тесты по воп. Мск бойынша мгедектікті мойындауды басты белгісі андай Науасты жасы
Скачать 1.15 Mb.
|
*** Бала 6 айлық. Туылған кездегі салмағы 3500 г. Қараған кезде салмағы 6100 г. Маңдай және төбе төмпешіктері айқындалған, үлкен еңбегі 4х5 см, жиегі жұмсарған, краниотабес, шүйде жалпайған. Баланың тамақтануы төмен, тері тургоры төмен, ішіндегі тері асты май қабаты жұқарған. Бұлшық ет гипотониясы мен нәжістің тұрақсыздығы байқалады. Балаға дұрыс ем тағайындаңыз: © Аквадетрим тәулігіне 5000 ХБ дозасында 45 күн© Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 30күн© +Аквадетрим тәулігіне 3000 ХБ дозасында 30күн, тамақты болу керек салмағына есептейміз© Аквадетрим тәулігіне 2000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты шамамен болу керек салмағына есептейміз© Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты нақты салмағына есептейміз *** 12 жастағы қыз балаға «Жүйелі склероз» диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу: © Жүректің эхографиясы© Тамырлардың реографиясы© Буындардың рентгенографиясы© Компьютерлі томография© +Өңешті бариимен зерттеу *** Бала 1 жаста пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекциямен ауырып, зәр бөлуін тоқтатты. Ең алдымен өткізу қажет: © +Креатининді анықтау© Ли-Уайт бойынша қан ұюын анықтау© Вирустарға иммуноферментті анализ © Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы© Белок және белок фракцияларын анықтау *** Жаңа туылған бала 4 жүктіліктен, 3 босанудан. Босану патологиясыз өтті. Бала салмағы 3200 г. Анасында 0(1) қан тобы, резус-теріс, баласы 0(1) топ, резус-оң. Бала өмірінің 1 тәулігінің соңында терісі мен склерасы сарғайды, бауыры + 3,5 см, көк бауыры + 1,0 см. Бала әлсіз. Жалпы қан анализінде: гемоглобин -110 г/л. Эритроциттер 3,0х1012/л, билирубиннің сағат сайын өсуі 9,6 мкмоль/л. Емдеу тактикасы: © Адсорбенттер© Фототерапия © Инфузионды терапия© Өт айдайтын препараттар© +Қанды алмастырып құю *** Өте жоғарғы кардиоваскулярлы қаупі бар адамдар (кезкелген жерде орналасқан атеросклероз диагнозы; микроальбуминуриямен II және I типті ҚД; созылмалы бүйрек ауруы анықталған науқастар; SCORE шкаласы бойынша жинақталған балл > 10 %) үшін холестериннің төменгі тығыздықты липопротеидтерінің ұсынылатын мақсатты деңгейі: © ХС- ТТЛП < 3,5 ммоль/л© ХС- ТТЛП < 2,5 ммоль/л© ХС- ТТЛП < 2,8 ммоль/л© ХС- ТТЛП < 3,0 ммоль/л© +ХС-ТТЛП < 1,8 ммоль/л *** 57 жастағы науқас ер адам дәрігерге демікпе ұстамасымен ентігу, көбікті қызғылт қақырықпен жөтелге шағымданып қаралды. Жағдайы нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде: 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Тексергенде: Ортопноэ. Өкпесінде екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ритм ырғақсыз. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасы бойынша.ЭКГ: жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет. Сол қарынша гипертрофиясы күштенуімен. Сіздің диагнозыңыз: © өкпе артериясының тромбоэмболиясы© бронх демікпесі ұстамасы© + жіті солқарыншалық жетіспеушілік© спонтанды пневмоторакс© өкпе инфаркті *** 57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V 1,2,3,4 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Сіздің диагнозыңыз: © +Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және жүрек түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті© Сол жақ қарыншаның артқы төменгі бөлігінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті© Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті© Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфарктім© Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті *** 66 жастағы науқас транзиторлы ишемиялық шабуылды басынан өткерген. Амлодипинді 5 мг мөлшерде уақытында қабылдамайды. АҚҚ 190/100 мм сынап бағанасымен. ЭКГ: синусты ритм, сол жақ қарынша гипертрофия белгілері. Қан анализінде: холестерин 8,5 мг/дл. Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қауіп тобын анықтаңыз: © Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV© Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III© Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV© Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III© + Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы IV *** Науқас 65 жаста , 30 жыл бойы темекі тартқан, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген. Ентігу біртіндеп күшейіп, екі жақты плеврада сұйықтық пайда болған, кеуде торында ауырсыну , қызба, қан анализінде өзгерістер байқалмайды. Плевра қуысында сұйықтық пайда болуының басты себебі: © инфаркттан кейінгі Дресслер синдромы© пневмония© өкпе рагі© + созылмалы жүрек жетіспеушілігі© өкпенің созылмалы обструктивті ауруы *** ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц І түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз: © + QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы© қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы© QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы © Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы© әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы *** 45 жастағы науқаста 6 ай бойы АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін тұрақты түрде жоғарылайды, эналоприл, гидрохлортиазид және амлодипинге резистентті.Соңғы кездері аяқтарының жиі тартылуы, түңгі полиурия ,бұлшық ет әлсіздігі пайда болған. Зерттеу барысында анықталатын өзгеріс: © гиперкалиемия© зәрде метанефрин экскрециясының жоғарылауы© + плазмада альдостерон концентрациясының жоғарылауы© плазмада ренин белсенділігінің жоғарылауы© зәрдің қышқыл реакциясы *** 38 жастағы ер адам жалпы тәжрибиелік дәрігерге 4 тәуліктен бері дене қызуының 38,4oС қа көтерілуіне,аз мөлшерде бөлінетін қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздік пен тершеңдікке шағымданып келді. Ауруын салқындаумен байланыстырады.12 жыл бойы темекі тартқан, соңғы 8 жылда темекі шекпейді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: майда көпіршікті ылғалды сырылдар анықталған. Тыныс жиілігі – минутына 24 рет, ЖСЖ – минутына 102 рет, АҚҚ 110/70 мм сынап бағанасымен. Қан анализінде -лейкоцитоз 16 х 109 /л. Осы жағдайда бірінші кезектегі антибактериялық препарат © доксициклин© гентамицин© + азитромицин© тетрациклин© триметоприм/сульфаметоксазол *** 47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Бронх демікпесі ұстамасы қайталану қаупін тудыруы мүмкін болғандықтан тағайындауға болмайтын гипотензивті препарат: © Лизиноприл© Верапамил© Индапамид© + Карведилол© Амлодипин *** 55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің қызаруы қоса байқалады. Артериялық қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасы. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз: © Нитроглицерин тіл астына © Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет© ТромбоАсс 100 мг тәулігіне© + Метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет© Симвастерол 10 мг тәулігіне *** Жалпы тәжірибелік дәрігер жоспарлы диспансерлік бақылау барысында 38 жастағы әйелде жиіліген және ырғақсыз пульсті (ЖСЖ – минутына 120 рет ), АҚҚ 160/80 мм сынап бағанасымен жоғарылауын анықтады. Науқас өзін жақсы сезінеді, шағымы жоқ. Науқастан сұрастыру барысында соңғы 4 айда 6 кг салмақ жоғалтқаны анықталды. Диагнозды анықтау үшін ең алдымен қандай зерттеу жүргізесіз: © қалқанша безінің ультрадыбысты зерттеуі © тәуліктік зәрде метанефрин экскрециясын анықтау© электрокардиограмма© + қандағы тиреотропты гормон деңгейін анықтау© бүйрек үсті безінің компьютерлік томографиясы *** 45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезінуге шағымданды. Зерттегенде: ЭКГ патологиясыз. Эзофагогастродуоденоскопияда: төменгі өңештің сфинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз: © + домперидон + рабепразол© маалокс+ампициллин© омепразол+смекта© омепразол+маалокс© омепразол + но-шпа *** 73 жастағы науқас ер адам ентігуге, кезеңді жүрек тұсында қолайсыз сезімге, жүрек үзіліспен соғуына, жүрегі жиі соғу эпизодтарына шағымданып қаралды. АҚҚ 154/80 мм сынап бағанасы деңгейінде. ЖСЖ - минутына 82 рет. ЭКГ - да – сол қарынша гипертрофиясы. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуде – орташа ЖСЖ – минутына 78 (ең төмен – 58, ең жоғарғы - 147). ST сегментінің нақты ишемияға тән өзгеруі анықталмаған. Мониторлеудің барлық кезеңінде арасында жиі, топтасқан қарыншаүстілік экстрасистолалар тіркелген. Осы фонда жүрекше фибрилляциясы ұстамасының 4 эпизоды байқалған. Емдеу тактикасын таңдаңыз: © эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) дилтиаземді қосу© эналоприл мөлшерін 10 мг-ға дейін көтеру және гипотиазид 25 мг© + эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) тәулігіне 5 мг бисопрололды қосу© эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) седативті препараттар (назепам) қосу© эналоприлмен 5 мг және гипотиазидпен 25 мг емдеуді өзгеріссіз қалдыру *** Жаңа туылған нәресте босану үйінде екпе алады: © + ВГВ и БЦЖ © АбКДС и ОПВ© АбКДС и ХИБ© КПК и ОПВ© АбКДС и ВГВ *** Нәресте жетіліп 2800 г салмақпен, бойы 47 см, 1-ші қалыпты жүктілік пен босанудан туылған , өмірінің 4 күні терісінің сарғаюы байқалды. Анасының қан тобы А (ІІ) резус оң, баласында В (ІІІ) резус теріс. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емуі активті, рефлекстері қалыпты. Қан анализінде: Эритроциттер 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин 98 ммоль/л, тікелей емес 78 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз: © Механикалық сарғаю© +Физиологиялық сарғаю© Пренаталды гипотрофия© Гемолитикалық ауру, АВО бойынша сәйкессіздік © Гемолитикалық ауру, резус бойынша сәйкессіздік *** Бала 6 жаста. Бойы мен сүйек жасы 4 жасқа сәйкес келеді. Дене бітімі пропорционалды. Терісі эластикалық. Қалқанша безі ұлғаймаған. Жыныс дамуы 4 жасқа сәйкес келеді. Тиреоидты статус қалыпты: ТТГ - 2,3 мкХБ/л, Т4- 110 нмоль/л, Т3 - 2,3 нмоль/л . Анасының бойы - 150см., әкесінікі - 155см.Сіздің болжам диагнозыңыз: © +Туа болған гипотиреоз, орташа ауырлықта© Церебралды-гипофизарлы нанизм© Жан-ұялық бойдың төмен болуы© Кеш пубертатты синдром © Соматогенді нанизм *** Жасөспірім 11 жаста, бұлшықеттің ауыруына, әлсіздікке, артралгияға шағымданады. Көрудің тез нашарлау мен дистрофия байқалады. Объективті: санның терісінде – дөңгелек жұмсарған ошақ, оның үстінде тамырлардың айқындалғаны байқалады. АҚ 160/120 мм.сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз: © Дерматомиозит© +Түйінді периартериит© Жүйелі склеродермия© Ревматикалық қызба© Жүйелі қызыл жегі *** Тамыз айында клиникаға 13 жасар қыз бала келді. Ісінген, зәрде - протеинурия 3г, гематурия, бетте - гиперемия. Қанда – ЭТЖ жоғары. АҚ - 140/90. Ауыруға дейін бір ай бұрын дене қызуы, артралгия байқалды. Сіздің болжам диагнозыңыз: © +Люпус-нефрит© Жедел гломерулонефрит© Мембрано-пролиферативті ГН© Мембранозды нефропатия© Шенляйн-Геноха нефриті *** Ұл бала 9 жаста, қыжылдауға, тамақпен кекіруге, тамақтан соң бірден эпигастии аймағында жаншып ауыруға шағымданады. Бұл шағымдар соңғы 2 айда мазалауда. Сіздің болжам диагнозыңыз: © Жедел холецистит© Жедел панкреатит© Мальабсорбция синдромы© 12 елі ішектің ойық жарасы© +Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру *** Ұл бала 12 жаста. Бастың ауруына шағымданады, анальгетиктермен басылмайды, арасында лоқсу мен құсу болады. Анамнезінен: онкогематологтың есебінде тұрады, үнемі қолдау терапиясын алып отырады. Қан анализнде: эритроциттер.-3,8х1012/л, Нb-128 г/л, лейкоциттер - 2,6х109/л, эоз-2%, п/я-2%, с/я- 59%, лимф-30%, мон-7%. Миелограммада: ремиссия белгілері, бласттар-2,6%. Диагнозды дәлелдеу үшін төмендегі зерттеулердің ең маңыздысы: © Миелограмма© +Ликворды зерттеу© Невропатологтың кеңесі© Бас миының компьютерлі томографиясы© Іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі *** Қыз бала 4 айлық «туа болған гипотиреоз» диагнозы анықталды. Біріншілік гипотиреоз кезіндегі тиреотропты гормонның (ТТГ) көрсеткішін таңдаңыз: © ТТГ деңгейі төмен© +ТТГдеңгейі жоғары© ТТГдеңгейі қалыпты© ТТГдеңгейі күрт төмендеген© Қанда ТТГ анықталмайды *** 7 жастағы ұл балада ревматикалық қызбаның активтілігінің максималды дәрежесінің клиникасы байқалады. Тиімді препаратты таңдаңыз: © Делагил© Лейкеpан© Пpеднизолон© гентамицин© +ибупрофен *** Ұл бала 8 жаста. Баспадан кейін 12 күн өткен соң екі тізе буынының да ісігі байқалды. 3-4 күннен соң бұл белгілері жойылды. Кардиттің белгілері анықталды. Кеудесі мен иығының терісінде сақина тәріздес эритема пайда болды. ЭТЖ – 45 мм/сағ. Диагнозды дұрыс қою үшін ақпаратты зерттеу: © Ультрадыбыстық зерттеу© Компьютерлі томография© +Электрокардиография© Электроэнцефалография© Буынның рентгенографиясы *** Бала 3 жаста. Объективті: ішінде, аяғында петехиалді геморрагиялық бөртпе. Терісі, шырыш қабаттары боз. Іші мен кеудесінде айқын венозды тор. Іші үлкен, гепатоспленомегалияға байланысты, бауыры + 6 см, көк бауыры кіші жамбаста. Баланың психо-физикалық дамуы артта қалған. Сіздің болжам диагнозыңыз: © +Гоше ауруы© Жедел лейкоз© Созылмалы лейкоз© Порталды гипертензия© Этиологиясы белгісіз созылмалы гепатит *** 6 айлық ұл балада біріншілік гиперальдостеронизм. Тән белгі: © Зәрмен катехоламиндер бөлінуі жоғары© Гиперкальциемия, гипофосфатемия, гипокалиемия© +Қанда альдостерон деңгейі жоғары, гипокалиемия© Қанда тиреоидты гормондар деңгейі төмен, гиперхолестеринемия© Тәуліктік зәрде 17-ОКС (оксикортикостероид) төмен, гиперкалиемия *** Учаскелік дәрігерге 12 жасар қыз оң жақ қабырға астындағы қайталамалы ауру сезіміне, тамақ ішкеннен кейін жүрегі айнитындығына шағымданды. 9 жасында гепатитпен ауырған. Іш қатуына бейім. Кера және Ортнер симптомдары оң. Анамнезінен белгілі болғандай емдәм сақтамайды, көбінесе құрғақ тағамдар жейді. Осы патологияға диагноз қою үшін ең ақпаратты зерттеу тәсілін көрсетіңіз: © Гастрофиброскопия© Ультрадыбысты зерттеу© +Холецистография© Ирригография© Копрология *** Өскен тырнақ кезінде өршуден сақтау үшінміндетті түрде ескерту: © Тырнақ пластинкасын алып тастау© Тырнақ пластинкасын және грнауляцияны алып тастау© Кең аяқ киім кию қажет© Консервативті емді тағайындау (ванночкалар және т.б.) © +Өскен аймақтағы тырнақ пластинкасын және грнауляцияны алып тастау *** Науқас анамнезінде ойын уақытында тұңшығу ұстамасы мен жөтел пайда болған. Науқас бала тынышталған. Қарап тексергенде: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алу актісінен қалып кояды. Аускультативті: оң жағында тыныс алу естілмейді. Диагнозы қойыныз: © +Оң бронхтағы бөгде зат© Жұтқыншақтағы бөгде зат© Трахеядағы бөгде зат© Көмей жұтқыншақтағы бөгде зат© Өнештегі бөгде зат *** Науқатың көзі кешке қызарып, ауырсыну пайда болды. Қарағанда: visus=0,03 түзетумен, көз алмасының сүйелденген инъекция , қасаң қабықта ісік, алдыңғы камера кішірейген, қарашық жасыл түсті, КІҚ 70 мм сын . бағ. Диагноз қойыңыз: © Факоморфиялық глаукома© +Глаукоманың жедел ұстамасы© Жетілген катаракта© Иридоциклит© Терминальды глаукома,ауырсынумен *** Урологқа қабылдауға 12 жасар ұл бала оң жақ умада жұмыртқа жағына шағымданды. Локальді қарағанда: оң жақ умадағы жұмыртқасы пальпацияланбайды.УДЗ- да.шап каналының сыртқы өзегінде көлемі 2,5х1,5см.түзіліс анықталды,эхоқұрлымы аталық безбен ұқсас. Сіздің емдеу тактикаңыз: © Динамикасын бақылау© +Оң жақ жұмыртқаны төмен түсіру операциясы© Орхоэктомия операциясы© Шап каналы маңына Вишневский мазімен компресс© Шап каналы маңына УВЧ *** 56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х10 |