тесты по воп. Мск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы
Скачать 1.15 Mb.
|
Туберкулинді сынама виражы© + Вакцинадан кейінгі аллергия © Инфекциядан кейінгі аллергия© Біріншілік туберкулезді кешен *** Науқас С., кл. диагноз: Инфильтратты өкпе туберкулезі, оң өкпенің жоғарғы бөлігінде ыдырау кезеңі. Себі әдісі бойынша туберкулез микобактериясының 40 колониясы анықталған. Пәтерде әйелі және баласымен тұрады. Науқас қандай эпидемиологиялық топта бақыланады? © + I эпидемиологиялық топ© II эпидемиологиялық топ© III эпидемиологиялық топ© IV эпидемиологиялық топ© V эпидемиологиялық топ *** Наукас 48 жаста. Өкпе туберкулезімен 5 жылдан бері ауырады. Туберкулезді үрдіс үдемелі өршуде. Рентгеногааммада өкпенің жоғарғы бөлігінде бірнеше сақина тғріздес көлеңкелер, төменгі бөліктерде көптеген бронхогенді ошақтар мен фиброз анықталады. Қандай диагноз дұрыс болып табылады? © + өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі © өкпенің кавернозды туберкулезі© поликистоз © апцидерлинген пневмония© инфильтративті туберкулез *** Науқас 35 жаста. 8 ай көлемінде сол жақ өкпенің фиброзды –кавернозды туберкулезі бойынша ем кабылдаған. 4 айдан кейін тапсырған екі қақырық анализінде ТМБ теріс. Ауруханадан шығару алдында - сол жақ өкпе көлемі кішірейген, өкпе түбірі жоғары тартылған, қуыс анық көрінбейді зақымдалғаң өкпенің жоғарғы бөлігінде массивті айқын фиброз байкалады. Көкерекорта мөшелері закымдалған жакка ығыскан. Қандай диагноз дұрыс болып табылады? © + циррозды туберкулез© фиброзды-кавернозды туберкулез© туберкулезден кейінгі цирроз© пневмосклероз© ателектаз *** Науқас И. 23 жаста. Шағымы жоқ. Профилактикалық тексеру барысында оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде көлемі 2х4см, шеттері анық домалақ құрылым, шетінен басталған ыдырау куысы бар, домалақ құрылым айналасында интенсивтілігі жоғары ошақты көлеңкелер анықталады. Анамнезінде өкпенің инфильтратты туберкулезі. Қақырық анализінде қышқылға төзімді микобактерия анықталмаған. Қан анализінде лейкоциттер қалыпты, ЭТЖ 15 мм/с. Қандай диагноз дұрыс болып табылады ? © + Туберкулема © Шеткері ісік© Эхинококк © Өкпе кистасы © Ошақты туберкулез *** Өкпе тінінің іріңді-деструктивті еруімен, сұйықтықсыз жұқа қабырғалы түзіліс түзетін пневмония қандай қоздырғышпен шақырылады© Микоплазмамен© Клебсиелламен© Стрептококпен© Пневмококпен© + Стафилококпен *** ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады© 125/85© 135/85© +140/95© 145/105© 160/85 *** Жара аурының жедел асқынуына жатады© + Перфорация© Пенетрация© Перивисцерит© Малигинизация© Тыртықты стеноз *** Ревматоидты артрит дегеніміз© +Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру© Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру© Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын аур© Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру© Фаланга аралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру *** Науқас 52 жаста, шағымдары: ауыр түсетін қақырықпен жөтелге, физикалық күш түскен кезде ентігуге, температурасының 37,7°С жоғарлауына. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтеледі, терапевтте диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ ысқырық сырылдар өкпе бойында түгел жерде естіледі. Қандай клиникалық диагноз қоюға болады:© Ошақты пневмония© +Созылмалы обструктивті бронхит© Бронхиалды астма© Созылмалы жүрек жетіспеушілігі© Жедел іріңді бронхит *** 27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5 С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырға аралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз қойыңыз: © Оң өкпенің крупозды пневмониясы© Оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы© Оң жақты экссудативті плеврит© +Созылмалы бронхиттің өршуі© Оң жақты гидроторакс *** 60 жастағы науқас ұзақ уақыт артериалды гипертензияға байланысты бақылауда болған. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамаған. Жағдайы апта ішінде нашарлаған. Перкуторлы – сол жақ шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 150/85 мм.сын.бағ. Эхо КГ-да - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз: © Артериалды гипертония I дәрежелі, қауіп қатер 2© +Артериалды гипертония, I дәрежелі, қауіп қатер 3© Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 4© Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 3© Артериалды гипертония, III дәрежелі, қауіп қатер 4 *** Науқас стационарға кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымданып түсті. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: Ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде сегменттің жоғарлауы байқалады.Мүмкін болатын диагноз: © +Принцметал стенокардиясы© Күш түсу стенокардиясы ФК II© Күш түсу стенокардиясы ФК III© Күш түсу стенокардиясы ФК IV© Жедел миокард инфарктісі *** Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз: © Созылмалы эзофагит© Өңештің пептитті жарасы© Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы© +Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру© Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы *** Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз: © Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі© Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен© Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен© +Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен© Тоқ ішектің қатерлі ісігі *** Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.Диагноз қойыңыз: © Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0© Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ © + Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0© Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0© Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0 *** Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз: © Бехтерев ауруы© +Ревматоидты артрит© Ревматикалық артрит© Буындардың хондроматозы© Подагра *** 25 жастағы науқас айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен көрінген эпигастарльды аймақтағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Тері жабындары бозғылт. ҚЖА:Нв–85г/л,Э–3,8х1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л қан сарысуындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Грегерсена реакциясы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз© Апластикалық анемия© Гемолитикалық анемия© Жеделпостгеморрагиялық анемия© +Теміржетіспеушілік анемия© B12-жетіспеушілік анемия *** Науқас 26 жаста, ауруханаға есінен танып түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәуліктік мөлшері 36 бірлікте инсулинотерапия алады. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – бірден оң нәтиже көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз© +Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома© Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетонурия© Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома© Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперосмолярлы кома© Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперлактацидемиялық кома *** Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Лабораторлы: ЖҚА- Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, т/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз: © Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0© Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1© +Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2© Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3© Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған *** Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз: © Жедел респираторлы инфекция© Жедел бронхит© Обструктивті бронхит© + Жедел бронхиолит© Жедел пневмония *** Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз: © Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым© Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым© Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым© + Жүре пайда болған кардит, жедел ағым© Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым *** Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы: © Созылмалы кардит© Жүректің тума ақауы© + Жүректің жүре болған ақауы© Эйзенменгер синдромы© Ревматизм *** 13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз© Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит© Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз© +Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз© Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз© Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз *** 12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз© Перфорация© Малигнизация© + Қан ағу© Өтімсіздік© Ұйқы безіне пенетрация *** Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз© Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ© Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ© +Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма© Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең© Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма *** 13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета7-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпиф7зарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз: © Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік© Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік© + Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік© Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік© Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік *** Балаға 1 ж. 3 ай. Уақытында 3200г салмақпен туылған. 2,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ уақытында енгізілмеген. Жиі ауырады. Тексеріп қарағанда: салмағы 10,200г. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығыңқы. ЖҚА: Нв-82 г/л; эр. 2,5х1012; ТК 0,75; ретикулоциттер 3%, сарысу Ғе -8 ммоль/л. Жалпы белок 61 г/л. Диагноз қойыңыз© Анемия теміртапшылық, II-III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы© Анемия теміртапшылық, III дәрежелі, нормохромды, аралас этиологиялы© +Анемия теміртапшылық, II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялы© Анемия теміртапшылық, I-II дәрежелі, гипохромды, аралас этиологиялық© Анемия белоктапшылық, III дәрежелі, гипохромды, вирусты этиологиялы *** 10 жасар бала шөлдей беретініне, полиурияға шағымданып түсті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күйі бұзылмаған. Тері асты май қабаты шектен тыс дамыған. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Мүшелерінде өзгеріс жоқ. ЖҚА: гемоглобин-110г/л, эритроциттер- 4,9х10/л, лейкоциттер- 8,3х10/л, ЭТЖ-12ммоль/л. ЖЗА: үлестік салмағы-1003,ақуыз- теріс, көру алаңында лейкоциттер - 3-4. Диагноз қойыңыз: © Қант диабеті© +Қантты емес диабет© Нейрогенді полидипсия© Екіншілікті пиелонефрит© Гипоталамусты синдром *** 37 жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге қызба, бас ауруы, ұстама тәрізді ауырсынумен, күйдірумен жүретін аяқтардың артқы беткейі бойынша берілетін, сол жақ жамбас аймағындағы бөртпелерге шағымданып келді. Объективті: сол жақ жамбастың артқы беткейінің терісінде қызарған ісікті фонда қатайған қақпақшасы мен мөлдір құрамды, көлемі 1-2 см дейінгі топталған қуысты элементтер орналасқан. Диагнозды көрсетіңіз: © |