Главная страница

тесты по воп. Мск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы


Скачать 1.15 Mb.
НазваниеМск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы
Анкортесты по воп
Дата07.07.2021
Размер1.15 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаProbnye_Vse_-_5_gorodov_-kaz.docx
ТипДокументы
#223629
страница21 из 30
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
***

Ауыр ағымды эндогенді депрессияларды және шизофрения кезіндегі (әсіресе – фебрильді шизофрения кезінде) аффективті-сандырақ ұстамаларын емдеуде, эпилептиформалы талма есебінен емдік әсерге жететін биологиялық терапияның қандай түрі ұзақ уақыт бойы қолданылды?©

Пиротерапия©

Ұйқы депривациясы (айыру©

Лоботомия©

Электр тоғымен ұйықтату©

+Электро дірілді терапия

***

Науқас К., 52 жаста. Қарап тексерген кездегі психикалық статусы: өз жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі көтеріңкі, кең-пейілді-көңілді. Мимикасы тірі, тез өзгереді. Бет әлпеті көңілді. Көздеріне күлкі үйіріліп тұр. Әңгіме тақырыбынан тез ауытқиды. Бір сөзін аяқтамай жатып екіншісіне көшеді. Басқа адамдардың әңгімесіне килігеді, ескерту жасайды. Дауысы қырылдаған, әсершіл, қатты. Тақпақ айтып, өлең айтып, билеп беруге ынталана келіседі. Өзін «өмірдің артисті» деп есептейді. Өзін жас, талантты, күш-жігер мен энергияға толы деп деп сендіреді. Медбикелерге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өзіне ескерту жасаса ашуланады. Айналасындағылармен жиі қақтығысып қалады, алайда ашуы тез арада көңілді күйге алмасады. Өзінің жағдайын сынамайды. Болжамды диагнозы©

+желікпе синдромы, қос полярлық бұзылыс аясында©

желікпе синдромы, шизофрениялық бұзылыс аясында©

желікпе синдромы, органикалық бұзылыс аясында©

желікпе синдромы, невротикалық бұзылыс аясында©

желікпе синдромы, психосоматикалық бұзылыс аясында

***

Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелесу уақытында: «Өзімнің өмірім үшін ұдайы қорқыныш сезімі жағдайында жүремін. Бір жағынан, өзіме ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, соған қарамастан өзімнің әрбір әрекетім менің денсаулығыма теріс әсер етуі мүмкін екендігінен қорқамын. Көшеде келе жатқанда, еріксіз қандай да бір заттарды, мейлі ол бағана, үй, машина болсын санай бастаймын. Дұрыс санағандай болсам, біраз уақытқа көңілім жайланады. Егер қандай да бір себеппен есебімнен жаңылсам, алдымда сәтсіздік күтіп тұр деген қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста қиын. Бір тапсырманы орындап болған соң, барлығын дұрыс жасадым ба деп күмәндана бастаймын. Егер бір нәрсе сапалы жасалмаса, бірден әлсіздік, жүрек қағу, діріл пайда болады. Ештеңе өзгерте алмайтынымды, жасай алмайтынымды және істің немен аяқталатынын күтуден басқа амал жоқ екенін сеземін. Ұдайы екі жақты жағдайда жүремін: жұмыс істеу керек, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек екенін білемін, бірақ өзімнің денсаулығым үшін адам төзгісіз қорқыныш сезімі кесірінен іске кірісе алмаймын» - дейді. Болжамды диагноз©

Неврастениялық невроз©

+Ығыр қылатын жағдайлар неврозы©

Истерикалық невроз©

Кардионевроз©

Логоневроз

***

Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз©

Шизофренияның кататоникалық түрі©

Шизофренияның қарапайым түрі©

Шизофренияның гебефрениялық түрі©

+Шизофренияның параноидальды түрі©

Шизофренияның фебрильді түрі

***

46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз: ©

+алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы©

алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы©

алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы©

алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы©

алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы

***

54 жастағы ер адам бас ауруы, қайта-қайта құсу және күндіз дене жүктемесі кезінде кенеттен пайда болған сол жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты стационарға түскен. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ң 160/100 мм сын. бағ. дүркін-дүркін көтерілуі байқалған, әдетте АҚ – 150/90 мм сын. бағ. қарап тексерген уақытта: санасында, АҚ – 170/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы минутына 60, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус:мойын бұлшық еттерінің ебедейсіздігі, екі жағынан Керниг симптомы, сол жағынан төменгі бөлігінің мимикалық бұлшық еттерінің шала салдануы, шығарған кезде тілінің солға девиациясы, сол жақ қолында күштің 2 баллға дейін төмендеуі, сол жақ аяғында 4 баллға дейін, сіңір рефлекстерінің жандануы және сол жағынан Бабинский симптомы. ЭхоКГ-да орталық құрылымдардың оңнан солға 4 мм-ге ығысуы. КТ – оң жақ маңдай бөлігінде перифокальды ісік және оң бүйірлік қарыншаның алдыңғы ебейінің компрессиясымен 46х45х44 мм гиперденсивті ошақ, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Емі және негіздеме: ©

қан кетуді тоқтату мақсатында аминокапронды қышқыл ©

вазоспазмды болдырмау мақсатында аминокапронды қышқыл мен нимодипин©

ми ісігінің өсу қаупін және дислокациялық синдром ды ескере отырып аминокапронды қышқыл, нимодипин, кідіртпей оперативті араласушылық жүргізу©

+гематоманы алып тастаумен тікелей араласушылық, бірінші тәулікте нимодипин, нейропротекторлар және антиоксиданттар ©

еіснің сақталуы мен сол аяғының жартылай салдануын ескере отырып, опреациялық араласушылықты гематоманың өздігінен пайда болатын лизисіне дейін 5-7 тәулік қоя тұру керек, аминокапронды қышқыл, нимодипин, нейропротекторлар мен антиоксиданттарды енгізуді жалғастыру

***

17 жастағы науқас қыз, көңіл-күйі жабырқаңқы, мұңайған, жиі жылайды, өзінің ешкімге керексізідігі және пайдасыздығы туралы айтады. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойларын білдіреді. Бұзылушылықтың қай түрі екенін анықтаңыз©

эйфория©

+депрессия©

дисфория©

жігерсіздің©

эмбиваленттілік

***

45 жастағы әйел, күндізгі дене жүктемесінен соң пайда болған қарқынды бас ауруымен, жүрек айну және қайталама құсумен ауруханаға жеткізілді. Ауырғанға дейін өзін сап-саумын деп есептеген. Қарап тексеру кезінде: санасы айқын, артериалды қысымы – 160/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 70, ырғағы дұрыс, көзі қарығады, мойын бұлшықеттерінің сіреспелілігі, жартылай салдану және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ең ықтимал қандай диагноз©

ми инфаркты©

субарахноидалды қан құйылу©

+жедел менингит©

транзиторлы-ишемиялық шабуыл©

дискогенді радикулопатия

***

20 жастағы ер адамда, соңғы 5 жол бойы бірнеше секунд ішінде жағымсыз иіс сезімінен басталатын есінен танып қалу ұстамасы пайда болды. Есінен танып қалу, аяқ-қолдарындағы үндескен және клонусты құрысу, тіл тістемі және зәрі тоқтамау. Ұстама бірнеше минут бойына жалғасады, ұстамадан кейін әдетте бас ауруы мазалайды, талма кезіндегі оқиғалар науқастың есінде жоқ. Бастапқыда талмалар жарты жылда бір рет болса, соңғы жылы олар айына бір ретке дейін жиілеп кетті. Қарап тексеру кезінде неврологиялық статуста өзгерістер байқалмады©

+генерализацияланған қояншық талма©

идиопатиялық эпилепсия©

қамығулар©

қояншық ұстамасы©

кіші құрысу талмасы

***

36 жастағы пациент түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруына, сондай-ақ жүрек айну, ауырсынумен құсуларға шағымдарымен келді. Анамнезінде – 4 жыл бұрын сифилис бойынша ем қабылдаған. Неврологиялық статусында нағыз Аргайл Робертсон белгілерінің кешені, сол жақ бетінің асимметриясы, орталық тип бойынша жеңіл сол жақтың гемипарезі, гемигипестезия. Бас миының МРТ-сы жасалды, ми оң жақ жарты шарлардың конвекцитальды бетінің (сурет) көлемді құрылымы. Қанында – оң Вассерман реакциясы. Ең ықтимал қандай диагноз©

нейробруцеллез©

созылмалы серозды менингит©

+нейросифилис©

ишемиялық инфаркт©

бет жүйкесінің невриті

***

42 жастағы пациент, оң қолындағы ұдайы құрысуларға шағымданып келді, құрысулар оқтын-оқтын күшейіп тұрады және науқас есінен танып қалады. Анамнезінен: тайгада болған кезінен кейін дене қызуының көтерілуі және қол бұлшық еттерінің әлсіреуі дамуымен жедел инфекцияға шалдыққан. Қарап тексеру кезінде: бас сүйек жүйкесі жағынан IX, X, XI және XII бас сүйек жүйкелерінің перифериялық жартылай салдану белгілері. Қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген, олардың айқын солуы. D>S тізе рефлекстерінің анизорефлексиясы, 2 жақтан патологиялық табан рефлекстері. Тексеріп қарау кезінде оң қолында үздіксіз бұлшық еттің құрысуымен гиперкинезі байқалды. Ең ықтимал қандай диагноз©

менингоэнцефалит©

+кене энцефалиті©

нейроревматизм©

паркинсонизм синдромы©

ұмытшақтық склерозы

***

52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ-қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым – 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң, симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен©

+миастениялық криз©

тимома©

холинэргиялық криз©

ишемиялық инсульт©

субарахноидалды қан құйылу

***

Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән©

аденовирусты ауру©

энтеровирусты ауру©

парагрипп©

+грипп©

риновирусты инфекция

***

39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз: ©

Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы©

IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ©

ІІІ дәрежелі ЖБЭ©

ІІ дәрежелі ЖБЭ©

+І дәрежелі ЖБЭ

***

20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді? ©

І дәрежесіне©

+ІІ дәрежесіне©

ІІІ дәрежесіне©

IV дәрежесіне©

құрғау белгілері жоқ

***

35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады? ©

+қарасан, карбункулезді түрі©

қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі©

қарасан, сепсистік түрі©

оба, терідегі түрі©

оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі

***

21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз©

Лептоспироз©

Описторхоз©

+Вирусты гепатит, орташа ауырлықта©

Вирусты гепатит, ауыр ағымы©

Вирусты гепатит, жеңіл ағымы

***

25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз? ©

+жедел дизентерия, орташа ауырлықта©

жедел дизентерия, жеңіл ағымы ©

жедел дизентерия, ауыр ағымы©

жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты©

сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты

***

Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады: ©

қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі ©

+көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру©

Манту сынамасы©

жалпы қан және несеп талдауы©

көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы

***

Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады: ©

Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі©

+Өкпенің орталық обыры ©

Бронхоэктаздық ауру©

Обструктивті бронхит©

Жедел пневмония

***

Бронхтың ісікпен обструкциясының ең ерте симптомы©

бөлік ателектазы (сегменттің)©

гиповентиляция©

+эмфизема©

бейспецификалық қабыну©

обструктивті бронхит

***

Туберкулездік этиологиялы экссудативті плеврит үшін ең тән рентгенологиялық белгі©

плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы©

+плевра қуысында сұйықтықтың және өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұмсақ ошақтардың болуы ©

плевра қуысында сұйықтықтың көлденең деңгейі©

өкпе түбірінің бір немесе екі жақты ұлғаюы©

зақымдану жағынан диафрагманың жоғары тұруы

***

Бронхоскопия осы мақсатпен жасалады: ©

туберкулез микобактерияларын табу үшін ©

+бронх тармақтарының жағдайын анықтау үшін ©

лимфа түйіндер зақымдалуны бағалау үшін©

диагностикалық мақсатпен©

емдік мақсатпен

***

Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады?©

мол, «ауыз толтыра» ©

мол, шырышты-іріңді, үш қабатты©

мардымсыз, жабысқақ, тот басқан тәрізді©

мол, іріңді, сасық©

+шамалы мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан араласқан

***

Жүктілік кезінде ұрықтың жамбастық орналасқанын (тазовое предлежание) диагностикалау үшін Леопольд-Левицкийдің сыртқы қабылдауы ақпаратты: ©

+бірінші және үшінші©

үшінші©

екінші©

төртінші©

бірінші

***

Ана өлімінің көрсеткіші келесі тәсілмен есептеледі: ©

Босану кезінде қайтыс болған әйелдер саны/босану саны х 100000©

Қайтыс болған жүкті әйелдер саны/босану саны х 100000©

+Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000©

Қайтыс болған жүкті әйелдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі және өлі туған нәрестелермен босану саны х 100000©

Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30


написать администратору сайта