Главная страница
Навигация по странице:

  • Лейкопения, Агранулоцитоз,Зобогенді әсер

  • Тиреотоксикоз (диффузды токсикалы қ зоб )

  • Протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.

  • Аспириндік астма,қан кету.диспепсиялық бұзылыстар,бронхоспазм. эпигастр ауру сезімі

  • Кальцитриол

  • Әйелдерде менопаузадан кейін ол сүйек тіні құрылымының бұзылу жылдамдығын бала

  • менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеуге

  • Медикаменты табл. Морфина гидрохлорид Морфин гидрохлориді Тобы


    Скачать 136.11 Kb.
    НазваниеМорфина гидрохлорид Морфин гидрохлориді Тобы
    Дата30.11.2021
    Размер136.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМедикаменты табл .docx
    ТипДокументы
    #286223
    страница8 из 16
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16



    Препарат аты

    31-МЕРКАЗОЛИЛ

    Тобы

    Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антитиреоидты препараттар.ҚБ тиреиодты гормондардың синтезін тежейтін . Құрамында күкірт бар имидазол туындылары. Тиамазол.

    Механизмі

    Антитиреоидты дәрі,қалқанша без гормондарының түзілуін тежейді.Қалқанша без тиреоидті гормондарының йодталуына қатысатын пероксидаза ферменті белсенділігін тежеп, оның синтезін бәсеңдетеді.Безде метаболикалық үдерістерді қалпына келтіреді, организмде негізгі метаболикалық алмасуды төмендетеді.Және йодидтердің шығарылуын жылдамдатады,тиреотропты гормонның гипофизбен шығарылуын арттырады.

    Фарм әсері

    Тиреостатикалық, антитиреоидты

    Жанама әсері

    Құсу,жүрек айну, қышыну, гиперемия, тері бөртпесі, есекжем,қалқанша без гиперплазиясы.

    Лейкопения, Агранулоцитоз,Зобогенді әсер

    Айырмашылығы

    Ұзақ әсер етеді. Қалқанша безде, бауыр мен бүйректе баяу метаболизденеді

    Колданылуы

    Тиреотоксикоз (диффузды токсикалық зоб)



    Препарат аты

    32-ФЕРРУМ ЛЕК

    Тобы

    Гемопоэз стимуляторлары. Темір препараттары. Пероральді қабылдауға арналған темір (үшвалентті) препараттары. Темір полиизомальтозаты

    Механизмі

    Препараттың құрамына кіретін темір ферритинмен кешен түрінде бауырда жинақталады, содан соң гемоглобин құрамына қосылады, сонысымен организмде темір тапшылығын жылдам толықтырады және гемоглобин деңгейін қалпына келтіреді.

    Фарм әсері

    антианемиялық

    Жанама әсері

    Негізі жағымсыз әсерлер туғызбайды.Бірақ сирек жағдайда абдоминальді ауыру, іш қату, диарея, жүрек айну, асқазанның ауыруы, диспепсия, құсу болуы мүмкін.

    При парентеральном введении препаратов железа могут возникать как мест¬ные (спазм вен, флебиты, абсцессы), так и системные реакции (артериальная ги-потензия, загрудинные боли, артралгии, боли в мышцах, лихорадка и др.).

    Айырмашылығы

    Әсері күшті және тез сіңеді. парентеральды

    Қолданылуы

    Темір тапшылықты анемияда,гипохромды анемия



    Препарат аты

    33-ЭПОЭТИН АЛЬФА

    Тобы

    Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар.Гемопоэз стимуляторлары.Эритропоэтин препараттары.

    Механизмі

    Адамның рекомбинантты эритропоэтин-тазартылған гликопротеин. Эритропоэзді ынталандырады, митозды белсендіреді, эритроциттердің ізашар жасушаларынан эритроциттердің түзілуін ынталандырады. Тазартылған гликопротеин сүтқоректілердің жасушаларында синтезделеді, оған адамның эритропоэтинді кодтайтын ген енеді. Биологиялық және иммунологиялық қасиеттері бойынша зәрден бөлінетін адамның эритропоэтиніне ұқсас. Гематокрит пен Hb жоғарылауына, тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің және жүрек жұмысын жақсартады.

    Фарм әсері

    Эритропоэзды ынталандырады

    Жанама әсері

    кеуде қуысының ауыруы, ісіну, артериялық қысымның жоғарылауы, энцефалопатия құбылыстарымен Гипертензивті криз (бас ауруы, бас айналу, сананың шатасуы, құрысулар), тромбоз.артралгия,гиперкалиемия,

    айырмашылығы

    Әсері баяу дамиды,бірақ ұзақ әсер етеді.Канр жасау 8-12 кун,шала туылған нәресте, ревмотоидты артрит, қатерлі ісік

    Колданылуы

    созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі мен сүйек кемігінің зақымдануымен байланысты анемиялар кезінде,ЖИТС,қабыну кезінде,анемияда



    Препарат аты

    34-ЦИАНОКОБАЛАМИН

    Тобы

    Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Цианокобаламин және оның туындысы.Гиперхромды анмияда қолданылатын заттар.

    Механизмі

    Организмде (негізінен бауырда) метилкобаламин және 5-дезоксиаденозилкобаламинге айналады. Метилкобаламин пиримидинді және пуринді негіздерінің (яғни, ДНҚ мен РНҚ) метаболизмінің шешуші реакциясы - гомоцистеиннің метионин және S-аденозилметионинге айналу реакциясына қатысады.Витаминнің жеткіліксіздігінде аталған реакцияда метилтетрагидрофолий қышқылы оның орнын баса алады, бұл кезде метаболизмнің фолийді қажет ететін реакциялары бұзылады. 5-дезоксиаденозилкобаламин көмірсулар мен липидтер метаболизмінің маңызды реакциясы L-метилмалонил-КоА-ның сукцинил-КоА-ға изомеризациясында кофактор қызметін атқарады.

    В12 витаминінің тапшылығы қан түзу тіндері мен эпителийдің тез бөлінетін жасушаларының пролиферациясының бұзылуына, сондай-ақ нейрондардың миелинді қабығының түзілуінің бұзылуына әкеледі.

    Фарм әсері

    Трансметилдеу,нуклеин қышқылы,холин,креатин түзілу процестеріне қатысады. метаболикалық, гемопоэздік әсер көрсетеді

    Қолданылуы

    Гиперхромды,В12 тапшылықты анемияда,пернициозды анемия

    Жанама әсері

    Науқаспен жақсы көтерілді,кейбір жағдайда қан ұюының жоғарылауын шақырады.

    Айырмашылығы

    Табиғатта тек микроорганизмдерден синтезделеді.



    Препарат аты

    35-ВИКАСОЛ

    Тобы

    Коагулянттар( оның ішінде қанның ұю факторлары).К витамині гемостатиктері

    Механизмі

    Қанда протромбин (фактор ІІ) тромбопластин мен кальций болуы кезінде проконветриннің (VII фактордың), IX (Кристмасс-факторы), X (Стюарт-Прауер факторы) факторларының қатысуымен тромбинге өтеді, осының ықпалымен фибриноген қан ұйындысының (тромбтың) негізін құрайтын фибринге айналады.  протромбин мен проконвертиннің синтезіне ықпал етеді, ұюдың II, VII, IX және X факторларын күшейту есебінен қан ұйығыштығын арттырады.

    Фарм әсері

    гемостатиткалық

    Қолданылуы

     геморрагиялық синдромда; К гиповитаминозында (оның ішінде обтурациялық сарғаюда, гепатитте, бауыр циррозында, ұзаққа созылған диареяда). Жаралану, жарақаттанудан және хирургиялық араласулардан кейінгі қан кетулерде; жатырдың дисфункционалдық қан кетуінде, меноррагияда кешенді ем құрамында.

    Жанама әсері

    Бет гиперемиясы, тері бөртпесі (оның ішінде эритематозды, есекжем), тері қышынуы,бронх түйілуі, гемолитикалық анемия, туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар балаларда гемолиз,гипербилирубинемия, сарғаю

    Айырмашылығы

    Ішке қабылдағаннан кейін жеңіл және жылдам сіңеді. Тіндерде елеусіз мөлшерде жинақталады. Әсері ішке қабылдағаннан кейін 7-12 сағат өткенде басталады.



    Препарат аты

    36-ВАРФАРИН

    Тобы

    Қанның ұюын төмендететін заттар. Антикоагулянттар. Тікелей емес антикоагулянттар

    Механизмі

    Бауырда қан ұю факторының, атап айтқанда, II, VII, IX және X факторларының К витаминге тәуелді синтезін тежейді. К дәрумені функционалды толық факторларды қалыптастыру үшін қажет, өйткені ол глутамин қышқылдарының қалдықтарының гамма-карбоксилдену реакциясында коэнзим рөлін атқарады. К витаминінің қалпына келтірілген түрі-гидрохинон коэнзимдік белсенділікті көрсетеді. Карбоксилдену реакциясы кезінде К дәрумені-гидрохинон белсенді емес К дәрумені-эпоксидті қалыптастыру үшін тотығады. Жанама әсер ететін антикоагулянттар эпоксидредуктаза мен DT-диафоразаның әсерінен к - эпокид витаминінің белсенді к-гидрохинон витаминіне кері айналуына (қалпына келуіне) кедергі келтіреді

    Фарм әсері

    Антикоагулянттық

    Қолданылуы

    көктамырлардың жедел тромбозын және өкпе артерияларының эмболиясына, қайталанған миокард инфарктісінде

    Жанама әсері

    Қанағыштық,васкулит,диарея,экзема,алопеция,бауыр

    Ферменттерінің активтілігін күшейтеді.

    Айырмашылығы

    Гепариннен айырмашылығы әсері тек тұтас организм жағдайында тиімді,қан ұюына әсер етпейді.Әсері баяу бірақ ұзақ 2-4 күнге дейін.Кумуляцияланады.

    Только таблетка.



    Препарат аты

    37-ГЕПАРИН

    Тобы

    Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар.

    Механизмі

    Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, ол гемокоагуляцияның барлық фазаларында қан ұю факторларына тікелей ықпал етеді. тромбин мен белсендірілген Х факторға тежегіш әсер көрсетеді. Протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады. Бүйректегі қан ағымын ұлғайтады

    Фарм әсері

    Антикоагулянттық, спазмолитикалық;

    Гиполипидемиялық, антиагреганттық;

    қабынуға қарсы, иммунодепрессанттық, антигистаминдік.

    Қолданылуы

    Терең көктамырлар тромбозы, жедел артериялық эмболия немесе тромбоз, тромбофлебит, коронарлық тамырлар эмболиясы,варикоз , гематома

    Жанама әсері

    қан кету, бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды өзгерістері, қайтымды тромбоцитопения және әртүрлі тері реакциялары. мелена

    Айырмашылығы

    егер бұлшықетке енгізсе бірден әсер етеді бірақ қысқа,2-6сағ әсер көрсетеді.Ал тамыр ішіне енгізсе әсері 1-2сағ-тан кейін дамиды,бірак әсері ұзақ 8-12сағ болады.Резистенттілік шақырады.Дәріні 3 айдан ұзақ қабылдаса остеопороз дамуы мүмкін.



    Препарат аты

    38-АЦЕТИЛСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ

    Тобы

    қабынуға қарсы стероидты емес заттар – ЦОГ-1 /ЦОГ-2 таңдамсыз тежегіштері - салицил қышқылының туындылары.Антиагрегант.Миокард инфарктысына қолданылатын зат.Анальгетик

    Механизмі

    Препарат қызуды басатын, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер етеді, сондай-ақ тромбоциттердің бірігуін азайтады.Оның негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназа ферментінің белсенділігін жою болып табылады, соның нәтижесінде простагландиндер, простациклиндер және тромбоксанның синтезі бұзылады. Простагландиндер өнімінің азаю салдарынан олардың жылуды реттеу орталықтарына пирогенді әсерін әлсіретеді. Сондай-ақ простагландиндердің сезімтал жүйке ұштарына сенсибилизациялық әсері азаяды, бұл олардың ауыру медиаторларына сезімталдығын азайтады. Тромбоксан А2–нің тромбоциттердегі синтезінің қайтымсыз бұзылулары препараттың агрегацияға қарсы әсерімен байланысты. Ацетилсалицил қышқылы сонымен қатар агрегацияға қарсы әсерге ие простациклин синтезделетін эндотелиальды жасушалардың циклооксигеназын бөгейді. Эндотелиалды жасушалардың циклооксигеназалары ацетилсалицил қышқылының әсеріне сезімталдығы аздау және тромбоциттердің ұқсас ферменттерінен айырмашылығы, қайтымды тежейді.

    Фарм әсері

    -анальгетикалық: простагландиндер (ЦОГ ферменті) синтезі ↓

    -қызуды түсіретін: Простагландин Е1 синтезі бұзылып, пирогенді әсері↓

    -қабынуға қарсы: ЦОГ ферментін ↓ теж

    -антиагреганттық: тромбоксан а2 ↓ теж

    Қолданылуы

    миокард инфарктісі, тұрақты ж/е тұрақты

    емес стенокардияда, тромбоз бен

    эмболия алдын алу үшін, ми қан айн бұз, мигрень, бас ауыруы, невралгия, миалгия, ревматоидты полиартрит, артралгия, дене қызуы жоғарлағанда, ревматизм

    Жанама әсері

    құлақтағы шу, бас айналуы, естудің төмендеуі, көрудің бұзылуы,жүрек айнуы, іштің ауыруы, қыжыл, құсу, анорексия,Аспириндік астма,қан кету.диспепсиялық бұзылыстар,бронхоспазм.эпигастр ауру сезімі

    Айырмашылығы

    Антиагреганттық әсері басым, бірнеше күн сақталады.Асқорыту жолында сіңірілуі тез және жылдам жүреді.Препарат гематоэнцефалдық кедергі арқылы енеді, сондай-ақ емшек сүтінде және синовиалды сұйықтықта анықталады.Көп мөлшерде қабылдағаннан АІЖ-да асказан және он екі елі ішекте қанағыштықты шақырады және басқа препараттарға қарағанда циклооксигеназаны қайтымсыз ингибирлейді.



    Препарат аты

    39-СТРЕПТОКИНАЗА

    Тобы

    тромбозды емдеу және алдын ауға арналған заттар, фибринолитикалық заттар.

    Механизмі

    Фибринолитикалық әсер көрсететін дәрілік зат. Профибринолизинмен (плазминоген) әсерелесіп, түзілген кешен протеолитикалық белсенділікке ие болады, яғни профибринолизиннің фибринолизинге айналуын ынталандырады. Фибринолизин фибриноген мен тромбтарда фибрин талшықтарын ерітетін, фибриногеннің және басқа плазмалық ақуыздардың, оның ішінде V және VII коагуляция факторларының ыдырауын тудыратын протеолитикалық фермент түзеді.

    Фарм әсері

    Фибронолитикалық

    тромболитикалық

    Қолданылуы

    Миокард инфакрті,өкпе артериясы эмболиясы,терең веналар тромбозында,әр түрлі артериялардағы жедел дамитын тромбтарда.

    Жанама әсері

    қан кетулер, гипотензия, пирогенді әсер және аллергиялық реакциялар.

    Айырмашылығы

    Көк тамырға

    Өте кең қолданылады,3 тәулікке дейін тиімді-тромбтарда, әсері бірнеше сағ қа дейін сақталады. Артерияға да енгізуге болады



    Препарат аты

    40-КАЛЬЦИТОНИН

    Тобы

    Остеопорозда колайлы әсер ететин синтетикалык препарат,гормондык препарат

    Механизмі

    цАМФ-ка асер ете отырып остеокласстардың сандық және функционалдық белсенділігін төмендетеді,суйектын минерализациясына остоебласттарды белсендіре отырып жәрдем береды,осылайша сүйек тінінің резорбциясын тежейді. Ағзадағы кальций алмасуын реттейді, оның қан плазмасындағы концентрациясына тежегіштік әсер көрсетеді.

    Фарм әсері

    анальгезиялық,сүйек резорбциясын тежейтін, гипокальциемиялық.

    Қолданылуы

    жетілмеген остеогенез, сүйектің өздігінен резорбциясы,жамбас сүйек бастарының асептикалық некроз,егде жастағы адамдарға

    Жанама әсері

    Лоқсу,тәбеттің төмендеуі,тері жабынының қызаруы, анафилаксиялық шок, бет терісіне қан құюлар,буындардың ауруы, ауыз қуысында жағымсыз дәм,аяқ-қол ісінулері.

    Айырмашылығы

    Биологиялық активтілігі жоғары.Кумуляцияланбайды.






    41-Эргокальциферол

    Тобы

    Д витаминінің туындылары (Д2)

    Механизмі

    Денедегі кальций мен фосфордың алмасуын реттейді. Оның белсенді метаболиттері (атап айтқанда, кальцитриол) жасуша мембраналарына оңай еніп, мақсатты орган жасушаларында арнайы рецепторлармен байланысады, бұл кальциймен байланысатын ақуыздардың синтезін белсендіруге, кальций мен фосфордың (екіншілік) ішекте сіңуін жеңілдетуге және проксимальды бүйрек өзекшелерінде олардың реабсорбциясын күшейтуге көмектеседі. , сондай-ақ сүйек тінінің сіңуін жоғарылату және олардың сүйек тіндерінің резорбциясын болдырмау.Кальций мен фосфор алмасуын реттегіші. Кальцитриол-D3 дәруменінің барлық қасиеттеріне ие, бірақ биологиялық белсенділігі жағынан белсенділігі жоғары Д3-метаболиті.Жасуша ядросында (геномдық механизм), сондай-ақ жасушалардың плазмалық мембранасында (геномдық емес механизм) локализацияланған нақты рецепторлармен өзара әрекеттеседі. Ішекте Са2+ және фосфордың сіңуін және бүйректің проксимальді түтікшелерінде олардың реабсорбциясын арттырады, паратиреоидты гормонның секрециясын басады, сүйек минералдануын реттейді. Остеобласттардың белсенділігін ынталандырады, сүйек жасушаларының өсуіне және саралануына, сондай-ақ жүйке-бұлшықеттік берілісті жақсартады, жолақты бұлшықеттердің жұмысына қатысады, иммундық реакцияларды модуляциялайды.


    Фарм әсері

    Д-витамин тәрізді әсер

    Сүйектердегі кальцитриолдың әсерінен өсу аймақтарындағы шеміршек клеткаларының дамуы қалыпқа келеді, ақуыз стромасының синтезі белсендіріледі, плазмадан кальций ұсталып, оны фосфаттар түрінде тұндырады, бүйректе кальций, натрий, фосфаттар, амин қышқылдары, пробиркалармен, цитраттармен қайта сіңуіне қажетті жағдайлар жасалады.

    Қолданылуы

    Кітапта- кең тараған остеопорозда қолдану хор назар аудартуда, рахитты емдеу және алдын алу үшін, сонымен сүйек жүйесінің кейбір аураларында –остеодистрофияда, хирургида- сүйек кемігінің түзілуін ынталандыру үшін , қалқанша маңы безінің жетіспеушілігінде, терінің және шырышты қабаттың қызыл жегісінде қолданады.бүйрек генезінің остеодистрофиясы, операциядан кейінгі және идиопатиялық гипопаратиреоз, псевдогипопаратиреоз, витамин-D-тәуелді рахит, гипофосфатемиялық витамин-D-резистентті рахит , остеопороз (менопаузадан кейінгі, сенильді және "стероидты"), тетания, псориаз.


    Жанама әсері

    - гиперкальциемия және гиперкальциурия белгілері: жүрек айну, құсу, іш қату, іштің ауыруы, анорексия, летаргия, бас ауруы, ұйқышылдық, апатия. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде созылмалы гиперкальциемия қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

    - жұмсақ тіндердің кальцификациясы


    айырмашылығы

    Аш ішекте жақсы сіңіріледі, лимфамен бауырға және жалпы қан ағымына түседі, қан сарысуында оның әр түрлі тіндерде тасымалдануын қамтамасыз ететін, а-глобулинмен байланысады.

    Қандағы кальцийдің жоғарылауы препаратты қабылдағаннан кейін 12-24 сағат ішінде басталады, терапиялық әсер 10-14 күннен кейін байқалады және 6 айға дейін созылады.






    42-Ибандронат

    Тобы

    Фармакотерапиялық тобы

    Сүйектердің құрылымына және минералдануына ықпал ететін препараттар. Бисфосфонаттар 3 поколение


    Механизмі

    Әсер ету механизмі

    Ибандронат – құрамында азоты бар, белсенділігі жоғары бисфосфонат, остеокласттардың белсенділігін, оның мөлшеріне ықпалын тигізбей, арнайы тежейді.

    Ибандронаттың сүйек тініне арнайы әсері оның сүйек матрицасының минералды негізін құрайтын гидроксиапатитқа ұқсастығына негізделген. Ибандрон қышқылы сүйек тінінің резорбциясын төмендетеді, бірақ сүйектің түзілуіне тікелей ықпалын тигізбейді. Әйелдерде менопаузадан кейін ол сүйек тіні құрылымының бұзылу жылдамдығын бала көтере алатын жастағы деңгейге дейін төмендетеді, ол сүйек тіні салмағының үдеп артуына әкеледі. Бұл қан плазмасында да, несепте де сүйек резорбциясының биохимиялық маркерлер (деоксипиридинолин және айқаспалы жікпен бекітілген І типті коллагеннің С- және N-телопептидтері) деңгейінің төмендеуімен, сүйектің минералдық тығыздығының (СМТ) жоғарылауымен және сыну жиілігінің төмендеуімен айғақталады.


    Фарм әсері

    сүйектің резорбциясын тежейді. Ибандронаттың сүйек тініне әсері оның сүйек минералды матрицасының құрамына кіретін гидроксяпатитке жақындығына байланысты. Остеокласттардың белсенділігін басады, сүйектің резорбциясын төмендетеді. Ісік остеолизіне тежегіш әсер етеді.

    Қолданылуы

    Қолданылуы

    Сынулардың алдын алу үшін менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеуге

    Жанама әсері

    бас ауыру

    эзофагит, гастрит, гастро-эзофагеальді рефлюкс, диспепсия, диарея, жүректің айнуы, іштің ауыруы

    тері бөртпесі

    миалгия, артралгия, бұлшықеттің құрысуы, бұлшықеттің түйілуі

    Из осложнений и побочных эффектов БФ наиболее значимыми является, первую очередь, остеонекроз челюсти, который чаще может развиться при применении памидроната и золедроната. Гораздо реже это осложнение вызывают пероральные БФ. Предполагается, что причиной является блокирование процессов восстановления костной ткани на фоне повышенной физической нагрузки. Таким же механизмом можно объяснить и повышенную частоту перелома шейки бедра, встречающуюся при применении указанных препаратов.

    При внутривенном введении БФ после первого введения могут вызывать лихорадку, преходящие мышечные боли и различные гриппоподобные симптомы, возникающие в результате избыточной активации Т-лимфоцитов, вызываемых БФ. Обычно при последующем введении симптомы не повторяются и, в подавляющем большинстве случаев, не требуют лечения.

    айырмашылығы

    Жоғары потенциал және терапевтік диапазон икемді дозалау режиміне және салыстырмалы түрде төмен дозаларда емделусіз ұзақ уақыт емделетін препараттың мезгіл-мезгіл енгізілуіне мүмкіндік береді.

    Ибандрон қышқылын тамақтанудан 60 минут бұрын қабылдағанда биожетімділіктің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды. Ибандрон қышқылынан 60 минуттан аз уақыт өткенде тамақ немесе сұйықтықты жұту оның биожетімділігін төмендетеді






    43-Ретаболил

    Тобы

    Сүйек тінінің түзілуі мен минерализациялануына әсер ететін заттар- Анаболитикалық стероидты препарат(синтетикалық заттар)

    Механизмі

    Ақуыз синтезін ынталандырады, азот, кальций, натрий, хлоридтер мен фосфаттардың жойылуына ықпал етеді. Бұлшықет массасын арттырады және сүйек өсуін тездетеді.

    - азоттың ағзада ұсталуын арттырады, мочевинаның несеппен шығарылуын төмендетеді.

    -кальцийдің сүйек тіндерінде фиксациясын арттырады

    -тәбетті арттырады

    -сүйектің кальцификациясын арттырады



    Фарм әсері

    Анаболитикалық



    Қолданылуы

    Диабеттік ретинопатия, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, остеопороз

    Кітапа- кахексия, астения, глюкокортикоидтарды ұзақ қолданғанда,остеопорозда, регенерация үдерісін ынталандыру үшін.

    Жанама әсері

    Кітапта- лоқсу, ісінулер,кальцийдің сүйек тінінде шамадан тыс жиналуы, кейде бауыр қызметінің бұзылуы мүмкін.

    атеросклероз, теміртапшылықты анемия,ісіну,диспепсиялық бұзылыстар,бауыр жеткіліксіздігі,гиперкальциемия, вирилизация, аналық бездің гипофункциясы, дисменорея.


    айырмашылығы

    Белсенді ұзақ әсер ететін препарат-3 апта,әсері біртіндеп 2-3 күнде дамиды,бұлшықетке майлы ерітінді түрінде енгізеді, белок синтезіне ықпал етеді, қолданғанда тәбет жақсарады және дене салмағы артады. Остеопорозда сүйектің кальцификациясы жылдамдайды, регенерация үдерісне әсері қолайлы. Бала емізгенде, қуықасты безінің обырында, бауыр ауруларында қолднауға болмайды.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


    написать администратору сайта