Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, сол қарынша гипертрофиясы, артериялық гипертензиясы бар адамдарда инсульт алдын алу үшін, бүйрек қызметін қорғау үшін.
| Жанама әсері:
| Бас айналу, шаршағыштық, жөтелу, іш өту, бас ауыру, дәм сезу бұзылысы, перифериялық нейропатия, аритмия, аллерг реак, жүрек айну.
|
| 72-Нифедипин
| Тобы:
| Л-типті кальций каналдарын тежейтін заттар-дигидропиридиндер
| Механизмі:
| Кальций арналарын блоктайды, артериялық тамырлар мен кардиомиоциттердің тегіс бұлшықет жасушаларына кальций иондарының трансмембраналық түсуін тежейді. Шеткергі, негізінен артериялық қан тамырларын, соның ішінде коронарлық қан тамырларын кеңейтеді, АҚ төмендетеді (болмашы рефлекторлық тахикардия және жүрек шығуының ұлғаюы мүмкін), ЖЖЖ және жүрекке жүктемеден кейінгі жүктемені азайтады. Коронарлық қан ағымын арттырады, жүректің жиырылу Күшін, жүрек жұмысын және миокардтың оттегіне деген қажеттілігін азайтады. Миокардтың жұмысын жақсартады және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде жүрек мөлшерін азайтуға көмектеседі. Өкпе артериясындағы қысымды төмендетеді, церебральды гемодинамикаға оң әсер етеді. Тромбоциттердің агрегациясын бәсеңдетеді,атеросклероз кезінде постстенотикалық айналымды жақсартады. Натрий мен судың шығарылуын арттырады, миометрияның тонусын төмендетеді.
| Фарм. Әсері:
| антиангинальді, аритмияға қарсы және гипертензияға қарсы
| Қолданылуы:
| Артериялық гипертензия, оның ішінде гипертониялық криз, стенокардия ұстамаларының алдын алу (соның ішінде принцметал стенокардиясы), гипертрофиялық кардиомиопатия (обструктивті және т.б.), Рейно синдромы, өкпе гипертензиясы, бронхо обструктивті синдром. Бронх демікпесі бар пациенттерде демеуші емдеу үшін басқа бронходилататорлармен (симпатомиметиктермен) қолданылуы мүмкін
| Жанама әсері:
| қызба, жүрек соғысы, тахикардия сезімі бар бет гиперемиясы;гипотензия (ессіздікке дейін), стенокардияға ұқсас ауырсыну, анемия, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура. бас айналу, бас ауруы,саңырау, көру қабілетінің өзгеруі, қолдар мен аяқтардағы сезімталдықтың бұзылуы.
жиі-іш қату,жүрек айну, диарея, қызыл иектің гиперплазиясы (ұзақ емдеумен), бауыр трансаминазаларының белсенділігінің жоғарылауы.
бронхоспазм.миалгия, дүмпу. қышыну, есекжем, экзантема
қолдар мен аяқтардың ісінуі және қызаруы, фотодерматит, гипергликемия, гинекомастия (егде жастағы пациенттерде), инъекция орнында жану сезімі.
|
| 73-Верапамил
| Тобы:
| Антигипертензивті зат-миотропты әсерлі зат-кальций каналының тежегіші-І тип(кардиотроптық)-
Фенилалкиламин туындысы
| Механизмі:
| Кальций каналдарының рецепторлармен байл,нәт.кальций каналдарының ашылуын тежеп,жүректің жиырылу жиілігі мен оның жиырылу күшін төмендетеді,атриовентрикулярлық туйін арқылы қозудың өтуін төмендетіп,тәждік және перифериялық қан.там/ң тегіс бұлш.еттерінің босаңсуына әкеледі.
| Фарм. Әсері:
| -вазодилятатор(тікелей емес)
-кардиопротекторлық әсер
-тәждік қан там кеңейтіп,миокард қанмен қамтамасыз етілуін жоғарылату
-антиаритмиялық әсер
-антиадренергиялық әсер
| Қолданылуы:
| Суправентрикулярлық аритмияларда(пароксизмалды тахикардияларда және жыбырлағыш аритмияда),стенокардия ұстамасын алдын алуда,инфарктан кейінгі және Принцметалла стенокардиясында.
Артериялық гипертензия
| Жанама әсері:
| Құсу,бас айналу,бас ауру,бет терісінің гиперемиясы,повыш.қозу,перифериялық ісінулер,аллерг.реак,запор,артер гипотензия,атриовентрикулярлық блокада,жүрек жеткіліксіздігінің күшеюі,жүрек айну,құсу,бастың айналуы.
|
| 74-Гидрохлортиазид
| Тобы:
| Диуретикалық зат-
сульфаниламидты топтар бар бензотиадиазин туындысы
| Механизмі:
| Буйректің проксимальды түтікшелерінің ирек каналдарында Натрий ж\е Хлор иондарның реабсорбциясын төмендету.және әлсіз калий ж\е бикарбонаттар реабсорбциясын тежейді. Нефронның дистальды түтікшелерінде натрий, хлор және су иондарының реабсорбциясын бұзады. Калий, магний, бикарбонат иондарының шығарылуын арттырады; организмде кальций иондарын ұстайды.
| Фарм. Әсері:
| диуретикалық(ацидоз и алкалоз)
-гипотензивтік әсер
-натрийуретикалық
-парадоксалды асер(полиурияны томендету)
-қызу түсіру-қызу орталығын тежеу
| Қолданылуы:
| Артериялық гипертензия,Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі кіші және үлкен қан айн. жүйесінде іркілістерінде,бауыр циррозы портальды гимертензиямен,нефроз және нефрит,жүктілік токсикозы(отек,нефропатия,эклампсия)предменструальных состояниях,кантсыз диабет,-көз қысымын төмендетед-глакуомада,
| Жанама әсері:
| Гипокалемия,гипохлоремический алкалоз,несеп қышқылының бөлінуінің төмендеуі,гипергликемия,ортостатикалық гипотензия,тахикардия,алсіздік,тошнота,рвота,понос,аллер рекация,дерматит,
|
| 75-Индапамид
| Тобы:
| Диуретикалық зат-құрамында сульфаниламидты топтар бар
Тиазидтік емес қосылыс
| Механизмі:
| Генли ілмегінің кортикальды бөлігінің
NA ионы реарбсорбциясын төмендетеді.. Простогландин Е2 синтезін ынталандырады.
Тамырлардың тегіс салалы бұлшық ет жасушаларының Cа каналдарының блокатарлық қасиетіне ие.Артерис тонусын төмендетеді, тамырлардың жалпы перифериялық кедергісін төмендетеді.
| Фарм. Әсері:
| Гипотензивті
Диуретикалық
Вазодилятаторлық
| Қолданылуы:
| Артериялық гипертензия
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі
Эссенциальды арт.гипертензия терапиясында
| Жанама әсері:
| Гипокалиемия,аллергиялық реакция,ортостатикалық гипотензия, тахикардия,әлсіздік,жүрек айну,құсу,іш өту,бас ауру,ауыз қуыс құрғауы
|
| 76-Спиронолактон(эналаприлмен гиперкалиемия-альдостерон ↓)
| Тобы:
| Антигипертензивті заттар-Артериалық қысымның жүйелі гуморалді реттелуіне әсер ететін заттар-Су тұз алмасуының ә.е.з-диуретикалық зат
| Механизмі:
| БҮБ –дегі альдостеронға антагонист болып, альдостерон әсерлесетін рец тежеп, альдостеронның бүйрек өзекшелеріне әсерін жояды.
Na шығарылуын жоғарылатып,бірақ К мен мочевина шығарылуын төмендетеді.
| Фарм. Әсері:
| -диуретикалық
-антигипертензивті
| Қолданылуы:
| Соз жүрек жеткіліксіздігі, цирроз кезіндегі асцит,нефротикалық синдром,нефропатия,біріншілік гиперальдестеронизм,артериальная гипертензияда,гипокалиемия кезінде, инфекция-аллергиялық бронхиальді астмада, Паркинсонизм
| Жанама әсері:
| Ұйқышылдык,Бас айналуы, ұйқышылдық, тері бөртпелері, гиперкалиемия, гипонатриемия, гинекомастия, жүрек айну, атаксия
|
| 77-Мезатон
| Тобы:
| Гипертензивті заттар-Шеткі тамыр тонусын айрықша жоғарылататаын заттар-Адреномиметиктер
| Механизмі:
| Альфа 1-жүректің бета-адренорецепторларына аз әсер ететін адреностимулятор. Катехоламин емес (хош иісті ядрода тек бір гидроксиль тобын қамтиды). Артериолдың тарылуы және АҚ жоғарылауы (мүмкін рефлекторлы брадикардиймен) туғызады. Норэпинефринмен және эпинефринмен салыстырғанда АҚ-ны күрт кем арттырады, бірақ ұзақ уақыт бойы әрекет етеді (катехол-О-метилтрансфераза әсеріне әлсіз). Қанның минуттық көлемінің ұлғаюын тудырмайды.
| Фарм. Әсері:
| -Вазонстриктор
-альфа-адреномиметикикалық
| Қолданылуы:
| -АҚ жоғарылаған кезде
-коллапс және артер.гипотензия
-операция кезінде,гипотониялық ауруларда,инфекциялық аурулар,интоксикация,коньюктивит,ирит және иридоциклитте, тамырларды тарылту және қабыну құбылыстарын азайту үшін,көз қарашығын кеңейтуде, анестетиктер ерітінділерінде адреналинді алмастырушы ретінде.
| Жанама әсері:
| Бас ауруы,қозу,брадикардия,аритмия,жүрек тұсында ауру сезімі,олигурия,тремор,тыныс алудың тежелуі.
|
| 78-Нитроглицерин-стенокардия,гипотензия кезінде тіл астына-бас айналу
| Тобы:
| Миокардың оттегігіе қажеттілігін төмендететін және оның қанмен қамтамасыз етілуін жоғарылататын заттар - Органикалық нитраттар(азот қышқылы мен глицерин эфирінің өкілі)
| Механизмі:
| Механизмі Тамырлардың тегіс бұлшық етіндегі азот оксидінің белсенді затының босатылуына байланысты. Азот оксиді гуанилатциклазаның белсендірілуін тудырады және цГМФ деңгейін арттырады, бұл, сайып келгенде, тегіс бұлшық еттердің босаңсуына әкеледі.
| Фарм. Әсері:
| антиангинальді, вазодилатирлеуші (вазодилататор),коронародилатирлеуші (тамырын кеңейтетін) әсер,тегіс салалы бұлш.тонусын төмендетеді
| Қолданылуы:
| - стенокардияны емдеу (стенокардия ұстамаларын тоқтату және қысқа мерзімді алдын алу үшін);
- жіті миокард инфарктісі және емдеуге дейінгі кезеңде жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігінде жедел жәрдем құралы ретінде.
-тұрақсыз стенокардия; өкпенің ісінуі.
| Жанама әсері:
| Тахикардия,бас ауру,бас айналуы,АҚ төмендейді,передозировкада-ортостатикалық коллапс
бас айналуы, бас ауруы, тахикардия, тері қабаттарының гиперемиясы, ыстық сезім, артериялық гипотензия; жүрек айнуы, құсу,терінің қызаруы.
|
| 79-Лидокаин-қарыншалық аритмияда қолд.
| Тобы:
| Антиаритмиялық заттар – NA каналы блокаторлары(мембрана тұрақтандырғыштар) – І В подкласы
| Механизмі:
| Резорбтивті әсері кезінде автоматизмге тежегіш әсер көрсетеді. Бұл әсер қозудың эктопиялық ошағының тежелуімен жүреді. Автоматизмді төмендетеді,өткізгіштікке шамалы әсер етеді,реполяризацияны жылдамдатады.
| Фарм. Әсері:
| Антиаритмиялық
Мембранастимулдуші
Жергілікті анестетик
| Қолданылуы:
| Қарыншалық аритмияларда, экстрасистолиялар, миокард инфарктінен кейін дамитын тахикардияда,операциядан кейін.
| Жанама әсері:
| Бас айналу, ұйқы бұзылысы, бау ауру,есін жоғалту,анорексия, галюцинация,депрессия, ауыз, ерін ұюы, диплопия, есту бұзылысы,құлақтағы шуылдар,көру бұзылысы., құсы,жүрек айну
|
| 80-Амиодарон-кумуляцияланады,көз жасы бөлінуін, секрецияны күшейтеді.
| Тобы:
| Антиаритмиялық заттар-
К каналы блокаторлары-ІІІ- ұрпақ
| Механизмі:
| Синустық-жүрекшелік, жүрекше-қарвншалық түйіндерде автоматизмді, өткізгіштікті,қозғыштықты төмендету. Кардиомиоциттерден калиий ионы шығуын төмендетеді.Натрий каналын да тежейді , в-адренорецепторлардың бәсекелес емес және аз дәрежеде кальций каналдарының да тежеліуін шақырады.
І, ІІ, ІІІ ІVтоп препараттарын біріктіреді.
| Фарм. Әсері:
| Антиаритмиялық
| Қолданылуы:
| Суправентрикулярлық , қарыншалық аритмияда, тәждік жетіспеушілікті емдеуде тиімді. Стенокардияда
| Жанама әсері:
| Диспепсиялық көрініс, шамадан тыс брадикардия,жүрекше-қарыншалық блокада,тері пигментациясы,фотодерматиттер,қалқанша без дисфункциясы,өкпе фиброзы кейде,парестезия, діріл,
Препаратты бір рет бергеннен кейін жанама әсері ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
| |
|
|