Главная страница

тесты по воп. Мск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы


Скачать 1.15 Mb.
НазваниеМск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы
Анкортесты по воп
Дата07.07.2021
Размер1.15 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаProbnye_Vse_-_5_gorodov_-kaz.docx
ТипДокументы
#223629
страница13 из 30
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Заманауи әлемдік медициналық кеңістікке интеграция ©

Денсаулық сақтаудың емханалық жүйесіндегі дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейту©

Дәрігер қызметіне бақылауды күшейту

***

Диагностикалау және емдеу протоколының негізгі міндеті:©

Дәрігердің емдік – диагностикалық қызметін схематизациялауға шақырылған ©

+диагностика және емдеуде қолайлы тәртіпті құру©

Жаңа әлемдік медициналық кеңістікпен интеграция©

Денсаулық сақтаудағы амбулаторлық дәрігерлер тобының қызметін кеңейту ©

Дәрігердің профессионалдық қызметін қатаң бақылау

***

Үй жағдайында немесе толық емес жұмыс күні жағдайында жұмыс жасайтын, науқас баланы күту демалысындағы уақытша еңбекке жарамсыз тұлғаға қандай құжат беріледі©

жалақының сақталуынсыз демалыс©

Төлентін еңбек демалысы©

Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы©

Күту бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы және бір парақ©

+ Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы

***

Стационар алмастырушы жүйе қызметінің көлеміндегі негізгі принцип©

Диагностика және емдеудегі жаңа жоғары технологиялық әдістерді енгізу©

+Жаңа қор сақтаушы медициналық технологиялардыжүзеге асыру©

Сауықтыру – алдын – алу технологияларын жүзеге асыру©

Мамандандырылған медициналық көмек жүйесін дамыту©

Тұрғындарға алғашқы медико – санитарлық көмекті күшейту

***

5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді©

Организмнің аллергизация болу дәрежесін©

Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін©

иммунологиялық реактивтілік жағдайын©

+Бронх обструкцияның дәрежесін©

Организмде вегетативті жүйесінің жағдайын

***

17жастағы науқас, тамағының ауырып кұрғауына, құрғақ жөтелге, жұтынғанда тамағының ауыруына., жөтелдің түнге қарай күшеюіне шағым айтады. Ауыруын тоңып қалумен байланыстырады. Ауырғанына 2апта болған. Тұмаудың дәрілерін ішкен. Жөтелі кетпеген.Дене қызуы көтерілмеген. Жалпы жағдайы бұзылмаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі қалыпты. Араны-қызарған.Өкпесін тыңдап қарағанда-перкуторлы өкпелік тыныс күшейген. Сырылдар жоқ.Жүрек тондары айқын, ритмді.Қан қысымы 120/70мм.сын.бағ.Бірінші қандай ауруды ойлайсыз©

пневмония©

Трахеит©

+ брохит©

тыныс демікпесі©

туберкулез

***

Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.Сіздің диагнозыңыз©

Ишемиялық инсульт©

+Кон синдромы©

Реноваскулярлы гипертензия©

Артериялық гипертензия©

Созылмалы пиелонефрит

***

28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар.Сіздің диагнозыңыз©

Кардиомиопатия©

+Миокардит©

Ревматикалық ауру©

Перикардит©

НЦД

***

65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет©

тұрақсыз стенокардия©

+миокардтың инфаркті©

өкпе артериясының тромбоэмболиясы©

аорта аневризмасы©

нейроциркуляторлы дистония

***

Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән©

ЖРВИ©

жедел бронхит©

+жедел обструктивті бронхит©

жедел пневмония©

Эпиглоттит

***

10-айлық баладағы салмақтың жетіспеушілігі, тұрақты жөтел. Анамнезінде: рентгенограммада 2 жағдайда пневмония дәлелденген. Ас қорыту жүйесінде тұрақты іш қату. Осы клиникалық жағдайдағы сіздің болжамды диагнозыныз©

Гиршпрунг ауруы©

+Муковисцидоз©

бронхөкпелік даму ақауы©

Функциональді іш қату©

Туа біткен иммунодефицит

***

Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай©

+аорта коарктациясы©

вегето-тамырлы дистония©

феохромоцитома©

ашық артериальды өзек©

аорта өзегінің стенозы

***

Бала 10 жаста, ауырғанына 3-ші күн, шағымы: іш ауруына, сол тізе және оң шынтақ буындарында ауырсыну және қимыл тежелуіне. 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Аурудың 1-ші күні қызуы 38,5 С, тобық буыны зақымдалған. Жүректің тұйық шектері кеңейген, тахикардия 120 рет. 1 мин, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систоликалық шум. Көрсетілген клиникалық жағдай қандай диагнозге сәйкес келеді©

+ревматизм©

жүйелі қызыл жиегі©

ювенильды ревматоидты артрит©

Рейтер ауруы©

реактивты артрит

***

39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: тұлғаның, жамбастың алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз©

Термиялық күйік, II дәрежелі, күйіктік шок©

Термиялық күйік, III дәрежелі©

+Термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок©

Термиялық күйік, IV дәрежелі©

Термиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шок

***

Науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара©

+Электрлі дефибрилляция©

Вена ішіне лидокаин©

Вена ішіне атропин©

Жүректің жабық массажы©

Вена ішіне амиодарон

***

Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 37 апта әйел жеткізілді. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілімен тексергенде оң жақта ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады. Диагноз қойыңыз©

ұрықтың ұзына бойы орналасуы, баспен келу, 1 позиция©

ұрықтың көлденең орналасуы, 1 позиция©

+ ұрықтың көлденең, 2 позиция©

ұрықтың қиғаш орналасуы©

ұзына бойы орналасуы, жамбаспен келу

***

Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамензінен : 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ. Осы жаста қай екпені жүргізу керек©

Қызамық, қызылша, паротитке қарсы©

Полиомиелитке қарсы©

+АКДС бірінші ревакцинациясын©

вирусты гепатит А қарсы©

вирусты гепатит В қарсы

***

17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн©

Аралас тамақтандыруға көшіру©

Қосымша тамақ енгізу©

Ферментті препараттар тағайындау©

Жасанды тамақтаандыруға көшіру©

+ Емізу техникасының дұрыстығы

***

Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң©

4 дан 6 апта©

2 дан 4 апта©

+6 апта. жоғары©

1 дан 2 апта©

3 аптаға дейін

***

Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады©

экзоцитоз©

спонгиоз©

акантоз©

гранулез©

+ паракератоз

***

Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма©

болжамын©

+емін©

диагностикасын©

алдын-алу шараларын©

себебін

***

ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз. ©

ЖИА – мен науқастарда қан кетулердің жиілеуі©

+ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы©

Жүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуы©

ЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді ©

Асқазан ауруларымен науқаста антиагрегант қолданғанда қосымша әсерлер болуы

***

Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған©

кардиологиялық амбулаторлық пациент©

қабылдаудағы кардиолог дәрігер©

+туа біткен қос жармалы қақпашаның жетіспеушілігі фонында жүрек шамасыздығы бар жас науқас©

еміне коррекция қажет пациент©

ревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адам

***

Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс©

фуросемид©

дигоксин©

пенициллин©

аспирин©

+ гентамицин

***

Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек©

бензил пенициллин©

ампициллин©

карбенициллин©

метациклин©

+оксациллин

***

25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді. Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады. Қандай ем қолдану қажет©

гликопептидтер©

+микотикалық дәрілер©

макролидтер©

фторхинолондар©

цефалоспориндер

***

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған©

+Дресслер синдромы©

Аорта аневризмасы©

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы©

Қайталанған миокардтың инфаркті©

Инфарктан кейінгі стенокардия

***

28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер9800.Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды©

Ревмосынама©

Антистрептолизин©

Ревмофактор©

+LE-клеткалар©

Антинуклеарлы фактор

***

68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады©

+Амиодарон©

Дигоксин©

Верапамил©

Магнезий сульфат©

Этмозин

***

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз©

Кеуде клеткасының шолу R-графиясы©

бүйректің УДЗ©

+бүйрек артерияларының УДЗГ©

Көз түбін қарау©

Экскреторлық урография

***

Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер©

қарынша ішілік блокада©

сол қарыншаның гипертрофиясы©

сол жүрекшенің гипертрофиясы©

+оң қарыншаның гипертрофиясы©

Гис будасысол тармағының блокадасы

***

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді©

Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард©

Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард©

+ Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы©

аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар©

Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

***

Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән©

өкпе артериясының тромбоэмболиясы©

ұстамалы бронх демікпесі©

+жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі©

спонтанды пневмоторакс©

инфаркты пневмония

***

32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 380С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста қандай антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін©

Пенициллиндер©

Аминогликозидтер©

Макролидтер©

Тетрациклин©

+Гликопептидтер

***

Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола, ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты таңдау керек©

Этоцизин©

+Лидокаин©

АТФ©

Мезатонмен новокаинамид©

Строфантин

***

Науқас 59 жаста, құрылысшы, 1 жыл бұрын миокардтың трансмуралды инфарктсын бастан кешкен. Жақында 1ай бұрын АКШ жасалған. Жағдай күйі орташа ауырлықта. Тыныш кезде ентікпе, жүрек жеткіліксіздік белгілері бар. керек Аяқтарында ісіктер. Науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтаңыз©

Еңбекке жарамды©

+МСЭК-ке жіберу©

ВКК-ға жіберу©

уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру©

еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру

***

Венеролог дәрігер қабылдауына иммундық жүйесі өзгеріссіз 25 жастағы ер кісі келді.Обьективті қарағанда эретематозды фонында топталған көпіршіктер, сонымен қатар қызару фонында эрозиялар, қабықтар.Генитальды ұшық диагнозы қойылды. Ацикловирдың курстық дозасы қандай©

+10 грамм©

20 грамм©

30грамм©

50грамм©

100 грамм

***

Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 т күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті©

препараттың жоғары дозасы©

АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы©

+препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі©

препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы©

диазепамның және раутиннің әсерлесуі

***

ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді©

тахикардия болғандықтан©

AV өткізгіштіктігі баяулағаннан©

лидокайнның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан©

бауырдың кардиалды циррозында гипоальбуминурия жиі болатындықтан©

+СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен

***

38 жастағы науқас әйел, түнге қарай оң қабырға астында оң иық пен қолға берілетін қатты толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрегінің айнып құсуына шағым айтады. Ауруын диетаны бұзуымен-майлы асты қабылдауымен байланыстырады. Ауырсынуды но-шпаны ішіп сәл басқан.Бірнеше жылдар бойы холециститпен ауырады. Тұрақты емделмейді.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, сарғыштау. Жүрек-өкпе жағынан дерттік өзгерістер жоқ. Іші қаттылау, оң қабырға асты басып қарағанда тітіркенеді, ауырады.Бауыры ұлғаймаған. Науқаста қандай асқыну дамыған©

Реактивті панкреатит©

Гепатит©

+Өт тас ауруы©

Өт қабының перфорациясы©

Жайылмалы перитонит

***

Науқас К. 24 жаста,қатты арықтағанына ,аузының құрғауына,шөлге, жиі зәрінің жиілеуіне,жүрек айнуына,тәбетінің төмендеуіне шағымданады.Обьективті: терісі құрғақ,табаны мен алақандары сарғыш реңді,фурункулезі бар.Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия.Науқасқа қандай дәрі тағайындау қажет:©

+ қарапайым инсулин©

Сульфаниламидтер©

Бигуанидтер©

Пролонгирленген инсулин©

Гипокалориялы диета

***

40жастағы әйелде аутоимунды тиреодит ауруы анықталған.тиреоидты дәрілерді тұрақты қабылдайды. Дәрігерде тексерілгенде соңғы 3-4 ай ішінде зобтың көлемі кішіреймеген.Дәрігер қандай емді ұсынуы қажет©

Тиреоидты дәрілер©

+Глюкокортикостероидтар©

Цитостатиктер©

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер©

Радиоактивті йод

***

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады©

темір препараттары©

фолий қышқылы©

+В-12 витамині©

преднизолон©

аскорбин қышқылы

***

Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай©

ЭТЖ жоғарылауы©

Анемия©

тромбоцитопения©

лейкоцитоз©

+бластемия

***

45 жастағы науқас аяқтарының ісуіне,жалпы әлсіздік, ентігу, түнде тұншығу ұстамаларына, жұректің жиі соғуына шағым айтады. Көп жылдар бойы 3 жарнамалы қлапанның ақауымен ауырады. Қарағанда: акроцианоз. Тыныш күйде ентігу бар. Жүрек шекаралары оңға қарай ығысқан. Мойын веналарының пульсациясы айқын көрінеді.Тыныс алғанда күшейетін жүрек ұшынан оңға қарай естілетін систола шуы.Қан қысымы160/90мм.сын.бағ. Пульсі 90рет минутына. Іші ұлғайған, қаттылау. Бауыры қабырға доғасынан 3см өскен. Аяқтары іскен.Науқаста қандай асқыну дамыған©

Сол қарыншалық шамасыздық©

+Оң қарыншалық шамасыздық©

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы©

Өкпе текті жүрек©

Бауыр шамасыздығы

***

34 жастағы науқас, Бала кезінде ревматизммен ауырған, жүрек ақауы анықталған.Соңғы 5 жылда диуретиктер,жүрек гликозиттерін, калий дәрілерін қабылдайды.1апта бұрын жағдайы нашарлап әлсіздік, қалтырау,артралгия , жүректің жиі соғуы, тұншығу қинайды.Дәрілердің әсері жоқ.Объективті: науқас ентігіп отыр, тыныс алуы 24рет минутына,қол-аяқтарыіскен.Өкпенің базалбды бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрегі солға және жоғары қарай кеңейген.Жүрек ұшында 1 тон күшейген,сиитола шуы естіледі. Пульсі 76рет минутына, аритмиялы 20-25пульстің дефициті.Бауыры қабырға доғасынан 5см өскен.Қан анализінде:С-реактивті белок+.ЭТЖ-25мм.сағ.Науқаста қандай асқыну дамыған©

+Бактериальды эндокардит©

Қайталамалы миокардит. Жыбыр аритмиясы©

Жедел ревматикалық қызба. Қайталамалы кардит©

Тонзилокардиальды синдром©

Қайталамалы кардит.Мезоаортит

***

57 жастағы құрлысшы,дәрігерге жалпы әлсідікке,тезшаршауға,дене қызуының 38градусқа көтерілуіне, белінің ісіеуіне, аяқтарының, қолдарының ісуіне, көзінің таңертеңгілік ісуіне,басының ауруына шағым айтады.Жағдайының нашарлауын салқынның тиуімен байланыстырады. 2жыл бұрын қан қысымы көтерілгенде зәрінде протеинурия,гематурия, лейкоцитурияны табқан.Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі диагнозы қойылған.Науқас дәрігерге тұрақты қаралмайды.Науқас темекі тартады.Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта.Терісі бозғылт,тамағы қызарған.Өкпесінде везикулярлы қатқыл везикулярлы тыныс.ТЖ-20рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған, ритмді.Қан қысымы-170/100мм.сын.бағ.Іші жұмсақ, ауырмайды.Бауыры қабырға доғасынан 1см төмен ығысқан.Пастернацский симптомы-екі жағынан аз ғана оң мәнді.Беті,қолдары, балтыры іскен.Науқасқа қандай әсері бар емді ұсыну қажет©

Кортикостероидтар©

+Цитостатиктер©

Антибиотиктер©

Гипотензивті дәрілер©

Диуретиктер

***

50 жастағы науқас, жиі өршитін 12-елі ішектің жара аурумен ауырады. Әрдайым терапевте ем алады.Соңғы кезде қыжылдау, таңға қарай ауырсыну қайтадан қинайды. Дәрігер денол мен алмагель ұсынған оның әсері болмай тұр. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Іші жұмсақ, әпигастрий аймағында семсер өсіндісінің оң жағында нүктелі ауырсыну байқалады.Науқасқа кандай әсері бар ем тағайындау қажет©

+Төрттік эридикация©

Үштік эридикация©

Антацидтер ©

Спазмолитиктер©

Прокинетиктер

***

Интерстициальді пневмонияға тән диагностикалық критерий©

жергілікті белгілердің болмауы©

қызбаның болуы©

Инспираторлы ентігу©

+ артралгия белгілері©

өкпеде жергілікті белгілері

***

Ревматикалық миокардиті бар науқас ЭКГ-да PQ0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді QRST кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылу түрін көрсетіңіз©

+Синоатриальді блокада II дәрежесі©

Атриовентрикулятлы блокада I дәрежесі©

атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц I©

Атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц II©

Атриовентрикулярлы блокада III дәрежесі

***

Науқас, 44 жаста, жүрек аймағында қатты соғу,ауа жетпеу сезіміне шағымданады («тыныс алудың қанағатсыздығы»). Аурудың симптомдары соңғы 3 айда басталған, екі күн бұрын алкоголь қабылдағаннан соң өршіп кеткен. Анамезінде, шылым шегеді, 10 жыдан аса уақыт алкоголь қабылдайды.Қарау кезінде: тотальді гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ шегінің ұлғаюы, гепатомегалия; жүрек аускультациясында : қосарлаған, топтық экстрасистола,ЭКГ-да негізделген (қарыншалық). Аурудың болуы мүмкін себебін көрсетіңіз: ©

токсикалық миокардит©

ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз©

+алкогольді кардиомиопатия ©

тиреотоксикалық кардиомиопатия©

гипертрофиялық кардиомиопатия

***

45 жастағы науқас дене қызуының 40° дейін көтерілуіне ,қалтырауға, терлеуге, кеуде аймағында ауырсынуға, ентігуге шағымданады.Анамнезінде: 2 аптадан бері науқас крупозды пневмонияға байланысты ем қабылдап жатыр. Соңғы күндері жағдайының нашарлауы , қалтырау, ентігу, дене қызуының көтерілуі қайталаған. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты ентігуге байланысты. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Объективті: оң жақ кеуде бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы.Қабырғааралық кеңейген, шығыңқы. Перкуторлы: перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Өкпенің оң жақ бөлігінде тыныстың әлсіреуі.Қанда- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.Науқаста қандай диагноз©

Крупозды пневмония қайталауы©

Өкпе абцесі©

+Өкпе гангренасы©

Борнхоэктазиялық ауру©

Өкпе эмпиемасы

***

Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады.Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс.Қандай ауру туралы ойлауға болады©

қабырға сынығы©

+Қабырғааралық невралгия©

Құрғақ плеврит©

миалгия©

перикардит

***

69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды , соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде: аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.-24рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен .Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады©

Созылмалы бронхит©

бронхиальді демікпе©

Өкпе бронхоэктазы©

жүрек жетіспеушілігі©

+ӨСОА

***

49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды. Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері. Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай©

созылмалы обструктивті бронхит©

өкпе эмфиземасы©

+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит©

бронх демікпе©

жүрек демікпесі

***

К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз©

жүйелі васкулит©

жедел лейкоз©

жүйелі қызыл жегі©

дәрілік ауру©

+инфекционды эндокардит

***

Науқас , 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде : дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ..АГ себебі не деп ойлайсыз©

+Қолқа коарктациясы©

Бейарнамалы аортоартериит©

Қолқа саңылауының стенозы©

Лериш синдромы©

Рейно ауруы

***

49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды. Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері. Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай©

созылмалы обструктивті бронхит©

өкпе эмфиземасы©

+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит©

бронх демікпе©

жүрек демікпесі

***

Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу , ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз©

митралды қақпашаның ревматикалық стенозы©

рестриктивті кардиомиопатия©

+гипертрофиялық кардиомиопатия©

дилатациялық кардиомиопатия©

ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті

***

Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.Сіздің диагнозыңыз: ©

Ишемиялық инсульт©

+Кон синдромы©

Реноваскулярлы гипертензия©

Артериялық гипертензия©

Созылмалы пиелонефрит

***

32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай©

гиганттық жасушалық артериит©

бейспецификалық аортоартериит©

түйінді периартериит©

геморрагиялық васкулит©

+облитерлеуші тромбоангиит

***

Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына. Болжам диагноз©

Эпилепсия©

+Толық атриовентрикулярлы блокада©

Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі©

Қарыншалар фибрилляциясы©

Синустық брадикардия

***

Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған. Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары « дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді.Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті©

Рентгенография©

+Бронхография©

Спирография©

Томография©

Ангиография

***

25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз©

+Физикалық жүктемемен сынама©

Бронходилатациялық сынама©

бронхоскопия©

спирометрия©

пневмотахометрия

***

72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады. Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар.Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады. Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды©

+бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында©

Ем мақсатында©

алдын алу©

өмір сапасын жақсарту©

Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында

***

65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл.Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен .Холинолитиктер ентігуді нашар басады.Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс©

преднизолон©

ипотропиум бромид©

Вентолин©

+спирива©

теофиллин

***

Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі©

+Дефибрилляция©

Лидокаин©

Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу©

Көктамырға индерал©

Ганглиоблокаторлар

***

Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған©

Кардиогенді шок©

Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен©

+Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы©

Идиовентрикулярлы ырғақ©

Синоаурикулярлы блокада

***

19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай©

+Коронарлы жетіспеушілік©

Бейарнамалы коронарит©

Тәж артериясының спазмы©

Қанда эндорфиндер төмендеген©

Тәж артерияларының атеросклерозы

***

Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ. АГ себебі не деп ойлайсыз©

Бейарнамалы аортоартериит ( Такаясу ауруы) ©

+Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы©

Вегенер гранулематозы©

Шенлейн-Генох ауруы©

Қолқа коарктациясы

***

11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз©

Өкпе артериясының ақауы©

Өкпе артериясының стенозы©

+тетрада Фалло©

митралды қақпақша пролапсы©

қолқа коарктациясы

***

25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді.Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады.Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет©

Инфузияық ренография©

+Бүйректің сцинтографиясы©

Бүйректі ультрадыбысты тексеру©

Бүйректің рентгенографиясы©

Бүйрек веналарын катетеризациялау

***

Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну. Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған).Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. ускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды©

көзделген томография©

Бронхография©

+фибробронхоскопия©

пневмотахометрия©

жалпы клиникалық тексеру

***

Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ.Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін©

Көк ірің таяқшасы©

Гемофильді таяқша©

пневмококк©

+микоплазма©

стафилококк

***

Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі©

Жүктіліктің бірінші триместрінде©

+Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін©

Жүктіліктің екінші триместрінде©

Босанғанға дейінгі кез келген уақытта©

Жүктіліктің соңғы триместрінде

***

I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз©

44-40©

49-45©

54-50©

+59-56©

60-57

***

Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-) . Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл . 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л , трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай©

пренаталды гипотрофия©

Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру©

АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы©

+физиологиялық сарғаю©

асфиксия кезіндегі сарғаю

***

7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін , серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз©

+Туа біткен буллезді эпидермолиз©

Туа біткен сифилис©

Синдром Лайела©

Эксфолиативті Риттер дерматит©

Пемфигус (нәресте көпіршігі

***

2 апталық қыз бала. Шағымдары мазасыздық, себепсіз жылау, кенеттен шыңғыру. Анамнезінен: бірінші жүктілік ,екінші жартысы гестоз фонында өткен, түсік тастау қаупі. Босану мерзімінде, асфиксиясыз. Объективті қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта.Мазасыз, кезеңді құсулар болады. Гиперестезия, қылилық, симптом Грефе анықталды. Үлкен еңбегі 2,5х2,3см, керілген. Рефлекстер жылдамдатылған, мазасызданған кезде аяқ қолдары дірілдейді. Окулист қарауы: көз түбін зерттеген кезде веналардың толығуы, көру нервісінің дискісіне қан құйылған. Диагноз қойыңыз©

жұлын-милық босану жарақаты©

орта дәрежелі асфиксия©

жеңіл дәрежелі церебралды ишемия, қозу синдромы©

+орта дәрежелі церебралды ишемия, бас ішілік гипертензия©

перинаталды энцефалопатия, тежелу сидромы

***

2 жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС екпесін жасады. 15 күні түнде кенеттен денесінде массивті ісік пайда болды. Анасарка. Зәр аз бөлінеді. Болжам диагноз©

Жедел гломерулонефрит©

Аллергиялық реакция©

+Нефротикалық синдром©

Жедел пиелонефрит©

Жүрек шамасыздығы

***

Отбасылық дәрігерімен уш жасар бала уй жағдайында тексерілді. Үш куннен бері науқастанып қалған дене қызуы 38 С. Жөтел, мұрыны бітелген. Жағдайы түнде нашарлаған, мазасыздық пайда болған, дауысы қарылығып жөтелі үрмелі боып қзгерген. Тыныс алуы шулы, тыныс алуы арақашықтықта естіледі, мұрық-ауыз үшбұрышының цианозы,боз, өңеш кілегей қабаты гиперемияланған, түйіршектелген. қабырға аралықтың ішке кіруі, сырыл естілмейді, пулсі 120рет минутына.Болжам диагнозыңыз©

бронхопневмония©

обструктивтікбронхит©

бронхиалдық демікпе ұстамасы©

бронхтағы бөгде денелер©

+ЖРВИ ларинготрахит

***

14 жастағы бала, шағымдары: жөтел, іріңді қақырықтың бөлінуімен, әлсіздік.Объективті қарағанда: өкпеде перкуторлы – қорапты дыбыс, аускультативті – қатқыл тыныс, барлық аймақта әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхограммада – бронхтың дистальды шеттерінің «сынған ағаш тәрізді» өзгеруі. Сіздің диагнозыңыз©

Жедел бронхиолит©

Ошақты пневмония©

Обструктивті бронхит©

+Созылмалы бронхит©

Бронхиальды демікпе

***

22 күндік нәресте. Өмірінің алғашқы күнінен көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды.Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Перкуссияда: өкпенің кей аймақтарында өкпе дыбысының тынықталуы мен қысқаруы байқалады, аускультацияда – өкпенің екі жағында әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерлі, өткір жағымсыз иісті, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, тәулігіне 6 ретке дейін. Сіздің болжам диагнозыңыз©

+Муковисцидоз©

Обструктивті бронхит©

Жедел қарапайым бронхит©

Ошақты пневмония©

Қайталамалы бронхит

***

Бала 2 жаста, 5 күннен бері дене қызуы жоғары. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39оС, ылғалды жөтел, мұрын – ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астында қара дақтар байқалады. Оң жақ жауырын астында өкпе дыбысының локальды қысқаруы және сол жерде әлсіз тыныс алу фонында, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз©

+Жедел пневмония©

Обструктивті бронхит©

Жедел бронхиолит©

Жедел бронхит©

Плеврит

***

12 жастар науқаста жоғары температура, «тотық тусті» қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, нәзік крепитациялы сырылдар. Айтылған симптомдар нені көрсетеді©

Жедел бронхитті©

Обструктивті бронхитті©

Бронхоэктаз ауру;ын©

+Крупозды пневмонияны©

Экссудатты плевритті

***

Бала 10 жаста, кезеңді түрде болатын тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Анамнезінде: тыныс алудың қиындау ұстамасы соңғы 1,5 жылда жылына 3-4рет мазалайды, өздігінен басылады,түнгі ұстама болмайды.Анамнезінде: атопиялық дерматит.Обьективті қарағанда және кеуде қуысының рентгенологиялық тексеру нәтижесінде патология анықталмады. Пикфлоуметрия нәтижесі – ДШЖ (ПСВ) 85%. Диагноз қойыңыз©

+Интермиттерлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы©

Интермиттерлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы©

Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы©

Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы©

Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр сатысы

***

Бала А,, 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныш уақытта ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70ммс.б.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпи центрі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты. ЭКГ: α бұрышы +160
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30


написать администратору сайта