Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Асқынулар

  • Сүлікті қою

  • ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру

  • Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

  • Ескерту

  • Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

  • Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану

  • Науқасқа ұнтақты қолдану

  • книга стандарт каз. олды леуметтік дегейде тазарту


    Скачать 337.3 Kb.
    Названиеолды леуметтік дегейде тазарту
    Дата29.05.2022
    Размер337.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакнига стандарт каз.docx
    ТипДокументы
    #554927
    страница8 из 20
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

    Ескерту: бүкілемшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.


    ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою
    Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

    Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

    Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

    Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

    Дайындаңыз:компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

    4. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

    5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.


    1. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

    2. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

    3. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

    4. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

    5. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

    6. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

    7. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

    8. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

    Ескерту:

    • егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

    • спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

    • компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

    • қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.


    Сүлікті қою

    Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.

    Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.

    Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.

    Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.

    Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

    4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.

    5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

    6. Теріні құрғатыңыз.

    7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

    8. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

    9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.

    10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

    11. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.




    1. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды)




    1. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.

    2. Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.

    3. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.

    4. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.

    5. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.

    6. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).

    7. Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    8. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    9. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.


    Ескерту:

    • сүлікнауқастың қанынаөзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

    • сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

    • асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

    • сүлікті бір рет қана қолданады.


    ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру
    Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

    Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

    Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

    3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

    4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

    • таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

    • жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

    • ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

    1. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

    2. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

    3. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

    4. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

    5. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

    6. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.


    1. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

    2. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

    3. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

    4. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

    5. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз.

    6. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

    7. Катетерді алап тастаңыз.

    8. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту:

    • катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

    • қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

    • ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.


    Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
    Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

    Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз:оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

    Ол үшін:

    • оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

    • жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

    • оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    2. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

    3. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

    4. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

    5. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

    6. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

    7. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

    8. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

    9. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    10. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

    11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.


    VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері
    Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).

    4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

    7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

    8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

    9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.


    Ескерту:

    • қабығы бар таблетканы науқастын жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

    • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

    • дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.



    Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны

    (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

    2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ертіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

    • 1 шай қасықта – 5 мл

    • 1 десерт қасығында – 7,5- 10 мл

    • 1 ас қасықта – 15 мл

    1. Науқастың дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

    2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


    Тұрындыны, экстракты (шырсөлДІ) қолдану
    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

    4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

    5. Мензуркаға қажет мөлшерде тамшыны дәрілік ерітіндіні алыңыз.

    6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

    7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

    8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


    Науқасқа ұнтақты қолдану
    Мақсаты: емдік.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

    3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

    4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

    6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

    7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

    8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

    9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.


    Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

    МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
    Мақсаты: емдік

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.




    1. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-370С дейін жылытыңыз.


    1. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Мұрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

    4. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мұрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

    5. Оң қолға мақта шаригін алып, оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

    6. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

    7. Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ертіндіні сорып алыңыз.

    8. Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

    9. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

    10. Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ертіндіні тамызыңыз.

    11. Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.

    12. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

    13. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

    14. Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

    15. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


    написать администратору сайта